1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (15940) 26 тамыз, сейсенбі 2014

Жанармай бағасы ақыры қымбаттады. Аяқ астынан саудадан жоғалған АИ-92 бензинiн iздеп, жанармай құю бекеттерiне сабылған халықтың да бұл қымбатшылыққа көнбесiне амалы қалмады. Көнбегенде қайтсiн, жұртты қымбатшылыққа күнi бұрын дайындап, тапшылықты қолдан жасап жатсақ. Жылдағы әдетiнше әуелi сұранысқа ие АИ-92 бензинi жетiспедi, артынша мүлде таптырмады. Қат бензиндi iздеген көлiк иелерi әуелi АИ-80 мен АИ-95 жанармайларын араластырып құя бастады. Халықтың қолдан жасалған тапшылықтан әбден зәрезап болғанын күттi ме, әйтеуiр Ұлттық даму министрлiгi бiрнеше күннен кейiн бензиннiң бөлшек саудадағы жаңа бағасын белгiледi

ПРЕЗИДЕНТ РЕСЕЙГЕ КIРIПТАР ЕКЕНIМIЗДI ЕРIКСIЗ МОЙЫНДАДЫ
Өткен жексенбiде “Хабар” арнасынан президент Нұрсұл­тан Назарбаевтың сұхбатын көрсеттi. Оны “Ұлытау төрiндегi сұхбат” деп атапты. Бұл сұхбаттың басты ерекшелiгi – тек қазақ тiлiнде жасалғаны. Тағы бiр байқағанымыз, президент Нұрсұлтан Назарбаев осы жолы мемлекет басшысынан гөрi ақыл айтар ақсақалға көбiрек ұқсады. Өзi де, сөзi де. Тарихтан тартып, қазақ тiлi­нiң қазiргi жай-күйiмен сабақтап, Ресеймен арадағы барыс-келiс пен алыс-берiстi сөз еткен бұл сұхбат бұрынғыларына қарағанда,
Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың жексенбi күнi “Хабар” телеарнасынан берiлген сұхбатын тыңдап, ендi осыған өз пiкiрiмдi бiлдiрейiн деп отырмын. Сөзбе-сөз дәл берiп отырмын деп айта алмаймын, Н.Назарбаев егер бiз Қазақстанда өзге тiлдерге заң жүзiнде тыйым салып, тек қазақ тiлiнде сөйлейтiн болсақ, онда бiз Украи­наның кебiн киген болар едiк дегенге саятын пiкiр айтты. Бiрiншiден, Украинаның өрт­ке орануына украин тiлiнiң еш­қандай қатысы жоқ. Бұл жер­де кiнәлi – Ресей, Ресейдiң империялық-басқыншылық саясаты.
Көрген адамды шалқасынан түсi­ретiн сұрқия суреттi газеттiң бетiне қинала-қинала бастық. Ол – алматылық жарнама агент­тiк­­те­­рiнiң бiрiнiң жасаған постерi. Бейнеде қазақтың Құр­ман­ғазысы орыстың Пушкинiмен “сүйiсiп” тұр. Бұйрабас ақын қарт күйшiнiң құшағында “тұншығып” қалғандай кейiпте. Құрманғазының да көзi “жұмылып” кеткен. Ал ендi мына сурет қайдан шыққан сурет? Ол кiмге керек бол­ды? Аталған постер Ha­vas Worldwide Kazakhstan
ҰБТ, грант деп шапқылаған қазақстандық ата-аналар ендi мектепте оқитын баласының керек-жарағын дайындауға кiрiстi. Былтыр бiр ғана мектеп оқушысын жаңа оқу жылына дайындау шығыны шамамен 100 мың теңге болатын. Ал биыл оқушының құрал-жабдығына қанша сома кетедi екен? Осы жағдайдың барысын бiлмекке Алматының бiрнеше дүкенi мен сауда орындарын аралап шықтық. 
Жетi жылға жуықтағанда жолы түскен Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы сапарын жезқазғандық жамиғат осылай бағалап жатқан жайы бар. Тiптi таңсәрiден түс ауғанша арнайы тiгiлген алты жүз адамдық алып шатырға кiре алмай, тек төңiректеп көлеңке қуған, көлеңкеге қолы жетпегендерi күнге қақталған әкiм-қаралардың арасынан шекесi “шытынаған” бiр шенеунiктiң:

Жақында баспасөзде Алматы қалалық әкiмдiгiнiң Тiлдердi дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахеттiң “Қала тұрғындарының 62 пайызы қазақ тiлiн меңгерген” деген мақаласын оқып қатты қуандым. Мына хабарды оқып, бiр жақсылық нышан бар екен ғой деп ойладым. Өйткенi мен бiлетiн Алматыда қазақтан келiмсек көп және жыл сайын олардың сырттан келiп жатқандарының саны өсiп барады. Ендi

Өткен аптада бiрқатар ақпарат құралдары Ақмола облысының әкiмi С.Кулагиннiң өз қарамағындағыларына “тамыр-таныс iздеп жүресiңдер” деген бiр ауыз сөзiне тамсана таңғалып, бүкiл республика жұртшылығына жария еттi. Облыс әкiмi бұл сөздi аудан әкiмдерiне қаратып айтыпты-мыс. Кулагин мырзаның бұл сөзi дұрыс-ақ. Шынында да, қазiр қайда барсаң – тамыр-таныстық, iлiк-шатыс туыстық, жерлестiк, руластық, жемтiктестiк.

Өткенге көз жiберсек, адамзат өмiрiне қасiрет әкелген есiрткiнiң түп-төркiнi тым арыда жатқан сияқты. Бiр елдердiң ғана аумағынан шығып, күллi әлемге топан судай қаптап келе жатқан iндетке тосқауыл қою бүгiнде қиынның қиынына айналды. Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан Ауғанстан мен Тәжiестанда өндiрiлiп, дайындалған есiрткi заттарын Ресей мен Еуропа елдерiне шығаратын төте жолға айналды.

Астанада құлағы жырылған қызтеке полицияға шағым түсiрдi. Мұндайды кiм көрген, тәртiп сақшылары қызыл белдемше киген “бойжеткендi” қызықтап, видеоға түсiрiп, әжептәуiр сөйлетiптi. Өзiн “Нұрлыбекпiн” деп таныстыр­ған әумесер жезөкшелiкпен айналысады екен. Кезектi “клиентке қызмет көрсету” үстiнде мас жiгiттер жолығып, құлағындағы сырғасын жұлып алыпты.

“Жас Алаштың” №54, 10 шiлдедегi “Айтпайын десем...” айдарымен берiлген Кемелбек Шаматайдың “Ән авторының есiмi – Зеберше” деген мақаласына орай. Ұлы ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов осы “Шаянға барсаң, әншiмiн деме...” дегендi бекер айтпаған. 1959 жылдың күзiнен бастап 1960 жылдың ортасына дейiн оңтүстiк өңiрiнiң Түркiстан, Кентау, Шәуiлдiр жерлерiн аралап, шығармашылық iссапармен болғаны белгiлi. Бәйдiбек байдың Домалақ ене-Нүрила, нұр сипатты сұлуы Сылаңды-Зерiп секiлдi ақылды әйелдерiнiң бейiттерiне барып, Қостұра тауындағы жайлауда қымызбен сусындап, табиғатын қызықтап, көнекөз кiсiлерден көптеген мәлiметтер алған
Жаратқан иемiз ұзақ ғұмыр бергенде 2 тамыз күнi “Қазақтың Ақбаяны” Мәдина Есмалайқызы 60 жасқа толатын едi. Сұм ажал асқан талант иесiн арамыздан алып кеткенiне де бiр мүшелден асып кетiптi. Өмiр тарихына өшпестей таңба қалдырған бiртуар тұлғаның аруағы разы болсын деп бiз не iстедiк? Ұлттық кiтапхана ұжымы “Қазақтың Ақбаяны” деген атпен әншiнiң өмiр мен шығармашылығын байла­ныс­тыра кiтап көрмесiн өткiздi. Мәдина Қызылорда педагогикалық училищесiнiң музыка бөлiмiн бiтiрген соң Алматыдағы қазiргi Қыздар педагогикалық университетiнiң музыка факуьтетiнде
“Жас Алаш” газетiнiң 10 шiлдедегi санында жарияланған Кемелбек Шаматайдың “Ән авторының есiмi – Зеберше” деген мақаласында аталатын “Қа­ракөз” әнi 1959-60-жылдары жазылған. Бiздер бұл әндi тойларда, отырыстарда, жастар бас қосқан жерлерде шырқайтынбыз. “Қаракөз” әнiнiң музыкасын жазған Зеберше Оспановмен менiң немере ағам Байзақ Бабажанов бiр сыныпта оқып, 1957 жылы Шаян орта мектебiн бiтiр­ген.
“АСТАНА ОПЕРА” ӘЛЕМГЕ ҚОНАҚ
Төлеген Мұхамеджанов басқаратын “Астана Опера” театры қара күзде әлем елдерiн аралап, гастрольдiк сапар­ға шығады. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласынан басталатын сапарда театр ұжымы Канаданың Торонта, Францияның Париж, Бельгияның Антверпен, Нидерландының Роттердам қалаларына аялдап, тұрғындарға өнер көрсетедi.
Шаштылар шежiресiне Ахат көкем туралы шағын таныстыру мақала жазып, электрондық пошта арқылы Қызылордаға салып жiбердiм. Ахат көкем деп отырғаным – әкемнiң туған iнiсi, Ахатбек (Ахметбек) Байкенжеұлы. Бұрындары жарияланған кейбiр шығармаларымда (“Таңбалы тастағы” ағайынды Есiркеген, Мүсiркегендер) Ахат көкемнiң прототипi кездеседi... Бұл бiр өмiрде сиректеу ұшырасатын ерен кiсi едi.Мектеп есiгiн ашпай-ақ, өз бетiнше сауатын ашқан, әсiресе, есеп-қисапқа өте жүйрiк болатын (өмiр бойы дерлiк колхоздың қойма меңгерушiсiнен түспей қойғаны содан шығар).
«АЗИЯ КУБОГЫН» КӨРГЕНДЕ ТҮЙГЕН ОЙ
Алматыда волейболдан ерлер арасында “Азия кубогы” мен ҚР президентiнiң кубогы үшiн халықаралық турнир өттi. Азия құрлығының 8 құрамасы қатысқан доданың қола жүлдесi Андрей Патраков баптайтын Қазақстан құрамасының қанжығасына байланды. Жiгiттер қола жүлде үшiн азулы Иран волейболшыларына қарсы тұрып, төрт сетке созылған сайыста 3:1 есебiмен жеңiске жеттi. 
АЛТЫН МЕДАЛЬ ҚОЛ СОЗЫМ ЖЕРДЕ
 Қытайдың Нанкин қаласында өтiп жатқан жасөспiрiмдер олим­пиа­дасында екi боксшымыз финалға жеттi. Жастар арасында әлем чемпионы атанған Абылайхан Жүсiпов 60 келiде сайысқа түсiп, венгр Ричард Коннидi iрi есеппен тiзерлеттi. Ендi Абылайхан ертең Нанкин олимпиадасының алтын медалi үшiн кубалық Алан Лимонтоға қарсы тұрады. 81 келiде Вадим Казаков армян Нарек Манасянды жарыстан ығыстырды.