1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15953) 7 қазан, сейсенбі 2014
Саңлақ суреткер, көркем сөз өнерiнiң асқан шеберi, қазақ балалар әдебиетiнiң классигi Бердiбек Соқпақбаев 90 жасқа толды.
“Көзi тiрiсiнде Бердiбек Соқпақбаев атақ қуып, мансаптың соңына түскен емес, – деушi едi көрнектi жазушымыз, драматург Баққожа Мұқай, – Еңбегiн бұлдап, бұлданғанын да естiген емеспiз. Көзi тiрiсiнде қиянат көрiп, қан жұтқан үлкен дарындар Қазақстанда да аз болмады десек, соның бiрi Бердiбек Соқпақбаев едi...
Беларусь президентi Александр Лукашенко “Еуронюс” тiлшiсi Серджио Кантонеге сұхбат берiп, Украинаға, Батысқа және Ресейге қатысты пiкiрiн айтты. “Бұл оқиғалардың бәрi (Украинадағы дағдарыс – ред.) iргемiзде бiздiң бауырларымыздың басынан өтiп жатыр. Егер маған бiреу: “Берi қара, Лукашенко, Украинада жағдай мүшкiл, қолдан келгеннiң бәрiн iстеу керек. Сен соған дайынсың ба?” десе, мен қолымнан келгеннiң бәрiн жасайтын едiм.
НЕМЕСЕ ҚАЛҚАН ЕСЕБIНДЕГI СЕНАТ КIМДI КIМНЕН ҚОРҒАЙДЫ?
 Қазақстандағы Сенат депутаттарын сайлау науқаны үнемi баланың ойыны сияқты өтедi. Өйткенi оған “үлкендер”, яғни, халық қатыспайды. Тiптi “мыналар ойнап жатыр екен-ау” деп мән де бермейдi. Елдiң енжарлық танытуы билiктiң қолайына жағып тұр, ойнаған сайын ойнай бергiсi келедi. Биылғы ойын да қазақ билiгi үшiн аса қызықты өттi деуге болады. Ал ойыншыққа айналған халық баласын бетiмен жiберген ата-ананың кейпiнде. Ел-жұрттың несiбесi арқылы ойын қуып жүргендердiң ендi халық дейтiн “атасын” сақалынан алып сабауы ғана қалғандай. 
“АУТСАЙДЕР АЛМАТЫНЫҢ” ӘКIМI ХАЛЫҚТЫҢ МОМЫНДЫҒЫН КӨЗIР САНАЙДЫ
Төрт жылда бiр келетiн қыс­қы олимпиаданың төбесi қылт-қылт етiп көрiнген сайын есiмовтер ерекше мәз. “Жалғанды жалпағынан басамыз, тағы бiр ұлан-асыр той өтке­ре­мiз” деп. Бәйгеге Норвегияның астанасы Осло, Қытайдың орталығы Пекин және бiздiң “оңтүстiк астанамыз” Алматы түскен. Аузы дуалының бәрi сол кезде Алматыны “аутсайдер” деп миығынан күлiп, Халықаралық олимпиада комитетiнiң жұмыс тобы Алматыға мұрнын шүйiрiп қараған. Ендi мiне, сол мықтыларыңыздың күнi бiзге қарап қалатын түрi бар.
Қазанның 1-i күнi Қазақстан, Беларусь және Ресей Федерациясы арасындағы Еуразия экономикалық одағы келiсiмiн мақұлдаған мәжiлiсшiлер құжатты сенаттың қарауына жолдады. Бiздегi мәжiлiсшi мен сенаттың бас шұлғудан әрiге аспайтынын ескерсек, Еуразиялық одақ құру келiсiмi мақұлданары анық. Десек те, мәжiлiстiң мақұлдаған келiсiм құжаты қоғамды қызу пiкiрталасқа түсiрiп, сын тезiне алынды.
Қарағанды облысының экс-әкiмi қызық жiгiт екен. Күтпеген кезде президентке қызмет көрсетуден бас тартып, “сау басына сақина” тiлеп алды, үлкен кiсiнiң басын “әуреге” салып қойды. Қытығына тигендi кiм жақсы көрсiн, тиiстi органдарға оның “езуiн тiлiп, ершiгiн арқалатып” жiберуге тапсырма берiптi. Сөйтiп, “жазалау тегершiгi” iске қосылды дейдi бiлгiштер.

1 және 2 қазанға жоспарланған журналист Қасым Аманжолұлының “Майдан: қазақ журналисiнiң көзiмен” атты деректi репортаждық фильмi “Таң” арнасының эфирiне шықпай қалды. Украинаның ұрыс жүрiп жатқан оңтүстiк-шығыс аймағы мен Қырым­ға барып, оқиғаны өз көзiмен көрiп қайтқан алғашқы қазақстандық журналистiң еңбегi нелiктен еш болды? Көрерменге жол тартар ақиқатқа кедергi келтiрген кiмдер? Бiз осы сұрақтарды фильмнiң авторы Қасым Аманжол­ұлының өзiне қойып көрдiк

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Т.Дүйсенованың назарына! 
“Құрметтi Тамара Дүйсенова ханым! Мына тiс дегенiңiз өте-мөте қиын. Дұрыс тамақ шайнай алмайсың, я емiн-еркiн күлу жоқ. “Ойбай-ау, оны кiм бiлмейдi?” дейтiн шығарсыз бәлкiм. Бiлу бар да, сезiну бар. Адам өз басынан өткермесе, көп нәрсенiң байыбына бара бермейдi ғой, ал ендi мына бiздiң жайды иттiң басына бермесiн. Әсiресе, ауылдағы ағайындар ет шайнаудан қалды...”.
Қазақтың дархан даласына жаратқан алтын дауыс иесiн берсе, ол – теңдессiз Күләш Байсейiтова. Оның ерекше бұлбұл даусы адам жан дүниесiн ерекше сезiмге бөлеп, елiктiрiп әкетедi. Ол асқан талант иесi болмаса небәрi 24 жасында КСРО Халық артисi атанбас едi. Сол кездегi Кеңестер одағын мойындатып, атағы жер жарған К.Станиславский, А.Нежданова, Б.Щукин, А.Хорова сынды өнер тарландарымен Байсейiтованың есiмi қатар аталды.

Заттыбек Көпбосын­ұлының “Ақмаржаны” мен Ақылбек Жеменейдiң қырғыздан алған “Қызыл өрiгi” бiрнеше жыл бойы қазақ тойының көркi болып келедi. Ал биылғы жылы Асхат Тарғыновтың “Мария Магдалена” атты әнсымағынсыз қазақтың тойын елестете алмайсыз. Той ырғағындағы, “чип-чип, чип-чип” деген тiркестерi бар әндi сан мәрте естiген боларсыз... Мария Магдалена деген кiм? 

ХАЛЫҚ КОМПОЗИТОРЫНЫҢ 87 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ФОТОСЫ ТАБЫЛДЫ
Жаяу Мұсаның осыдан 87 жыл бұрын түсiрiлген фотосы табылды. Ресей мұрағатында сақталған құнды жәдi­гер­дi Семейдегi Абай мұражай-қорығының директоры Жандос Әубәкiров тауыпты. 1927 жылы орыс ғалымы Федор Фиельструп Қазақ даласына саяхаттай келiп, жергiлiктiң халықтың тұр­мыс-тiршiлiгiн зерт­тейдi. Этнограф Семей губер­ния­сында, Павлодар, Баянауыл уез­де­рiне аялдап, атақты Шорман бай балаларының отбасын суретке түсiрiптi. Сол су­­рет­тердiң арасында 93 жастағы Жаяу Мұсаның да да фотосы бол­ған.
Оңтүстiк Кореяның рингiнде бiздiң боксшылар аспаннан алтын жаудырды! Ешқандай да әсiрелеусiз, асыра мақтаусыз тура мағынасында осылай деуiмiзге ешкiм қарсы дау айта алмайды. 1994 жылы Хиросимада өткен жазғы Азия ойындарында (Жапония) 2 алтын, 1 күмiс, 2 қола ал­дық, 1998 жылы Бангкокта (Тайланд) 3 алтын, 1 күмiс,    1 қола. 2002 жылы Пусанда (Оңтүстiк Корея) 2 алтын, 3 күмiс, 2 қола. 2006 жылы Дохада (Катар) 1 алтын, 2 күмiс, 3 қола. 2010 жылы Гуанжоуда (Қытай) 2 алтын, 2 күмiс, 1 қола.
Мұстафа Өзтүрiктiң өр рухын әйгiлейтiн, қазақтың қайсар ұлы қандай болғанын даралайтын ескерткiш орнатылатын болды! “Жас Алаш” бұл мәселенi өткен жылдан берi қозғап келедi. Ақыры күрмеуi қиын мәселенiң де көбесi сөгiлдi. Газет бетiнде Мұстафаның Талғар ауданындағы қуыршақ ескерткiшiн сын қанжарымен турап салған бiрнеше мақала жарияланды. (Н.Жәнiбек, “Еңселi ескерткiш қана асқақ”,
ТҰҢҒЫШ – ТIНӘЛИЕВ!
Нұрмахан Тiнәлиев – жазғы Азия ойындарының екi дүркiн жеңiмпазы! Ол осыдан төрт жыл бұрын Гуанжоуда өткен жазғы Азия ойындарында чемпион атанған болатын. Осы биiгiне 22 жасында шыққан алыбымыз өзiнiң мықтылығын тағы да паш етiп, Инчхоннан алтын медаль алды.
45 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДI ӨЛДI ЕКЕН ДЕП ТIРIДЕЙ КӨМIПТI
Жақында Грецияда жантүршiгерлiк оқиға болды. Бiр отбасы 45 жастағы әйелдi өлдi екен деп тiрiдей көмiптi. BBS News-тiң жазуынша, тiрiдей көмiлген әйел қатерлi iсiкпен ауырған екен. Науқасты емдеген дәрiгер оның өлгенi туралы ресми түрде мәлiмдегеннен кейiн, туған-туыстары жылап-сықтап жерлейдi. Бейiттен бәрi тарағаннан кейiн, бiрлi-жарым адам мола басында қалады. Бiраз уақыт өткен соң көрден әйелдiң жантүршiгерлiк даусы талып