1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15939) 21 тамыз, бейсенбі 2014
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ҮКIМЕТТЕГI ӨЗГЕРIСТЕРГЕ ҚАРСЫ
Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа мәлiмдеме
Бiз, Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабына сәйкес, мемлекеттiк билiк­тiң бiрден-бiр бастауы – халық екенiн және оның 33-бабындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына өзi тiкелей жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға құқығы бар екенiн ескере отырып, В.С.Школь­ник­тi

Дәл қазiр Украинаның Донецк және Луганск облыстарында қиян-кескi шайқастар жүрiп жатыр. Украин әскерiмен соғысып жатқандардың iшiнде ре­сей­лiктер де аз емес: ресейлiк болғанда да, Ресейден украин жерi­не жасырын апарылған арнайы әскерлер, әр қаладан жет­кiзiл­ген десанттар тобы, казактар батальоны, ерiктiлер жасақтары

Ел басқарып жүрген көсемдер көктен түскен жоқ. Өмiрбаянына қарап отырсаңыз, кезiнде олар да кәдiмгi сiз бен бiз секiлдi қарапайым адамдар бол­ған. “Қияға қалықтап қыран да шығады, өрмелеп жылан да шығады” демекшi, бiреуiнiң таланты асып тұруы мүмкiн, ендi бiрiнiң тәлейi тастай. Оларға ортақ бiр ғана дүние бар: жалпақ жұрттың жанары тегiс соларда.

БIТIМГЕР КIМ: ҚАЗАҚСТАН, ФИНЛЯНДИЯ, ӘЛДЕ БЕЛАРУСЬ?
26 тамыз күнi Минскiде Ресей президентi Владимир Путин мен Украина президентi Петр Порошенконың кездесуi жоспарланған. Бұл жиын Украина – Еуроодақ – Еуразиялық одақ форматында өтедi. Яғни Путин мен Порошенкодан бөлек оған Еуроодақ өкiлдерi мен Беларусь президентi Александр Лукашенко және Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Шетелдiк ақпарат құралдарының жазуынша, Ресей мен Украина президенттерiнiң кездесуiн ұйымдастыруға мұрындық болған – Еуроодақ пен Еуразиялық одақ. BBC-дiң хабарлауынша, кездесу
“ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСIПТIҢ” БҰРЫНҒЫ БАСШЫЛАРЫНА СОТ ҮКIМI ШЫҚТЫ
Өскемен қаласының №2 соты “Қазатомөнеркәсiптiң” бұрынғы атқарушы директоры Валерий Шевелев пен “Қазатомөнеркәсiп-Демеу” кәсiпорыны директорының орынбасары Серiк Әбдiраза­қовқа қатысты үкiм шығарды. Бұлар “бюджеттiң 1,3 мил­лиард теңгесiн жымқырды” деп айыпталған. Қыл­мыс­тық кодекстiң тiлiне салсақ, “аса iрi көлемде қаржы жымқырған”.

Соңғы уақытта елiмiзде терроризм және Сириядағы қазақтардың жихадқа үндеу мәсе­лесi ұлттық қауiпсiздiкке нақты қауiп төндiретiндей дәрежеге жеттi. Бұған себеп, “моджахет­тердiң” қазақстандықтарды “қасиеттi соғысқа” шақыру бейнежазбалары әлеуметтiк желi­лерде бiрiнен кейiн бiрiнiң үздiксiз жарық көруi. 2011 жылдың соңынан бастап Аллах жолында жихад­қа шақыратын мұндай бейнежазбалардың төр­теуi шықты:

Егiн жинау науқаны таяп қалды. Диқандармен әңгiмелесе қалсаң, мол жауын-шашын былтыр­ғыдай кесiрiн тигiзбей ме деген қаупiн жасырмайды. Былтырғы жылы бидай шiрiп кеткен болатын. Бiрақ қазiрдiң өзiнде биыл егiн бiтiк шығып, мол астық жинайтынымыз анық болып тұр. Мол астық жиналса, екiншi мәселе қылтияды. Ол – бидайды өңдеп сақтау мәселесi.

Бәсекелес екi қоғамдық жүйе қатар өмiр сүрген кезде көптеген капиталистiк елдер кеңестiк бiлiм беру жүйесiн үздiк деп таныды. Шынында да, кезiнде Уинстон Черчилль айтқандай, соқаны мұра етiп қабылдаған кеңес өкiметi 30-40 жылдың iшiнде мемлекеттi атом қаруына ие, ғарышты игеретiн, баламасы жоқ дерлiк жоғары дәрежелi ғылыми жетiстiктерi, яғни технологиялар мен техникасы бар державаға айналдырды

Саудагер мұраты саудасының өтуi ғой. Базарға күнде неше түрлi адамдар келедi. Бiрi қызба, бiрi маскүнем, бiрi нашақор, ендi бiрi даукес. Солардың қыбын тауып, үдесiнен шығып, саудасын жасап жүрген базар қызметкерлерiнiң денi – әйелдер. Нарық заманы қос өкпеден қысқанда қара халық жанбағыс үшiн базар жағалады. Саудасын жүргiзiп, бала-шағасының тамағын, киiмiн айырды

“Әке” – осы бiр үш әрiптен құралған сөз,өз перзентiне – сүйенiш, жарына – қорған.  Ал кейбiр әкелер “әке” атына лайық емес, мысалы, менiң әкем, әке деймiн-ау! Мен перзентханада  шыр етiп дүние есiгiн ашқанда менiң де, анамның да қасынан табылмадың. Тiптi менiң дүниеге келгенiме қуанбадың да, қызыңның халi қалай екенiн де сұрамадың. Әкешiм-ау, мұның не сенiң?! Мен сенiң тұла бойың тұңғышың емеспiн бе?

Көптен берi жеке кәсiпкерлiкпен айналысуды армандап жүрген Қойбағар энциклопедиядан, ғаламтордан қояндардың өте өсiмтал келетiнiн, соның арқасында бiр жылдары Австралия даласына қояндар сыймай кеткенiн оқып-бiлдi. Ойлана келе Қойбағар қоян өсiру бизнесiмен айналысуға белдi бекем буды. Қызу iске кiрiсiп, алдымен қояндарға арнап темiр тормен қоршап екi үйшiк жасады.

Елде iшiмдiк iшу тыйылмай келедi. Дабыл қағатын мезгiл әбден жеттi. Үкiмет болса бұған жеңiл-желпi қарайды. Өйткенi бұл мәселенi шешуге олардың құлқы жоқ. Жақында президент “Этил спиртi және iшiмдiк өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымы бойынша Қазақстан Республикасындағы кейбiр заң шығару актiлерiне мемлекеттiк реттеу тұрғысынан өзгертулер мен қосымшалар енгiзу туралы” заңға қол қойды. Оны жасаушылардың айтуынша,

Тектi кетiп, тексiз қалды,
Беттi кетiп, бетсiз қалды.
Өңшең өкпе қағынып,
Бауыр байғұс өтсiз қалды.
Мысырдағы жағдай
Ештеңеден жүрген қысылмай
22–23 тамыз күндерi қазақтың көрнектi ақыны, ҚР мәдениет саласының үздiгi Есенқұл Жақыпбековтi еске алу жиыны болады. Бұл жиын ақынның туған елi – Алматы облысы, Жамбыл ауданының Бiрлiк ауылында өтедi. Сонымен қатар мұнда ақын Е.Жақыпбековтiң өмiрi мен шығармашылығын арқау ететiн айтыс ұйымдастырылады. Оған Қазақстанның халық ақындары мен Есенқұлдың үзеңгiлес, айтыскер әрiптестерi қатысады. Есенқұл Жақыпбековтың кесене-күмбезiнiң ашылу рәсiмi өтiп, ақынның рухына бағышталып ас берiледi.

Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) былтырғы маусымында жеңiске жеткен елiмiздiң “Астана арландары” клубы мен осы жобаның биылғы жеңiмпазы “Куба қабыландары” (Cuba Domadores) боксшылары арасындағы “чемпиондар айқасы” 9-10 қыркүйек күндерi Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде өтедi. Азулы екi клуб боксшыларының айқасын өткiзуге мұрындық болған – Қазақстан бокс федерациясы мен “Астана” президенттiк кәсiби спорт клубы.

ҚАРШАДАЙ ҚЫЗ ҚАРА ҮЗДI
Дубайда 14 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдер арасында шахматтан халықаралық турнир өттi. БАӘ, Әзiрбайжан, Үндiстан, Алжир, Египет, Шри-Ланка, Иран, АҚШ, Сирия елдерiнен келген жас шахматшылармен сайысқа түскен Бибiсара Асаубаеваның мерейi үстем түстi. Барлық қарсыластарынан жеңiлмеген Бибiсара өзiнен 3-4 жас үлкен шахматшыларды ығыстырды.
МҰРНЫНА ТIС ӨСКЕН
Сауд Арабиясының тiс дәрiгерлерi қызық жайтқа тап болды деп жазады Fedpost. Мұрнынан қан саулап тоқтамай ағатын кесел 22 жастағы арабқа үш жыл бұрын жабысса керек. Ақыры шыдатпаған соң отоларинголог мамандарға тексертсе... танауының қуысына ұзындығы 1 сантиметр тiс өсiптi. Аң-таң бол­ған дәрiгерлер дереу аузын ашып, пациенттiң тiсiн санаса, түп-түгел – 32 тiс. Сөйтсе, ақыл тiсi азуының жанынан емес, мұрнынан бiр-ақ өсiп шығыпты.