1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (15951) 30 қыркүйек, сейсенбі 2014
Алматы облысы, Панфилов ауданына қарасты Үлкен Шыған деп аталатын ауылды қақ жарып өтетiн қара жолдың бойындағы “Хан сарай” дүкенiнiң алдында қара шал отырады. Қолында – елдiң тозығы жеткен аяқ киiмдерi. Бiрнеше жылдан берi қара май жемiрiп көнетоздана бастаған тiгiн мәшинесiмен ырыздық несiбесiн айыратын Әбдiманап Әшiмұлы қарияға амандасып жөн сұрастық. – Елiм-жерiм деп осы ауылға көшiп келгенiмiзге жиырма күннiң жүзi өттi. Әлi баспаналы бола қойғамыз жоқ. Маған ере келген балам мен келiнiм үшеумiз осы ауылдағы мешiттiң бiр бөлмесiн паналап өмiр сүрiп жатырмыз.
Атыраудағы алашапқын ендi сәл саябыр табуы тиiс. Себебi кеше Астрахань қаласында өткен Каспий маңы мемлекет басшыларының IV саммитiне қатысқан Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев бүгiн Атырауда кезедеседi деп жоспарланған. Сөйтiп, қос президент Қазақстан-Ресей өңiраралық форумында қайта жүздеспек. Ал жиында қандай мәселелер талқыға түседi? Оның Қазақстанға қандай пайдасы бар?
Сайлыбай Бекболатов,  акмеология ғылымдарының академигi (Санкт-Петербург), КСРО өнертапқышы
Ғалым Сайлыбай Бекболатовтың “Мәңгi қазақ календары” деп аталатын ғылыми еңбегiн бiрiншi рет оқығанымызда таң-тамаша болдық. Расында да жан-жақты зерттелген ғылыми жаңалық екен. Оның айқын бiр дәлелi биылғы жылдың екiншi қыркүйегiнде ресми түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң Ұлттық зияткерлiк меншiк инс­титуты республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
Украинадағы азаматтық соғыс, Қырымның аннексиясы посткеңестiк елдердi ғана емес, бүкiл әлемдi сын тезiне салған оқиға болғаны сөзсiз. Әлемдiк тәртiп жүйесi берiктiлiк пен бекемдiлiктiң тексерiсiне шыдас бере алмады. Ресей әлемдiк тәртiптi бұзғанын АҚШ президентi Барак Обама да мәлiм еттi. Сондай-ақ Кеңес Одағы ыдырағанда қол қойылған келiсiмдер қағаз жүзiнде шекараның мызғымастығына, тәуелсiздiкке қол сұғылмайтынына кепiлдiк бергенiмен, iс жүзiнде
КОММУНИСТ КОСАРЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЛИВИЯМЕН САЛЫСТЫРДЫ
Өткен бейсенбiде Парламент сенатының депутаттары экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимылдар мәселелерi жөнiндегi заңға енгiзiлмек түзетулердi алғашқы оқылымда-ақ мақұлдады. Бас прокурордың орынбасары Жа­қып Асановтың айтуынша, терро­ристiк немесе экстремистiк деп таныл­ған ұйымдар сот шешiмiмен дереу жабылмақ.
Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаев жақында былай дедi: “Бiздiң қойымыз бар, ал ешкiмiз аз. Жұрт малдың бұл түрiн өсiрумен дұрыстап айналыспайды. Бiз ешкiнiң жақсы үй жануары екенiн, оның сүтi мен жүнi жоғары бағаланатынын түсiндiрiп, әңгiме жүргiзуiмiз керек”. Сол сол-ақ екен, шығыстың шендiлерi алақанын ысқылап, есепшотын қағыстыра бастапты. “Әкiмiмiз айтпаса, бұл ешкi деген хайуанның пайдасын кiм бiлген. Жасай берсiн, Бердiбек!
Қыркүйектiң 24-iнде жылдағы дәстүр бойынша Варшавада ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары жөнiндегi комитетiнiң жиыны өттi. Биылғы бұл жиынға қатысты қазақстандық оппозиция өкiлдерi бiлдей мекеменiң еш қауқарсыз қарап отырғанын айтып сынады.  Қазақстанның азаматтық қоғам өкiлдерi атынан жиынға қатыс­қан “Азаматтық белсендiлiк” қорының басшысы Мұратбек Кетебаев пен белгiлi режиссер Болат Атабаев “Демократиялық институттар” тақырыбында баяндама жасады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “ұлттық жоба” деп атаған “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесiн өткiзу елiмiз үшiн зор жауапкершiлiктi бiлдiретiнi сөзсiз. Сондықтан да, Астананың сол жағалауында орын тебетiн көрме қалашығында Халықаралық көрмелер туы желбiреп, қазiрдiң өзiнде келешек ғаламаттың туындысына құрылысшылар кiрiсiп те кеттi. Осыған орай, ертеңгi ЭКСПО-ның бүгiнгi ахуалы һәм ғасыр құрылысына айналатын кешен жайында “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы” АҚ Басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары Ә.Пiрметовпен сұхбаттасқан едiк.
КӘМИЛАНЫҢ КҮНДЕЛIГI
Дарынды прозашы, белгiлi жазушы Кәмила Құдабаеваның “Вслед за дождем” атты жаңа кiтабы жарық көрдi(Алматы, 2014 жыл). Кәмила Құдабаеваның шығармашылығын жақсы бiлетiн оқырман осы жерде бiрден “Орыс тiлiне кiм аударды екен?” деп ойлайтыны да сөзсiз. Бұл аударма емес, К.Құдабаева осы кiтабын орыс тiлiнде жазыпты. Сыршыл әрi талғампаз жазушының әр күнге орайластыра жазған күнделiгiнiң әрқайсысы – жеке-жеке әңгiме iспеттi. Әңгiме болғанда да, тұнық та мөлдiр әңгiмелер.
“Мылжың” газетiнiң бас редакторы Айқайгүл Түкбiлме­сованың кабинетiне кiрсем, апай аузын арандай ашып, торт жеп отыр екен. Соған қарағанда, тәттiнi сұмдық жақсы көретiн болса керек. Кабинетi де сұм­дық, ұзын зал, “Т” әрпiне ұқсас жылтыраған стол, сол “Т-ның” басында шоқиып, кешiрiңiз, шiренiп, өзi отыр. Бұрышта елiмiздiң көк байрағы. Алдында бiрнеше телефон, сувенирлер...
Алматы қаласы бiлiм басқармасына қарасты “Есту қабiлетi нашар балаларға арналған арнайы (түзету) №137 бөбекжай-балабақшасы” коммуналды мемлекеттiк мекемесiнде республиканың барлық аймақтарынан келген педагог мамандар арасында семинар өттi. Семинардың негiзгi мақсаты – денсаулығында кiнәраты бар баламен жұмыс iстеу, инклюзивтi әдiс-тәсiлдiң түрлерi сияқты сан-салалы бiлiм бағдарламасы сарапқа салынды. 
Жириновскийден журналист сұрап жатыр:
– Мына Украинадағы соғыста кiм жеңедi деп ойлайсыз?
– Украиндықтардың қолындағы кiмнiң қаруы? Советтiң қаруы! Украиндықтарға қарсы соғысып жатқан орыстардың қолындағы кiмнiң қаруы? Советтiң қаруы! Бұл жерде украин да емес, орыс та емес, Совет қаруы жеңiске жетедi!
– Сөйтiп, Пықып Асабас қаланың бас мүфтиi болыпты дедiң бе?
– Несiне таңданасың, бұйырғаны сол болса.
– Басқасын қайдам, ол кiсi молдалыққа мойын бұрады деп ойламаппын.
– Қызықсың, кешегi iшуден аты шыққан, арақты ажырамас ардағы санағандар да сәлде орап, таспиық тартып, тақуа болып жүр емес пе.
          Бiз бiлетiн Пықып Аса­бас кешегi кезеңде қызметтi қып-қызыл коммунист болудан бастады ғой...
– Коммунистiгiне ол Қы­тайда өтiп, онда бағы ашыл­май, мұнда базары жүргенi рас.
– Партия құлағанда үш күн, үш түн нәр татпай сазарып жатып алыпты дейдi ғой.
Жолықтырған Жақайды,
Әуестiк жеңдi Тоқайды:
– Жақа, ауыл аман ба?
Жаңалық айт одан да.
Мына қиын заманда,
Еңбегiмен сындарлы,
Күнi кеше дүрiлдеген
Ауылда не, кiм қалды
– Ресейдi күйзелттi-ау! Күйзелттi-ау бұлар Ресейдi әбден!
– Ренжiп қайтесiз соған?
– Өңшең арамтамақтар!
– Ренжiмеңiз ендi...
Бiздiң қуанышы мол, мұңымыз аз шадыман бала шағымыз. Жаңылыспасам, тоғыз жастамын. Осындай қызығы таусылмас шаттықты күндердiң бiрiнде ойын балалары бiздi де, ауылдың ересектерiн де елең еткiзiп, Әйтпен атаның қасабалы боз биесi тура далада егiз құлын туды. Екеуiнiң де түсi жирен. Маңдайларындағы алақандай қасқасы да, төрт аяқтарының тiрсектерiндегi ақ жолақ та бiрдей. Ауылдың үлкенi мен кiшiсi бiр-бiрiнен айнымаған бұл ұқсас­тыққа түгел таңданысты.
Редакциямызға Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан Аманжол Пiрiмжаров ақсақал келдi. Қолындағы сөмкесiнде газеттiң қиындылары көп. Ақсақал бала күнiнен күллi әлемнiң көз қуанышына айналған футболдың жанкүйерi екен. – Мен жұрт мақтап жүрген Пеленiң ойынын көгiлдiр экраннан ғана емес, стадионнан тамашалағам. 1965 жылы Мәскеудегi Лужники стадионында СССР құрамасы мен Бразилияның даңқты футболшылары жолдастық кездесу өткiзгенде, кескiлескен тартысты арнайы барып көрген едiм. Арада 49 жыл өтсе де сол ойынның билетi менде сақтаулы тұр.
АЛТЫНДЫ СУДАН СҮЗIП, ҚҰМНАН ТЕРДIК
Каноэ есудiң байдарка жарысында Азия ойындарының алтыны жерлестерiмiз Евгений Алексеев пен Алексей Дергуновқа бұйырды. Олар 1000 метрлiк қашықтықта жеңiске жеттi. Дәл осы қашықтықта каноэ екiлiк қайығымен жарысуда ағайынды Михаил мен Тимофей Емельяновтар жеңiске жеткен едi. Күнi кеше Инчхонда көк туымыз тағы да зеңгiр көкте желбiредi.