1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15962) 6 қараша, бейсенбі 2014
Бұдан отыз жыл бұрын режиссер В.Пұсырманов пен В.Чугунов “Тоғызыншы ұлдан сақтан” деп аталатын көркем фильм түсiрдi. Қазақ фольклоры мен аңыз-әпсаналарының желiсi арқау болған кинофильмнiң қысқаша сюжетi мынадай: жауыз сиқыршы Тасболдың әмiрiмен тасқа айналған әкесi мен сегiз ағасын iздеп шыққан Еркенже зұлым күштi жеңiп, жақындарын босатады... Бұл фильмдi не үшiн мысал еткенiмiздi және “Авгийдiң ат қорасын” не үшiн тақырыпқа шығарғанымызды мақаланың соңында баяндаймыз. Алдымен негiзгi айтпағымыз – Қорғаныс министрлiгi төңiрегiндегi әңгiмеге төтесiнен тартайық.
Саяси әлемнiң тамыршылары әлдебiр дүбiрдiң жақындап келе жатқанын сезетiндей. Ақордадағы соңғы ауыс-түйiстер әркiмнiң көңiлiне түрлi ой салды. Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директорлығына Ерлан Қаринның тағайындалуын да кезектi науқанға дайындықтың есебiне балағандар көп. Бұған ендi билiктiң қазаққа қарайлас мәсе­лелердi қаузай бастағанын қосыңыз. Осының бәрi айналып келгенде “Ақорда президент сайлауына әзiрленiп жатыр ма?” деген сауалды күн тәртiбiне шығарды.
«ӘЛИЕВ КIНӘСIНIҢ ДӘЛЕЛI БАР» ДЕЙДI ВЕНА ПРОКУРАТУРАСЫ
Австрияның der Standard басылымы дүйсенбiлiк нөмiрiнде Вена прокуратурасының Әлиевтiң кiнәсiн дәлелдегенiн хабарлады. Осылайша қазақстандық екi банкир – Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасеновтiң өлiмi бойынша жүргiзiлген тергеу аяқталуға жақын. Газеттiң жазуынша, бұл жөнiндегi есеп Австрияның әдiлет министрлiгiне тапсырылды.
«ОҚЫРМАНҒА ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ ӨЗIҢ ҚОРҒА» ДЕУ «АРАНДАТУ» МА?
“Жас Алаш” газетi жыл сайын осы мезгiлде ел аралауға шығады. Дәстүр солай. Мақсат – оқырмандармен бетпе-бет жүздесiп, пiкiр алысып, ой бөлiсiп, басылым мен оқырман арасындағы байланысты нығайту. Өткен аптада “Жас Алаш” газетi бас редакторының орынбасары Ерiк Рахым, Оңтүстiк Қазақстан облысындағы меншiктi тiлшi Ғалымжан Елшiбай, Жамбыл облысындағы меншiктi тiлшi Нұрболат Әлдибек Жалағаш және Жаңақорған аудандарында болды, газет оқырмандарымен кездестi.
Өткен қазан айының соңында “Youtube” порталында Павел Астахов дегеннiң “Павлодар (Павлоград) орыстары, қосылыңдар!” деген атаумен екi минуттық бейнеролигi шыққанынан оқырман жұртшылық хабардар. Қазiр бұл бейнебаян интернет пайдаланушылар мен жалпы жұртшылық арасында қызу пiкiрталас тудырып жатыр.
Тiрi болса, бұл күндерi алпысқа келiп, бәрiмiз бiрге мерейтойын дуылдатып өткiзiп жатқан болар едiк. Бiрақ ол дүниеден ерте кеттi. Өкiнiштiсi де сол. Тельман Жанұзақов елуiншi жылдардың ортасынан қазақ журналистикасын жаңа белеске көтерген жастардың бiрi едi. Оның қаламынан көптеген мақалалар, көркем очерктер туды. “Лениншiл жас” газетiндегi Брест қаһармандары, Магниткада жүрген қазақ жастарының өмiрi туралы очерктерi көзi ашық оқырмандардың әлi есiнде.
Ресейлiк “Жинақ банкiнiң” Қазақстандағы еншiлес ұйымы – “Жинақ банкi” АҚ ЕБ Ақтау халықаралық теңiз сауда портының солтүстiк бағытқа қарай кеңейту жобасын қаржыландырады. Бұл жобаның жалпы     құны – 208 миллион доллар. “Ақтау теңiз солтүстiк терминалы” – “Қазақстан темiр жолы” ұлттық компаниясының еншiлес кәсiпорны.
Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 80 жыл толуына және “Қазақ әдебиетi” газетiнiң 80 жылдық мерейтойына орай елiмiздiң ақпарат саласында еңбек етiп жүрген бiр топ қаламгерлер мен журналистер марапатталды. Соның iшiнде белгiлi публицист, талантты журналист, “Жас Алаш” газетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысындағы меншiктi тiлшiсi Ғалымжан Елшiбайға “Ақпарат саласының үздiгi” төсбелгiсi тапсырылды.

New York Post басылымы өткен айдың соңында “Ресей президентi Владимир Путиннiң денсаулығы мәз емес” деп хабарлады. Басылымның тiлшiсi Ричард Джонсон әлдебiр құпия ақпарат көзiне сiлтеме жасап, былай деп жазыпты: “Ресей президентi Владимир Путин қатты науқас. Ол жұлын обырына шалдыққан. Путиннiң тездетiп Украинаны жаулап алмақ болып жатқаны да содан. Күнi кешеге дейiн Путиндi КГБ-да қызмет етiп жүрген кезiнде

Қазiргi заманда адамдардың адамдық қасиетi майдаланып бара жатыр. Газет-журналдар мен теледидардан күмiс, алтын тойларын өткiзгенiне мәз болып, алған медальдарын санап, кеш өткiзгенiн жар салып, өз-өзiн жарнама жасайтындардан көз ашпай келемiз. Әрине, көпке топырақ шашуға болмас. Ел алдында жүрген, үлгi тұтар, соларға қарап бой түзер ағаларымыз бұрын да бол­ған және қазiр де бар екен.
Биылғы жылдың ақпан айының аяғында Ұзынағаш ауылында өткен “Жыр алыбы – Жамбыл ата” атты республикалық оқушылар айтысына шәкiртiм Мадиярды апарған едiм. Есенқұл аға тiрi болғанда шәкiртiме ақындықтың қыр-сырын үйрететiн едi. Амал қанша, бiреуге ерте, бiреуге кеш келетiн ажал ағаны ерте алып тынды. Осыдан он жыл бұрын исi қазаққа аты мәшһүр ақын Есенқұл Жақыпбек
Қазiргi жергiлiктi сайлау комиссияларының құрамына қарап отырып күлесiң және басыңа мынадай ой келедi. Алдымен сол комиссия мү­шелерi өздерiнiң комиссия құрамында бар-жоғын бiле ме екен? Оны кiм ұсынды? Екiн­шiден, комиссия мүшелерi мүйiзi қарағайдай бiр-бiр сая­си партияның мүшесi болып шыға келген. Шынында да, ол сол партияның мүшесi ме, партиялық билетi бар ма, ай сайын мүшелiк жарна төлеп тұра ма?
Тау баурайына сұғына орналасқан табиғаттың әсем бесiгiнде тербелген шағын ғана Иiрсу ауылында дүниеге келген Бекежан Әлтеев аға­мыздың қара торы жүзiнен үнемi мейiрiмдiлiктiң шуағы төгiлiп жүредi. Өзi қапсағай денелi, ширақ қимылды кiсi.  – 1938 жылы жер жаннаты атанған Түлкiбаста, оның iшiнде Иiрсу ауылында дүниеге келiппiн, – дейдi Бекежан аға өткен жылдарын еске алып,

Ақмола облысының кәмелет жасына толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соты ағымдағы жылдың қыркүйек айында адам өлтiрген бiр топ қылмыскер­лердiң iсiн қарады. Онда 16-35 жас шамасындағы төрт жiгiт 20 жастағы бiр жiгiттi “ұялы телефон ұрладың” деп айыптап, аяусыз жазалаған. Жазалауды артқы тiк iшегiне бөтелке тығудан бастап, қинап, ақырында баланы өлтiрiп тынумен аяқтаған. Осы iске

Келесi жылы елiмiз Қазақ мемлекеттiгiнiң 550 жылдығын тойлайтын болды. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активiмен кездесуде атап өттi де. Мемлекет басшысының лебiзi бәрiмiздi қуантты. Өйткенi өзiм де көптен Қазақ хандығының iргетасы қаланған киелi Шу өңiрiнiң Қозыбасында (Хантау маңы) 555 жыл толуы құрметiне Керей және Жәнiбек хандарға ауданымыздың көрiктi жерiне ескерткiш орнату жайлы “Жас Алашта” бiраздан берi жазып келемiн. Тiптен, бiр ғана Шу атауының өзенде де, қалада да, ауданда да қайталана аталып тұрғандығынан Шу ауданына Керей ханның атын беру жайлы да жазған едiм.

Көбiне “Қазақстан” деген жазуы бар ою-өрнектi дүниелердi Қытай, Қырғызстан немесе тағы басқа да елдер шығарып, бiзге сатып отыр. Ал қазақстандықтар бұл тауарларға қызығып сатып алып жатыр. Мұны шетелдiк кәсiпкерлер бiледi. Ал бiздiң кәсiпкерлер бұл жайдан хабарсыз немесе мұндай өнiм шығаруға құлықсыз. Елiн сүйген азамат ретiнде елiмнiң аты жазылған бұйымды сатып алып та жүрмiн.

Әйгiлi Балуан Шолақтың қазасы жөнiндегi пiкiрлер де әртүрлi. Мәселен, Сәбит Мұқанов Балуан Шолақты “1916 жылы қаза тапты” деп есептейдi. Және де оның “тасадан атылған оқтан қаза тапқанын” айтады. Балуан Шолақтың дүниеден 1919 жылы өткенi – бұл күнде дәлелденген ақиқат. Десек те, Балуан Шолақтың өлiмiнiң себеп-сыры жөнiнде әлi бiрiздiлiк жоқ. Жақында ғана белгiлi жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбiт Қойшыбаев Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына орай
ҚАРТ ҚАЛАМГЕРДIҢ ТАҒЛЫМДЫ МҰРАСЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Жақында белгiлi қарт жазушы, ақын, журналист Дулат Шалқарбаевтың (1923–2012) өзi өмiрiнiң ақырғы жылдарында дайындаған соңғы кiтабы “Рух БГ” баспасынан жарық көрдi. Жинақ жазушы Бейбiт Қойшы­баевтың алғысөзiмен ашылған. Дулат Шалқарбаев ширек ғасыр бойы аудандық, облыстық газеттерде, кәсiптiк бiлiм беру және мәдениет салаларында табысты қызмет атқара жүрiп, көркем шығармашылықпен де үзбей шұғылданды.

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Қалихан Ысқақтың дүниеден өткенiне жүз күн толыпты. Қазақтың сөз өнерiн өзiнiң құнарлы тiлiмен биiк белеске көтерген, қазақ әдебиетiне сүбелi үлес қосып, артына өлмес мұра қалдырған қайталанбас суреткер едi ол. Алтайдың киелi топырағынан жаралған аяулы аға өзiнiң

Үлкен шаһардың айналасы жыпырлай салынған саяжайлар. Осы бiр кiшiгiрiм қалашық кешегi кеңес заманынан қалған көненiң көзi iспеттi. Бертiнге дейiнгi қожайындары тарихи отандары – Ресейге, Германияға қоныс аударып, мүлiк-мүкәмалдарын жергiлiктi қазақтарға сатып кеткен. Сол сатып алушылардың бiрi – Бораштың отбасы. Баршын екеуi елдегi даңғарадай үй мен азын-аулақ малды сатып, саяжай алған.
23 қараша – қазақтың даңқ­ты ұлы, таеквондодан 6-дан қара белбеу иегерi Мұстафа Өзтүрiктiң өмiрге келген күнi. Биыл арда азаматтың 60 жылдық мерейтойы. Жат елде туып, елiне азамат болып орал­ған Мұс­тафа ұзақ өмiр сүрген жоқ, 41 жасында жалған дүние жанарынан көштi де кеттi. Оғлан ұлдың артына қалдыр­ған өлмес мұрасының шоқтығы биiгi – атажұртына таеквондо спортының дәнiн себуi. Мұс­тафаның мекте­бiнен түлеп ұшқан шәкiрт­тер бұл күнде елiмiздiң намысын абыроймен қорғап жүр.
Оңтүстiк Кореяның Инчхон қаласында өткен пара Азия ойындарына Павлодар облысынан мүмкiндiгi шектеулi жетi спортшы барған едi. Осылардың iшiнде суда жүзушi Дмитрий Лидiң бағы жанып, қанжығасына бiр емес, бес медаль байлап қайтқан-ды.
Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаев Дмитрий Ли мен оның жаттықтырушысы Евгений Заречневтi құттықтады. Дмитрий Ли Азиада ойындарында 1 алтын және 4 қола медаль олжалады: 
ЖIГЕРIН НАМЫСҚА ЖАНЫП...
Жекпе-жек спортында әлемнiң ең беделдi сайысы UFC додасына қатысып жүрген жалғыз қазақ Жұмабек Тұрсын ертең үшiншi айқасын өткiзедi. UFC-дегi алғашқы айқасында филиппиндiк спортшыға есе жiберген Жұмабек екiншi жекпе-жегiнде бразилиялықтың    шеңгелiне түсiп қалған болатын. Бұл жолғы қарсыласы – америкалық Маркус Бримейдж.