1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15949) 23 қыркүйек, сейсенбі 2014
“Ерiккен байлардың ермегi...”, “Ақшаң болса қалтаңда, “Жайлау” мен “Нұрлы Тауда” талтаңда...”, “Ақшасы мен уақыты көп адам “тесiк” көздей­дi...”, “Бiр “тесiктiң” құны – 70 мың еуро...”, “Осы да спорт боп па?!”. Бұл – қарапайым қазақ үшiн “бiр­түрлi спорт” саналатын гольф дейтiн     ойынға қатысты жұрттың айтып жүр­генi. Жақында осы “бiр­түрлi спорттан” Kazakhstan Open 2014 деп аталатын әйдiк жарыс өттi. “Тесiк көздеуге” алыс-жақын шетелден ат арылтып талай-талай голь­­фист келiптi. Ретi ке­лiп тұрғанда айта ке­тейiк, бiздiң елдегi “те­сiк көз­деушiлер” федерациясының төрағасы – ҰҚК басшысы Нұртай Әбiқаев.

Украина президентi Петр Порошенконың АҚШ-қа ресми сапармен барғаны және АҚШ Конгресi палаталарының бiрiккен отырысында сөйлеген сөзi әлемдiк БАҚ-қа бiршама азық болды. Өйтетiн де жөнi бар. Ағылшын тiлiн жетiк бiлетiн украин басшысы айтар ойын аудармасыз жеткiздi.

Украинадағы оқиға басталғалы берi қазақстандық телеарналардың бiрде-бiрi ақиқатты бүкпесiз, жан-жақты жеткiзуге тырысқан бейнематериал ұсын­ған жоқ. Украинадағы қақтығысты Ресей телеарналарының көзi­мен көрген қазақстандық көрерменнiң пiкiрi де бұра тарта бастағаны жасырын емес. Осындай ақпараттық экспансиядан көз ашпаған кезеңде жекеменшiк “Таң” телеарнасының журналисi Қасым Аманжолдың Украинаға барып қайтқан

Сонымен, Шотландиядағы тарихи референдум ұлтшылдардың жеңiлiсiмен аяқталды. Да­уыс берген шотландықтардың 55 пайызы Ұлыбританиядан бөлiнiп, дербес мемлекет болуды қаламаса, 45 пайызы тәуелсiздiк алуды құп көрген. Өз тағдырын осылайша өзi шешкен халықтың бiр бөлiгi өкiнiштен аһ ұрса, қалған жартысы таң атқанша жеңiсiн тойлады. Бұл – Шотландия үшiн қайғы мен қуаныш қатар өрiлген күн болды.

“...Елiмiзде идеология мәсе­лесi ақсап тұр. Сондықтан да билiк Грузияда Қазақстанның елшiсi болып жүрген Ермұхамет Ертiс­­ба­евты ҚР президентi әкiмшiлiгi басшысының орынбасары қыз­метiне, ал Литвада елшi болып жүрген Бауыржан Мұхамеджановты ҚР Қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшылығы қызметiне алып келуi әбден мүм­кiн”. “Новая газета” өзiнiң соңғы нө­мi­рiн­де осылай дедi. Әрине, га­зеттiң айтып тұрғаны – болжам.

“Бақыттың кiлтi қызмет пен ақшада емес. Ата-анасын қарттар үйiне өткiзетiн қатыгез ұрпақ, баласынан жеритiн көкек ана халқымызда ешқашан болмаған.Бұл бiздiң дәстүрiмiзге қайшы, салтымызда жоқ әрекет. Жастық шақта ата-анаңа не көрсетсең, қартайғанда өз ұрпағыңнан соны көресiң. Сол қариялар зейнетақысын алар кезде, балалары мен немерелерi пайда бола қалады. Олардың бар ойы зейнетақыны алып кету. Осындай жағдайға жетiп отырмыз”,

“Осындай да сауал бола ма?” дерсiз. Сәл шыдаңыз. Мақаланы толық оқып шықсаңыз, түсiне­сiз. Сосын кейбiр кейiпкерлердiң аты-жөнi, белгiлi себеппен, атал­майтынын бiрден айта кеткiм келедi. Әңгiме ана мен бала денсаулығын қорғауға қатысты. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жезқаз­ған аймақтық өкiлдiгiне Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жәйрем қалашығындағы, Ұлытау және Жаңаарқа
Кеден одағы жайлы әңгiме қозғалғалы осыдан он үш жыл бұрын болған бiр оқиға жиi-жиi есiме түсе бередi. 2001 жылдың мамыр-маусым айлары болатын. Қазақстаннан бiр топ кiсi Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында өтетiн қазақтардың кiшi құрылтайына бар­ғанбыз. Ресейдiң бiр аудан әкiмi (аты-жөнiн айтпай-ақ қоя­йын), ұлты қазақ, мiнезi қазақ, тiлi қазақ, бiрақ жаны орыстанып кеткен бауырымыз қазақстандықтарға арнап қонақүйдiң бiр бөлмесiнде қонақасы бердi.

“Жас Алаштың” өткен санында “Жiгiт шақта мешеулiктен арылайық!” деген тақырыптағы “Мемлекеттiк тiл” қоғамдық қозғалысының тiл төңiрегiндегi толып жатқан түйткiлдердi топтастырған мәлiмдемесi жарияланған едi. Бiздi қатты ашындыратыны: кейiнгi кездерi билiктiң тоңмойындығы одан сайын қалыңдап, қоғамдағы кезек күттiрмейтiн мәселелер көтерiлген мәлiмдемелерге пысқырып та қарамайтын дертке ұшырады.

Әрине, бүгiнгi әдебиетiмiздiң бүкiл қадiр-қасиетiн жоққа шығарып, түп-түгел күстаналау обал болар едi. Десек те, қазiр әдебиеттiң қадiр-қасиетiн кетiрiп, қаламгер мен халық арасына үлкен бiр салқындық орнатуға, әсiресе, ақындар қауымы ең алдымен кiнәлi деуге толық негiз бар. Бiздiң бүгiнгi поэзиямызға, әсiресе, мемлекет тарапынан да, кейде жекелеген қазылар алқасынан берiлiп жатқан сыйлықтарға қарап отырып, осы бiз небiр қарқылдаған қар­ғаларды
Қыркүйектiң 19-ында Павлодарда, жазушының өзiнiң атындағы музыкалық-драма театрының жанында Жүсiпбек Аймауытовтың биiктiгi 8 метрге жуық үлкен ескерткiшi бой көтердi. Мыстан құйылған келiс­тi мүсiннiң авторы – астаналық шебер Ермек Тоқтаров. Арқаның азынаған желi мен себелеген жа­уынына қарамастан қаптай жиналған қала жұртшылығы, “қазақ қара сөзiнiң қағбасы” атан­ған қаламгерге арналған осы бiр тебi­ренiстi

Екi ғасыр тоғысында ғұмыр кешу пешенесiне жазылған Сержан Шәкiратов – үлкен талант иесi. Өнерпаздың бабалар салған сара жолды аса ыждаһаттылықпен, сезiмталдықпен жалғай бiлуi, Маң­ғыстау домбырашылық мектебiнiң түпкi өзегiн сақтай отырып жаңашылдықпен жарқырата дамытуы, орындаушылық стильде ғажайып өрнектер салуы көңiлге ризашылық сезiмiн ұялатады.

Мырзалар! Мен сенатор болып сайланбасам, күндерiң қараң болады, өкiмет пенсиясын әрең беретiн сараң болады! Точно, солай болады! Мощно өмiр сүрiңiздер, маған дауыс берiп, ойнап-күлiңiздер! Маған айқайлап дауыс берiңiздер, “халқы үшiн туған асыл ердiң” соңынан ерiңiздер! Отвечаю! Егер жадный болып, маған дауыс бермесеңiздер, асылып өле саламын...

The Guardian газетiнiң жа­зуынша, Мәскеу посткеңестiк мемлекет – Қырғызстанға ықпалын бiрте-бiрте күшейтiп жатыр.
Жарияланымға сенсек, Ресей соңғы бiрнеше жылдың iшiнде Қырғызстанға кезiнде берген жарты миллиардқа жуық қарызын кешкен. Бұдан бөлек қырғыз үкiметiне қару мен әскери техниканы берiп тұруға уәде еткен, сондай-ақ қырғыздың газ жүйесiн де өз бақылауына өткiздi.
НЕМЕСЕ “ТҮРIКШIЛ” ДЕПУТАТТАРДЫҢ ЕКIҰШТЫ ҰСТАНЫМЫ
Заңнаманы шала әзiрлеген министр мен сабағына немқұрайлы қараған баланың айырмасы аз. Екеуi де ұрыс естидi. Бiрақ үлгерiмi нашар оқушыға жалғыз мұғалiм қаһарын төксе, шалағай министрге бүкiл депутаттар дүрсе қоя беруi мүмкiн. Бетi аймандай болған айыпты жан сосын не iстейдi? Не iстеушi едi, кiрерге тесiк таппай тұра қашады да...
Жуырда қазақстандық жастар “Таза сессия” акциясын өткiзiп, оқу орындарындағы парақорлық деңгейiн анықтады. Бұл шара «Жас Отан» жастарының «STOPҚылмыс» партиялық жобасы шеңберiнде өткен. Сөйтiп, жастар бiлiм ошақтарындағы заңсыз қызмет ақысының бейресми прайс-парағын әзiрлептi. “Таза сессия” акциясы ая­сындағы сауалнамаға елiмiздегi 62 ЖОО-дан 1200 студент қатыс­қан. Сондай-ақ, олардың 90 па­йызы оқу орындарындағы жем­қорлықтың асқынғанын
Қазақ билiгi жалаңаяқ студенттердiң құлағына жағатын ақпарат таратты. “2015-17 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырған ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiздегi студенттердiң стипендиясын 25 пайызға арттыру көзделiп отыр деп мәлiмдедi. “2015-17 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” ҚР Заңының
Студенттiк шақ – адам өмiрiндегi ең қызықты кезең. “Балмұздақ” кезден басталатын бал өмiр ыстық пен суыққа да толы. Соған қарамастан жалын атқан жастық шақ зу етiп өте шығады. Кейiн оны сағынышпен еске алмайтын адам кемде-кем. Бiр қызығы, кейбiр оқу орындарында өзге елде кездеспейтiн бiртүрлi дәстүрлер бар. Бүгiн өздерiңiздi соның үшеуiмен таныстырамыз.  
Елiмiздiң тоғыз университетi әлемнiң үздiк жоғарғы оқу орындарының қатарына кiрiптi. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев хабарлады.
Ташкентте күрес түрлерiнен өткен әлем бiрiншiлiгiнде елiмiзден барған бал­уандарымызға жүлде бұйырмады. Осы әлем чемпионатында Өзбекстанда туған қазақ Елмұрат Тасмұратов қола жүлдегер атанды. Тасмұратовтың жолын жартылай финалда Иранның әйгiлi балуаны Хамид Сориан кесiп, Ташкент төрiнен әлем чемпионы атанып қайтты. Сорианның бұл ерлiгi – әлем бiрiншiлiгiндегi алтыншы жеңiсi.
ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНА КҮМIС БҰЙЫРДЫ
Кореяның Инчхон қаласында өтiп жатқан жазғы Азия ойындарында Зульфия Чиншанло күмiс жүлдегер атанды. 53 келi салмағы бар бөденедей ғана бойжеткен екi жыл бұрын Лондон олимпиадасында топ жарып, 2009 һәм 2011 жылы әлем чемпионы атанған едi. Бұл жолы Азия ойындарының алтын медалi бұйырмады. 
ЕКIНШI АЯҒЫН КЕСТIРУДI ҚАЛАЙДЫ
Даниэль туылғанда-ақ бiр аяғының ақауы бар екенi анықталады. Осыдан екi жыл бұрын сол аяғына ота жасалады. Қазiр Даниэль мүгедек арбасынан тұрып, жүре алады. Тiптi, кәсiби спортпен де айналыса бастайды. Бiрақ жетiстiкке жету үшiн сау аяғы ауырып, кедергi келтiруде.