1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15930) 17 шілде, бейсенбі 2014
“Время” газетi мен “Саясат-Monitoring” дейтiн топ жаңа жобаны қолға алып, министрлер мен мемле­кеттiк орган басшыларының рейтин­гiн жасай бастады. Кiмнiң кiм екенiн анықтау тәсiлiн “Стратегия” орталығының әлеуметтанушылары түзiп берiптi. Зерттеу тақырыбынан түсiнiгi бар арнайы мамандар болмаса, қарапайым оқырман тек “Время” деп аталатын газеттiң бар екенiн ғана бiледi. Өздерiнiң айтуынша, бұл сауалнамаға сарапшылар, саясаттанушылар және журналистер қатысыпты. Мұрнынан тiзген министрлерi мен агенттiк төрағаларының жалпы саны – 29. Ендеше, үштiк түзген сол жиырма тоғыздың бiрқатарының атын атап, түсiн түстеп көрейiкшi, көңiлдерiңiзден шығар ма екен.
“АУЫЗДАРЫҢДЫ ЖАБЫҢДАР” ДЕП АЙҒАЙЛАҒАН СУДЬЯ МЕН ЖАЗЫҚСЫЗ АЙЫПТАЛҒАН БОРЫШКЕРЛЕР
Елiмiздiң Ата заңына сүйенiп, әдiл шешiм шығаруға тиiс сот ғимаратында сорақы жағдайдың куәсi болдық. Шiлденiң 15-i күнi “Аңыз адам” журналына қатысты сот процесiнен шыққанымызда ғимарат дәлiзiнде байбалам салып жылаған әйелдiң даусын естiдiк. Алматы қаласы Медеу аудан­аралық әкiмшiлiк соты ғимаратында шыққан оқыс үнге елеңдесiп, солай беттедiк. Алайда жолымызды полицейлер бөгеп, оқиғаны көзбен көруi­мiзге кедергi жасап бақты.

Қазақстан мақтанса, осымен мақтансын! Шетелден инвестиция тартуға келгенде бiздiң елмен еш мемлекет теңдесе алмайды. Әлем кәсiпкерлерiнен ақша сұрап «алақан жайған» Астана ТМД бойынша қара үзiп кеттi. Тiптi Орталық Азия мемлекеттерiне құйылған ше­тел­дiк қаражаттың 70 пайызын «омырауына басып» алды.

Бүгiнде Сыр жұртшылығы бiр-бiрiнен сүйiншi сұрап жатыр. Кiшi Арал теңiзiнiң келешегiн кемелдендiрер САРАТС-2 жобасына қажеттi қаражат бөлiнетiн болды. Өткен аптада Қызылорда облысы әкiмдiгi мен Дүниежүзiлiк банкi арасында меморандумға қол қойылған сәтте, атқан таңға арда ағайын шүкiршiлiк еттi.

“Кәкең” деп отырғаным, министрлердiң “марқасқасы” Кәрiм Мәсiмов қой. Жексенбiде жасырын Жезқазғанға келiп кетiптi. Жасырынғаны емей немене, жергiлiктi журналистердiң өзi жаңа бiлiп жатса. “Жiбi түзу жол бiткендi жауып, бағдаршамдарды жыпылықтатып қойғанына қарағанда бiр дөкей келе жатқанын iшiм сезген
Бостондағы жарылысты зерттеуге тергеуге кедергi келтiрдi деп айыпталған қазақстандық студент – Азамат Тәжiаяқовтың сотында барлық куәлар сұралып бiттi. Сот сәрсенбi күнi жарыссөзге көштi. Соңғы куәларды тыңдаған күнi прокуратура Азамат Тәжiаяқов пен Джохар Царнаев­тың жарылыс болған күннiң ертесiне университеттiң жаттығу бөлмесiне бiрге кiрiп бара жатқан бейнекөрiнiсiн көрсеттi. 

Осы аптаның алғашқы күндерiнде “Аңыз адам” журналына қатысты апелляциялық шағым Алматы қаласы, Медеу ауданаралық әкiмшiлiк сотында қаралуға тиiс-тiн. Алайда сот процесi басталмай жатып, аяқталды. Журналдың бас редакторы Жарылқап Қалыбай судья Арман Тұрғымбаевқа сенiмсiздiк танытып, сот iсiне оның төрелiк етуiне қарсылық бiлдiрдi.

Афины Олимпиадасының чемпионы, төрт жылда айналып соғатын жазғы Олимпиада     ойындарында асқан шеберлiгiмен тәнтi еткен бiр ғана боксшыға берiлетiн Вэл Баркер кубогын иеленген тұңғыш қазақ – Бақтияр Артаев пен астаналық тұрғын Айсұлу Ибрашованың арасындағы дау бәсең тартудың орнына өршiп барады. 29 маусым күнi түнгi клубта болған оқиғаға қатысты

Несiп бауырым! Сенiң футболдан биылғы әлем чемпионаты өтiп жатқан Оңтүстiк Америка құрылығындағы Бразилия елiнен “Жас Алаш” газетiнiң бетiнде жариялаған репортаждарыңды түгелдей оқып шықтым. Алған әсерiм тамаша! Сол Оңтүстiк Америка құрылығындағы доп додасына өзiм барып қайтқандай, керемет кездесулердi өз көзiм­мен көргендей болдым десем – имандай шыным!

Үкiметбасымыз Кәрiм Мәсiмовтың жүрiсi соңғы кезде бiртүрлi болып кеттi. Жүрген жерiнде жасырынып жүретiн әдеттi шығарып алды. Жамбыл облысына жердiң астымен барса да, ел-жұрттан көлегейлене алмап едi, Қызылорда облысына келгенде де сөйттi. Содан болар, “Бұл Кәрiм кiм өзi?” деген сұрақ қайтадан көлденеңдедi. Бiлгiштердiң сөзiне сенсек, “Ол өзiнiң найманмын дегенiне жұртты сендiру үшiн әрекет қылып жүр-мыс”.

“Сбербанк” президентi, басқарма төрағасы Герман Греф Қазақстанға жасаған сапары кезiнде Астанадағы Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң кiтапханасына соқты. Бұл кiтапханада 20 мың еңбек пен мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың жеке коллекциясынан 500 экспонат жинақталған. Олардың арасында өзге мемлекет басшыларының сыйлықтары, өнер бұйымдары мен тарихи жәдiгер­лер бар.

Әмина әжей туралы аңызға бергiсiз бұл әңгiме әлi күнге дейiн ел аузында. Ендi “Жас Алаш” газетiнiң оқырмандарына осы оқиға жөнiнде айтып бергендi жөн көрiп отырмын. Әмина әжей 90 жасқа келгенде дүниеден озады. Бүкiл ел болып, ауыл болып кемеңгер әжейдi құрмет көрсетiп, ақтық жолға жылап-сықтап шығарып салады. Кейуананың сүйегiн ақ киiзге орап, үйiнен қорымға дейiн ауыл жiгiттерi көтерiп апарады.

“Жас Алаш” газетiнiң №34 санында ақтөбелiк Қарлыға Керейқызының “Тиесiлi жеңiлдiктерiмiздi қайтарыңыздар, мырзалар!” деген мақаласына орай мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрудi жөн көрдiм. Автор: “2005 жылдан бастап қариялардың жағдайын ойлап елу пайыз төлемдердi төлеп едiк. 2014 жылдан бас­тап қайыра 100 пайыз төледiк” дейдi. Бiз де соғыстың кесiрiнен балалық шақтан ажырағандармыз.

Жеке куәлiгiм Щучинск қаласында тiркелген менiң Алматыда тұрғаныма он бес жылдай болып қалған-ды. Оң көзiмнiң жарық дүниемен “қоштасқанына” аттай бiр жарым жыл болса да Алматыда катарактаға ота жасатуға сәтi түспедi. Бiрiншiден, “пропискам” Щучинскiде. Екiншiден, Алматының №5 емханасының көз дәрiгерi: “Мынандай жоғары қан қысымыңызбен дәрiгерлiк байқаудан өте алмайсыз” дегеннен

Соңғы бес-алты жыл жүзiнде “өлең” атауы өз өрiсiн кеңейтiп, әнге қатысты әлемдi түгелдей жаулап алуға жақындады. Сахна төрiнен өнер адамдарының “ән салдым”, “ән айттым”, “әндеттiк” деудiң орнына “өлең айттым”, “өлең айтайық” деуi басым болып барады. Сорақысы сол, бұл адасу ауыл арасынан бастап, өнер ортасы мен зиялы қауым арасында да қауындықта қаулаған “сұңғыладай” етек жая бастады. 

Жақында өзiмнiң бұрынғы жұмыс орнымда жүргiзушi болып iстеген орыс жiгiтiн кездестiрген едiм. Сөз арасында ол өзiнiң Ресей азаматтығын алғандығын, алайда Қазақстанда әлi де бiрер жыл уақыт жүре тұратынын айтты. Оның сөзi менi елiмiздiң көшi-қонға және азаматтыққа қатыс­ты заңдардың және олардың орындалуын қадағалаушы мемлекеттiк мекеме­лердiң пәрмендiлiгiне күмән­дануға мәжбүр еттi.

Теледидардан кино, концерт, не болмаса хабар берiлiп жат­қан кезде ойыңды онға, санаңды санға бөлетiн, жөнi жоқ қосылатын, ешқандай мәнi жоқ жарнамалар өте көп берiледi. Мысалы, кино көрiп отырсаң, 1 сағаттың iшiнде 10-15 рет берiледi ғой әлгi жарнама. Және жарнаманың әрбiр берiлуi 3-5 минутқа созылады.

Мен өзi кейбiр кiсiлердi мүлде түсiнбеймiн. Халыққа еңбегi сiңген ата-бабаларының есiмдерiн көшеге, ауылға, мектепке қою үшiн табандарынан тозып, зыр жүгiрiп жүргендерi. Ауданнан Астанаға дейiн тыным таппай шапқылап, есiл ақшаларын шашып, түк бiтiрмей сандалып, ақыр аяғында шаршап, қажып... Сондағы айтатын уәждерi:
Сәкен. Сәкен Жүнiсов. Сәкен серi. Үшеуi де бiр адам. Сәкен – азан шақырып қойған аты. Сәкен Жүнiсов – әдеби шығармалары арқылы халқына танылған есiм. “Сәкен серi” деп келе-келе елдiң өзi осылай атап кеттi. Тiптi ресми құжатқа да енiп кеткен жайы бар. Сонау бiр жылдарда Сәкен серiнiң дәуiрлеп тұрған тұсында “Қазақ әдебиетi” газетiнде тiл­дей хабар жарияланды.
Газетiмiздiң №50, 2 маусым күнгi санында “Жүлде – Бразилия­дан” деп ХХ әлем чемпионатына қатысты бәйге жариялағанымыз оқырманның есiнде. Болжам бәйгесi басталған күнi-ақ редакциямызға “жауырыншылардың” жауабын арқалаған хаттар лек-легiмен келiп түстi. Бәйге шарты бойынша қатысушыларға мынадай бес сұрақ қойылған-ды:
СКОЛАРИГЕ СОЛ КЕРЕК!
Футболдан ХХ әлем чемпио­натының түңлiгi түрiлер алдында ол бүй деп едi: “Әлем бiрiншiлiгiнде қарсылас болатындардың азулыларын ғана атасам былай: бiз жартылай финалда Германия құрамасына, ал финалда Аргентинаға қарсы ойнап, кубокты олжалаймыз!”. Айтқаны айдай келетiн Сколари сәуегей емес қой. iстiң емес, көпiрме сөздiң адамы екенiн күллi әлемнiң алдында паш еткен Луис Фелипе Сколаридi Бразилия футбол федерациясы бас бапкерлiк қыз­метiнен алып тастады. Пайғамбар жасынан асқан маман баптаған Бразилия құрамасы жартылай финалда