1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15950) 25 қыркүйек, бейсенбі 2014
ЖАНТҮРШIКТIРЕРЛIК ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖАЛҒЫЗ-ЖАРЫМ ЕМЕСТIГIН КӨРСЕТКЕНДЕЙ
 
Алматы түбiндегi Талғар ауданындағы психиатриялық емханада 23 жылдан берi қамауда жатқан 62 жастағы атышулы адамжегiш Николай Жұмағалиевтiң тағы бiр құр­бан­дығын ақтөбелiк тергеушiлер анықтады. 1990 жылы күздiң бiр кешiнде Ақтөбеге келген Жұмағалиев 17-18 жастағы өрiмдей жас қызды жеп қойған. Ақтөбедегi сапары жөнiнде, қызды қалай өлтiргенiн палатасына жiберiлген жансызға сыр ғып айтыпты. Осыдан кейiн ашылмай қалған қылмыс­тың тергеу материалдары мұрағаттан алынып, қайта тергеу басталған.

Алматыдағы 2006 жылғы Бақай, Шаңырақ оқиғасы жұрттың әлi есiнде және ешқашан ол қантөгiс ұмытылмайды да. Ұлтарақтай жерге салынған аядай баспанасын қорғаған қарапайым халықтың көз жасы ғана емес, қаны да төгiлдi сол шақта. Заңсыз салынды деген желеумен сол үйлердi сүруге бұйрықты сол тұстағы Алматының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов бердi.

“ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАС БУЫН МЕМЛЕКЕТТIҢ ӨЗIНЕ ҚАУIПТI” ДЕЙДI САЯСАТТАНУШЫЛАР
Бiр топ саясаттанушының жастар жөнiндегi “Молотов Коктейлi. Қазақстан жастарының анатомиясы” атты еңбек шығарғанын жазған едiк. Осы кiтаптың тұсаукесерiне жиналғандардың зерттеу авторларына қояр сұрағы көп болды. Әсiресе, сарапшылардың кейбiр ойларымен келiспеген жастар өз пiкiрлерiн ашық бiлдiрiп, пiкiр таластырды.

Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылға қарай Астананы әлемдегi 50 ақылды қаланың қатарынан көргiсi келедi. Алайда мұнай мен газдың үстiнде отырған Қазақстан астанасының күнi әлi де мазут пен көмiрге қарап тұр. Бас қалаға газ құбырын тарту турасындағы жоспар аяғына жем түскен аттай тоқтап қалды.

Жақында Forbes.kz сайты Қазақстан қор биржасының мәлiметiне сүйенiп, банктердiң капиталын жариялады. Сайт таратқан ақпаратқа қарағанда, ең қалталы қаржы құрылымы – Халық банкi. Оның каптиалы – 2 триллион 746 миллиард теңге. Бұл банктiң қожайыны кiм екенi құпия емес. Халық банкiнiң қожайындары – Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева.

Бала жасымыздан көнекөз қариялардың, оның iшiнде ежелгi тәрбие, “ескi” көзқарастар ке­ңiстiгiнде өмiр сүру үрдiсiнен ажырай қоймаған, алағай да бұлағай заманның талай те­перiштерiн көрсе де, әуел бастағы ата дәстүрiмен, туыстағы жаратылыс-сенiмдерiмен, бойларына, қандарына сiңген жолмен жүрiп келе жат­қан, ол тұста қарасы көп емес азғантай топтың ортасында өс­кендiктен болар, өзге ойынпаз, қызық

Қыркүйектiң 19-20-сы күн­дерi Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Шарын ұлттық табиғи паркiнiң құрылғанына 10 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өттi. Бұл ғылыми конференцияны “Шарын ұлттық табиғи паркi және шектес аумақтардағы биоәртүр­лi­лiктiң қазiргi жағдайы” деп атапты. Бiр сөзбен айтқанда, қолда барды сақтап қалу, бiрдi екеу ету.

МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ӨЗIНЕН, ШӘМШI ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ РУХЫНАН КЕШIРIМ СҰРАДЫ
“Қазақстан” ұлттық телеарнасының “Айтуға оңай...” бағдарламасының кезектi саны қазiргi күнi әдеби-мәдени ортада үлкен дау туындатқан “Ақ­судан ұшқан аққуым” (әнi–Шәмшi Қалдаяқтовтiкi, сөзi – Мұхтар Шахановтiкi) әнiне арналды. Бағдарлама барысында бұл әннiң сөзi мен әнiнiң авторлары туралы нақты деректер мен айғақтар ортаға салынды. Куәгерлерге сөз берiлдi. Өнертанушы-ғалымдар, ән тарихын зерттеушiлер сөйледi.

Жақында “Жас Алаштан” “Қазақ үшiн қатты ұялдым” (11 қыркүйек, 2014 жыл) деген мақаланы оқығанда сонау 1983 жылғы бiр оқиға ойыма оралды. Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң ағылшын тiлi кафедрасында аспирантурада оқып жүрген кезiм. Сол жылы көктемде Литваның Шауляй қаласында ғылыми конференция өтетiн болып, “мызғымайтын Одақтың” әр түкпiрiнен келген тiл мамандары сол жерде жиналдық.  айтқанда Литва жерiне аяқ басқан алғашқы сәттен-ақ бұрын теледидардан көрiп жүрген Алманияға не Ұлы­британияға келгендей әсер алдым. Қала көшесi мұнтаздай тап-таза.

ДАСТАРҚАН БАСЫНДА БАТЫРМЫЗ
...Қазiр Қазалыда ұйықтап жатып жүрек талмасынан өлiп кетiп жатқандар бар. Жас аналардың өлi бала туғандары да аз емес. “Бұған кiнәлi – орыстардың Байқоңырдан төбемiзге төгiп жатқан гептилдерiнiң кесiрi” дейдi бiлетiндер. Шындығын айтқанда, мен орыстарға “төкпеңдер” деп айқайлауға қорқамын.
XIX ғасырдың 20-жылдары қазақ поэзиясының жыл құсы болған Шолпан Иманбаева туралы айтайын деп едiм. Ол 1904 жылы туып, 1926 жылы 18 қыркүйекте Ақмола ауруханасында қайтыс болған. Ш.Иманбаева көзi тiрiсiнде өз кiтабын көре алмады. Тұңғыш жинағы 1926 жылы өзi өлген соң шықты. Екiншi жинағы 1950 жылы жарық көрдi. Менiң айтар өтiнiшiм – сiздер боп, бiздер боп, қыршын кеткен ақынның жыр жинағын қайта, жаңадан шығуына ықпал жасасақ деген ой. Менде 1950 жылы шыққан

Оңтүстiк Қазақстан облысы, Созақ ауданы Қаратау ауыл әкiмдiгiне қарасты Ақсүмбе ауылының тұрғыны, қарт ана, тыл және еңбек арда­герi, “Алтын алқа” иегерi Қанымкүл Әбдiшүкiрова апаның туған бауыры Сейдуалы Әбдiшүкiровтiң Ленинград жерiнен сүйегi табылды. Ағасын әскерге шығарып салғанда Қанымкүл апа бар болғаны он жаста екен. Бiр шаңырақтан Сәрсен, оның баласы Сейдуалы және Сәрсеннiң iнiсi Жұмабек үшеуi бiрдей, бiр күнде майданға аттанады. Содан ағайынды үшеуi де хабар-ошарсыз кетедi.

“Мен атақты қақпашы боламын” деп ойлайтын ол. Себебi, он бес жастан бастап атағы дүниежүзiне мәлiм мадридтiк “Реал” футбол командасының жастар арасындағы қосалқы құрамында қақпашы болып ойнайтын. Әрине, бұл командаға Хулио оп-оңай келе қалған жоқ, талай тер төккенi бiр Құдайға және өзiне ғана аян. Ол болашағын әрдайым футболмен байланыс­тыратын.

“Қазақтелеком” акционерлiк қоғамы жастардың форумын өткiзудi дәстүрге айналдырған. Биыл үшiншi мәрте    ұйым­да­­с­тырылған айтулы шара ұлттық компанияның құрылғанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келiптi.  “Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын” (Ы.Алтынсарин) байланыс операторы “Қазақтелеком” компаниясы басшылығы осыдан екi жыл бұрын компанияның жас қыз­меткерлерiн шыңдау мақсатымен және олардың телекоммуникация саласын шебер меңгеруге мүмкiндiк тудыру үшiн осындай форум өткiздi.

Бiзде кейбiр сөздер орын­­ды қолданылмайды. Мә­селен, бүкiл қалалық жү­йелерге жылу беретiн жылыту қазандарын “жылу қазандықтары” деймiз. Менiңше, бұл – қате ұғым. Далалық жағдайларда қазандықсыз-ақ қазан қайнатып, ас пiсiрiлiп iшiледi ғой. Бұл жағдай жылуды қазаннан айыра алатынымызға дәлел емес пе?

Қазақстанның бокс федерациясының тiкелей мұрындық болуымен һәм “Астана” президенттiк кәсiби спорт клубының қолдауымен жүзеге асқан “Чемпиондар айқасында” Кубаның ту ұстар боксшылары 6:4 есебiмен жеңiске жеткенi белгiлi. Бүкiләлемдiк бокс сериясының 2012-13 жылғы маусымында топ жарған ұжым “Астана арландары” мен осы жобаның биылғы жеңiмпазы “Куба қабыландары” арасындағы тартыс бiткенiмен, талқылау түгесiлген жоқ. 

НАЙДАНДЫ ЖЕҢЕТIН НАР ТАБЫЛМАЙ ТҰР
Моңғолдың ұлттық батыры, осы елдiң тұңғыш Олимпиада чемпионы (Бейжiң 2008) Тувшинбаяр Найдангийндi жеңетiн қазақ спортшысы болмай тұр. Әне, Инчхондағы жазғы Азия ойындарының финалында жерлесiмiз Максим Раков Найдан-нарды тағы да қозғай алмады. Бiр ай бұрын Челябiде өткен (Ресей) әлем чемпионатының алғашқы айналымында Раковты осы Найдангийн сайыстан шеттетiп едi, тағы да есемiз кеттi. Максимнiң қанжығасында – күмiс медаль.