1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (15963) 11 қараша, сейсенбі 2014
Қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев Астанадан орден тағып қайтты. Алайда оның бұл сапарында бiтiрген шаруасы сөлкебайдың салмағымен өлшенбейдi. Өзi айтпақшы, “ағасын” ағалай жүрiп, халқына қажеттi бiрқатар шаруаның басын қайырып тастады. Және бекер кетпей, алаш жұртына “алтынның парқын бiлуге” қатысты ақыл айтты. Тiптi қырғыздың бiрiншi президентi Нұрсұлтан Назарбаев болмағанына өкiнетiнiн жеткiздi. Басқасы басқа дәл осы тұсқа келгенде ұяттан өртенiп, жерге кiрiп кете жаздаған адам көп. Себебi мақтаудың да жөн-жосығы болса керек. Ал бiр елдiң президентi келесi елдiң басшысына “бiздiң елдi сiз секiлдi адамның бас­қармағанына өкiнемiн” дегенi денi сау кiсiнiң көкейiне қона ма?
Бұдан тоғыз жыл бұрын – 2005 жылы 12 қарашада мемлекет және қоғам қайраткерi Заманбек Нұрқадiловтi өз үйiнде белгiсiз бiреулер атып кеттi. “Батыр – бiр оқтық” деушi едi қазақ, Зәкеңнiң денесiне бiр емес, үш бiрдей оқ дарыды. Сол тұста билiктiң құл-құтандары “Нұрқадiлов өзiн-өзi үш рет атты” деп құзғынша сұңқылдаған. Одан берi де тоғыз жыл өттi, құзғындар сол сұңқылынан танған жоқ әлi...
Әнеугүнi Ұлттық банктiң төрағасы Қайрат Келiмбетов өз аузынан өзi қағылды. “Бiр жылда екi мәрте девальвация болмайды” деп. Одан кейiнгi мәлiмдемеле­рiнде де теңгенiң құнсыздануына еш негiз жоқ деп жұртты сендiруге тырысты. Ал бұл уақытта Ресейде рубльдiң долларға шаққандағы бағамы бiр күннiң iшiнде үш рубльге бiр‑ақ арзандаған болатын.
ЕРЖАН ӨТЕМБАЕВ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТIҢ ОРДЕНIМЕН МАРАПАТТАЛА МА?
“Құрбандыққа шалынып”, бiреулердiң тағдырын сақтап қалу үшiн мойнына қылмыс жүктеген” деп ел аузында сипатталған Ержан Өтембаев өзгерiп кетiптi. Адам танымастай. Түрменiң бастығы, жеке қорғаушысы, прокурор оның оңды қасиетiн тiзбелеп тауыса алмай әуреге түстi. Ертегi тыңдаған баладай олардың әр сөзiне судья да мұқият ден қоя үлкен ықыласпен құлақ түрдi.
ЕЦ-166/10 мекемесiнде жазасын өтеп жатқан Е.Өтембаевтың шартты-мерзiмiнен бұрын босатуға жазған өтiнiшiне байланысты жәбiрленушi жақтың Астана қаласындағы қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Е.Рахымбаевқа табыс еткен
Өткен аптаның жұмасында Financing Growth in Kazakhstan деп аталатын үлкен жиын тұңғыш рет Алматыда өттi. Тақырып – аты айтып тұрғандай, Қазақстанның қаржылық қауқары њәм Алматының бүгiнгi жайы. Жалпы өзi ақша санап үйренгендер Алматыға жиi келгiш, жемтiк көрген “тазқара” сияқты. Бұл форумда қызық нәрселер көп болды. “Жиынның бiрiншi спикерi – Кәрiм Мәсiмов” деп мәлiмдеген

Ұлтжанды азамат, қазақтың белгiлi жазушысы Мұхтар Мағауин ағамыз: “Еңсемiздi қайта көтеру үшiн, рухани жаңғырып, санадағы жарақат жазылу үшiн әлi де бiрталай еңбектенуге тура келедi” дегенде, осы бабалар тарихындағы бұрында әр­түрлi қитұрқы саясатқа негiз­делiп, ұрпақтан әдейi жасырылып, айтылмай, жазылмай, жазылса да шынайы тарих бұрмаланып берiлген оқиғалар бүгiнде қалпына келтiрiлуi тиiс екендiгi туралы айтқан болар.

Чехия астанасы Прагада оқитын қазақстандық студенттер арасында дарындылар байқауы өттi. Дарынды жастар конкурсын Чехияда оқитын қазақстандық студенттердiң Қазақстан елшiлiгi жанынан құрылған “Тарлан” бiрлестiгi ұйымдастырды. Қарашаның 8-i күнi кешке Прагадағы елшiлiк ауданында орналасқан Ресей ғылым және мәдениет орталығына Чехияда оқитын 200-дей қазақстандық студент жиналды.
қан толқиды тербетiп тал бойыңды
Қазақтың “қара жорғасын” африкалық “қара торы” жiгiттер қатырып билейдi екен деген ақпарды ести сала, оларға iздеу салғанбыз. Анау-мынау жиындарды былай қойғанда, қазақтың той-томалағына дейiн қатысып жүрген “қара жорғашылармен” көп ұзамай тiлдестiк. “Афро жорға” тобы алматылық студенттерден құралыпты.
Түркияның жатақханалары қандай? Студенттiң бiлiмнен басқаны ойламауы үшiн қандай жағдайлар жасалған. Бұл жө­нiн­де “Mevlana” бағдарламасы бойынша Түркияда бiлiм алып келген Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университе­тiнiң 4 курс студентi Шерхан Талапұлының төмендегi жазбасынан оқисыз.
ҚЫРЫҚ СТУДЕНТТI ҚЫРЫП САЛҒАН
Мексиканың Игуала қаласында жоғалып кеткен студенттер түгел өлтiрiлген. Осы iс бойынша ұсталған күдiктiлер 40-тан астам студенттi ажал құштырғандарын мойындаған. Бұл жайында Мексиканың бас прокуроры Хесус Мурильо Карам мәлiмдедi. Тергеу барысында анықталғаны, ұсталғандар iрi қылмыс­тық топтың мүшелерi болып шықты. Олар студенттердi өлтiрiп қана қоймай, мәйiттерiн өртеп жiберген.
Сексенiншi жылдары Қойлыбай менi Қарқаралыға iздеп келдi. Ол кезде жастар газетiнiң тiлшiсi. Уыздай жас. Сөйлесiп көрсем, өне бойы өлең екен. Менiмен қатарласа, қапталдаса қолына қалам ұстаған Дәуiтәлi Стамбеков – Алматыда, Абзал Бөкен – Балқашта, Ғалым Жайлыбай – Жезқазғанда жүрген. Қолына қалам ұстап, ақ қағазға телмiретiн Арқа қазағының қарасы мүлде аздау кез. Ол кезде Қарағанды қазақтан оқшауланып, орыстанып кеткен өңiрге жатады.
Ойда жоқта Қырғызстандағы ұйғырлардың “Ынтымақ” атты қоғамының “Ынтымақ” деген қоғамдық-сая­си газетi қолыма түсiп қалды. Сол газетте Наргиза Суталинова деген автор­дың өткен ғасырдың 30-40 жылдарында Қытайда өмiр сүр­ген ұйғыр ақыны Лұт­фолла Мүталлип туралы орыс тiлiнде жазған “Художественный образ мира и русской культуры в творчестве Лутфуллы Муталлипа” атты мақаласы басылыпты.
Ысылдай шыққан тарғыл дауыс мұның атын атап шақырған сияқты. Бауыздалған қойдың кеңiрдегiнен шығатын сырылға ұқсай ма, қалай өзi?! Артына шошына жалт қарады. Бойы аспан тiреген, шашы дудырап, ұясынан шығып кетердей шақырайған қызыл көздi әлдене мұны қуып келедi. Кәрi шеңгелдей тарбиған ұзын саусақтарымен тарпа бас салып, бүре түспек­шi. Қашайын дейдi, қорыққанынан аяқтарына зiл батпан тас байлап қойғандай, қозғай алар емес. Таяп қалды. Жеттi. Бүредi-ау ендi! А-а-а...
АУЫР АТЛЕТИКА АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛМАҚ
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әлемнiң 70-тен аса елiнен жинал­ған ауыр атлеттер тасты үгiп, тау қопарып жатыр. Атлеттер көмбеден аттануға таяғанда Лондон олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедованың жарақаттанып жарыстан шеттеуi, Лондон олимпиадасының алтынын 63 келiде жұлып түскен Мая Манезаның “семiрiп”, 69 келiге ауы­суы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының түңлiгiн бiр желпiдi. 

Әлем бiрiншiлiгiнiң алғашқы жүлделерiн 56 келiдегi жiгiттер бөлiстi. Бұл салмақта бапкерлер Арли Чонтейге сенiм артқан. Лондон олимпиадасына түрлi сылтау себеп болып жолы түспеген Чонтейге 6-орынды мiсе тұтуына тура келдi. Әлем чемпионатына алғаш рет қатысқандықтан, Арли атлет асып-саса ма деген қауiптiң болған рас. Бiрақ жаттығуларда 155 келiнi серпiп көтеруде “ойнап жүрiп” кеудесiнен асыратын Арли бұл жолы жүрiсiнен жаңылды.

Өткен аптаның соңында премьер-лиганың соңғы 32-тур ойындары өттi. Күнi бұрын чемпиондық атаққа қол жеткiзiп қойған елордалық “Астана” Алматыда 3:2 есебiмен “Қайратты” ұтты.   Твумаси – 4, Мұжықов – 36, Кетевоама 53-минуттарда гол соғып, iрi есеппен ұзаған астаналықтардың қақпасын “Қайрат” ойыншылары 60-минутта ғана ашты.
Қазiр бiздiң қоғамға батыр да, батырлық та керек болмай қалды ғой, әйтпесе әйгiлi ұшқыш, авиация генерал-майоры, екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов елеусiз қалатын тұлға ма ма едi?! Бiз мұны неге айтып отырмыз? Кеше түнде аты аңызға айналған әскери ұшқыш Талғат Бигелдинов дүниеден озды. 93 жасқа қараған шағында.
Әрi кетсе, пәтерден қуып шығар. Бiрақ маған Тәуелсiз­дiк керек. Атамның, әкемнiң, тiптi өзiмнiң көрген құқайым аз едi. Ендi баламды ынжық қылар жайым жоқ... Бұрын Алматының iргесiн­дегi үш бөлмелi жер үйде тұрғанбыз. Әйелiм, балам, iнiм, қарындасым және мен. Күзде қарындасым тұрмысқа шықты, iнiм әскерге кеттi. Сөйтiп, қайтадан үшеумiз қалдық.