1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15944) 9 қыркүйек, сейсенбі 2014

Қазақстанның қай аймағында өмiр сүру қолайлы деген сұрақ кiмдi де болса ойландырары сөзсiз. Сондай-ақ, бұл сұраққа сауалнама жүргiзген әлеуметтанушылар аз емес. Соңғы уақытта Астананың аты жиi айтылып, қазақстандықтар үшiн үлкен жарнамаға айналғаны шындық. Алайда жер-көкке сый­ғызбай мақтаған елiмiздiң астанасындағы қарапайым халықтың шынайы тiршiлiгi қалай?

Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететiн Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына да жиырма жылға жуықтап қапты. “Бiзде 130-дан астам ұлт бар, бәрi тату-тәттi тұрып жатыр” деп кеуде қағатын Ақордаға бұл, әрине, айтулы дата. Осыған орай жуырда президент 2015 жылды Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Ресей президентi Владимир Пу­тиннiң бұрынғы әйелi Людмила Путина британдық The Guardian басылымына сұхбат берiп, былай дедi: “Соңғы жылдары бiздiң отбасымыздағы жағдай тым ұшынып кеттi. Ол (Владимир Путин – ред.) отбасымызды тек менi қор­қытып-үркiту арқылы ұстап тұруға ты­рыс­ты. Менiң ойымша, саясаттың сал­мағы мен айналасына деген жаппай сенiмсiздiк

Бұған дейiн шетелдегi қандас бауырларымызға төрт жылға дейiн азаматтық бермеймiз деген үкiметтiң Украинадағы жағдайдан кейiн иiнi жұмсарайын дедi. “Солтүстiк облыстардағы қазақтардың санын қарайтып алмасақ болмайды. Арғы жақта – қалың орман орыс. Жириновскийлер бекер былшылдап жүрген жоқ” дегендердiң айтып жүрген сөзi бос байбалам еместiгiн түсiнгендей сыңай танытса керек.

Кремль өзiнiң Донецкi мен Луганскiдегi сепаратистерге жәрдемдесiп жатқанын, жәрдемдескенде де жанталаса жәрдемдесiп жатқанын әлем жұртшылығынан жасырып-ақ бағуда. Бiрақ өтiрiк өрге басушы ма едi, Кремльдiң Донецкi мен Луганскiге қалай әскер жiберiп жатқанын және оны қандай қитұрқы жолдармен жiберiп жатқанын “Новая газета” ақыры жазды да (№35,2014 жыл).

Қарағанды облысында болып, Қарағандының 80 жылдығын тойлауға қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев аймақтағы сегiз шағын қаланың шырайын шығару үшiн бағдарлама бойынша 2012 жылы бөлiнген 2,2 миллиард теңге – түгел, ал былтыр 4,8 миллиард теңге немесе бөлiнген барлық қаржының 92 пайызы тек көшелердi жарықтандыруға жұмсалғанын бiлгенде

Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 4,945 триллион теңгеге жеттi. Оның 4,033 триллионы iшкi қарыз болса, 911,9 триллион теңгесi сыртқы қарызға тиесiлi. Ұлттық банктiң қарызы – 10,9 миллиард теңгеге жеттi, ал жергiлiктi атқарушы органдардың қарызы – 15,5 миллиард теңге.  Жылдың басындағы Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 4,4 триллион теңге болатын. Осылайша жыл басынан берi қарыз 571 миллиард теңгеге өстi.
Елiмiзде “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс iстейдi. Бұл институт Қазақстан президентiнiң тапсырмасына орай 2013 жылдың наурыз айында ашылған болатын. Мiне, осы орталық жуырда әлеуметтiк сауалнама жүр­гiзiп, жастардың кiмге сенетiнiн “анықтапты”.  “Қазiргi таңда жастар саясатын жүзеге асыруда екi бағытта жұмыс атқарылып жатыр.

Билiктiң ықпалындағы га­зеттердiң бiрi сүйiншi сұрағандай былай деп жазды: “Қазақ елiнiң бас қаласы – Астанаға аспанасты елiнен елордамыздың қазiргi тұрғындары санынан кем дегенде алты есе асып түсетiн көлемде, Қытай елiнен 5 мил­лион турист келу жоспарланып отыр”. Бұл деректi оқығанда төбе шашым тiк тұрып, бүкiл ден бойымды “қара құрт” жүгiрiп өткендей селк еткiздi.

Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бас­қару жүйесiнiң реформасына сәйкес бiрнеше министрлiк пен агенттiктiң негiзiнде жаңадан құрылған Инвестициялар және даму министрлiгiнiң алқа мәжiлiсi өттi. Онда министрлiктiң өткен жетi айдағы iсi қортындыланып, болашақ жоспарлары ортаға салынды. 300

Әр жыл сайын Конституция күнi қарсаңында бүгiнгi билiктiң қарсыластары президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның төңiрегiндегi топ туралы түрлi “компроматтарды” жария етiп тұрады. Олар биыл да тәспiсiнен жаңыл­ған жоқ. Николай Сигман деген бiреу “Жұрт Назарбаевты неге жек көредi?” деп аталатын бейнетаспаны ғаламтордағы Youtube желiсiне салыпты.

Таулы Қарабақта Әзiрбайжан әскерi мен Армения шекарашыларының арасында тағы да атыс болды. Осы жөнiнде “АзерТАдж” агенттiгi Әзiрбайжан президентi әкiмшiлiгi қоғамдық-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi Али Гасановтан сұхбат алған едi, ендi бiз сол сұхбатты өз оқырмандарымызға ықшамдап ұсынып отырмыз. – Тамыздың ортасында Әзiрбайжан әскерi шекара бойында Арменияның барлау
ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЖОЛ АПАТЫНАН ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ АЖАЛ ҚҰШҚАН
Жол апаттарының негiзгi себебi неде? Ол – ең алдымен жолдың нашарлығы. Екiншiден, жүргiзушiлердiң жауапсыздығы. Статистикаға сенсек, соңғы екi жылда Қазақстандағы күре жолдарда болған апаттың салдарынан алты мыңнан астам адам опат болыпты. Бұлардың арасында жас балалар да бар.
“Жаман айтпай жақсы жоқ”, егер көлiгiңiзбен абайсызда бiреудiң көлiгiн соғып алсаңыз, шығынды сақтандыру компаниясы өтеуi үшiн не iстеу керек? Көлiк соғылған жерге ең алдымен полицияны және сақтандыру компаниясының комиссарын шақыртыңыз. Қажеттi құ­жаттардың көшiрмесiн және түпнұсқасын компанияға өткiзе­сiз (жеке куәлiк, техпаспорт, техниканың тексеруден өткенi туралы құжат, сенiмхат, жол полициясының қаулысы, сақтандыру полисi, медициналық анықтама).
Алматы қаласы прокуратурасының назарына
Биылғы жылы 10 қаң­тарда Алматы қаласының тұрғыны Серiк Көкенов менiң ұлдарым Айбек пен Әдiлеттi алдап-су­лап, “бизнес жасаймыз, кепiл­дiкке көлiгiңдi қойып 10 миллион теңге алайық, 10 пайызын алып тұрасың” деп азғырып, ұлым Айбектiң иелiгiн­дегi “Лексус” GS 300 көлiгi мен Әдi­леттiң атына жазылған КамАЗ-65115 жүк көлiгiн
ДАРИҒА ТАУДЫ ӨРТЕП ЖIБЕРДI
Алматыда кезектi рет “Алматы – iңкәрiм менiң” ретро-фестивалi өттi. Бұл фес­тивальдiң басты ұйымдастырушысы – депутат Дариға Назарбаева. “Дариғаның фестивалi” деген соң жан қала ма, ығай мен сығайдың бәрi сонда жүрдi. Тiптi Дариғаның қызы Венера да сахнаға шыққан соң, Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовке де бiрдеңе ойлап табуға тура келдi. Ол рояльда ойнаған болды.
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметi Қытайдың үш азаматы “мем­лекеттiк шекараны заңсыз кесiп өткенi үшiн” сотталғанын хабарлады. “Қытай халық республикасының бiр топ азаматы алын ала сөз байласып, “Нарынқол” шекара заставасының аумағынан Қазақстанға қарай мемлекеттiк шекараны бұзып өткен.
Менiң осы мақаланы жазуыма бiрден-бiр себепкер болған кiсi – депутат Камал Бұрханов! “Алдар Көсе деген кiм өзi? Ол – алаяқ, алдамшы бiреу. Оның үйретерi – заң бойынша жазалануға лайық қылмыс, алаяқтық” – деп, ауыз әдебиетiнен Алдар Көсенi алып тастау туралы тепсiнiп мәселе көтеретiн кәдiмгi Камал Низамұлы. Осыдан шамамен үш апта бұрын Астанадағы Орынбор көшесiнiң бойында, “Тайқазан

Биылғы жылы ұлттық әде­биетiмiздiң аймаңдайы Айма­уытовтың туғанына 125 жыл толады деген ақпараттан қалың ел құлағдар. Бiздер осы жылдың наурыз айында ҚР Парламент сенатының депутаты Жабал Ерғалиев арқылы үкiметке хат жолдап, мерейтойы қарсаңында жазушының сүйегiн Мәскеуден елге жеткiзсек деген тiлек айтқанымызды,

Жал-жал да құмдар, жал құмдар,
Жан бабамды-ай алдыңдар.
Жанын бiр көзге көрсетiп,
Жаныштап көрге салдыңдар.
Қара да нардың белiнде,
Қаралы жұрттың елiнде.
Өлiмге болмас салтанат,
Момынға жау көп тегiнде.

Ол – жастар арасында өткен әлем бiрiншiлiгiнде екi мәрте чемпион атанды. Жиырмаға жаңа толған түбiтиек балуан үшiн бұл аз табыс емес. Жастар арасында жай отындай жарқ еткен балуан ересектермен белдесуге де ертерек араласты. Әсет Иманбаев жас­тардан ересектер сапына қосылғанда да белдi бал­уандардың белiн үздi. Оған 2002 жылы Оңтүстiк Кореяның

ҚЫРҒЫЗДЫҢ ҚАҚПАСЫН ҚАҚЫРАТТЫ
Қыркүйектiң 5-i күнi футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы өз алаңымызда айыр қалпақты ағайындармен жолдастық кездесу өткiзiп, 7:1 есебiмен ойсырата ұтты. Бұл – Қазақстан ұлттық құрамасының УЕФА құрамына кiргелi қол жеткiзген ең iрi жеңiсi. Сонымен қатар, Юрий Красножан баптайтын елiмiздiң бас командасы араға бiр мүшел салып барып, қатарынан екi ойында жеңiске жетiп отыр.