1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15929) 15 шілде, сейсенбі 2014

Талапкер Иманбаевтың аты-жөнi жұртқа жақсы таныс. Бiр кездерi оны Қазақстандағы медициналық мiндеттi сақтандыру жүйесiн құрдымға кетiрген адам деп кiнәлап, құқық қорғау органдары соңына шам алып түскен. 1998 жылы шетелге қашып кеткен Иманбаевты Қазақстан соты сырттай тоғыз жылға соттады. Бүгiнге дейiн басқан iзi бiлiнбей бой тасалап жүрген Т.Иманбаев жақында бiрқатар БАҚ-қа сұхбат бердi. “Дат” газетi жылдағы кезектi демалысына қарамастан, Иманбаев үшiн арнайы шұғыл нөмiр шығарды. Сондай-ақ Иманбаев Forbes.kz басылымына да көлемдi сұхбат бердi.

Тоқтамыс Мендебаев, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген өнертапқышы, техника ғылымдарының докторы
Көмiрсутектi (мұнай, газ) қазба байлықтарының қоры болуы мүмкiн, Каспий теңiзi қайраңына орналасқан Қашаған кен орны геологиялық iзденiс жұмыстарының нәтижесiнде 1991 жылы белгiлi бол­ған. Кейiнiрек, барлау жұмыстары бас­талып, ұлтаралық корпорация “ОКИОК”-тың жобасымен алғашқы ұңғы 2000 жылы, екiншi ұңғы 2001 жылы бұрғыланды.
Қайран, қазақ, “Туған ай – тураған ет” дегендi Сен айт­пасаң жер бетiндегi бiр­де-бiр ұлт айта алмас едi-ау. Қандай керемет, қалай ғажап айтқансың?! Мiне, сонау маусым айында басталған футболдан әлем чемпионаты көздi ашып-жұмғанша өзiнiң соңғы нүктесiн қойып та үлгердi. Басталып едi – аяқталды. Өмiр өлшемiн қазақ деген ғұлама халық мұнан артық қалай айтсын!  Жаңа ғана финалдық ойынның соңғы ысқырығы ес­тiлдi.

Украина жақтан атылған снаряд Ростов облысының Донецк қаласына қарасты Двадцатка елдiмекенiндегi жер үйлердiң бiрiне түсiп, одан бiр Ресей азаматы қаза тапты, тағы екi адам ауыр жараланды. Мәскеу бұл оқиғаны аяқсыз қалдырмаймыз, оқ атқан аумақты нысанаға алып, жауап қайтарамыз деп мәлiмдедi.

Жамбыл облысына Украина мен Сириядан босқындар келiп жатыр. Бұл ел аузында жүрген жел сөз емес, өңiрдiң көшi-қон полициясынан тараған дерек. Ендеше Қазақстанмен шектеспейтiн мемлекеттiң босқындары қиырдағы Таразда қайдан жүр? Қазақстан неге қашқан-пысқандардың ордасына айналуы тиiс?

Қазақстан президентi 74 жасқа толған кезде Франция түрмесiнде отырған оның қарсыласы – Мұхтар Әблязов елдi 25 жыл бойы басқарып келе жатқан Н.Назар­баев осы уақыт iшiнде не бiтiрдi, Қазақстан қандай мемлекетке айналды, жалпы бiз қандай мемлекетте өмiр сүрiп отырмыз деген сұрақтарға жауап iздедi. Бiз М.Әблязовтiң ойтолғауын ықшамдап, оқырман назарына ұсындық.

“Жас Алаш” газетiнiң тiлшiсi Баян Сәрсембина Үшқұдық ауылына келiп, қылмыстық iс жөнiнде жергiлiктi тұрғындардан сұхбат алды. 2013 жылдың 18 шiлде күнi газеттiң 47 нөмiрiнде “Қаржы полицейлерi шектен шығып кеттi” деген тақырыпта мақала шықты, бұл мақалада жауапкерлер менiң ар-намысым мен қадiр-қасиетiмдi ластап, шындыққа мүлде ұласпайтын ақпарат таратты.

Өңiрлерде Астана жақтан дөй қызмет атқаратын дөкейлер келсе жергiлiктi шенеунiктер ала өкпе болып шабылатын үрдiс қалыптасқан ғой. Осы әдетке айналған алашапқын олардың мансаптарына қарай тiптi үдей түсетiнi белгiлi. Өткен аптаның сенбiсiнде Тараз қаласының негiзгi көшелерi тарс жабылып, көше бойы полицейлерден көз ашпай қалған көне шаһар тұрғындары бiр-бiрiнен “Кiм келе жатыр?” деп сұрасып жатты.

Жұмабай! Ғарыштық проблемадан бүкiл ғалам футбол қарап отырған Бразилияға оралайын, сөйтiп, миллион, мил­лиардтармен доп тебейiн, сол допты теуiп жүрiп сұрақ берейiн, сұраса жауап бе­рейiн, сұрақ-жауаптан туған толғамдарымды сенi­мен бө­лiсейiн, сен сол ойлардың оңдысы болса оң алақаныңа алып көпке көрсет, оқысын, естiсiн, iске жарамдысын алсын, жарамсызын отқа жақсын...

Күн күйiп тұрған шақ. Сарай маңында үш еркек көрiнедi. Мына бiреуiнiң үстiнде лыпа жоқ, етпетiнен жатыр. Аяқ-қолы арқанмен байланған. Тырп ет­пейдi. Орта бойлы және шош­қадай семiз. Бұл еркектiң бас жағында шағын қыш құмыра тұр. Ендi бiрi көлдей сары матаға оранған, құлағына титтей жез сырға тағып алған. Монах болар, тәрiзi. Бұйра шашы мен сақалының пошымына қарағанда  Памир жақтан келген-ау, сiрә. Су бүркетiн құтыны алып, семiздiң үстiндегi сона мен шыбындарды қуып отыр. Шаршаған сыңайлы, қыш құмыраға қол соз­ғанда күркетауық сияқты тiзер­лейдi. Ендi бiрi – бұл екеуiнен бөлекше, сарай бұрышында тұр.

“Көппен бiрге көрген ұлы той” демекшi, тауықтар да нарық заманына бейiмделiп, өмiр сүрiп жатыр. Бiр жақсысы, 30 күнде 35 жұмыртқа тап, әйтпесе, етке өткiзiп жiберемiн деп қоқаңдайтын қожайындары жоқ, қанша туса да, қанша балапан басса да өз ерiктерi өздерiнде. Бүгiнде мекиен көрсе қоразданып қуа жөнелетiн әтештердiң де қатары тым сирек. Көбiсi бала-шағамды қалайша асыраймын деп, жемтiк iздеп, жан-жақта тентiреп жүр.

“МАҚТЫМҚҰЛЫ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ТҮРКI ПОЭЗИЯСЫ”
Түркi академиясының ұйымдастыруымен түрiкменнiң ұлы ақыны Мақтымқұлының туылғанына 290 жыл толуына орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетiнде “Мақтымқұлы және дәстүрлi түркi поэзиясы” атты халықаралық конференция өттi. Алқалы жиынға түркiтiл­дес елдердiң Астанадағы елшiлерi, көрнектi мемлекет және қоғам қайрат­кер­лерi, Қазақстан Парла­ментiнiң депутаттары, танымал қаламгерлер, түбi бiр туыс мемлекеттердiң белгiлi ғалымдары мен ғылыми мекемелердiң басшылары қатысты.

Маусым айының 18-22-сi аралығында “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгiнiң ұжымы қазақ халқының алтын дiңгегi саналатын Ұлытау өңiрiнде «ULYTAU-2014»атты фотоэкспедиция ұйымдастырды. Жобаға қолдау көрсеткен – Қарағанды облыстық әкiмдiгi және банк  “Bank RBK” АҚ. Мұндай игi шара 2012 жылы Жетiсу өңiрiндегi Хантәңiрiнiң баурайында “Шәлкөде ­­­– елдiң жайлауы” деген атпен өткен болатын. Жалпы, бұл фотоэкспедицияның

Осы конструкцияның пайда болуының тарихы өте қызық.Чикаголықтар сол кезеңдегi ең сәндi әрi өте жайлы пойыз жасап елдiң ықыласына бөленедi. Бiрақ белгiсiз себеппен бұл «ғасыр пойызы» Париждегi дүниежүзiлiк көрмеге қойылмайды. Осы кезеңде компания басшылығы ең болмағанда бұл сәндi дүниенi үлкен фотоаппаратпен толығымен фотосуретке түсiрiп қалу үшiн, кейiн фотоны көпшiлiкке көрсету мақсатында көрмеге жiберудi ұйғарады.
Фотосурет – анығында адам өмiрiнiң айнымас тарихы. Фотожазба – өмiрдiң қайта оралмас сәттерiн еске түсiретiн тарихтың тармағы, ақиқаттың айнасы. Тiптi, жұмбақ адамның да iшкi әлемiнiң құпиясын аша түсуi мүмкiн.  Сол синкреттi өнер саласына белгiлi француз кинорежиссерi Жан-Люк Годардың тiлiмен баға берсек: “Фотография – нағыз шындық!”. Бұл дүниеде бiздiң арамыздан суретке түспеген адам табылмас, сiрә!
Егер сiз фото түсi­руде белгiлi бiр дәрежеде тоқырауға ұшырасаңыз немесе бiл­генiңiздi одан ары арттырғыңыз келсе, тө­мен­дегi 20 сұраққа жауап берiп, фотосурет түсiруде жаңа әдiс-тәсiлдердi меңгеруге, ойлау қабiлетiңiз­дi дамытып, фотографияға басқа ракурспен қа­рау­ға күш салыңыз..1. Осы суреттi не үшiн түсiрмекпiн? Бұл – өзiңiзден сұрау керек бiрiншi және ең маңызды сауал. Және бұл сұраққа дұрыс жауап та жоқ. Бiрақ, не үшiн суретке түсiретiнi­ңiз­ге сенiмдi болу маңызды. Бұл суреттен не түйсiн­гiңiз келедi? Күннiң әдемi батқаны ма? Иә, “түсiрдiңiз”. Әдемi мысық па? Оны да “түсiр­дiңiз”
2014 жылғы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы, Фотожұмыс номинациясы бойынша - Қобланбаев Серiкжанға, фоторепортер - газет жә­не журнал беттерiнде қа­зақстандықтардың көр­кем образын жасағаны үшiн берiлдi. Халықаралық “Казахстан-ZAMAN” газетi Рақымбай Ханалы атындағы сыйлықпен фотожур­на­лис­тиканы дамытуға қосқан үлесi үшiн “Оңтүстiк Қазақстан” газетiнiң фототiлшiсi Қайсар Шерiмдi  марапаттады.