1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15943) 6 қыркүйек, сенбі 2014
1999 жылы 31 желтоқсанда түскi сағат он екiде Борис Ельцин Ресей Федерациясы пре­зидентi қызметiнен кететiнi туралы мәлiмдеме жасады. Бұл мәлiмдеме түнгi он екiге санаулы минут қалғанда Ресейдiң негiзгi телеарналарынан көр­сетiлдi. Ельцин сонда мырыңдап былай дедi: “Құрметтi ресейлiк­тер! Бiздiң тарихымыздағы магия­лық датаға тiптi аз уақыт қалды. Екi мыңыншы жыл келдi! Жаңа ғасыр. Жаңа мыңжылдық! Бiз бұл датаны бәрiмiз белгiлеп жүрдiк. Мiне, сол күн келдi. Құрметтi достар! Бүгiн мен сiздерге соңғы рет жаңа жылдық сәлем жолдаймын. Бүгiн мен сiздердiң алдыларыңызға соңғы рет президент ретiнде шығып отырмын. Мен шешiм қа­былдадым. Ұзақ әрi қинала ойландым
В.ПУТИННIҢ “ҚАЗАҚТАРДА ЕШҚАШАН МЕМЛЕКЕТТIЛIК БОЛМАҒАН” ДЕ­ГЕНI НЕСI?
Солтүстiктегi көршi ел басшысы В.Путин бүкiлресейлiк жастар форумында Қазақстан мен Н.Назарбаевқа қатысты қазақ жұртын дүрлiк­тiр­ген сөзiн айтты. Мұны кiм, қалай қабылдады? Бiз төмендегi бес сұраққа жауап берудi өтiнiп, танымал азаматтармен хабарластық.
Қанша уақыт зар иледiм, қамалдым.
Дедiм: ендi азат болдым, жаңардым.
Бiрақ тағы сөздер айтты бiреулер
Намысына тиетұғын Даламның.

Шымкентте прокуратура мен қаржы полициясы 10 мың теңге парамен ұсталған азаматшаларды, асырауында бiрнеше баласының барына қарамастан, соттатып жатыр. Ал бюджеттiң мил­лиардттаған теңгесiн жұмырына жұқ қылмағандар жалғанды жалпағынан басып, миығынан күлiп жүр. Бұл қалай? Жуырда Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Асқар Мырзахметовтiң мәслихаттың алдында берген есебi кезiнде бiрқатар депутаттар осындай мәселенi көтердi. Нақты мысал да келтiрдi.

Теңге құнсызданған биылғы ақпанның 12-сiнде қарапайым халықты үрей билеген едi. Оған себеп те жоқ емес.

27 тамыз күнi Оралдан Маңғыстау облысына бет алған КамАЗдан цезий-137 радиоактивтi элементi бар контейнер жоғалған. Радиоактивтi элементтiң көлiкте жоқ екенi Шетпе стансасында жете бергенде анықталыпты. Соған қарағанда, контейнер Сай Өтес пен Шетпе аралығындағы жолда жоғалды деген болжам бар.

Бензиндi үнемдеудiң “ғажап үлгiсiн” ойлап тапқан Энергетика министрi Владимир Школьниктiң басы дауға қалатын түрi бар. Астанада бiр топ белсендiлер Школьниктiң отставкаға кетуiн талап еттi. Қоғамдық ұйым өкiлдерi жаңадан тағайындалған министр  Ресейдiң мүддесiне жұмыс iстейдi деп ашық мәлiмдедi. «Антигептил» ұйымының өкiл­дерi бастаған бiр топ белсендiлер Ақорданың алдына жиналды. Ел президентiне әзiрлеген хаттарында қоғамдық ұйым өкiлдерi бiрқатар талаптарын жазған. Белсендiлердiң негiзгi және бас­ты талабы – жаңадан құрылған Энергетика министрi Владимир Школьниктi отставкаға кетiру
Оларды неге «тыл ардагерi» санатына қоспасқа?

Соңғы уақыттарда халықты толғандырып жүрген үлкен мәселелердiң бiрi –1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстың қарсаңында немесе соғыс кезiнде туылған азаматтардың тағдыры. Бұл кезеңде туыл­ғандар бүгiндерi 69-76 жастың аралығында, егде тартты, қартайды.

Өмiр сүрудiң өзi қымбаттап тұрған заманда ертелi-кеш жұртты барар жерiне жеткiзiп, такси қызметiн атқарып жүр­генiмiзге де бiрнеше жыл аунапты. Күнделiктi нан мен шайды сатып алуға жұмсалатын қаражаттан қалғаны көлiкке жанармай құюға, бұзылса, құрал-сайманын алуға әзер жетедi. Қысқасы

“Жас Алаштың” “Оқырман хаттары” топтамасымен бе­рiлген “Шындықты сыртқа шығарайын деп...” аталатын мақаланы оқып шықтым. Авторы – ақын, аудармашы, шығыстанушы Өтеген Күмiсбаев (28 тамыз, 2014 жыл). Ө.Күмiсбаевқа сенсек, ол осыдан пәленбай жыл бұрын Қожан деген жолдасының Ақан деген iнiсi үйленетiн боп, сол тойда тамада болады. Содан табан астынан қағаз табылмай, алғашқы құттықтау сөзiн өлеңмен майлық қағазға

Менiң замандасым Ғадiлше Өтебәлi “Жас Алаш” газетiнiң бетiнде әйгiлi батыр Исатай Таймановтың қайда жерленгенi туралы өз пiкiрiн айтыпты (“Исатайдың сүйегiн таппай жатып, оған қалай мазар тұрғызамыз?”, 22 шiлде, 2014 жыл). Ғадiлшенiң айтар ойы, түптеп келгенде, “Исатай  батыр Шейiтсайда жерленбеген, оның моласын Шолақмолда қорымынан iздеу керек...” дегенге саяды. Исатай батырдың зиратын уақытында бiздер де iздеп, бiраз жұмыс жасаған едiк. Ендi сол жөнiнде кеңiрек әңгiмелесем деймiн.

«ЖЕР МЕН АСПАН АСТЫНДАҒЫ ДАСТАН»
Журналист Қайнар Олжайдың “ҚАЗақпарат” баспасынан жарық көрген кезектi кiтабы экологиялық очерктерден тұрады және осы очерктер тұтаса келе бiр желiнi құрайды. Кiтап табиғатқа, ондағы аң-құстар мен жануарларға, өсiмдiктер мен тау-тасқа аяушылықпен қарауға үндей­дi. Автор әлем­дiк құбылыстарды бағалауда арғы-бергi қазақ жыраулары мен ақындарына, жазушылары мен ойшылдарына жүгiнедi. Сол арқылы ғалымдық шытырмандардың бiздiң даламызға ортақ екенiн аңғартады

Тайпейде 19 жасқа дейiнгi жастар арасында волейболдан Азия чемпионаты өтiп, елiмiздiң жастар құрамасы нәтижелi ойын өрнегiн көрсете алмай      17-орынды мiсе тұтты. Жастарымыз жүлде алмағанымен, Ақтөбеде туып, бұл күнде Алматының волейбол клубында ойнайтын Сабина Алтынбекова “турнирдiң ең сұлу ойыншысы” деген арнайы марапатты қанжығасына бөктерiп қайтты.

ТАҒЫ ТАП КЕЛДI
Инчхондағы (Оңтүстiк Корея) жазғы Азия ойындарында бiздiң волейболшыларымыздың қарсыласы анықталды. рлер құрамасы “А” тобында Катар, Оңтүстiк Корея, және Тайпей жiгiттерiне қарсы тұрады. Тамыз айының соңында Алматыда өткен Азия кубогында жiгiттер Оңтүстiк Корея құрамасының алдында дәрменсiз күйге түскен едi. Бұл жолы қалай болар екен.
КIР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ IШIНДЕГI ҚЫЗ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Техас штатының (АҚШ) медицина қызметкерлерi iске қосылған кiр жуғыш машинаның iшiндегi бес жастағы қыз­ды құтқарды. Бұл туралы «РИА Новости» агенттiгi “Ассошиэйтед Пресске” сiлтеме жасай отырып   хабарлайды.  Бұл оқиға Хьюстон қаласындағы кiр жуатын үйде орын алған. Полиция қызметкер­лерiнiң айтуынша, қыз кiр жуатын машинаның iшiнде бiр­неше минуттай қатты “айнал­ған”. Абайсызда бiр адам қыз­ды көрiп қалмағанда, мұның арты не болатыны белгiсiз едi...