1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15959) 28 қазан, сейсенбі 2014
“ВАЛДАЙДАҒЫ” БӘЛДУ-БӘЛДУ ТАҒЫ БIР СОҒЫСТЫҢ БАСЫ МА?
Ресей президентi В.Путин Сочиде “Валдай” пiкiрталас клубында сөз сөйлеп, жиын­ға қатысушылардың сұрағына жауап бердi. Путиннiң айтқандарының түгелге дерлiгi Батыс елдерiне, дәлiрегiнде, АҚШ-қа бағытталды. Сарапшылар Ресей президентiнiң сөзiн Черчильдiң Фултонда айтқан сөзiмен салыстырып жатыр. Черчильдiкi не сөз едi? 1946 жылы 5 наурызда Черчиль Фултонда (АҚШ, Миссури штаты) коммунизмдi айыптап, Кеңес одағын сынаған.
Герольд Бельгер – 80
Герольд Бельгер секiлдi, яғни аталары мен әкелерi Қазақстанға өзге елден қоныс аударып келгендер аз емес. Бұлардың iшiнде жазушылар да бар. Мәселен, бiз Қазақстанда туған немiс, поляк, ев­рей, орыс, кәрiс, украин, татар жазушыларын бiлемiз. Қазiргi күнi Мәскеуде тұратын, “Сiз Қазақстанда, оның iшiнде Өскеменде туылған екенсiз ғой?” деген жур­налистiң сұрағына “Мен – орыс жазушысымын!
ГЕНЕРАЛ ЕСЕТОВТIҢ ӨЛIМIНЕ ЖОЛАМАНОВТЫҢ ҚАТЫСЫ БАР МА?
Ұлттық қауiпсiздiк қызметiнiң баспасөз орталығы Шекара қыз­­метiнiң директоры Нұрлан Жоламановтың ұсталғанын хабарлады. Ол “қызмет бабын асыра пайдаланды” деген күдiкке iлiн­ген. “Қазанның 27-сi күнi ҰҚК-нiң өзiндiк қауiпсiздiк бөлiм­шесi ҰҚК Шекара қызметiнiң жұмысын тексердi. Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшiн лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық iс қозғалды”, – деп хабарлады ҰҚК.

Келесi жылдың соңында, дәлiрек айтқанда желтоқсан айынан бастап елiмiздегi перзентханаларда “бэби-бокс” қораптары қойылады. Бұл туралы газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнде (№83 (15957) 21 қазан, 2014 жыл) хабарлағанбыз. Осы мәселеге орай мамандар мен қарапайым азаматтардың пiкiрiн бiлмекке сұрау салдық. Сiз қалай ойлайсыз, “Жас Алаштың” қадiрлi оқырманы, тастанды балаға арналған арнайы қораптардың қажетi бар ма?

Өткен аптада ресейлiк “Медуза” сайтының журналисi Илья Азардың Шығыс Қазақстанға арнайы сапармен келiп, “Өскемен халықтық республикасы. Қазақстандағы орыстар “сыпайы адамдарды күте ме?” атты репортаж дайындағанын жазған едiк. Әлеуметтiк желiлерде наразылық тудырған мақаладан соң жаңа сайт iле-шала бұғауланып тасталды. Бiрақ Қазақстанның iшiне сына қаққысы келетiн репортаждың шуы мұнымен басылмады.

Атын естiгенде адам баласының аза бойы қаза болатын “атом” деген төрт әрiптi бiз тек қасiрет пен ажал әкелетiн дүние деп қана ұғамыз. Ал оның бейбiт тiрлiктегi пайдасы мен зияны жайлы әңгiме шынын айтсақ, көп қозғала бермейдi. Осыдан болар, Қазақстанда Атом электр станциясы салынады деген сөз шыққалы, ел iшi тағы да бiр елең етiп, түрлi пiкiрлер ай­тылып жатқанын да бiлемiз.

КӨНЕ СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН САҚТАП ҚАЛУҒА КӨҢIЛ БӨЛЕЙIК
Қазақ даласындағы материалдық мәдениет ескерткiштерiн қайта тiзiмдеп, мемлекеттiк реттеу Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң ұйымдастыруымен өткен басқосуда бiр пысықталды. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инс­титутының директоры, т.ғ.д., профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесi Ханкелдi Әбжанов:
Қазанның 24-i күнi Лионның апелляциялық соты қашқындағы банкир Мұхтар Әблязовтi экстрадициялауға санкция бердi. Осылайша алдыңғы инстанция – Экс-ан Прованс соты шығарған үкiм заңды болып танылды. Әблязовтiң экстрадициясын Франциядан Ресей және Украина талап еткенi белгiлi. Лион соты өз шешiмiнде Ресейге басымдық бердi.
Келесi жылы екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталғанына 50 жыл толады. Бұл күндерi сұм соғысты өз көзiмен көрген ардагерлердiң қатары сиреген. Қолына қару ұстап, жанын пида еткен ер азаматтарымыздың арасында нәзiк жанды қыздарымыз да болғаны мәлiм. Солардың бiрi емес, бiрегейi – Бибiнұр Тынысбекова. Б.Тынысбекова 1942 жылы аудандық соғыс комиссариатына майданға жiберудi өтiнiп жазған арызы бойынша әскерге шақырылады.
Тұңғыш кәсiби фотожурналист 85 жаста
Нұрғожа Жұбанов 1929 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылында өмiрге келiп, Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданына қарасты Қызылжар орта мектебiнде бiлiм алған. 1956-61 жылдар аралығында бұрынғы С.М.Киров қазiргi әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiн журналист мамандығы бойынша аяқтаған. 1961-90 жылдары “Қазақстан әйелдерi” журналында әдеби, кейiн фототiлшi қызмет­терiн атқара жүрiп, өзi бiлiм алған университетте студенттерге дәрiс оқыған.
Герольд Бельгер – 80
Қазақтың үлкен-кiшiсi, өзi­нiң құрбы-құрдастарына дейiн ол кiсiнi “Гер-аға” дейдi. Неге? Өйткенi Ол – ағалыққа жасымен ғана емес, қадiрлi басымен жеткен адам. Әдетте “аға” деп сый-қадiрi ерекше, талантына кiсiлiгi сай кемел болмысымен өзiн айналасына тәнтi етiп мойындатқан адамды атайды. Мiне, бiздiң Гер-ағамыз да – тазалық пен даналықтың биiгiне көтерiле бiлген сондай бiрегей тұлға.

ФОТООЧЕРК – дегенiмiз ағылшын тiлiнен аударғанда “фототарих” деген мағынаны бiлдiредi. Яғни өмiрде  өтiп жат­қан жылдар тiзбегiнiң көрiнiстерiн, айқын және нақты көрсетiп тұратын суреттер жиынтығы. Фотоочерк бiрнеше суреттен құралады. Фотоочерк бiр тақырып, бiр арқаумен бiрлескен көптеген кадрдан тұрады. Фотосуреттер бiр-бiрiмен тiз­бек­телiп, болған оқиғаның баяндаушысы қызметiн атқарады. 

Сенатта қазақы жүрек, қазақы намыс, ұлтжанды, батыл, ел иесi қазақ екенiн бiле­тiн сенаторлар көбiрек болса екен деп ойлаймын. Әлемдегi күллi мемлекет, мәселен, орыс, немiс, вьетнам, өзбек, грузин, латыш, украин, молдавандар сияқты... Бiзге өзге диаспоралармен сыйласу, санасу керек, әлбетте. Өзiңдi сыйлау –өзгелердi бөтенсiту емес. Бiздi өзге халықтар сыйлайды ғой. Ресей, мәселен, қазақтарды қазақстандық емес, қазақ деп атайды.

“Қазақтың көшпелiлiк мәдениетi” атты бұл фотоальбом – менiң фотосуретшi кәсiбiмен шұғылданған 50 жылдық өмiрiмнiң iзi. Өмiрден түйгенiмдi, фотоға түсiргенiмдi тиянақтап, ұрпақтың игiлiне жарасын деген ниетпен фотоальбом шығару iсiн 10 жыл бұрын қолға алған едiм. Альбомды шығарудағы мақсатым – қазақтың көшпелiлiк өмiрiнiң суретiн тарихқа таңбалау.

25 қазан күнi Павлодар қаласындағы “Астана” мұз сарайында қазақ күресiнен “Әлем барысы” турнирi өткенiнен ел-жұрт хабардар. Қазақ күресi федерациясының президентi Арман Шораевтың ұсынысымен қолға алынып, спорт сүйер қауым қуана қолдаған “Қазақстан барысы” жыл сайын жоғары дәрежеде өтiп келедi. Сондай-ақ, былтырғы жылы Тараз қалысында “Еуразия барысы” турнирi ұйымдастырылды. Биыл мiне, әлемдiк деңгейде өтiп отыр.

Ең алдымен, Қазақ күресi федерациясының президентi Арман Шораев бастаған ұйымдастырушы азаматтарға, төрешiлер қауымына алғысымды айтамын. “Әлем барысы” әлемдiк деңгейде өттi. 35 елден спортшыларды шақыртқан соң олар таңдай қағатындай сайыс ұйымдастыра алмасақ елдiгiмiзге сын болатын едi. Өзiмiз де 25 жылдай қазақ күресiнен жастарды баулып бапкерлiк салада еңбек еттiк.

– Билетке қолы жеткен көрермендер “Астана” мұз кешенiнен көрсе, көпшiлiгi теледидардан тiкелей эфирден тамашалады. Турнир жоғары деңгейде өтпесе, әлемнiң тегеурiндi балуандарының бiрi сүрiнiп, бiрi бәйге ала ма? – Қазақ күресiнен республикалық турнирде топ жарып жүрген, тiптi әлем чемпионы атанған Бейбiт Ыстыбаевтың ширек финалда дзюдодан әлем чемпионы чех