1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (15928) 10 шілде, бейсенбі 2014
ЖАРТЫ ЖЫЛДА 25 МЫҢ ЖЕМҚОР “НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫ ҚАТАРЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ. ЕНДI ҚАНШАСЫ БАР?
Жаны күйгендер жемқорлықты жегiқұртқа балайтын болды. Бұл – өте сәттi шыққан теңеу. Шынымен де жемқорлық деген пәлекетiңiз тура жыбырлаған құрт секiл­дi. Қазiргi қоғамды тiрi ағза деп есеп­тесеңiз, оның тiнi құжынаған құрт­тан көрiнбей­дi. Заманның өзi шiлденiң аптабындай жанып тұр. Осындай жағдайда құртпен күре­сiп, кiм береке табады? “Құртқа” қарсы қылыш суырған “Нұр Отан” партиясының да жеңiс­ке жеткенiн ешкiм естiмептi. Әй­теуiр осындай бiр партияның сыбайлас жемқорлықпен айқасып жүргенiн ел бiледi. Бiрақ нәтиже қайда? Нәтиже бар. Егер партияның есеп-қисабына үңiлсеңiз, бәленше адамның парамен ұсталып, түгенше адамның түрмеге қамалғанын көресiз

Футболдан ХХ әлем бiрiншiлiгiн өткiзу құқығы Бразилияға бұйырғанда 200 миллион халықтың ат төбелiндей ғана шоғыры қуанған шығар. Ал кештiк өмiрi үшiн түстiк ас табудың өзi мұң кедей-кепшiк үдере қарсы шықты. Содан берi бұл елдiң тыныштығынан маза қашты. Қа­ра­пайым халық әлем чемпионатын өткiзудiң салмағы зiлбат­пан, шығыны шаш-етектен екенiн айтып бас көтердi, наразылық танытты

Ауғанстандағы сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша бұрынғы қаржы министрi Ашраф Гани жеңiске жеттi. Алайда бұл – сайлаудың толық қорытындысы емес. Ауғанстанның сайлау комиссиясы ақырғы нәтижеде өзгерiстер болуы мүмкiн екенiн ескерттi. Десек те, мұнымен келiспеген Ганидiң басты қарсыласы бұрынғы сыртқы iстер министрi Абдулла Абдулла бұл нәтиженi мойындамай, өзiнiң жеңгенiн мәлiмдедi.
Шеттегi қандастарын елге шақырған екi мемлекет болса, соның бiрi – Қазақстан. Елiмiз тәуелсiздiк алған тұстан берi сырттан келген қазақтардың саны миллионға таяғаны мәлiм. Алайда отанына оралған аға­йынның осында орнығуына, сiңiсуiне мүмкiндiк жасаудан гөрi бiтпейтiн қағазбастылықпен сандалту әрекетi басымырақ.
“Бәрi өттi, кеттi. Бiрақ жан жарасы да, тән жарасы да жазылмақ емес. Бүкiл өмiрiмiзге өшпес iз қалдырды. Бiр жұмыс­қа орналасып, жап-жақсы iстеп жүргем. Бiр күнi бастығым шақырады. Қолында “распечатка”. Бiрден түсiне қойдым. Сөйтсем, орынбасарларының бiрi бұрын iшкi iстер органында қызмет iстеген екен. Сол менi сырттай танып, бар мәлiметтi шығарып алып келiптi. “Ты что, у тебя террорист работает”, – дептi.

Қазақ халқы емшiлiгi – ежелден келе жатқан дәстүрлi емдеу тәсiлдерi бар ұлттық медицинаның қарапайым түрi. Ежелгi ауыз әдебиетiнде, аңыз-әңгiмелерде, көрiпкелдiк, болжампаздық , шипагерлiк, емшiлiк, бақсы-балгерлiк, түсжорушылық т.б. адамның айрықша қасиеттерi жайлы аз айтылмайды. Тек Кеңес үкiметi кезiнде ислам дiнiне терiс көзқарас салдарынан халық емшiлiгi ұзақ уақыт көлеңкеде қалды.

ЖАУАП ҚАЙДА, ЖҰМАБАЙ?!
Жұмабай! Мен бiрдi айтып, бiрге кетiп жатырмын ба? Сезiмнiң адамымын ғой, сен менi ойланып оқы, түсiнiп тыңда. Футболдың бiр жеңiсiнен тұтас бiр ұлттың бойы жылып қалатынын осы әлем чемпионатынан көрген мен елiмiзде өзге спортқа қоса футболды да кең өркендетсек деген арманға шомылып отырмын. Ол үшiн бiзге көп нәрсе керек, әрине. Әйткенмен, ең керегi елде жеңiске жету өнерiн, жеңiске жету машығын   өркендету.
Бiздiң ауылда ерекше екi шал болды. Иә, әлi есiмде. Көңiлiмiз ертеңдi-кеш құбылмай, өзiмiз асыр-тұсыр ойыннан басқаға бұрылмай жүрген 6 жастағы кезiмiзде ол екi шалдың “сұхбатын” күнде дәл уақытында жасырын тыңдайтынбыз. кеудiң бiрi – Қаршыға қарт. Iрi денелi. Өзi де, киiмi де, сақал-мұрты да сап-сары. Күн жылыда қорасының төбесiнде не қайыс тiлiп, не ағаш жонып отырады.

Ұлы қаламгер Мұхтар Әуе­зов­тiң 1959 жылы оңтүстiк өңiрiнде айға жуық болғаны мәлiм. Ұлы жазушы “Өскен өркен” романына дайындық кезiнде қойын дәптерiне күнделiк жазбалар түсiрiп отырған. Әдебиетшi Талатбек Әкiмов осы болашақ кiтапқа айналуға тиiс жазбаларды әзiрлеп, “Қазақ әдебиетi” газетiнде (1986 жыл, 14 ақпан) жариялады. Жазбаның “4 қазан (1959 жыл) күнi” деген жерiнде М.Әуезов қолымен қысқаша былай деп жазылған: “Тұтқабай Тұрысов, Айсұлудың отауы, жасауы: терме алаша, түйген шашақ, салбыраған шашақтары бар

Тасөкпе қырдың шұбары,
Шұбалаң құйрық мұнары.
Шұрық та тесiк көк аспан
Тiрлiктен қанған құмары.

Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов сонау 1977 жы­лы, коммунистiк идеологияның нағыз кәрiне мiнiп тұрған шағында, совхоз басқара жүрiп, талқандалып тасталған Мәшһүр-Жүсiптiң зиратын қайта қалпына келтiрiп, халық барып тәу ететiндей жағдайға келтiргенiн ел iшi әлi де ризашылықпен әңгiме етедi. Ол уақытта бұндай шаруаға екiнiң бiрiнiң батылы бара бермейтiнiн бiлемiз. Себебi қалтаңдағы “қызыл белетiңнен” айырылып, жұмыссыз қа­луың оп-оңай. Кейiннен Мұрекең жөндеген осы зираттың үстiнен зәулiм кесене тұрғызылды. Бұнымен қоймай, сол 1977 жылы

RBK банкiнiң директорлар кеңесiнiң кеңесшiсi, белгiлi банкир Жомарт Ертаевтың басы дауға қалды. Қосымша эмиссиямен шығарылған банктiң акцияларын банкир Жомарт Ертаевтың оққағарлары сатып алған. Мәмiле кезiнде миноритарлы акционерлер сырт қалып, өз үлестерiнен қағылды. Егер миноритарийлер болмағанда, бұл оқиға ашылмас па едi, кiм бiлсiн. Әйтеуiр, наразы акционердiң шағымынан кейiн Ұлттық банк бұл оқиғаның анық-қанығын тексермек.
Мен екi ғасырдың да куәсiмiн. Сондықтан ойға түйгенiмдi, көргенiмдi сiздерге жазып отырмын. Менiкi оқырман қауым ойлансын, өз пiкiрлерiн ортаға салсын деген ой. Қазақ тiлiн бiлмейтiндерге тiл үйретемiз деп миллиардтап ақша шығындау – бекершiлiк. Одан нәтиже болмайды. Қазақ тiлiн үйрету үшiн мәжбүрлеу керек.

Айтыс десе, елдiң бәрi Балғынбек, Ринатты ауызға алады. Танымал жұлдыздарды орап кететiн таланттарға үлкен сахнадан орын тимей жүргенiн кiм бiледi?! Алматыда өтетiн “Өз елiңде сұлтан бол” атты аламан айтысқа осылайша булығып жүрген жас серiлер қатысады.

Бұл ән, жаңылмасам, алғаш рет нотасымен бiрге өткен ғасырдың жетпiсiншi жылдарында “Мәдениет және тұр­мыс” (қазiргi “Парасат”) журналында жарық көрген едi. Оның авторының тегi дұрыс жазыл­ғанымен, өз есiмiнiң мүлдем басқаша көрсетiлгенiне ол кезде аса мән бере қоймаппын. Ән авторының өзi үн қатар, жаңсақтықты түзетер деп ойладым-ау деймiн. Шынымды айтсам, өне бойы таңғы шықтай мөлдiр сезiммен өрiлiп:

Шiлде, тамыз қазақтың тойының нағыз қызатын кезi болғанымен, биылғы оразада той-домалақтың саябырлағанын аңғар­ғандаймыз. Бұл, әрине, жақсы нышан. Жұртшылық сабырлық сақтап Жаратушы иеге құлшылық ететiн қасиеттi Ораза айы пенделердiң қанағат, рақымды ойлап, өз iсiне есеп беретiн уақыты. Бiрақ жер басып жүрген жандар тек Ораза айында ғана Құдайын еске түсiрмей, басқа айларда да ақылмен ойлап, сабырмен iс-әрекет етсе, ақ пен қараға, бай мен кедейге, күштi мен әлсiзге   бөлiнiп, екiге жарылған бiздiң қоғам қазiргi беталысын сәл де болса түзер ме едi?! Басқа келген ой болғанымен, бұл жерде менiң айтпағым басқа

Кезiнде, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары арғы беттен атамекенге оралған қандастарымызды құшақ жая қарсы алған ел едiк. Берi өткен бауырларымыз сол кездегi билiктiң пәрменi арқасында азаматтық пен төл­құ­жат­ты уақтылы алып, ауыл-ауыл­ға сiңiп кете барған едi. Ол кезде оларға “оралман” деген айдар да тағылған жоқ-тын. Қылышынан қаны тамып тұрған кеңес заманы болса да, қандастарымызды ешкiм көзге шұқымады

Саурықтың Алматыға барар жолда көлiк апатына түсiп, Алматыдағы ауруханада өлiм аузында жатқанына екi күн болды. Аға-жеңгесi, әпке-жездесi, қа­рындасы, жұбайы мен балалары ауылда, Саурықтың шаңырағында жиналып, бiр хабар күтiп отыр. Ал әке-шешесi қалада, екi күннен берi ауруханада жүр. Ауылдағы туыс-жақыны Саурықтың үйiндегi ас бөлмеде. Бәрi үнсiз.
Өмiр-ай, сырғып сағатпенен жарысып,
Адамдар жүр тiршiлiк үшiн алысып.
Көрместей болып бiреуменен ажырап,
Бiреуменен жаңа ғана табысып.