1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71-72 (15945-46) 11 қыркүйек, бейсенбі 2014

Ислам Каримов – тәуелсiздiк таңы атқанда таққа мiнген және сол отыр­ған орнына “жамбасы жабысып” қал­ған Орталық Азиядағы қос прези­денттiң бiрi. Әрiптесiнен айырмашылығы, елге ақыл айтып, данышпансымайды. Әртүрлi бастама көтерiп, әлемге үлгi болуды да аңсаған емес. Керiсiнше, iшiмдегiнi тап деген жандай өзгенi өзiне телмiртiп қоюдың шеберi. Сөйтiп, өзiнiң дегенiн қылады. Ауған жүктей қисайып қалатын қырсықтығы және бар. Қыртиса, iрге­дегi Астана тұрмақ, ақырған Мәскеуге де бармай қояды. Қысқасы, минусы мен плюсы алма-кезек асып түсiп жататын бiртүрлi әрi бiрегей тұлға. Сондықтан болар, Ислам Каримовтiң прези­денттiк бейнесi де Тәшкеннiң қарбызындай тарғыл-тар­ғыл.

“Форбс” журналының мәлiме­тiн­ше, медиамагнат Арманжан Байтасов – Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарында. Оның жиған-тергенi – 95 миллион доллар. Iр­гетасын өзi қалаған “31 каналдағы” үлесiн 2008 жылы 65 миллион долларға сатты. Байтасов қазiр “Таң” телекомпаниясының иесi. “31 каналдағы” “Информбюро” жаңалықтарының рейтингi жоғары-тын. Ендi ол “Таң” телеарнасының жаңалықтарын “Информбюроның” деңгейiне жеткiзбек.

Соңғы кездерi Қашаған кен орнындағы бiрнеше рет қайталанған апатты жағдайлардан кейiн (бұл өндiрiс ошағы қазiргi уақытта тоқтап тынды), осы ке­­нiштiң төңiрегiнде алып-қашпа әңгi­мелер, тiптi бұқаралық ақпарат құралдарында түр­лi мағынадағы қайшы көз­қарастар көбейiп кеттi. Жалпы, Каспий теңiзi қайраңынан мұнай-газ өндiрудi игеруде неге асығыстыққа жол берiл­ген? Осы сұрақ менi қатты мазалайды.

ҮНДЕУ
Құрметтi Отандастар!
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ атты Кремльдiң экспансиялық жобасына кiрместен бұрын, бiз Антиеуразиялық форумда және Қоғамдық тыңдауда реваншистiк идеядан туындаған бұл одақтың елi­мiздiң тәуелсiз­дiгiне қауiп төндi­ретiнiн билiкке ескерттiк. Бұл келi­сiмдер Қазақстанды қатерлi жолға бастайтынын, тәуелсiздiкке қауiп төндiрiп
НАЗАРБАЕВТЫҢ НАЗАРЫНДАҒЫ ЗАУЫТТЫҢ ХАЛI ОСЫ БОЛСА...
 
 Биыл көктемде Шымкентке келген iссапарында мемлекет басшысы Н.Назарбаев жергiлiктi атқамiнерлерге әжептеуiр ауыр сын айтты. “Қосылған өндiрiстер тоқтап тұр. Керамикалық плита шығаратын, томат өндiретiн зауыт не болды? Айтыңдаршы, неге тоқтап тұр? Үкiметтiң де, сендердiң де жұмыстарың осы.
Нидерланды Украинаның шығыс аумағында зымыран атып түсiрген MH17 ұшағының апаты жөнiндегi есебiн жария етердiң алдында Ресейдi айыптау қайта күшейдi. BBC-дiң “Панорама” атты бағдарламасында сөйлеген куәгерлер “Боингты” атып түсiрген аумақта тұрған Бук зымыран кешенiн ресейлiктер басқарғанын айтты. Дүйсенбi күнi BBC арнасында шыққан “Панорама” бағдарламасы толығымен Украинадағы
“Аз и Я”. Бұл кiтап есi­ңiзде шығар? Осы кiтапқа қатысты жайт есiме түссе, әлi күнге төбе құйқам шымырлайды. Бiз бұл кi­тапты жатақханада ешкiмнiң кө­зiне түспей, ел ұйқыға жатқанда жасырынып оқитынбыз. Әлдекiм әлдебiр жаққа хабарлап қоймасы үшiн. Кiтапты тартып алып кет­песi үшiн. Бұл кiтапты оқып шығу өзiндiк ойлауға үйрететiн, немесе ақыл толықтыруға арналған тест тапсырумен бiрдей едi. Сол кезде осылай болатын. Бұл кiтаптың авторына бiз ынты-шынтымызбен табынатынбыз, пiр тұтатынбыз.

Алматы қаласы, Медеу аудандық сотында “Adam bol” журналының редакциясынан 2 миллион 500 мың теңге өндiру туралы сот шешiмi шықты. Соттың мұндай шешiм шығаруына Атырау қаласындағы “Иман­ғали” мешiтi имамының орынбасары Әмiре Ерсiннiң талап-арызы себеп болған.

Алтекеңнiң айтқандары
Алтыкен, Алтынбек Сәрсенбайұлы табиғат аясында демалғанды жақсы көретiн. Әсiресе, Шәлкөде жайлауын жаны сүйетiн едi. Апас-қапаста қолы қалт етсе, жайлаудың таза ауасын жұтып, сары қымызынан сiмiрiп, атқа мiнiп тау аралап, аунап-қунап қайтатын. Ұмытпасам, 2001 жылдың күзi болуы керек, Алтыкен өзiмен бiрге достары Шәмшi Паттеев, Дархан Мыңбай, Жүсiпбек Қорғасбек, Нұртөре Жүсiптi Шәлкөде жайла­уы­на ертiп әкелдi.
12 қыркүйек, жұма (11:00-де) “Кеңсай-2” зиратына барып, Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу, Құран бағыштау. 
13 қыркүйек, сенбi (9-30-дан – 14-00-ге дейiн) – “Просвещенец” шипажайы – “Құмбел” шатқалы бағытымен тауға шығып, “Алтынбек жолымен” жүрiп өту. Жиналу орны мен уақыты: “Қазақстан” қонақүйiнiң қарама-қарсысындағы субұрқақ маңында бас­қосу

“Келiсiп пiшкен тон келте болмайтын” едi ғой. “Тойдың атымен тон тiгiледi”, Қарқаралының 190 жылдық тойын да кiсi қызығарлықтай тағылымды, мазмұнды етiп өт­кiзуге болатын едi. 130 қараша үй тiгiл­ген жазықтың орнында көтерiлген шаң ғана қалды. Тойдың мiндетi – ас iшiп, аяқ босату емес. Той атымен Қарқаралыдай тарихи қаланың мерейтойында ер­теңгi ұрпақ айта жүретiндей,

Облыс педагогтарының тамыз кеңесiнде бiлiм басқармасының басшысы Жанат Самұратова: “Ақтөбе облысындағы жалпы мектеп оқушыларының 40 пайызының сөйлеуiнде кемшiлiк бар. Соңғы екi жылда балалардың тiлдiк дамуын түзету мен емдеу топтары екi есеге көбейдi”, – дедi. Бұл дегенiңiз облыс мектептерiндегi екi оқушының бiрi өз ойын дұрыс жеткiзе алмайды, не сөздiк қоры нашар деген

Бiздiң туған Қазақстанымызда, өзге өркениеттi елдердегi секiлдi, саяси партиялар құрып, топтасуға әжептәуiр мүмкiндiк­тер жасалған. Қазiр қоғамдық-әлеуметтiк кеңiстiгiмiзде “Нұр Отан” бастаған “Ақ жол”, Комму­нистiк (мұның өзi бiреу емес, екеу болып шықты), Социал-демократиялық (тағы қайсысы бар едi?) партиялардың төбесi көрi­недi. Төбесi көрiн­бей­тiн, бiрде қосылып, бiрде ажырасып жатқандары да аз емес.

Қазiр мәдени ошақтардан, кәсiпорын атаулыдан жұрдай болған ауылдарда мектеп директорлары дәуiрлеп тұр. Мұғалiмдердiң әлдiсi де, әмiршiсi де солар болып тұр. Мектеп директорлығына ұзақ жылдық еңбекпен, бiлiмiмен келгендер бар да, он-он бес мың долларын “қыстырып” келгендер де бар. Бiрiншiсi – балалардың бiлiмiн көтеремiн деп келсе, екiншiсi – байымақ, әл-ауқатын жақсартпақ ниетiмен келгендер...

Жақында Түркия елiне саяхаттадым. Бiрақ айтпағым, сапардан алған әсерiм емес, шетелге шығатын қазақтардың өзiн-өзi ұстауы. Себебi шетелге баратын әр мемлекеттiң өкiлi онда ең алдымен өз елiн таныстырады, шетелдiктер туриске қарап оның елiн таниды. Жалпы, сол халық жөнiнде өз пiкiрлерiн қалыптастырады.

1960-70 жылдары орта мектептерде ер мұғалiмдер көп болатын. Олар сабақ берумен қатар тәрбие сағаттарында Ы.Алтынсариннен бастап, үлкен, ұлы ұстаздар жайлы көп-көп шежiрелi әңгiмелер де айтатын. Сынып жетекшiмiз Файзолла Омаров ағайымыз қазақ тiлi мен әдебиетiнен сабақ берушi едi. Ол кiсi табан астында өлең шығаратын. Ал тарих пәнiнен Ақанжан Келiмбетов, математикадан Мәлiк Дүзбаев ағайымыздың сабақтары қы­зықты өтетiн.

Туған ауылымда тұрған кезде совхоз тегiн берген үлкен үйдiң екi жағында қабырғалас екi мұғалiм 30 жыл көршi тұрдық. Бiр отбасындай тату-тәттi өмiр кештiк. Кейiн ол мұғалiм балаларына ерiп, облыс орталығына қоныс аударды. Олар кеткенде кәдiмгiдей-ақ ойсырап қалдық. Көршiнi сағынып, көпке дейiн iздеп те жүрдiк. Оның бәрi сыйластықтан, тату ғұмыр кешкен көршiлiктiң арқасы, белгiсi болса керек..

Ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннiң туғанына 120 жыл толуына орай
Өзiңменен әрленгендi даламыз...
 Әлi күнге жазылмай жүр жарамыз.
Ұлты үшiн ұрандаған ұланның,
Ғұмырын кеп оқ кескенiн қараңыз!
“Ананың көңiлi – балада” (№69, 5 қыркүйек, 2014 жыл) деген мақаланы оқып, көп ойландым. Жас кезде көбiмiз әлгi қыз сияқты ата-анамыздың денсаулығын сұрамақ түгiлi, “халыңыз қалай?” деп те айтпайтынымыз рас. Өзiмшiл болдық. Мұндай әдет, әсiресе 1 немесе 2 балалы отбасында көп байқалады. Мен әкемнен ерте айырылдым. Шешем менi 37 жасында босаныпты. Анам менi аялап өсiрдi.

Баспанасыз жүрудiң азабын бiр кiсiдей тартып, биыл көптеп-көмектеп шағын жеркепе болса да сатып алуға бел будық. Қалтамдағы қаржым шалғайда жатқан саяжайлардың бi­рiн сатып алуға әрең жетедi. Соған қарамастан, үмiтiмiздi үкiлеп, қала шетiндегi бiрнеше үйдi аралап көрдiк. Есiгiне қа­ра құлып салынған сол үйлердi қарап жүрiп, қатты күйiндiм де. Себебi, үйдiң қожайындарының көбiсi қаланың орталығындағы пәтерлерiнде тұрады екен.

Қазақ халқының бiртуар ұлы, әйгiлi геолог, мемлекет және қоғам қайраткерi, ғалым, ұстаз Шаһмардан Есенов бiз бiле бастаған кезде Қазақстанның геология және жер қойнауын қорғау министрi қызметiн атқарып жүрдi. Ол министрлiкке 1960 жылы министрдiң орынбасары болып келiп, 1961 жылы министр болып тағайындалды. 1962 жылдың ақпан айында Шахаңды алғашқы рет Гурьев (бүгiнгi Атырау) қаласында өткен министр­лiктiң көшпелi алқа мәжiлiсiнен көрдiк. 

Жақында ғана “Орхон” баспа үйi­нен “Салт-дәстүр сөйлейдi” деген жаңа кiтап жарық көрдi. Авторлары –Санжар Керiм­бай, Болат Бопайұлы, Мұхит Төлеген, Әдiлбек Нәби, Асылтай Тасболат. Кi­таптың жарық көруiне қаржылай көмек көрсеткен белгiлi заңгер, ұлт мәде­ниетiнiң үлкен жанашыры Абзал Құспан. Бұл кiтапқа қазақтың салт-дәстүрi мен ырым-тыйымдарының шығуына себеп болған аңыздар, көне әңгiме­лер,

Мектепте оқып жүрген балаңыз кiлең “екiлiкке” оқы­са да, оның болашағынан үмiт үзудiң қажетi жоқ. Се­бебi әлемдегi ең ұлы ғалым-жазушылардың көпшiлiгi мектепте нашар оқыған. Мәселен, Томас Эдисонды ұстаздардың барлығы ақыл­ойының дамуы жағынан артта қалған бала деп есептептi. Бiрiншi сыныпта небәрi төрт‑ақ ай оқып еш нәтиже көрсетпеген соң, анасы оны мектептен алып кетiп үйiнде оқытқан екен. Мектептен қуылған бала болашақта фонограф пен қызу лампасын ойлап тауып, телефон мен телеграфтың жұмысын жетiл­дiредi деп кiм ойлаған.

Әлемнiң түкпiр‑түкпiрiнде табиғи заңдылыққа бағынбайтын, ғалымдар түсiндiре алмайтын құбылыстарға толы мекендер көп. Мұндай орындарды өз көздерiмен көру үшiн шетел кезетiн туристер жетерлiк. Шотландиядағы Мэри Кингтiң тұйығы – құпиясы ашылмаған жерлердiң бiрi. Осыдан 400 жыл бұрын Мэри Кинг иелiк ететiн үйлер орналас­қан көше Эдинбургтың айшықты аудандарының бiрi болған. Бiрақ бүгiнде бұл көшенiң сиқы көрiксiз, көзге көрiнбейтiн жерге жасырынған, қараңғы түнектен арылмайды. Мұның себебi бар. XVII ғасырда қалада оба ауруы басталған

Мөлдiр жас ана атанғалы жаны жай таппады. Перзентханадан тұңғыш ұлын үйге әкеле салысымен шiлдеханаға келген қонақтарды күттi. Үй шаруасы, бала күтiмi өз мойнына артылған соң күнi бойы тыным таппайды. Күйеуi жұмыста, кешке оны күтiп алып ас‑суын беру керек. Қасында көмектесетiн адамы жоқ бол­ғаннан кейiн қатты қиналды. Үй шаруасын қойшы, бұрыннан жасап жүрген iсi ғой, дүние есiгiн жаңа ашқан қызылшақаның күтiмi қиын екен.

Таң болам, Таңдай қағам мына өмiрге:
Түнерсем — түндiгiм де, түнегiм де.
Құлақ түр, құлақкестi құл сөзiне,
Жылап кiр, Күлiп кiрме жүрегiме.
Құлмын мен, Құл екенiм Құдайға аян,
Қаласам, хан тағын да былай қоям!
Сөзiме илiкпейдi билiктiлер,
Көзiме еленбейдi құмай, қоян...
ЖАМАНДЫҚТЫ ЖАДЫДАН ӨШIРЕДI
“Адам өзiне жасалған жақсылықты тез ұмытады, ал жамандықты мәңгiлiк есiнде сақтайды” деген нақыл болашақта өз мәнiн жоюы мүмкiн. Массачусетс технология­лық институтының неврологтары адамдардың есiнде қалып қойған жамандықты өшiрудiң жолын ойлап тапты. Бiрақ бұл тәсiл әзiрге тек егеуқұйрықтарға пайдаланылды.
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ
Жуырда Петропавлдағы Солтүстiк Қазақстан облыстық педагог қызмет­керлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институтында Мағжан Жұмабаев атындағы кабинет ашылды. М.Жұмабаев атындағы кабинеттiң ашылуына қоғам қайраткерлерi, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкiлдерi қатысты. Кабинеттiң бiр бөлiгiне ақынның туған жерi–Сарытомардағы мұражайынан әкелiнген жәдiгерлер топтастырылса, екiншi бөлiгiне жыр топтамалары
Ташкентте күрес түрлерiнен әлем чемпионаты өтiп жатыр. Сенбi күнi негiзiгi үмiтiмiз, қазақтың намысы үшiн осы ғасырда қайта туған Нұрмахан Тiнәлиев белдесуге түседi. Күрес түрлерiнiң iшiнде грек-рим күресiне бүйрегiм бұрады да тұрады. Ес бiлгелi осынау спорт түрiмен шұғылданып, әлемге әйгiлi болған қазақ балуандары жайлы естiгенiмдi қағазға түсiрiп, газет-журналдан оқығанымды жинап жүремiн.

Футболдан Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу кезеңiнде ұлттық құраманың алдына мүмкiндiгiнше молынан ұпай жинап, топта үшiншi орын иелену үшiн талас жүргiзу тапсырылған болатын. Бiздiң топта әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдегерi Голландия, азулы Чехия, кеше ғана Түркия құрамасын тас-талқан етiп ұтқан Исландия секiлдi адуынды ұжымдар бар. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасын осыған дейiнгi өзара матчтардың басым

АЙКЕЗБЕ ТУРИСТ ЖАРТАСТАН ҚҰЛАДЫ
Кентукки штатында айкезбе ауруына шалдыққан турист 20 метрлiк жартастан құлады. Бұл туралы Утро.ру хабарлайды.
Тауға шыққан саяхатшы топ кеш бата қонбақшы ниетпен шатырларын жартастың шетiне жаяды. Ертеңгiсiн тұрған саяхатшылар бiр адамның жоғын байқайды. Ауа-райы нашар болғандықтан, олар құтқарушыларды шақырады.