1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (15936) 12 тамыз, сейсенбі 2014

Өткен аптада президент Нұсұлтан Назарбаев үкiметтi қайта жасақтады. Бұл туралы газетiмiз­дiң өткен нөмiрiнде (“Кадры тапшы президент “ескiкөздерге” тағы үмiт артуға мәжбүр”, 7 тамыз, №61) жаздық. 17 министрлiк, 9 агенттiк, 54 комитет, 272 департаменттен 12 министрлiк пен отыз шақты комитет қалды. Президент Н.Назарбаевтың айтуынша, “мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру үшiн” жасалыпты бұл ауыс-түйiс.

Әзiрбайжан мен Арменияның арасындағы жер дауы 1988 жылы басталған едi. Мiне, сол Таулы Қарабақтың дауы әлi сағыздай созылып келедi. Тамыз айы­ның басында Әзiрбай­жан мен Армения шекарасындағы жағдай тағы да ушыға түстi. Әзiрбайжан президентi әкiмшiлiгiнiң қоғамдық-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi Али Гасанов

Астанада жер, баспана дауымен бiр топ азамат аштық жариялады. Бұл жөнiнде ақпарат таратқан “Азаттықтың” тiлшiсi аштық жариялағандардың қатарында аяғы ауыр келiншектiң барын айтады. Астанадағы бұрынғы саяжайлардағы үйлерi бұзылуға тиiс бес әйел тамыздың 6-сы күнi аштық жариялауды бастаған.

Өсек деген дүниенi қазекең иттiң етiнен жек көрген ғой. Содан кейiн де “Өсек өрге бастырмайды” деп мақалдаған. “Өсек, өтiрiк, мақтаншақ, Ерiншек, бекер мал шашпақ...” Әнеки, ғұлама Абай да осыны меңзейдi. Бiрақ қазiр өсек туралы ұғымның өңi өзгердi. Ақорда жақтың ауыздылары “Өсекке кiрмеген, есепке кiрмейдi”,

Тамыздың 7-сiнен бастап Ресей Федерациясы Еуропа Одағы елдерiнен, АҚШ, Канада, Норвегия және Австралиядан кейбiр азық-түлiк түрлерiн әкелуге тыйым салды. Ресейдiң тыйымына сиыр, шошқа, тауық етi, балық, шұжық және ет өнiмдерi, көкөнiс пен жемiс, iрiмшiк пен сүт өнiмдерi iлiктi. Түрлi болжам бойынша, 9-15 миллиард доллардың өнiмiн бiр жыл бойы импорттауға тыйым салынған.

Мемлекет басшысының жуырда ғана айтқан жаңа сауда орталықтарын тұрғызу туралы пiкiрi әртүрлi ойға жетелейдi. Алдымен Н.Назарбаевтың не дегенiне назар аударыңыз. «Көлеңкедегi экономика – бюджетке қаражат түсiрудiң үлкен қоры. Қазақстанда жүздеген мың базардың бақыланбайтынын айта аламын.
Су – тiршiлiк көзi. Табиғатта оны алмастыратын зат жоқ. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мәлiмдеуiнше, 20-шы ғасырда жер шарындағы адам санының 3 есе өсуi, экономиканың дамуы, тұщы суға деген сұранысты 6 есе ұлғайтты. Осы уақытта жер бетiндегi орташа ауа қызуының 1 градусқа жоғарылауы, тұщы судың негiзгi көзi Арктикадағы мұздың еру мерзiмiн бiр айдан үш айға ұзартты.

Израиль армиясының Палес­тина халқына жасап отырған зорлықты күшi күн өткен сайын қанды қырғынға ұласуда. Палес­тинаның Газа секторына (облысына) әскери операция бастағанына 1 айдан асты. Еврей мемлекетiнiң әскерi соңғы үл­гiдегi соғыс техникаларын қолдана отырып, Палестина территориясындағы қала, елдi мекен­дердi аяусыз атқылауда.

Газет-журнал қызметкерлерiнiң жылына екi рет бас ауыртатын басты мәселесi, ол — өздерi нәпақасын айырып жүрген баспасөзiн халыққа жаңа мерзiмге жаздырту науқанын жүргiзедi. Тiптi таралымын көбейту үшiн 12 ай бойы үздiксiз айналысатын басылымдар да бар. Газет-журналдың саны артқан сайын рейтингiсi жоғарылайды. Мекеме қоржынына түсетiн қаржы да молаяды.

Шетел студенттерiн Еуропаға жұмысқа шақырған жарнамалар қазiр ғаламтор бетiнде қаптап жүр. Арасында аграрлық салаға жұмысшы iздегендерi де бар. “Кел де, жұмыс iсте, ақыңды аласың” дейдi ортадағы делдал компаниялар. Қызық үшiн қарап шығып, түйгенiмiздi газет оқырмандарымен бөлiсудi жөн санадық. Әрине, ерiккеннен емес, батыс пен “барыстың” айырмасын аңдап жүру үшiн.

Жасы жиырмадан асса, өзiн “кәрi” сезiнiп, “ендi оқудың қажетi жоқ” дейтiндер аз емес. Ал әлемде бiлiм алуды өмiрiнiң мәнiне балаған жандар өте көп. Бiз бүгiн сондай адамдардың бiрқатарымен таныс боламыз. Арасында қазақтың әйгiлi композиторы да бар.  Австралиялық Алан Стюарт 2013 жылы 97 жасында диплом қорғады. Бұл – бiлiмге құштар қарияның әлем жұртын кезектi рет таңдандыруы болатын.
Тәжiкстанның Хатлон облысының Кубодиян ауданында тұратын бiр топ бойжеткен қарулы күштер қатарында қызмет етуге өтiнiш бiлдiрдi, деп хабарлайды “Азаттықтың” тәжiк қызметi. Тәжiк бойжеткендерi бұл ұсыныстарын жергiлiктi билiк өкiлдерiне тамыздың 5-i күнi өткен Кубодиян ау­даны белсендiлерiнiң отырысында мәлiмдеген.
МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКIНДIК АШПАҚ
Қазақстандық студенттер мүгедектерге арналған мо­биль­дi қосымшаны аяқтауға жақын, деп хабарлайды BNews.kz.
Өздерiнiң жаңа жобасы туралы болашақ инженерлер Үндiстанның Керал қаласында айтқан. Жуырда елiмiздiң төрт студентi

Өткен ғасырдың елуiншi жылдары Қытай Халық Республикасының Iле аймағына жүйрiктiгiмен аты шыққан, кейiнiректе ақын Көдекұлы Айтуғанның “Көпбайдың Көкжалы” деген     поэ­ма жазуына түрткi болған, қазiргi күнi Iле аймағы қазақтарының аузында аңыз болып айтылып жүрген даңқты Көкжал атты құлын күнiнен жақсы бiлушi едiм. Бiрнеше рет бәйгелерде мiнiп, шаптым да. Ендi осы тұлпардың тағдыры жөнiнде жазуды жөн көрдiм. 

Сендер маған
Iнiсiңдер!
Бiрақ та кiшi емес,
Iрiсiңдер!
Iрiсiңдер!
ОНЫ АТҚА ҚОНАДЫ
19 қыркүйекте түңлiгi түрiлiп, 4 қазанда мәресiне жететiн жазғы Азия ойындарына (Корея, Инчхон) баратын боксшылардың есiмi белгiлi болды. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов төрт жылда бiр айналып соғатын құрлықтың басты додасына мына боксшыларды қосады: Бiржан Жақыпов, 49 келi. Әлем чемпионы (2013), әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдегерi (2005).
“Астана” Еуропа лигасының плей-офф кезеңiне өттi. АИК клубына қарсы үшiншi iрiктеу раундының қарымта тартысын сыртта – Швеция алаңында өткiзген елордалықтар 3:0 есебiмен жеңiске жеттi. 36-миунтта Фокси Кетевогама, 54-минутта Дмитирий Шомко, 71-минутта Бауыржан Жолшиев қанжығасын майлады. Ендi олар плей-офф ке­зеңiнде испандық “Вильярреал” клубына қарсы айқасады. Алғашқы ойын 21 тамызда Астанада өтсе, қа­рымтасы 28 тамызда Испанияда өтедi деп белгiлендi.