1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15927) 8 шілде, сейсенбі 2014

Астана тойының бiзге өте қатты ұнайтын бiр жерi бар. Шiл­де туғаннан бастап ақпарат құралдары “аттың басын” жiбередi. Сөйтiп, Нұрсұлтан Назарбаевты мүлде басқа қырларынан тани бастайсыз. Ол кiсi туралы ернi кепкенше айта беретiн адамдар “экранға” шығады. Мiне, сөйтiп қазақ басшысының ғұламалығы мен данышпандығына марқаясыз. Рас, кейде асыра мақтап жiберген жағымпаздарға жат та кеп налитын кезiңiз болады. Бiрақ онда тұрған дәнеңе жоқ. Той ғой.

Смағұлов жағымпаздықты кiмнен үйрендi?
Туған күнiнен үш күн бұрын Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев “Астана ЕХРО-2017” көрме кешенiне барып, құрылыстың қалай жүрiп жатқанын көрдi. Сол күнi президенттiң көңiл-күйi жаман болған жоқ. Төңiрегiндегi­лер туған күнiне аста-төк той ұйымдастырып (оған бюджеттен 700 миллион теңге бөлiндi – Е.Б.), Алты Алашқа сауын айтып жатқанда Әбiштiң ұлының көңiл-күйi жақсы болмағанда қайтушi едi.
Славянск қаласын ресейшiл сепаратистерден тазартқан Украина әскерi ендi Донецк пен Луганскiнi де азат етпек. Славянскiдегi шайқастан кейiн украиндық ақпарат құралдарының сайттарында “терро­рис­тердiң” ауыр бронетехникасы мен қару-жарағының кадрлары бейнеленген көрiнiстер жарияланды. Сондай
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МҮШКIЛ ХАЛIН КӨРСЕТЕДI
2013 жылы Қазақстан 1,6 мың тонна ет шетке сатып, 209,8 мың тонна ет сырттан алған. Бұл жағдайда сарапшылар үкiметтiң 2015 жылдан бастап Ресейге ет экспорттау жоспарына қатты күмән келтiредi. Ет өнiмдерiн дайындап, сатумен айналысатын Бақыт есiмдi алматылық кәсiпкер тауарының көбiн сырттан алдыратынын айтады. Толық аты-жөнiн атамауымызды өтiнген ол:

Дамыған елулiктi еңсерiп, үлкен отыздыққа бет түзеген елiмiзге, тiфә-тiфә, талайлар тамсанып қарайды. Таңдайын тақылдатып отырғандар iшiнде анау-мынау емес, Жапония, Германия, Англия сынды алпауыттар бар. Ал “Қазақстан мына түрiмен бүгiн-ертең бiздi қуып жетедi” деп сарыуайымға салынған америкалықтардың өмiрiн итке бермесiн. ТМД-дағыларда болса, бiздi күндеумен таң атырып, күн батырудан басқа жұмыс қалмапты.

Ұйғырлар – ежелгi халық. Олардың Отаны – Батыс Моңғолия және Шығыс Түркiстан, қазiр ол СУАР – Шыңжан-ұйғыр автономиялық ауданы деп аталады. Өз тарихында бұл халық сан рет   Манчжурия, Жоңғария және Қы­тай тарапынан XVII-XX ғасырлар бойы қуғынға ұшырап келдi. 1924 жылы Шығыс Түркiстан­дағы ұйғыр және дүнген халықтарының көтерiлiсi аяусыз басып-жаншылған соң олардың жаппай қырылып кету қаупi төнiп тұрғанын ескере келiп, Кеңес үкiметi ұйғырлардың Қазақстанның  

ЖАУАП ҚАЙДА, ЖҰМАБАЙ?!
Досым, танымал қаламгер, «Қазақ әдебиетi» га­зетiнiң бас редакторы Жұмабай Шаш­тайұлына әлемдiк футбол додасы өтiп жатқан Бразилиядан хат. Ассалаумағалейкум, Жұмабай! Хал қалай? Ел аман, жұрт тыныш па? Мен саған 16 жылдан соң тағы хат жазып отырмын. Ол кезде дәл осындай футбол чемпионаты өтiп жатқан Францияның астанасы Парижден жазып едiм хатымды, бұл жолы әлем халқы толғанбай атын атай алмайтын Бразилияның

Жақында досымыздың тойы өттi. Асаба жарықтық алған ақшасын өтеу үшiн барын салып сөйлеп-ақ жатыр. Кезектi сөз беруден кейiн: “Бүгiнгi бiздiң қуанышымызға ортақтасып, Қазақстанның халық әртiсi Мақпал Жүнiсова келдi”, — дегенде, ел ду қол соғып, босағаға қараған. Қара көйлек киген не әйел, не еркек екенi белгiсiз, бойы да ұзын, етжеңдi “Мақпал Жүнiсова” иiлiп сәлем бердi де, әнiн бастап кеттi. Жұрттың

Биыл Балуан Шолақтың, яғни Нұрмағамбет Баймырзаұлының 150 жылдық мерейтойы аталмақ. Мен деген мықтылардың мысын басқан балуандығы, заманауи циркте ғана көрсетiлер қара күштiң арқасында атқарылар түрлi таңғажайып өнерлерi, қара халықтың қамын жеген азаматтық және күрескерлiк келбетi, саятшылық, атбегiлiк және сал-серiлiк қасиетi үлкен зерттеулердi, жүйелi халықтық насихатты қажет етедi.

Ғаламторды дүрлiктiрген “БЕШ” деген әнсымаққа түсiрiлген бейнебаянды асықпай, екi-үш қайтара көрiп шықтым. Бейнебаянда Қазақстанның халық әртiсi Роза Рымбаева мен ұлы Әли Оқапов, әншi Нұрлан Абдуллин және рэп жанрында ән айтатын Биг Сом (Big Som) тобы жүр. Шағын сюжетте қазақтың әйгiлi асы – етi жайында рэперлер жынын шашқан бақсыдай “жырлайды” кеп.
НЕМЕСЕ «БАТЫР БАЯН» МЕН «ЖАНТАЙ БАТЫР» ДАСТАНДАРЫ ЖӨНІНДЕ
Талай уақыттардан берi көзден таса болып келген Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” дастаны бертiн, тоқсаныншы жылдардың басында қалың оқырманмен қайта табысты. Шағын поэмаға сюжет етiлiп сол кездегi қазақ-қалмақ соғысының бiр кезеңi, Баян батырдың өз басынан өткен трагедиялық оқиға (тұтқынға түскен қалмақтың қызымен бiрге қашып кеткен өзiнiң iнiсi Ноянды атып өлтiруi)
ҚАСИЕТТI ОРАЗА АЙЫНА ОРАЙ
“Аса құнды мұра. Құран – иран өнерiнiң айнасында”. Осындай атпен Өскеменде арнайы көрме өттi. Бұл көрмеге қасиеттi Құранның әртүрлi басылымдары қойылған. Сонымен қатар парсы халқының түрлi өнер шығармалары мен   әсемдiк бұйымдары да қойылды. Бұл көрменi қасиеттi Оразаға орай Иранның Қазақстандағы елшiлiгi арнайы ұйымдастырды.

Бразилия саңлақтары қалалардың қаласы Рио де Жанейродағы Мараканада Колумбия командасымен ойнады. Ұтты. Бұл ойыннан бөлiп алып айтар оқиға екеу. Әуелгi голды команда капитаны Тьягу Сильва енгiздi. Бiрақ ойын соңына қарай сары қағаз алған Т.Силь­­ва келесi жартылай финалдық ойынға қатыса алма­йды.

ХУММЕЛЬС ДЕГЕН СОЙҚАН ШЫҚТЫ
Әлем чемпионаты көмбеге таяп қалды. Қазақтың ат бәйгесiндей,бұл кезеңде жарыс жолында қалатын төрт жүйрiкке ғаламдағы төрт мил­лиард (!) жанкүйер түгел тесiле көз тiгiп, ентелеп, елеңдеп отыр. Ол төрттiк былай құралды: Франция – Германия матчында бiр-ақ доп соғылды. Бұл аз.Жалпы әр ойынға 2,6 доптан келiп жатқан бұл әлем чемпионатының қоржынын қарамағында