1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15942) 3 қыркүйек, сәрсенбі 2014
Мiне, осының бәрiн түйдектете келiп, “Қазақстан бiздiң әрiптес мемлекет, Қазақстанда ешқашан Украинадағыдай жағдай орын алмайды” деп түйе салса, әңгiме бас­қа. Путин өйткен жоқ. Назарбаевтың көрегендiгiне мысал ретiнде: “Ол ерекше нәрсе жасады. Ол ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды. Қазақтарда еш­қа­шан мемлекеттiлiк болмаған” дедi. Сонда мемлекеттiң болғаны мен болмағаны қандай белгiлер арқылы айқындалады? Орыс пен беларусьта, латыш пен эстонда, өзбек пен тә­жiкте, түрiкмен
БЕНЗИН МӘСЕЛЕСIН ОЛ ОСЫЛАЙ ШЕШПЕК
Қазақстан жылына шамамен 74-76 млн.тонна мұнай өндiредi. Осы саланың мамандарына сенсек, елiмiз алдағы уақыттарда бұл көрсеткiштi 8-9 есеге арттырмақ. Алайда мұнайлы мемлекет Қазақстанда бензин жоқ. Жоғары сұранысқа ие АИ-92 бензинiн табу мұңға айналды. Осы мәселеге қатысты:

Халықаралық қауымдастық Украина жерiне қарулы күштерiн жiберiп, ахуалды ушықтырған Ресейдi айыптаудан әрiге бармады. АҚШ пре­зидентi Барак Обама әскери қақтығысқа Ресейдiң тiкелей қатысты екенiн мәлiмдеп, жауапкершiлiктi Путинге жүктегенi­мен, Ақ үй бұл қақтығысқа араласпайтынын ашық айтты. Ал Украина президентi бұрнағы күнi Ресейдiң әрекетiн “ашық, тiкелей агрессия” деп бағалады.

Маңғыстау облысының әкiмi Алик Айдарбаевтың назарына
Жерде шөп, қолда жем болмағасын Маңғыстаудың жылқылары қазiрдiң өзiнде аштан жығылып жатыр. “Жұт жетi ағайынды” деген рас екен. Маңғыстауда соңғы үш жылдан берi жерге ылғал түспей қуаңшылық қыса бастады. Ал биыл көктем мен жазда мүлдем жауын жауған жоқ.
 Мiне, қан тiлеген және де Украин сияқты азаткер халықтың қанын судай шашып жатқан басқыншы Ресейдiң басқыншы көсемiнiң: “қазақтарда мемлекет болмаған!” деген Қазақ сияқ­ты Ұлтымызды кемсiтетiн әйгiлi сөзiнiң ғаламторды және әлеуметтiк желiлердi шарлап кеткенiне де табаны күректей екi күн, екi түн болыпты!.. 
“Жас Алаштың” өткен жолғы санының беташары болып тұрған жалпақ фотосурет менi бiраз ойлантты. Мәселен, Ресей прези­дентi В.Путиннiң сықпыты ненi аңғартады? Мүләйiмсiп тұр ма? “Мен не iстейтiнiмдi өзiм бiлем!” деп әдетiнше сүзе қарап тұр ма? Әлде: “Болар iс болды, қайте­мiз?” деп қуланған кейпi ме?.. Әй, бұл Путин дегеннiң сыры мен қырын санауға екi қолдың саусағы жете қоймас.

Кейде ән тағдыры да адам тағдырына ұқсап жатады. Бiр ән жұрт жүрегiне жылдам жол та­уып кетсе, ендi бiр әннiң жұлдызы жанбай, ұзақ жылдардан кейiн ғана өз биiгiне көтерiледi. Базбiр әндер мүлде назардан тыс қалады. Мәселен, Шәмшi Қалдаяқов екеуiмiз бiрлесiп жазған “Өмiр-өзен” әнi 32 жылдан соң, “Арқалықтың ақ таңы” әнi 42 жылдан кейiн ғана ел жүрегiнен орын алды.

Алматының бұрынғы әкiмi Виктор Храпунов Азаттыққа сұхбат бердi. Ол сұхбатында Швейцариядағы өмiрiн, ұлының бизнесiн, есепшоттарын сөз еттi. “Саяси эмигрантқа” сенсек, ол – “судан таза, сүттен ақ”, ұлы – бизнестегi гений, оның бизнесiне ешқашан көмектеспеген, әйелi Лейла Қалибекқызы да ешқашан бiреудiң ала жiбiн аттамаған.

Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары Марс Сатыбалдиев 90 адам қатынасқан жиында қазақша баяндама жасамай ма. Бiрақ орыстiлдi орынбасардың қазақшасын ешкiм түсiне алмайды. Сол кезде Батыс Қазақстан облысының әкiмi Нұрлан Ноғаев шыдамай кетiп:

Қызылорда облысы экологиялық аймақ қой, Аралымыз бар, Байқоңырымыз бар. Бiрiнен сор, бiрiнен гептил ұшады. Сондықтан болса керек, бәзбiреулер “Қызылорда жабық облысқа айналуы мүмкiн” деп бөсiп жүр. Бөсе бергеннен өркенi өсер болса, бөсе берсiн-ау, елдi сары уайым­ға салып қоятыны жаман. Онсыз да екi күннiң бiрiнде жұрт “Бүгiн ракета ұшты-ау” деп шаңға көмiлiп, тас шайнап, құм түкiрiп жүр...

Ерiк берсе, жыр жазар ем көз iлмей,
Алғаш рет ақын болған кезiмдей.
Ей, тәкаппар!  Ей, аяулы қарт-ғасыр,
Болмысымнан жүрмiн әлi безiнбей.
Марқұм Қалихан Ысқақовтың қаза болуының қырықкүндiгiне орай
Мен бiрде Қалихан Ысқақов ағаға: “Аға, тау асқақ, биiк, жарық сияқты ғой. Бiрақ неге екенiн бiлмеймiн, мен тауға көп қарап отырсам жылағым келедi, әсiресе кешке қарай...” дедiм. Қалихан аға: “Дұрыс бай­қағансың, тау таң атқанда, кеуде­сiнде күн тұрғанда ас­қақ, ал күн ауа оның зары молайып, күрсiнедi” дедi.
– Құрметтi көрермен, бүгiн облыстық мәслихаттың депутаты, облыс жұрты танымайтын, көп сөйле­мейтiн, сөйлегiсi де келмейтiн, мәс­лихатта неғып жүргенiн өзi де бiлмейтiн Мақаубек Көлеңкебай­ұлымен сұхбаттасып отыр­мыз. Мақаубек мырза, сiз өзi қалай депутат болып жүрсiз?
– Соны өзiм де бiлмеймiн. Жылда Жаңа жылда достарыммен моншаға баратынбыз. Әуелi сарысын iштiк,

Бәрi де қартаяды. Бiрақ “Лениншiл жас” қартаймайды” деп сол кезде осы жолдардың авторы жалынды жастықтың биiгiнен ұранды сөздi айтып та, жазып та жiберген. Иә, сол жалынды сөздердi айтқанда “Тәу­елсiздiк аламыз-ау, газет аты “Жас Алаш” деп өзгерiп, ұлт атынан ұрандайтынын бiз сол кезде бiлген жоқпыз. Жас едiк онда. Дүркiретiп футбол, теннис ойнайтынбыз. Жас ке­зiмiзде, әрине, табиғат аясына шығатынымыз да бар. Ондай кезде бүкiл ұжым бiр ай бұрын дайындалатынбыз.

Сандық технологиялар қол­жетiмдi болғандықтан, бүгiнде кез келген адам өзiн фотограф сезiне алады. Ендi олар кез келген жағдайда, кез келген сәттi түсiрiп жүре алады. Осының әсерiнен қазiр фотосалондардың бизнесi құлдырап жатыр. Адамдар бұрынғыдай фотосалондардан сурет шығарып, суретке түспейдi (3х4суретiн санамағанда). Әйтсе де кәсiпқой фотостудиялардың қоғамға қажеттiлiгi бар.

Үстiмiздегi жылғы 1 тамыз және 31 қазан аралығында Жапонияның Токио қаласында “Жапонияның фотосурет салоны” атты 75 халықаралық суретшiлер өнерiнiң сайысы өтетiнiн хабарлаймыз. Аталған сайыс, жалпы Жапония фото­суретшiлерiнiң ассоциация­лық ұйымы мен “Асахи Шимбун” газетiнiң ұйымдастыруымен өтедi.
Ресейдiң Челябинск қаласында дзюдо күресiнен ересектер арасында әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Әдеттегiдей бiздiң қыз-жiгiттер жердiң үстiмен барып, астымен қайтты. Жүлде алу былай тұрсын, үздiк бестiкке бiрен-саран балуанымыз ғана iлiктi. 2009 жылы 23 жасында әлем чемпионы атанған Максим Раков алғашқы белдесуiнде-ақ ома­қас­ты.
КЕЙIНГI ТОЛҚЫН ЖАРАДЫ
Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспiрiмдердiң II жазғы Олимпиадасынан елi­мiздiң спортшылары олжасыз оралған жоқ. 3 алтын, 1 күмiс, 4 қола медаль бұйырған сайыста сайыпқырандарымыз барын сала айқасты. Былтыр жасөспiрiмдер ара­сында дзюдо күресiнен әлем чемпионы атанған Бауыржан Жауынтаев Олимпиада ойындарында да қарсы кел­геннiң бәрiн жықты.