1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (15935) 7 тамыз, бейсенбі 2014

Қазақ билiгi қаржы табудың жолын ендi тапты. Өйткенi қараңыз, қанша жерден жердiң асты-үстi байлығы экспортталып жатса да, елдiң есi кiрмей-ақ қойды. Ал неге кiрмейдi? Экономика неге көтерiлмейдi? Себебi қоғамдағы ақша айналымы дұрыс жүрiп жатқан жоқ. Үкiметтiң бергенi өзiне қайтпайды. Мәселен, мемлекет мұғалiмге жалақы төлейдi. Ол ақшаны мұғалiм – дүкенге, дүкен – зауытқа бередi, ал зауыт үкiметке салық төлейдi. Сөйтiп, ақша дегенiңiз арқандаған аттай айнала бередi, айнала бередi. Мiне, осы жүйе қазiр бұзылған. Ал бұзған кiм? Кiм болушы едi? Жезөкше, қайыршы және балгер де.

Кеше Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада кеңейтiлген отырыс өткiзiп, үкiметтi қайта жасақтады. “Қайта жасақтады” деген аты ғана, әйтпесе, үкiметтегiлердiң бәрi – сол баяғы “ескi көздер”. Бұрынғы 17 министрлiк, 9 агенттiк, 54 комитет, 272 департаменттен 12 министрлiк пен отыз шақты комитет қалды.

“БАСПАНАЛАРЫҢДЫ БҰЗАМЫЗ” ДЕП ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫ ШУЛАТУ ШЫМКЕНТТЕ ӘДЕТКЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ
“Жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өле­дi, тасқа ұрсаң да жапалақ өледi”. Шымкентте жаңа шағын аудан салуға жер қажет болса, атқамiнерлер айналып келгенде қара халықты сорлатады. Қонаев даңғылы мен Арғынбеков көшесiнiң бойына орналасқан бай-манаптардың үйлерiн бұзуға жүректерi да­уаламайды.
Таяуда Қазақстан Әдiлет министрлiгi 500 борышкердiң баспанасынан шығарылғаны туралы ақпарат таратты. Айдың-күннiң аманында жүздеген азаматтың өз үйiнен қуы­луына себеп – төленбеген коммуналды қыз­мет ақы­сы. 2014 жылғы алты айда аймақтық орган қызметкерлерi 1581 борышкерге қатысты iстi анықтаған. Мың жарымнан астам қарыз азаматтың 584-i коммуналды қызмет ақысын уақтылы төлемегенi үшiн жазаға тартылды, яғни
Алматы қаласы, Алмалы аудандық №2 соты Руслан Қожахметовке қатысты ше­шiм шығарды. Азаматтық құқығын заң жүзiнде талап етiп, өз мақсатына жеткен Р.Қожахметов бұрынғы қыз­метiне соттың шешiмiмен қайта тағайындалды. Руслан Қожахметов – “Синопэк Қазақстан” Халықаралық сервистiк мұнай компаниясы” ЖШС директорының орынбасары. 
бұл – “халық жауы” әкесiнiң атылар алдында айтқан ақтық сөзi, соңғы жанайқайы
Биыл Алаштың ардақты азаматы, қазақ әдебиетiнде өшпес iз қалдырған ақын, мемлекет және қоғам қайраткерi Сәкен Сейфуллиннiң туғанына 120 жыл. Сәкеннiң туған жерi анық болғанымен, зиратына қатысты таласты пiкiр күнi бүгiнге дейiн толастаған жоқ. “Сәкен Сейфуллиннiң 1938 жылы атылғаны туралы мөрi басылған құжаттар бар. Сондықтан оның сүйегiн басқа жақтан шығады деген болжамға сенбеймiн.

Гитлердi   иттiң   етiнен жек көретiн адамның бiреуi менмiн. Соғыс бастал­ғанда, бiрге туған ағаларым Әукiш, Қосан және   әкемнiң жалғыз iнiсi Нұрекеш соғысқа кеттi. Сол кеткен ағайларым күнi бүгiнге дейiн хабарсыз   кеткендердiң   тiзiмiнде. Ал әкем солардың күйiгiне шыдай алмай, құсадан өлдi.

“Жаназа шығарғыш” Қазыбек Исаның мақаласына орай кейбiр ой-пiкiрлер...
Иә, Қазыбек, өзiң туралы жазыл­ған ащы шындыққа шыдай алмай, талағың тарс айырылыпты. “Жап­қан жалаларыңның жаназасы шықты, Жасарал-Жанболат!” атты бықсық мақалаңда бiраз жерге көсiле ша­уыпсың. Ендеше, сенiң сондағы мен туралы бiрiне-бiрi мiнгескен өтiрiктерiң мен жалаларыңды сараптап көрелiк.
(Ер Жәнiбектiң 300 жылдық тойы кезiнде Қалбатауда өткен ғылыми конференцияда сөйленген сөз)
Осындай мүшелтойлар ке­зiнде кейбiреулер: “бiздiң қа­зақта батыр қандай көп” десiп таңғалады. Отан тарихынан хабары аздау адамға, сырттай қарағанда, солай көрiнуi де ғажап емес. Ал тарихқа тереңi­рек үңiлсеңiз, қазақтың батыр бол­мас­қа лажы қалмағанын байқайсыз. Айнала–анталаған жау: орысы, шүршiтi, жоңғары, қоқа­ны, қыр­ғызы
ЖҮРСIН ЕРМАН БАС ЖҮЛДЕНI ЖЕҢIП АЛДЫ
Ер Жәнiбектiң 300 жылдық торқалы тойына орай республикалық мүшәйра өттi. Белгiлi ақын-жазушылардан құралған бе­делдi комиссия бәйгеге түскен өлеңдер­дi iрiктей, екшей келiп, “Мүшәйраның бас жүлдесi көрнектi ақын Жүрсiн Ерманға берiлсiн!” деген шешiм қабылдады.

“Жас Алаштың” 2014 жылдың 8 шiлдеде басылған нөмiрiнде Арман Әубәкiрдiң   “Балуан Шолақтың ел бiлмейтiн әндерi көп” деген мақаласын оқып, бала кезiмнен айтып жүрген Балуан-Шолақтың әнiн бұқараға таныстыруды жөн санадым.

ЕСКЕРТКIШI ҚУЫРШАҚ КЕЙПIНДЕ ӘЛI ТҰР
Биыл Мұстафа Өзтүрiктiң өмiр есiгiн ашқанына 60 жыл толады. Арда туған азамат арамызда болса, қоңыр күзде асқаралы алпыс жасын қазағының ортасында мерекелер едi... “Өлi разы болмай, тiрi байымайды” деп өскен елмiз ғой, қазақтың маңдайына бiткен оғлан ұлдың өзi көре алмай кеткен мерейтойын жоғары деңгейде атап өтсек екен деген мәселенi арқалаған Жас Алаш” газетiне “Күн астындағы Күнi­кей” Ким” деген (№9, 6 ақпан, 2014 жыл) мақалам жарияланды. Одан бұрын “Жас Алаштың” былтырғы 23 мамырдағы санында жарық көрген “Еңселi ескерткiш қана асқақ” (авторы Н.Жәнiбек) деген мақалада да Мұстафа Өзтүрiктi қалай “қадiрлеп” жүр­генiмiз жазылып едi.

Қытайдың Гуйчжоу өлкесiнде жақында ғана әлем карикатурашыларының “Жiбек жолы” атты халықаралық конкурсы өттi. Конкурс бәйгесiне әлемнiң 76 елiнен 11 200 карикатура қатысты. Мiне, осындай үлкен де беделдi конкурста талантты суретшi, “Жас Алаш” газетiнiң карикатурашысы, халықаралық конкурстардың жүлдегерi Ғалым Сма­ғұлұлы беделдi бәйгенiң де алтын медалiн жеңiп алды.

5 тамыз күнi Орталық коммуникациялар қызметiнде өткiзген брифингте ҚР спорт және денешынықтыру iстерi агенттiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев алдағы уақытта елiмiзде спорт комментаторларын даярлау басталатынын айтты. Сонымен бiрге мүмкiндiгi шектеулi жандардың бапкерлерi, мектепке дейiнгi мекемелерде спортқа баулитын мамандар, спорт нұсқаушылары жетiспейтiнiн де жеткiздi.

ҚУАНУҒА ӘЛI ЕРТЕ
Бүгiн қарағандылық “Шахтер” клубы Еуропа лигасының үшiншi iрiктеу раунды аясындағы қарымта айқаста хорватиялық “Хайдукке” қарсы тұрады. Бiрiншi ойынды Қарағандыда өткiзген кеншiлер 4:2 есебiмен басым түскен болатын. Бiрақ бұл нәтиженi малдануға әлi ертерек. Сплиттiк “Хайдук” клубын қарымта айқаста ұтса, немесе 1:0 есебiмен ұтылса, тым болмаса тең нәтижемен тарқасса,