1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (15934) 5 тамыз, сейсенбі 2014
Саясаттанушы Расул Жұмалы Ресей прези­дентi Владимир Путинге 20 сұрақ жолдады. Путиннiң Жұмалыға жауап қатуы екiталай. Десе де, саясаттанушы алаңкөңiл жұрттың көкейiн­дегiсiн дөп бас­қан. Қазақ саясаттанушысының Кремль қожасына қойған жиырма сұрағын қоғамның талқысына ұсынуды жөн санадық. 2000 жылы билiкке кел­генiңiзде былай деп мә­лiмдегенсiз: “Соңғы он жылда Ресей тек барын жоғалтты, ендi бiз тек аламыз”. Мұ­нымен не айтқыңыз келдi? Ре­сейдiң көптеген саясат­кер­лерi мен ақылгөйлерi “Ресей ендi ғана бетпердесiн сыпырды” деп жүр

Орыстың белгiлi кино­ак­терi Алексей Серебряков өз отанын, яғни Ре­сейдi тастап, Канадаға бiржолата кеттi. Кеткенде де, А.Серебряковты елден ешкiм қуған жоқ, ол өз ер­кiмен, екi ұлы мен қызын, әйелiн алып, Канадаға қо­ныс аударды. Киноактердың Ресейден неге, не үшiн кеткенiнен бұрын “Алексей Серебряков кiм? Ол өз елiне нендей еңбек сiңiрiп, қандай қызмет атқарған едi?” деген сұраққа жауап берiп көрелiк.

Биылғы қазанның бiрiншi күнi Сенат депутаттарының кезектi сайлауы өтедi. Конституцияға сәйкес, Қазақстанның Сенаты әр об­лыстан, республикалық маңызы бар қа­ладан және Қазақстан Республика­сы­ның Астанасынан екi адамнан өкiлдiк ететiн депутаттардан құралады. Бұдан бөлек, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерi сақталуын қам­тамасыз ету үшiн он бес депутатты президент тағайындайды.

“Жас Алаш” редакциясы басшылығының жыл сайын қызметкер­лерiн Ыстықкөлге апарып, мөлдiр суға “тоғытып”, қызған құмға “бусандырып” алатын әдемi дәстүрi бар. Бұл мезгiл биыл шiлденiң соңы мен тамыздың басына тура келдi. Ыстықкөл сапарынан қалмайтын, “Ыстықкөлге кеттiк” десең, күнi бұрын дайындалатын журналис­тердiң пайымынша, демалыс үшiн бұл – нағыз деген кезеңнiң өзi.

Өткен аптада қазақ баспасөзiне қатысты тағы бiр сорақы сот шешiмi шықты. Журналист Жарылқап Қалыбайға қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық кодексiнiң 344-бап, 2-тармағы бойынша қозғалған iс жайында бұған дейiн газетiмiзде жазылған-ды.

“Қазақ – есесiн көп жiберiп, хақысын көп жегiзген халық. Не есемiз, не хақымыз қайтар емес” деген Алаш арысы Жүсiпбек Аймауытовтың сөзi егемендiк алғалы берiде жiберген еселерiмiздi еске түсiредi. Тәуел­сiздiгiмiздi бұрынғы Кеңес одағындағы ел­дердiң ең соңынан алып, өзге елдерге есемiздi жiбердiк.

Өткен 2013 жылдың сәуiр айының басында Павлодар қаласының гербi мен туының үздiк сызбасына, әнұранының сөзi мен сазына конкурс жарияланды.  Себебi белгiлi: қаланың туы мен әнұраны жоқ, гербi уақыт талабына сай емес. Тарқатып айтсақ, логотиптiң түсi шымқай қызыл, кеңес туының түсiне сәйкес белгiленген. 

Украинаның бас прокуроры Виталий Ярема 3 тамыз күнi Киевте өткiзген баспасөз мәслихатында былай деп мәлiмдедi: “Бiзге жеткен ақпараттарға сенсек, Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонка Қазақстанның азаматтығын алыпты. Сонымен бiрге В.Пшонканың үлкен ұлы Артем да Қазақстанның азаматтығын алуға тырысып

Әмiре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесiне қатысқан тұңғыш қазақ болатын
Жаздың жаймашуақ күндерiнiң бiрiнде белгiлi музыка зерттеушiсi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, “Құрмет” орденiнiң иегерi Жарқын Шәкерiммен сұхбаттасудың ретi келген. Жарқын аға қазақ халқының маңдайына бiткен бiртуар жұлдызы, қайталанбас талант иесi Әмiре Қашау­баевтың дауысын сонау 1974 жылы алғаш

Қазақтың қоғамында салт-дәстүр, әдет-ғұрып ар­қылы өмiрдiң өзi туындатқан әдемi әлеуметтiк институттары болған. Болған деп, өткен шақпен айтуымыздың өзi - сол әлеуметтiк мәнi зор институттардың келмеске кеткенiн мегзесе керек. Дүние есiгiн ашқан сәттен-ақ ұрпағын тәбиелеудегi маңызды институттардың ұстанымы, ұлт болып, жұрт болып қалудың қағидаттарының қазығы едi. Бесiктен бастап, ақсақалдар алқасына дейiнгi аралықтағы әлеуметтiк институттар келмеске кетiп барады.

Өзiмнiң туған ауылымда туыс қалмаған. Әкемдi қолымызға көшiрiп алғалы... Затың әйел бол­ған соң «үш жылдығыңды» ойлайсың дегендей... Жыл сайын ауылға тек әкемдi жiберумен шектелетiн едiм. Сынаптай сырғып бiраз жыл өтiп те кетiптi. Ал iнiм шамасы келсе, екi жылда бiр барады. «Сыныптастарым» деп алып-ұшып тұратын оған кейде

“Көршiсiн жамандаған көшiредi” деген мақал бар. Шынында да, осы көршiлерiм көшiп кетсе, жақсы-ақ болар едi... Құдай менi кешiрсiн, көршiнiң де көршiге салқыны тиедi. Жо-жоқ, шу жоқ, айқай жоқ, тып-тыныш өмiр сүрiп жатыр. Кiредi, шығады. Есiк алдында көлбеңдеп, зiңгiттей екi ұлы құлақтарына құлаққап тығып алып, телефонмен сөйлесiп жүредi. Былай қарасаң, маған түк зияны жоқ.

Жапондықтар “Адам қандай тағам жесе, өзi де дәл сондай” дейдi. Ал сiз күнделiктi қандай тағам тұтынатыныңыз туралы ойланып көрдiңiз бе? Ал оның қанша уақытта қорытылатынын ше? Егер сымбатыңыз мiнсiз, асқазаныңыз аурудан аман болсын десеңiз, төменде қанша уақытта қорытылатынын оқыңыз.

ҰРЫС-КЕРIСКЕ ЖОЛ БЕРМЕЙТIН ИIССУ
Әрбiр отбасының берекесiн қашырып, тiптi ажырасуға соқтыратын жағдай – үйдегi ұрыс-керiс. Осыған орай ағылшын ғалымдары жұбайлардың арасындағы жанжалға тоқтау салатын иiссу ойлап тауыпты. Ер мен әйелге бiрдей әсер ететiн окситоцин иiссуының әсерiн байқау үшiн жүргiзiлген тәжiрибенiң нәтижесi жаман емес.

– Сiз осы... шынымен, маған ғашық боп қалғаннан саусыз ба? Асай-мүсейлерiңiздi арқалап, күнде келесiз сонша жерден салпақтап. Келесiз де, менiң тұла бойымды көзбен тiнткiлеп, өстiп сүмiрейiп тұрасыз да қоясыз. Және жөнi түзу әңгiме де айтпайсыз. Бiртүрлi қызықсыз ғой өзiңiз...–Зибагүл тақтай сәкiде жүрелеп отырған күйi мырс етiп күлiп жiбердi. Күлдi де, артынша әлденеге қабағын шытты.

ЗАРИНА – БIРIНШI РАКЕТКА
Қазақстандық теннисшi Зарина Дияс елiмiздiң нөмiрi бiрiншi ракеткасы атанды. Теннистен әйелдердiң әлемдiк ассоциациясының рей­тингiнде (WTA) өзiнiң 53-орнын сақтап қалған Заринадан өзге бiздiң теннисшi қыздарымыз рейтингте жоғары тұрған жоқ. Мәселен, бұған дейiн Қазақстанның үздiк теннисшiсi деген атқа ие болып келген Ярослава Шведова екi сатыға төмендеп, 54-орынды мiсе тұтты.
Жасы елудi еңсерген америкалық Бернард Хопкинс (бес айдан кейiн Хопкинс 50-ге толады) жерлесiмiз Геннадий Головкинге қарсы айқас турасындағы ұсынысты қабыл алды деп жазды Boxingscene.com. Қартайғанда пенде шiркiнге дүние де, атақ та ыстық көрiнетiнiн Хопкинстiң әрекетi аңғартқандай. Генаға дейiн Хопкинс ресейлiк Сергей Ковалевке қарсы айқасқа түседi. Қараша