1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15961) 4 қараша, сейсенбі 2014
Қызықтың көкесi ендi басталады. Қайтсе де қысқы Олимпиаданы Алматыда өткiзгiсi келетiн қазақ билiгi ендiгi жерде гей-шеруге тосқауыл қоя алмайды. Жалғыз гей емес, лесбиянка, трансген, бисексуал секiлдi жын иектегендердiң “құқын бұзбайды”. Өйтсе, Олимпиада өткiзуге үмiткер қалалардың бәрiн “қоғадай жапырып” келген Алматының өзi қатардан кетiп, тiзгiндi Бейжiңге “шаппай беруi” керек. Ал оған халқының ыңыршағы шығып тұрса да, ырду-дырду өткiзуге құмар қазақ билiгi көне салады деп ойлайсыз ба?
Африка құрлығының батысындағы Буркина-Фасоның халқы елдi 27 жыл бойы басқарған президентiн тақтан тайдырды. Оған себеп – онсыз да елдi ұзақ уақыт билеген мемлекет басшысы Блэз Компаоренiң конституцияны өзгертiп, тағы бiр президенттiк сайлауға түсуге ниеттi болуы. Буркина-Фасоның 63 жастағы президентi – елдi ең ұзақ мерзiм билеген диктатор.
ДОНБАСТАҒЫ ЗАҢСЫЗ САЙЛАУДЫ РЕСЕЙ МОЙЫНДАДЫ
Қарашаның 2-сi күнi Донбаста сайлау өттi. Бұл сайлауға Ресей, АҚШ, Еуроодақ және Бiрiккен ұлттар ұйымы ресми бағасын бердi. Ресейдiң сыртқы iстер министрлiгi былай деп жақауратыпты: “Бiз Украинаның оңтүстiк-шығысындағы халықтың ерiк бiлдiруiн сыйлаймыз. Жалпы алғанда, сайлауды жақсы ұйымдастырған және сайлаушылар көп қатысты.
Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбековтiң орынбасары Мүсiлiм Өмiрияев парамен ұсталып, қамауға алынған кезде Мамытбеков: “Егер оның қылмысы дәлелденсе, өз еркiммен орнымнан кетем” деген едi. Қылмысы дәлелдендi деп, оған сот үкiм шығарды. Бiрақ А.Мамытбеков әлi орнында. Кететiн түрi жоқ. Сенатор Мұхтар Алтынбаев өз сұхбатында Мамытбековтi қолдап, оны “крепкий хозяйственник” атады.
ҚАЗАҚСТАН ҚАТ ЖАНАРМАЙДЫ БЕЛАРУСЬТЕН АЛДЫРМАҚ
Шендiлердiң “бензин қоры жеткiлiктi” деген уәдесiне қарамастан, жанармай әлi де қат. Энергетика министрлiгi 1 қарашадан бастап жанармай тасымалы жолға қойылатынын мәлiмдедi. Ал “ҚазМұнайГаз” Өнiмдерi” бензиндi әзiрбайжандық компаниядан алдыртатынын айтты.
Арал ауданының Аралқұм ауылында елден ерекше бала бар. 11 жасар Ербосын Серiк­баевтың емшiлiк қасиетiн бүгiнде дүниенiң төрт бұрышы естiдi десек қателесе қоймаспыз. Ойын баласының күн ұзағына шыбық мiнiп шапқылауды емес, қамшы ұстап, домбыра тартып зiкiр салуды бастағанына жарты жылға жуықтап қалды. Осы уақыт аралығында 20 мыңдай науқасты қарап үлгерген Ербосынмен жолығып, тiлдесiп қайтқан болатынбыз. Аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықтағы Аралқұм ауылы темiржолдың бойына орын тепкен.
Қамшының сабындай ғана ғұмырында мынау қара жер бетiне жақсылықтарды мейлiнше көбiрек жайып, жамандықтарға жұмсақ мiнезiмен-ақ тос­қауыл жасауға ұмтылып, ғұмыр кешкен бiр бауырымыз жайлы ақиқи сөздердi жеткiзуiмiздi жөн көрдiк. Одан замандастарымыздың ұғары мол болар деген ойдамыз.
Шығыс Қазақстан облысы елiмiздегi көпұлтты аймақтың бiрi саналады. Облыс орталығы Өскеменнiң өзiнде қазақ ұлты 30 пайыздық үлеске жетер-жетпес. Есесiне, бұл аймақта өзге ұлт өкiлдерi қалың шоғырланған. Сондықтан да басқа өңiрлерге қарағанда Шығыс Қазақстанда ұлтаралық мәселе басты тақырып саналады. Оған қоса облыстың шығысы Қытаймен, ал солтүстiгi Ресеймен шектесетiнi тағы бар.
Алматылық жанармай құю бекеттерiнде тағы да бензин тапшылығы басталды. Кейбiр бекеттерде АИ-92 маркалы бензинi тек түбiртекпен ғана сатылса, ендi бiрiнде көлiктер ұзын-сонар кезекке тұрған. Қажеттi жанармайын сатып алу үшiн созылған мұндай кезектi сағаттап күткен жүргiзушiлердiң жоғары жаққа өкпесi қара қазандай.

Жер бетiндегi құпиясы әлi күнге дейiн ашылмаған, жұмбаққа толы киелi мекендердiң бiрден-бiрi – Пасха аралы. Тынық мұхитының оңтүстiк бөлiгiнде орналасқан арал Чилиге тиесiлi. Пасха – құрлықтан ең алыс орналасқан арал. Оның Чилиге дейiнгi қашықтығы 3514 шақырымға тең. Жергiлiктi халық Рапа-Нуи деп атайтын аралда бүгiнде небәрi 5800-ге жуық адам тұрады. Бiрақ аралдың ең басты құпиясы – жанартау жынысынан жасалған тас мүсiндер.

Осыдан он мың жыл бұрын Жер бетiндегi халықтың саны 10 миллион болса, бiздiң дәуiрiмiздiң басында адам саны 200 миллионға жеттi. 1650 жылға қарай бұл көрсеткiш 500 миллионнан асып түстi. XIX ғасырға дейiн адам саны       1 миллиардқа жуықтаса, одан кейiнгi кезеңдерде геометриялық прогрессиямен өстi. Бүгiнде әлемде 7,2 миллиард адам өмiр сүредi. Бiрақ адам саны өскен сайын ғаламшар проблемасы да еселене түстi. Адамзат саны жыл сайын 2 пайызға өссе, әрбiр 35 жыл са­йын бұл сан еселене түседi. Адам саны артқандықтан, азық­түлiктi тұтыну көрсеткiшi де өседi.
3D принтерлердiң адамзатқа ұшан‑теңiз пайда тигiзетiнiне өзiмiз куәмiз. Оның көмегiмен бүгiнде көлiк, тiптi үйдiң бөлшектерiн басып шығарып жатыр. Ендi осы 3D биопринтерлерiнiң көмегiмен адам органдары басылып шығатын күн алыс емес. Ресейлiк ғалым, биолог, “3D Bioprinting Solutions” биотехнологиялық зерттеулер зертханасының жетекшiсi Владимир Миронов келесi жылдың 15 наурызында 3D биопринтерiнiң көмегiмен қалқанша безiн басып шығарып, оны егеуқұйрықтарға салып көрмек.
БАЙҚОҢЫРДАН ТАҒЫ “ПРОТОН” ҰШЫРЫЛАДЫ
Ресей 28 қараша күнi Байқоңырдан Astra 2G байланыс серiгi бар “Протон‑М” зымыранын ұшырады. Мұны да сол баяғы “Хруничев атындағы мем­лекеттiк ғылы­ми‑өндiрiс ғарыш орталығы” жасап шығарды. Салмағы алты тонналық Astra 2G геостационарлы серiгiн ғарышқа “Протон‑М” зымыраны мен “Бриз‑М” жүрдек блогы жеткiзедi деп жоспарлануда. Бұл – осымен Байқоңырдан ұшырылатын 400-iншi “Протон” болмақ.
Бұрнада айтқам, жазғам, ұлы ұстазым, профессор Бейсенбай Кенже­баев менi он сегiз  жасымнан бастап қамқорлығына алған едi, 1962 жылы университеттi тәмамдаған кезiмде, ректордың алдынан өтiп, Оқу минис­трiне дейiн барып, арнайы бiр орын сұрап алып, аспирантураға түсiрдi. Бекiтiп берген тақырыбы – “Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет” деп аталатын. Iлкiде ғана әжептәуiр қабiлетi бар бiр аспиранты түбiне же­те алмай кеткен екен, ендi сенiмi соншама, бала деп аямастан, менi осы қиынға салды. Амал жоқ, тыпырлауға тура келген.
Жапырақтар... жаңғырықтар...
Тырналар.
Жүрегiңде бебеу қағып жыр қылар.
Сағынышың жас толтырса жанарға,
Жыршыл үндi, сыршыл әуен Сырға бар!
Сонда саған сыршыл үндер сырнайлы,
Махаббатың жайлы бiр ән жырлайды.
«ТОСЫННАН ТҮСIРГЕН САЙЛАУ ПЕРНЕБАЕВ»
Қазақтың мәдениет, әдебиет, өнер адамдарын ең көп түсiрген фотосурет­шi кiм? Әрине, қазақтың белгiлi фотосуретшiсi
Сайлау Пернебаев. Кеше Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойы аясында Сайлау Пернебаевтың 75 жылдығына орай “Тосыннан түсiрген Сайлау Пернебаев” атты фотокөрме өттi. Бұл фотокөрмеге мар­құм С.Перне­баевтың жазушылардың өздерiн және жазушылардың өмiрiнен түсiрген фотосуреттерi қойылды.

Apple компаниясының негiзiн қалаушы, миллиардер Стив Джобсты туған ата-анасы тәрбиелеген жоқ. Оны дүние есiгiн аша салысымен он жыл бала сүйе алмаған отбасы – Пол Джобс пен армян қызы Клара Агопян асырап алған-ды. Обалы не керек, ерлi-зайып­тылар Стивтi де, содан кейiн асырап алған қыздары Патты да жақсы көрдi, олардан мейiрiмдерiн аяған жоқ. Бiр қызығы, Стив ата-анасының өзiн асырап алғанын бiлдi. Пол

8 қарашада түңлiгi түрiлетiн ауыр атлетикадан әлем чемпионатына жаһанның әр қиырынан 600-ден аса ауыр атлет келiп, тау көтерген толағайлар Алатаудың етегiнде күштерiн көрсетедi. Осынау әлем бiрiншiлiгiне Алексей Ни бастаған бапкерлер өңшең үздiктерiн қоспақ. 2012 жылы Лондон олимпиадасында топ жарған төрт бiрдей жерлесiмiзге (Илья Ильин, Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло) қоса жас таланттар да бақтарын сынайды.
КУБОК КIМГЕ БҰЙЫРДЫ?
Астанада күрес түрлерiнен Қазақстан кубогы үшiн сайыс өттi. Грек-рим күресi бойынша ел кубогы Алматы облысының балуандарына бұйырды. 14 облыс пен Алматы, Астана қаласының құрама командалары арасынан озық шыққан Алматы облысының спортшылары жартылай финалда 5:3 есебiмен астаналық қарсыластарын жеңсе, финалда Алматы қаласының үкiлеп қосқан спортшыларын жықты.
Бiз – алданған халықпыз. Бiздi ұзақ жылдар бойы алдады: “1970 жылы коммунизмнiң табалдырығын аттап, iшiне енемiз...” және т.с.с. Өткендi қоя қояйықшы, бiздi қазiр де алдап жатыр. Халықтан жағымсыз хабарларды жасырып қалу деген не? Алдау. Болған оқиғаның шындығын айтпау ше? Бұл да – алдау. Түптiң түбiнде алдаған да, алданған да оңбай ұтылады.