1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15954) 9 қазан, бейсенбі 2014

Халыққа танымал журналист Қасым Аманжолдың Украинадағы оқиғаларға қатысты “Майдан: қазақ журналисiнiң көзiмен” атты деректi репортаждық телефильмiнiң толық нұсқасы “Таң” арнасынан көрсетiлмедi (“Жас Алашты” қараңыз: 7 қазан, №78). Жоғарыдан тыйым салынғандықтан. Редакциямызға хабарласқан оқырмандар бұл жайтқа қатты алаңдаушылық бiлдiрiп, Ақорда мен Кремльдi қатар айыптады. Мұндай жөнсiздiктi ақпараттық бодандыққа, саяси тәуелдiлiкке балап жатқандар да жетерлiк. “Еуразиялық одақтың шынайы сыйқы осыдан анық көрiндi, Қазақстан президентi Н.Назар­баев В.Путиннiң алдында қауқарсыз

Биылғы шiлденiң соңында Германияның барлау қызметiнiң (BND) жетекшiсi Герхард Шиндлер Ресей президентi Владимир Путиннiң төңiрегiнен жiк шыққанын мәлiмдедi. “Украина дағдарысы басталған тұста Ресей үкiметi билiгiнiң блогы мызғымас монолиттей көрiнгенi рас. Шын мәнiнде олай емес екен. Қазiр Путиннiң айналасындағылар екi топқа бөлiнiп, өзара астыртын соғыс бастады...”, – деген сонда Г.Шиндлер.
“Адам бол” журналының редакторы Аян Шәрiпба­евты полицейлер ұстап, билiк өкiлдерiне қарсылық танытты деген айып тақпақ болды. Бұл туралы журналдың бас редакторы Гүлжан Ерғалиева мәлiм еттi. “Кеше, яғни қазанның 6-сы күнi А.Шәрiпбаев жұмыстан кейiн үйiне қайтып келе жатқан. Түнгi 23:30 шамасында оны үйiнiң алдында екi жол полиция өкiлдерi тоқтатып, “iшiмдiк iшкен-iшпе­генiн анықтау үшiн” алып кетуге әрекеттенген.
Редакциямызға “азуы кереқарыс” хат келiптi. Үлкеншыған округiндегi “мешiт қауымы” мен “ауыл белсендiлерi” сөздiң ұлылығы жөнiнде бiзге “ақыл айта” келiп, “көңiлге қонар мақала” жазуымызды сұраған. Ауыл әкiмi өз тарапынан тағы бiр хат жазып, екi хатты қосақтаған күйi редакция почтасына салып жiберiптi. Жазған дүниемiздi терiске шығармасақ, сотқа шағымданатынын ескертудi де ұмытпапты. Бiрден сотқа берiп жiбермей, ескерту жасаған әкiмнiң “адамгершiлiгiн” ескерiп, бiз де әкiмге қоңырау шалдық.
Кеше мәжiлiсте қызық оқиға болды. Коммунистiк партияның атынан сайланған депутат Тұрсынбек Өмiрзақов құмар ойындар бизнесiн қорғаймын деп партиясының жетекшiсi Владислав Косаревтiң қырына iлiктi. Өмiрзақовты әрiптестерi дәп бiр Сталин заманында карта ойнаймын деп ұсталғандай еттi. Парламенттiң төменгi палатасы интернет-казино, букмекерлiк контор, тотализаторға қатысты қатаңданған заң жобасын әдет­тегiше бiрiншi оқылымда-ақ ма­құлдады.
Еуразиялық одаққа қарсы қоғамдық белсендiлер Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бұл тақырыпты қоғамдық талқылауға салып, референдум өткiзудi ұсынды. Экономикалық сарапшы Денис Кривошеев санкцияларға ұрынған Ресей экономикасының ахуалы ауыр, жақында рецессия болуы мүмкiн, сондай жағдайда Мәскеумен одақ құ­рудың қиысыны не деген мәселеге тоқтады. Әрi Қазақстан және Ресей экономикалары бiр-бiрiне көп жағдайда бәсекелес.

“Жас Алаштың” Жамбыл облысы бойынша меншiктi тiлшiлер қосынына облыс әкiмдiгiнiң сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерiнен келiп түскен шағым хатта басшыларының бассыздық әрекетiнен бiрiнен кейiн бiрi жүйкелерi сыр берiп, жүрек талмасына шалдығып, қан қысымы көтерiлiп ауруханаға түсiп, жұмыстың жайына қалғанын жазыпты. Қолымызға түскен хаттың iзiмен зерттеу жүргiзе келе, 2012 жылдың мамыр айының 7-сiнде басқарма басшысы

ОҢТҮСТIКТЕ БИЫЛ 463 АТА-АНА БАЛАСЫНА ЕКПЕ САЛДЫРУДАН БАС ТАРТҚАН
Шымкентте әртүрлi себептермен ұл-қызына қасақана вакцина салдырмайтын отбасылар жиi кездесетiн болып жүр. Осындай жағдайды күнделiктi өмiрде кездестiрген сайын мына бiр жайт ойыма орала бередi... Осыдан он шақты жыл бұрын Шымкентте терiс ағымды дiн­дердiң идеясын, дәлiрегi халифат құруды көксегендердiң үгiт-насихат парақшалары көбейiп кеттi. Жұрт әлгi парақшаларды пошта жәшiгiнен, есiгiнiң алдынан тауып алып жатты.
Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығын қорытындылаған “Қазкоммерцбанк” “БТА Банкпен” бiрiккелi берi алғашқы шоғырландырылған қаржылық есебiн жария еттi. Баспасөз мәслихатына қатыс­қан екi банктiң топ-менеджерлерi бiрiктiрiлетiн қаржылық институттардың алдағы жоспары мен бағыт-бағдарымен бөлiстi. “Қазкоммерцбанк” ағымдағы жылдың шiлдесiнде “БТА Банктiң” 46,5 пайыз акциясын сатып алған болатын. Ал “Са­мұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры БТА-ның қалған 4,26 па­йыз акциясын “Қазкоммерц­банктiң” сенiмдi басқаруына бердi. ҚАЗКОМ-ның басқарма төр­айы­мы Нина Жүсiпованың айтуынша, осы мәмiледен кейiн “БТА Банктiң” операциялық басқаруы ҚАЗКОМ-ға өткен.
ТҰҢҒЫШ КЛИЕНТТIК КОНФЕРЕНЦИЯ АШЫҚ-ЖАРҚЫН ӨТТI
Елiмiздегi ең iрi байланыс операторы “Қа­зақтелеком” АҚ компаниясына биыл­ғы Жыл­қы жылы ерек­ше мере­кесiн тарту етiп отыр. Себебi биыл ауқымды компанияның құрылғанына 20 жыл. Елдiң әлеу­меттiк, экономикалық әле­уетiн нығайту мақсатында құрылған компания 1994 жылдан берi тұтынушылардың барлық қажеттiлiгiн өтеп келедi.
Бұл күнде сексеннiң сеңгi­рiне шыққан абыз ақсақал, қазақ әдебиетiнiң кемеңгер өкiлде­рiнiң бiрi, жазушы, жорналшы, қоғам қайраткерi Шерхан Мұртаза ағаның жасаған бiр жақсылығы жайлы айтпақшымын. 1979 жылдың қараша айы болатын. Әкем ақын Ғалым Малдыбаевтың соңғы жылдары жазған өлең-жырларын жиып-терiп Алматыға, “Жазушы” баспасына алып келдiм. Ойым әкемнiң көзi тiрiсiнде бiр жинағын шығарып қалу.

Ақтөбедегi “Қос шынар” қайырымдылық қорының жетекшiсi 79 жастағы Ғалымжан Байдербестiң саналы ғұмыры Әлия Молдағұлованың ерлiгiн дәрiптеумен өтуде. Ол кiсiнiң бұл парызды атқарғанына да 40 жыл толыпты. 10 жылдан берi Ақтөбе – Бұлақ – Абат – Байтақ – Қобыланды бағытымен мектеп оқушылары мен колледж студенттерiн автобуспен аралатумен тұрақты түрде айналысып келедi.

“Жас Алаш” газетiнде жарық көрген Сағатбек Ме­деу­бекұлы мырзаның “Тiлдi ұлтсызданудан қорғауымыз керек” (№63, 14 тамыз, 2014 жыл) деген мақаласына байланысты өз ойымды ортаға салмақпын. Әуелгi айтарым, “айтаман” сөзiн “жүргiзушi” сөзiнiң орнына қолдануға келмейдi. “Жүргiзушi” сөзi әр салада жиi қолданылады, бұл арада тележүргiзушi деуiмiз орынды шығар. Транспорт жүргiзушiлерiн машина айдау­шы, трактор айдаушы деуi­мiз жаңсақ пiкiр сияқты.

Бүгiнгi диплом алған инженерлерiмiз синус, косинус, логарифм түгiлi, қосу мен көбейтудi, кейбiреулерi бiр метрде неше сантиметр бар екенiн бiлмейдi. ҚР Бiлiм министрi мұндайлар барын бiле мe? Депутаттар ше? Үкiмет ше? Математикасыз, физикасыз ешбiр техника өмiрге келмейтiнiн түсiнетiн қазақ қалмағаны ма?
ТӨРТТАҒАНДАР
Тағдырдың пендесiмiн таңбалаған.
Пендесiн аялаған бар ма ғалам?
Бар болса, сол пенденiң тауып бершi
Бiреуiн дәл мендей боп зарламаған.
Батса да нала-қайғы жүрегiме,
Көшiмдi бұрып өтем жыр елiне.
Мұңымды әнiмменен алдандырып,
Қайғымды жығып берем тiлегiме.
Араға ай емес, жыл салып анда-санда атүстi жолыққанда: “Жас Алашқа” жазғаныңды оқып жүремiн. Жалпы жобаң жөн” деп, желпiндiрiп жiберетiн бiр ағам жуырда Ұлытауда өткен ал­қалы жиында “Менiң бiр тiлшi iнiм елбасын құрдасындай “Жас Алашта” жиi-жиi жөнсiз сынайтын болып жүр. Дұрыс емес!” деген сыңайда сын айтыпты. “Бiр шапағаты тиер!” деген есекдәмесi шығар, әйтпесе, Нұрсұлтан Назарбаевқа қорғаушы қат емес екенiн түсiнбейтiн­дей емес!
Джек Лондон – АҚШ-тың ХХ ғасырдағы ең сүйiктi жазушысы. Оның шығармаларының барлығы дерлiк өзiнiң басынан өткен оқиғалардан алынған. Мұны, әсiресе, оның әлемге танылған ең мықты романы “Мартин Иденiнен” де көруге болады. Джектiң анасы аурушаң болады, сондықтан оны қара нәсiлдi әйел – Прентсисс емiзiп, өз баласындай бағып-қағады. Кiшкентай Джек те оны өте жақсы көрiп, “Дженни ана” деп атайды.
Қазақ күресiнен жасөпiрiмдер арасында батыр бабамыз Райымбек Хангелдiұлы атындағы республикалық турнир биыл он бiрiншi рет жалауын желбiреттi. Бiр жылдары байрақты жарыс тоқтап қалып кейiн қайта жалғасын тапқан болатын. Талай апайтөс балуандардың есiмдерiн танытқан аламан жарыс ата күресiмiздi дамытуда орасан үлесiн қосып келедi. Осы жолғы қатысушылардың қатары көбейгенiне қарап турнирдiң беделi жылдан жылға арта түскенiн байқауға болады.
“Ана тiлi” газетiнiң бip санында Ақтөбе облысының Шалқар қаласынан Әбдiжәли Жұмашұлы деген азаматтың “Әнұран мәтiнiне зер салсақ...” атты мақаласы жарияланды. Мақала иeci өте орынды мәселенi көтерген және мәтiннiң көзге ұрып тұрған кемшiлiктерiн күмәнiңiз қалмайтындай етiп негiздеп, яғни, қазақ ұлтының сөйлеу, жазу ерекшелiктерi мен осы күнгi емiле ережелерiне сай мәтiннiң қалай дұрыс жазылуы тиiстiгiн соқырға таяқ ұстатқандай нақпа-нақ тиянақтап берген екен.
Ертең футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы 2016 жылы өтетiн Еуропа чемпионатының финалдық ойынына iрiктеу аясындағы кезектi кездесуiн өткiзедi. Бұл жолғы қарсыласымыз Еуропаның ғана емес, әлемнiң тегеу­рiн­дi құрамаларының бiрi – Нидерланды.
ТӨРТЕУДIҢ ТАРТЫСЫ
Жапонияның Осака қаласында өтiп жатқан халықаралық турнирдiң (Japan Women’s Open Tennis) екiншi айналымында Зарина Дияс испан теннисшiсi Лара Арруабарена Вечиноға қарсы кортқа шығады. Алғашқы айналымда тайвань қызы Юнг Чендi екi сетте жеңгенi үшiн Диястың еншiсiне 3310 АҚШ доллары бұйырды. Турнирдiң жүлде қоры 250 мың доллар.