1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15956) 16 қазан, бейсенбі 2014
Кеңес одағы ыдыраған соң, одан бөлiнiп шыққан мемле­кеттiң басына келiп, сол елдi 20 жылдан астам уақыт бойы билеп‑төстеп отырған басшылар санаулы‑ақ. Орталық Азияда бұлар – Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан прези­дентi Ислам Каримов болса, Еуропадағы ондай басшы – Беларусь президентi Александр Лукашенко. Орталық Азияда орналасқан соң ба, алдыңғы екi мемлекет басшысының ұзақ уақыт бойы билiктi бермегенiне Батыс көз жұма қарайды. Бiрақ Еуропада орналасқан Беларуське келгенде, мұндай көзжұмбайлық жүрмейдi.

Президент Н.Назарбаев “Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасы заңына қол қойды. Солай болары айқын едi. Қоғамның қарсылығына қарамаған, халықпен санаспаған билiктiң қатерлi қадамы соңғы нүктесiне жеттi. Тәуелсiздiктiң туы жығылды. Келер жылдың алғашқы күнiнен бастап Қазақстан ендi Ресей, Беларусь мемлекеттерiмен бiр одаққа кiрген елге айналады.

Жылдың басында Brent мұна­йы баррелiнiң құны 107 доллар болса, маусым айының ортасында 115 долларға дейiн қымбаттаған. Мұнай өндiрiп, оны сатумен ғана бюджетiн толтырып отырған шикiзатқа байлаулы елдер алақандарын ысқылай бастағаны сол едi, қазан айының басында мұнай бағасы күрт төмендеп, 90 доллар­ға да жетпей қалды. Ендi мiне, апта басында тағы құлдырады.

Атыраудың қылмыстық iстер бо­йынша мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысының бұ­рынғы әкiмi Бергей Рысқалиевке қатысы бар iстердiң қаралып жатқанына 10 айға жуықтады. Бiз осыған дейiн бұл сотқа екi рет қатысып, екi рет арнайы мақала жазған едiк (“Атырауда сот емес, саяси ойын жүрiп жатыр”, 6 наурыз 2014 жыл; “Сотталушылар мен қорғаушылардың “саяси сценарийге” көнгiсi жоқ”, 24 сәуiр 2014 жыл).

Дәл қазiр “Президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға түсе ме, түспей ме?” деген мәселе күйiп тұрған жоқ. Жалпы, бұл сұрақ Қазақ қоғамында ешқашан маңызды болған емес. Маңызды болмайтын себебi, Назарбаев – Қазақстанның “мәңгiлiк президентi”. “Мәңгiлiк президент” сайлауға түспейтiнiн мәлiмдесе, оның “мәңгiлiгiнде” не мән қалмақ? Оның үстiне, Өзбек президентi Ислам Каримов 2015 жылы сайлауға тағы да түсетiн болды.

Қырғызстан қанша жерден тартыншақтағанымен, Кедендiк одақ­қа кiруге мәжбүр болды. Әсiресе iргедегi Қазақстанның одақшыл ұстанымы қырғыз билiгiн тығырыққа тiреген-дi. Дегенмен, Бiш­кек Ақорда құсап бас-көзсiз қойып кетпей, алдымен әжептәуiр қаржы алғалы тұр. Ол қаржы Қырғызстанның Кедендiк одаққа кiру жөнiндегi “жол картасын” жүзеге асыруға жұмсалмақ.

...Кеңес өкiметi кезiнде ең төменгi зейнетақы – 60 сом, ең жоғарғы зейнетақы мөлшерi – 120 сом болатын. 60 сом ақшамен Қызылордадан Алматыға ұшақпен барып қайтып келетiнсiң, қалтаңда және 10 сом ақша қалатын. Қазiр төменгi зейнетақы 30 000 теңге.

Ата-бабалар аруағына бағышталып берi­летiн астар көбiнесе сенбi не жексенбi күнi берiледi. Кеңестiк кезеңде ауылдық жерлерде таңның атысы, күннiң батысы еңкейген қарттан бастап еңбекке жарамды адамдардың барлығы егiс басында болатын. Сондықтан да жергiлiктi ауыл басшылары науқандық жұмыстар аяқталғанша ас беруге рұқсат бермейтiн.

Биылғы жылдың 6 мамыр күнi шыққан газетте әйгiлi қазақ халқының батыры Рақымжан Қошқарбаев туралы “Аға есiмiн ардақтайық” деген (авторы – Раиса Үмбетбаева) мақала жарық көрген едi. Автор қазақ халқының батыры туралы естелiктер жазып, жақсы ұсыныстар айтқан екен.

Төлеу “Аудиiн” тiзгiн­деп, “халыққа қызмет ету үшiн” адам тасымалдап жүредi. Бiрде Шу қаласы базарының маңынан масаңдау екi жiгiт тоқтатып: “70 теңгемiз ғана қалыпты, автобекетке дейiн жеткiзiп салыңызшы” деп жалынады. Ақкөңiл Төкең әлгiлердi көлiгiне отырғызып, автобекетке жақындағанда бiр бойжеткен қол көтерiп, “40 теңгем ғана бар, Төле би ауылына ала кетесiз бе?” дейдi. Автобекет пен Төле би ауылының ортасы бiраз жер болса керек.

– Оқуды бiтiрген соң Түлкiбас ауданына, өзiм туып-өскен жерге барып жұмыс iстеймiн, – деймiн. Сонда әлгi жерлесiм: – Жүрмексiң бе сол ауылда. Алматыда қал. Адам боласың. Мен ауылға өлiп кетсем де бармаймын, – дейдi. Сонда мен ауданға барсам адам болмаймын ба? Өзiм туған жерде жұмыс iстесем не айыбы бар екен? Әлгi жерлесiм тiптi өзi туып-өскен ауылды да менсiнбейдi. Сонда су iшкен құдығына түкiргенi ме?

Әкемiз Естiбай бiр әке-бiр шешеден үш бала болған екен (Естiбай, Бөстай, Ханшайым). Әкелерi Әкетай (Мұхаметше) Аманжолұлы жас қайтыс болып, олар ерте есейген көрiнедi. Бар ауыртпалық үшеуiнiң мойнына түседi. Сол себептi әкемiз жетiншi кластан оқуын тастап жұмысқа шығып кетедi, ал iнiсi Бөстай ағамыз бен Ханшайым тәтемiз оқуларын оқып, жазғы каникулдарында колхоздың егiс-дала жұмыстарына үлес қосады. 

Апай алдымен оқушыларды түгендей бастады. Көзiлдiрiгiн мұрнының үстiне жабыстырып алып, журналға үңiлдi.
– Айжарықова?
– Апай, ол сабаққа ендi келмейдi, – дедiм мен. Сынып старостасымын ғой.
– Неге келмейдi? – деп сұрады апай.

Қазiргi заманды жайлаған жаһандану үрдiсiнен аман қалудың бiрден-бiр жолы – ұлттық салт-дәстүрдi, ұлттық құндылықтарымызды және ана тiлiмiздi сақтап қалу. Сақтап қалу үшiн не iстеуiмiз керек? Тiлдi, дәстүрiмiздi күнделiктi тұрмыста кең қолдануымыз және басқа ұлттарды да қолдануға мәжбүрлеуiмiз қажет.

Жуырда мен есiмi республикаға белгiлi домбырашы , ту­ма талант, сырбаз да кербез күйшi, айрықша ерекшелiгiмен   кезiнде ұлы Нұрғиса   Тiлен­­ди­евтiң өзiн таң-тамаша қалдырған, қайталанбас құбылыс Қаршыға Ахмедияровты тәнтi еткен Сержан Шәкiратовтың мерейтойына қатысу үшiн Маң­ғыстауға бардым. Әуе­жайдан менi осы өңiр­дiң мәдениетi мен өнерiне ондаған жылдар бойы талмастан тер төгiп келе жатқан Нұрнияз Мұқанов қарсы алды.

ЕРЛIК СЦЕНАРИЙГЕ КӨНБЕЙДI
19 қазан – Қазақстанның Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туған күнi. Қазiргi күнi жер-жерде Р.Қошқар­баевтың 90 жылдық мерейтойы аталып өтiле де бастады. Рахымжан Қошқарбаевқа жасалған қиянат – қиянаттардың iшiндегi ең үлкенiнiң бiрi.
ШИКI ТҰСЫМЫЗ ӘЛI ДЕ КӨП
13 қазан күнi Юрий Красножан баптайтын футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы Чехия футболшыларына 2:4 есебiмен жол бердi. 2016 жылы өтетiн Еуропа чемпионатына iрiктеу аясындағы үшiншi ойын да мерейiмiздi биiктетпедi. Рас, жiгiттер барын салып, жаныға ойнады.
ҚАҚТЫҒЫС БОЛДЫ
2016 жылы өтетiн Еуропа чемпионатының iрiктеуiндегi бiр ойын аяқталмай қалды. “I” тобындағы Сербия құрамасы Белградта Албанияны қабылдаған. Бiрiншi тайм барысында Албания туын стадион үстiмен алып ұшқан аппарат алаңға қонғанда серб футболшылары туды тысқары шығарып тастаған. Сол мезетте албан футболшылары “ашуына мiнiп” қақтығыстың туындауына себепкер болды.
ҚАЗЫНА ТАУЫП АЛДЫ
Шетелдiк зейнеткерлер төсек тартып жатып қалмаса, тыныш отыра алмайды, әйтеуiр. Қартайғанда ел, жердi аралайды немесе... Жақында Дамфрис графствосында (Шотландия) Дерек Макленнан деген зейнеткер жерге көмiлген қазына тауып алды. Жай қазына емес, викингтердiң асыл көмбесi.

Бiздiң зейнетақымыздың қанша екенiн бiлесiздер ғой. Ардагер деген атымыз болмаса, ардақталар жайымыз жоқ. Қалтасы тесiктi кiм құрметтесiн. Немереңе сұраған тәттiсiн әпере алмасаң, ол да бейшаралық. Күн өткен са­йынғы қымбатшылық та титықтатып бiттi.