1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15937) 14 тамыз, бейсенбі 2014

Дымы құрып, дiңкелеп жүрген бiз секiлдiлер демократияны ту қылып көтерген батыс елдерiне қызыға қарайды. Неге? Өйткенi олардың ұстанған бағыты оқтаудай түзу, тақтайдай тегiс. Мәселен күнi кеше ғана Британияның бiлдей бiр министрi өз еркiмен өтiнiш жазып, қызметiнен кетiп қалды. Дэвид Кэмерон оның отставкасына қол қойып, арқадан қағып шығарып салды. Ал жұмысынан мiн табылмаған министр нелiктен қызметiн тәрк еттi? Өйткенi үкiметтiң берген жалақысы оның көңiлiнен шықпайды екен. Ал Сiз Қазақстандағы бiр шенеунiктiң “еңбекақым аз” деп жұмыстан кеткенiн көрдiңiз бе?

«ҮКIМЕТТI ҚАЙТА ЖАСАҚТАУ ДЕГЕН АТЫ ҒАНА» ДЕЙДI САЯСАТТАНУШЫЛАР
Жақында үкiметте жасалған ауыс-түйiс­тiң гу-гу әңгiмесi әлi басылмай тұр. Өйткенi бiрiне-бiрi мiнгескен министрлiк­тердiң ауы мен бауы бiткен жоқ. Бұған дейiн де айттық қой, “ауыс-түйiс” деген аты ғана, әйтпесе, “ауыс-түйiске” түскендердiң бәрi де – сол баяғы “ескiкөздер”. Оқырмандарымыздың сұрауына орай, саясаттанушыларға хабарласып, “ауыс-түйiске” қатысты пiкiр сұраған едiк. – Ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе көрiп тұрғаным жоқ. Бiреуге бiрдеңенi түсiндiру үшiн алдымен өзiң түсiнiп ал­ғаның дұрыс қой. Ал мен бұл ауыс-түйiстiң себебiн толық түсiндiм деп айта алмаймын.

Қазiргi күнi бiз “еуразиялық...” деген тiркестi жиi қолданатын бол­дық: “еуразиялық идея”, “еу­разиялық қауымдастық”, “еура­зия­лық кеңiс­тiк”, “еуразиялық өркениет..” және т.т. Тiптi “Қазақстан президентi Н.Назарбаев Еуразиялық мемлекеттер одағын құру идеясын ең алғаш 1994 жыл­ғы наурызда М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мем­лекеттiк университе­тiнде сөйлеген сө­зiнде жария еттi” деп ел прези­дентiн еуразиялық идеяның, еуразиялық бастамалардың авторы ретiнде қарастырып жүрген кү­шеншек ғалымдарымыз да аз емес.

ТАМЫЗ МӘСЛИХАТЫНА ҚАТЫСУШЫ ҰСТАЗДАРҒА ҮНДЕУ
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентi “Шаңырақ” қоғамдық қорының жанынан құрылған “Ардагер ұстаздар” кеңесi мүшелерi, ҚР бiлiм беру iсiнiң үздiгi атан­ған ардагер ұстаздар – Рысгүл Игiлiкова, Ағатай Сәрсен­баев, Құрмашов Алдаберген, Сағымбаева Тоймекен, Таңiрбергенов Амантай, Әлiбаева Дiлдагүл.

 “Жас Алаш” газетiнiң бетiнде жарияланған (5.08.2014ж) Меруерт Хусаинованың “Халыққа тамшыдай пайдасы жоқ сенаторды сайлаудың қажетi бар ма?” атты мақаласы қолыма қалам ал­ғызды. Мақала авторы көптiң көкейiнде айтылмай, айтуға батылдары бармай жүрген өзектi мәселенi көтерген. Қазiр мемлекеттiк телеарналар алдағы Сенат сайлауы жайлы жатпай-тұрмай жар салып жатыр.

Мына сенат сайлауы, ендi бар ғой... бұрын-соңды мұндай сайлау болып көрмеген шығар. Себеп сол – болмаған сайлаудың бет-бейнесiне бал ашып жүргендер кәдiмгiдей жағаларын ұстап отыр. “Сайлау” болса, осындай болсын” деп ойпырмайлағандар тiзiмiнде бiз де бармыз. Айтатыны жоқ ендi, жалпы, жалпақ жұрттың ойы осы тақылеттес, олай етпегенде ше, сенаторлыққа үмiткерлерiң бұған дейiн жанбаған үмiт шоғын жалындатып, кiшiгiрiм өртке айналдырып жiбердi емес пе? 

Қазiргi күнi қазақ тiлiне шетелдiк сөздер, шетелдiк терминдер дүмеп енiп жатыр. Ал ендi бiз бұл сөздердi қалай қабылдап жатырмыз? Сол қалпында ма, жоқ әлде қазақшаға бейiмдеп (самоварды – самауыр, конфеттi – кәмпит дегенiмiздей) алып жатырмыз ба? Бәлкiм, бұл жаңа сөздердiң (қаншама көп болса да) қазақша баламасын тауып, сөздiк қорымызды жаңа терминдермен молықтыруымыз керек шығар?

Мәнiсi төменде баяндалар мәселенi жазуыма жақында өзiм куә болған бiр келеңсiз көрiнiс түрткi болды. Шымкенттегi сән-салтанаты келiскен зәулiм тойханалардың бiрiнде түс әлетiнде қос залында әлгi әзiрде ғана қара жер қойнына берiлген марқұмға арнал­ған құдайы ас пен бiр мерекелiк шара қатар қабаттасып өтiп жатты. Дүниеден озған адамның аруағына бағышталған құ­дайы тамақта отырмыз.

Қазiргi таңда Отырар ауданындағы мен сияқты мұғалiмдердiң денсаулығы мүшкiл.   50 жасқа жеткендерiнiң көпшiлiгiнiң жүрiп-тұруы қиындаған. Баспалдақтан түсiп-шығуы мұң. Баспалдақтан қиғаштап түсiп-шығатын, түске дейiн «сыртқа» екi рет шығатындары тағы бар. Сұрасаңыз бәрi «мықтымын» дейдi. Ауруын жасырған халықпыз ғой.

Елiмiз тәуелсiздiгiн алғаннан берi ұлтымыз қандай биiкке көтерiлдi? Ана тiлiмiздiң халi нешiк? Халық қазынасы қалай жұмсалуда? Айта беретiн оңтайландыру мен жеке­шелендiру мемлекетке не бердi? Жиған-тергенi­мiздi шашып, әртүрлi бас­қосулар, жиындар өт­кiзудiң пайдасы қандай? Осындай басы ашық беймаза сұрақтардың көзi ашық кез келген азаматты ойландырары хақ.

Құрметтi “Жас Алаш” газетi! Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ават ауылының 70-ке жуық тұрғыны редакцияға хат жолдап отырмыз. Бiз балаларымыз оқып, бiлiм алып жүрген мектептiң ауылымыздан шыққан Еңбек ардагерi Қатира Жұманованың есiмiмен аталғанын қалаймыз. Мекте­бiмiздiң iргетасы сонау 1926 жылы қаланған. 88 жылға жуық тарихы бар бiлiм ошағы Ават орта мектебi деп әлi күнге ауылымыздың атымен аталып келедi. 

Қазақстаннан шетелге ет экспорттаймыз деп шенеунiктердiң шапқылауды бастағанына аз болмады. Әйтсе де, бiзден сырт­қа қай малдың етiн тасымалдайтыны былайғы шаруаларға беймәлiм. Өйт­кенi Қазақстанның мал жайылымы саналатын аймақтарында төрт түлiк өсiру мұңға айналған. Бiздiң ауылдың маңындағы мал жаюға тиiмдi өрiстер­дiң тарылғаны сонша, кей­бiр қоңды, шұрайлы жер­лердi пысықай кәсiпкерлер сатып алған. 

Тоқсаныншы жылдарда,
Ықыласын бұрды Алла.
Елбасымды мақтадым,
Көш дүрiлдеп тұрғанда.
Мың тiрiлiп, мың өлiп,
Тасын жолдың күредiк.
Көш саябыр тартқанда,
Жүрдiм iштей түнерiп.
Бапкерлер мен спортшыларды сырттан шақыру деген әдетке айналып барады. Әсiресе, бизнеске айналып кеткен футболда! Жыл басында, дәлiрек айтқанда, ақпан айында футболдан Қазақстан құрама командасының бас бапкерлiк қызметiне Ресейден Юрий Красножан шақырылды. Мұның алдында бiрнеше бапкер ауысқан болатын. Олардың екеуi еуропалық. Сырттан бапкерлердi дүркiн-дүркiн шақырғанымызбен, құрама команда жеңiлiстен көз ашқан жоқ.
САТЫЛЫМҒА ТҮСЕДI
21 тамыз күнi елордадағы “Астана Арена” стадионында өтетiн Еуропа лигасының плей-офф кезеңiндегi испандық “Вильярреал” мен “Астана” айқасының билеттерi 16 тамыздан бастап сатылымға түседi. Төрт категорияға бөлiнiп сатылатын билеттiң ең қымбаты – 3 мың теңге. Жайғасқанға жайлы, жұмсақ орындықтары бар W3- W7