1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15955) 14 қазан, сейсенбі 2014
Сәкен Сейфуллин –100
15 қазан – қазақтың аса көрнектi жазушысы, мемлекет және қоғам қайрат­керi Сәкен Сей­фуллиннiң туған күнi. Мiне, С.Сейфуллиннiң 120 жылдық мерейтойы да, жазушының өзi айтқандай, “сарыала күзбен бiрге күндi суыта келiп те жеттi”.Ақын, прозашы, драматург, әдебиет зерт­теушiсi, фольклорист-ғалым, композитор, балуан, атбегi... Санамалай берсеңiз, Сәкен Сей­фуллин­нiң бiр басындағы өнердiң өзi бiраз адамға жүк болғандай. Нағыз, сегiз қырлы, бiр сырлы тұлға. Ал көркi ше? Ұлы Абайдың замандасы Базаралы Қауменұлы аса келбеттi, жiгiттiң төресi дерлiк көркем жiгiт болған.
Ресейдiң белгiлi оппозициялық саясаткерi Борис Немцов Фейсбуктегi парақшасына “Путин дегенiне жете алмады, “Новороссия” жобасын тоқтатты” деп жазды. Мұны “Тенгринюс” ақпарат агенттiгi хабарлады. “Путин 17,6 мың жауын­гердi тұрақты орналасқан жерiне қайтаруды бұйырды. Терең тыныстап алып, кейбiр нәрселерге қорытынды жасауға болады. Ол жаныңды түршiктiредi.

Мәжiлiстегi нұротандық депутаттар ендi шетiнен шешен сөйлеуi тиiс. Өйткенi Мәскеуден арнайы шақыртқан Радислав Гандапас деген тәлiмгер қазақ депутаттарының “аузына түкiрiп” бердi. Әйдiк маманның келiп-кетуiне қанша қаржы жұмсалғаны, “түкiрiгiнiң” қаншаға бағаланғаны көпшiлiк үшiн жұмбақ.

Құрметтi азаматтар!
Соңғы кездерi, әсiресе Ресейдiң тәуелсiз Украинаға қарсы жүргiзген ашық агрессиясынан кейiн, Ресейдiң айғайшыл патриот азаматтары мен ұлтшылдық пиғылдағы ұйымдары арасында Георгиев таспасы және өзiн-өзi жариялаған “Новороссия” дегеннiң туы ерекше танымал болды. Бұлар Кремльдiң басқыншылық саясатының жаңа белгi-бедерiне айналды. Жеңiс символы ретiнде дәрiптелген Георгиев таспасының Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа ешқандай қатысы жоқтығын ашып айтамыз. Бұл таспа – Ресейдiң империялық рухының, экспансионистiк алға қойған мақсатының символы, патшаның отарлау саясатының айрықша белгiсi.

Өткен сенбiде, Алматы облысы Райымбек ауданында әлемдiк деңгейдегi жазушының аудандық дең­гейдегi тойы өттi. Балалар әдебиетiндегi Марк Твен, Даниэл Дефо, Гавриил Троепольский сияқты суреткерлермен терезесi тең саналатын Бердiбек Соқпақбаевтың 90 жылдығы осылайша аталды. Алматыдан арнайы барған қырық шақты ақын, жазушы, журналист, өнерпаз

Мемлекеттiк қызмет iстерi және жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң төрағасы Қайрат Қожамжаровтың назарына
 
Алға ауданы, Үшқұдық ауылының тұрғыны Ләззат Оспанова 2013 жылдың 18 шiлдесiнде “Жас Алашта” (№47) жарияланған “Қаржы полицейлерi шектен шығып кеттi” деген мақаламыздан “ме­нiң ар-намысым мен қадiр-қасиетiмдi ластап, шындыққа мүлде жанаспайтын ақпарат таратты” деп Ақтөбе қалалық сотына биылғы жылы екi рет арызданып, моральдық зиян мөлшерi ретiнде
RBK Банкi қызметкерлерi бұдан былай аптасына төрт күн жұмыс iстейтiн болды. Яғни аптасына 32 сағат кеңседе отырады. “Қазанның 6-сынан бастап төрт күндiк жұмыс аптасына ауыстық. Бiрақ жұмыскерлердiң еңбек жалақысы сақталады” деп хабарлады банктiң баспасөз қызметi.

Биылғы жылдың 6 қазанынан бастап “Bank RBK” АҚ филиалдардың бөлшек несиелеу, кассалық қызмет және операциялық бөлiмшелерi сияқты бағыттардағы қызметкерлерi үшiн бұрынғы жалақы деңгейi сақталатын төрт күндiк жұмыс аптасы енгiзiлдi. Алдағы уақытта бас офистi қоса алғанда Банктiң бас­қа бөлiмшелерiн жаңа жұмыс кестесiне ауыстыру жоспарлануда.

Елiмiзде соңғы жылдары енгiзiлiп жатқан бiлiм беру жинақтау жүйесiнiң қаржылық ұтымдылығынан басқа, моральдық жағынан да үлкен артықшылығы бар. Ол әрбiр азаматқа өзiн қамқор ата-ана ретiнде көрсетуге, ал балаға олардың қамқорлығын сезiнiп, ертеңгi күнiне нық сенiммен қарауға мүмкiндiк бередi.

Өткен жылы Бiрiккен ұлттар ұйымының босқындар жөнiндегi комиссары Антонио Гутерришпен кездескенде президент Н.Назарбаев: “Көшi-қон мәселесi бiздер үшiн әрқашанда маңызды, осы жылдар iшiнде Қазақстан он бес мыңнан артық босқынға пана болды” – деп мақтанышпен хабарлаған. Бiрақ неге екенi белгiсiз, босқындарға пана берiп жатқан билiк, өз қандастарымызға келгенде қырсыға қалады.

 “Оңтүстiк Қазақстан” газетi осы аптада 90 жылдық мерейто­йын атап өтедi. Газет тарихы тоқсан жылдан емес, одан да әрiден, дәлiрегi 1920 жылдың 7 желтоқсанында Түркiстан республикасының басқарма комитетi һәм ортақшыл партия кiндiк комитетiнiң атынан Ташкентте аптасына 3 реттен жарық көрген “Ақ жол” га­зетiнен басталады.

“ӨЗБЕКСТАН ӘСКЕРI ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРIНЕН ҚАУҚАРЛЫ” ДЕЙДI САРАПШЫЛАР
Бiршама уақыт бұрын Strategypage.com деген сайт Қазақстанның мақтаулы дейтiн қарулы күштерiнiң қауқарына төмен баға бердi. Жүз пайыздық көрсеткiштен бар-жоғы тоғыз пайызды әзер қиыпты. Әскери дәстүр бойынша он балдан – “екi”, басқару бойынша оннан “бес” деген көңiл көншiтпейтiн баға алыппыз. Бұл мәселеге тағы бiр батыстық зерттеу институты (Global Firepower) шұқшиып көрiп, мынадай тоқтамға келiптi:

“Жас Алаштың редакциясына арызданып келген Айдын Бексұлтанов осылай деп ашына айтты. А.Бексұлтановтың шағымына қатысты мақала бұған дейiн де газетiмiзде жарияланған. Мән-жай түсiнiктi болуы үшiн оқиғаны қысқаша баяндайық. Өткен жылы А.Бексұлтановтың ұлдары Айбек пен Әдiлеттi Серiк Көкенов алдап, “Лексус” жеңiл көлiгi мен “КамАЗ” жүк көлiгiн нотариус Р.Тауасарова

Бiраз уақыттан берi жұрт арасында “Адам­жегiш Николай Жұмағалиев бостандыққа шығады екен” деген әңгiме желдей есiп жүр. Тоғыз адамды өлтiрiп, етiн жеген оған қатысты ғаламторда мынадай әңгiме шықты: “Дәрiгер­лердiң айтуынша, Жұмағалиев өзiн жақсы ұстайды. Бөлiмде жұмысын тәуiр атқарады, қызметкерлерге де көмектеседi. Қоғамға одан келiп-кетер қауiп жоқ...”.

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРI “МИРАНДАНЫҢ ТӘРТIБIН” ЖАТТАЙДЫ
2015 жылдан бастап полицейлер күдiктiнi ұстағанда ең алдымен оған “Миранданың тәртiбi” бойынша құқығын түсiндiруге мiндеттi. “Миранданың тәртiбi” деген не? Бұл – АҚШ-тың заңда көзделген талабы. Талап бойынша, күдiктi ұсталған кезiнде өз құқығын бiлуi тиiс және оған полицейдiң көзi жетуi керек.
Адвокат айыпталушыны ақтап, сотта бүй дедi:
– Құрметтi судья! Айыпталушының менi қорғаушы ретiнде таңдағанының өзi оның есi дұрыс емес екенiн дәлелдейдi! Ал есi дұрыс емес адамды соттауға болмайды!
Өткен аптаның соңында Алматыға халықаралық олимпиада комитетiнiң (ХОК) президентi Томас Бах сапарлап келдi. Алатау бөктерiне алғаш рет ат шалдыр­ған Бах қала әкiмi   Ахметжан Есiмовпен кездесу өткiзiп, спорт­тық нысандармен танысты.  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен баспасөз мәслихатында Томас Бах Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткiзуге мүмкiндiгi мол екенiн де мақтанышпен жеткiздi.

– Бүгiн тапа-тал түсте бiр сұмдық оқиғаның куәгерi болдым. Әлi есiмдi жия алар емеспiн. Жалғыз ұлыма дәл осындай жар кездесетiн болса... Әй, қайдам, не боларымды кiм бiлсiн?!. – дедi аулада кездесiп қалған көршi келiншек. – Қаланың сыртындағы Әйтей ауылында тұратын туысыма барғанмын. Қайтарда автобустың артқы орындықтарының бiрiнде отырған бiр қыз қалаға жеткенше ата-енесiн, қайынапаларын, күйеуiн

ӨРЛЕП КЕЛЕДI
Осакада (Жапония) өткен халықаралық турнирдiң финалында австралиялық Саманта Стосурдан ұтылып, екiншi орынды мiсе тұтқан Зарина Диястың әлемдiк рейтингтегi нәтижесi жоғарылады. Осы уақытқа дейiн әйелдердiң халықаралық теннис ассоциациясының (WTA) рейтингiнде 37-сатыда тұрған жерлесiмiз бiрден 34-орынға өрледi. 

2016 жылы Францияда өтетiн Еуропа чемпионатының финалына iрiктеу аясындағы екiншi ойы­нын сырт алаңда өткiзген бiздiң футболшылар “Амстердам Аренада” жердiң астын үстiне шығара жаздады. Гус Хиддинк баптайтын әйгiлi Нидерланды құрамасы бiздiң жiгiт­тердiң жалын әзер жықты. Ойын басталмай-ақ жеңiстi иемденiп қойған алаң иелерi төрешiнiң ысқыры ес­тiлгеннен лап қойып, дүркiн-дүркiн шабуылдаған.

Samsung компаниясының Galaxy Note смартфондарының артықшылықтарын қолданушылар жақсы бiледi. Ал смартфонның осы түрiн сатып алғысы келетiндер үшiн жағымды жаңалық. 24 қазанда Galaxy Note 4 спасмартфондары Қазақстанда саудаға түседi. 9 қыркүйек күнi Dostyk Plaza сауда үйiнде Samsung Electronics Central Eurasia жаңа смартфонын таныстырды.

Баспасөз – 2015
“Жас Алашқа” жыл сайын үзбей жазыламын. Келесi жылға да жазылудың қамын ойлап жүргенде сырқаттанып, ауруханаға түстiм. Поштаға немеремдi жiберсем “Жас Алашқа” жазылу мерзiмi бiттi, бiздiң ауылға жоғарыдан 5 дана “Жас Алашты” бөлген. Бәрiне тұрғындар жазылып қойды” деп қайтарып жiберiптi. Ауруханадан шыққан соң поштаға барып не себептi тау­сылғанын сұрасам, мардымды жауап бере алған жоқ.