1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15964) 13 қараша, бейсенбі 2014
Бейiмбет Майлин – 120
“Әңгiме – әулие жанр”. Әлемдiк әдебиеттiң iрi сыншылары осылай дейдi. Неге? Өйткенi әңгiме – әдебиеттiң iргетасы. Әде­биет сыншыларының жанр ретiнде әңгiменi алабөтен жоғары бағалайтыны да осыдан. Ендi төл әдебиетiмiздегi әңгiмешiлердi, яғни әңгiме жазудың шеберлерiн сыдырта санамалап өтелiкшi:
НЕМЕСЕ БИАҒАҢНЫҢ КЕЙIПКЕРI ШҰҒА ҚЫЗҒА НЕГЕ ЕСКЕРТКIШ ОРНАТПАСҚА?!
Биыл қазақ әдебиетiнiң ұлы үш арысы, қуғын-сүргiн құрбандары, ұлтымыздың аяулы ұлдары Сәкен, Iлияс, Бейiмбеттiң туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай үш арыстың туған топырағында қал-қадерiнше түрлi басқосу, жиын-той ұйымдастырылып та жатыр. Әрине, мұның бәрi мемлекеттiк тұрғыда аталып өтетiн iс-шаралардың бастамасы екенi де белгiлi.
Бұл апта қазақ билiгi үшiн ию-қию сапырылыспен басталды. Нұр Отан” партиясы Саяси кеңесiнiң кеңейтiлген отырысы шұғыл өтiп, оған Парламент пен президент  әкiмшiлiгiнiң басшылығы, “Нұр Отанның” Мәжiлiс­тегi фракциясының депутаттары, Жоғарғы соттың, Ұлттық банктiң, Есеп комитетiнiң төрағалары, бас прокурор, министрлер мен облыс әкiмдерi тайлы-таяғы қалмай тегiс жиылды.
“ҚАЗАҚЫЛАНЫП ҚАЛҒАН ШЫҒЫС ҚАЙТАДАН ЖАППАЙ ОРЫСТАНА БАСТАЙДЫ ЕНДI!”
Президент Нұрсұлтан Назарбаев шұғыл түрде жыл сайынғы жолдауын жолдап жатқанда премьер-министр Кәрiм Мәсiмов пен президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi Нұрлан Нығматулин сол залда отырған. Жолдау бiткеннен кейiн бас-аяғы ет пiсiрiм уақытта Даниал Ахметовтi Шығыс Қазақ­стан­ға жетелеп апарып, өңiр активiне “ендiгi әкiмдерiңiз осы” деп таныстырды. “Апыр-ай, не деген едел-жедел едi! Неткен оперативтiлiк!” деп ойлады жұрт.
САУДАГЕРЛIКТЕН СҰЛТАНДЫҚҚА ДЕЙIН
“Президенттер портретi” айдарының кезектi кейiпкерi – Түркияның тiкелей сайланған тұңғыш президен­тi, Әдiлет және даму ислам партиясының жетекшiсi, түркi халықтары басшыларының арасындағы ең танымал һәм ең беделдiсi Ережеп Тайып Ердоған. Ердоғанды жақтаушылар оны Ататүрiктен кем көрмесе, даттау­шылар диктаторға те­ңейдi. Ал бiз екi тараптың да уәжiн таразыға тартып көрiп,

Келесi жылдан бастап 1-2 пайыздық мөлшермен қазақстандықтарды тұрғын үймен қарық етемiз деп президент халыққа жолдау жасап жатқанда, астаналық бiр топ әйелдi полицейлер көлiгiне күшпен тиеп алып кеттi. 11 қараша күнi Астанада сүрiлетiн жатақханаларының орнына пәтер берудi талап етiп бiр топ азамат наразылық акциясына шықты. Бұл туралы “Азаттық” радиосы хабарлады.

Жыл сайын уақыты алдын ала белгiленiп, телеарна бiткен жарнамалап, содан кейiн бүкiл арна сағаттап беретiн президенттiң халыққа жол­дауы биыл дәстүрiнен жаңылды. Бұл жаңы­лыс­тың себебiн Н.Назарбаев әлемдiк экономикалық дағдарыс пен шикiзат бағасының төмендеуi түрткi бо­луымен байланыстырып, түсiндiрдi.

ӘСКЕРИ КОМИССИАРИАТ КЕЗЕКШIСI ҚАЛАЙ ЖОҒАЛДЫ?
 
Осы жылдың 14 мамырында Ақтөбе қалалық қорғаныс iстерi басқармасының сержанты, 33 жастағы Арман Талғатұлы Сұрағанов түнгi кезекшiлiкте iз-түзсiз жоғалды. 15 мамыр күнi таңғы сағат 07.30-да Ақтөбе қаласындағы Зауыт iшкi iстер бөлiмiне қалалық қорғаныс басқармасының кезекшiсi қызмет орнында жоқ деген хабарлама түскен. Содан берi Арман Сұрағановтан дерек табылмады. Жарты жыл iшiнде әскери қызметшiнiң жоғалуына байланысты қылмыстық iс екi рет

Бiз Атырау қаласының орталығында, соның iшiнде Азия мен Еуропаны қосып тұрған белгiлi көпiрдiң маңында тұрамыз. Бiраз жылдан берi үйiмiздiң маңына, яғни Жайықтың оң жағалауына үйiлген қоқыспен арпаласудамыз. Және бұл қоқыс Жайыққа қауiп төндiруде. Бiрақ онымен ешкiмнiң шаруасы болмай тұр. Жергiлiктi әкiмшiлiкке де өтiнiш жасадық, нәтиже жоқ. Қайта күн өткен сайын қауiп күшейiп барады.

Қазақстандық медицинаның сауаттық деңгейi құлдырағаны сондай, соңғы уақытта көпшiлiк жұрт емшi, бақсы, тәуiп жаға­лау­ды әдетке айналдырды. Егер дәрiгер сырқатын дөп тауып, емiнен шипа қонып жатса, адамдар тәуiп-бақсы iздеп сабылмасы анық. Десек те, өзгенiң қиналған жанынан өз пайдасын оңай тапқысы келетiн емшiлер де жоқ емес.

2010 жылы Жылысай селолық округi әкiмшiлiгi “соғыстың 65 жылдығына орай мемориалдық тақта орнатып, бақ өсiремiз, ардагер ата Омарбек Жолдасбаевқа көше атын беремiз” деп, Шыбышы тұрғындарының басын қосып қаулы қабылдапты. Сөйтiп әкiмшiлiк өз тарапынан шешiмiн Райымбек ауданы басшыларына жолдаса керек. Және ол кiсiнiң кiндiгiнен тараған балалары мен бауырларын iздестiрiптi. Алматы қаласында тұрып жатқан бiздерге хабар келдi.

Жақында “Жас Алаштан” Орал қаласының тұрғыны А.Өтебаев­тың “Сеңбесеңiз, салыстырып қараңыз” деген қысқа да нұсқа мақаласы жарық көрген едi. Онда, қысқаша айтқанда, “Елдiң осы күнi Сталиндi ғайбаттайтыны орынды емес..., Сталин жоқтан бар жасаған кемеңгер адам...” дейдi.

 Иса Мәсiх сектасына қол жайған,
Құлы болып құрбанына айналған.
Ән салады адасқан жас қазақтар,
Шайтанға ерiп, жүректерi қарайған.
Құдайдың пендесi мына пәниде әйтеуiр бiр өлiм барын әрдайым есiне алып отырады. Содан да болар: “Е, Алла, күнәм болса ке­шiре гөр” деп, Жаратқанға жалбарынып отырғаны. Жақ­сы ниет. Жақсы сөз. Иә, рас, бiр өлiм бары хақ. Әбсаттар қажы Дер­бiсәлi Арабияға әл-Фараби бабамыздың бейiтiн iздеп барғанда бiр жүйелiлiкке риза болып қайтыпты. Оны жақында газеттен оқыдым.

Бiздiң бала кезiмiзде мектеп директорларының беделi мен абыройы совхоз директорларынан кем түспейтiн. Олардың кеуделерiнде қазiр­гiдей депутаттық төсбелгi емес, институт бiтiргенiн бiлдiретiн төсбелгi тағулы жүретiн. Қолдарында ұдайы бүктелген газет. Бүгiнгi күнде көрiп жүрген директорларымыздың көбi мал шаруашылығы саласынан байып келгендер мен әкiм сайлауында жақсы жұмыс жасағандар.

“Ат – ер қанаты” деп же­тi қазынаның бiрiне балаған, “ат-аруақ” деп бiр жүйрiктi бүкiл ел, ауыл намысына санаған. Сондықтан ол жүй­рiктiң егесi ат өзiнiң жеке меншiгi болғанымен, оны басқа жаққа сатуға құқы, қақысы болмаған. Ол – елдiң аты, ел намысы сын­ға түсер айтулы аламанға бүкiл бiр ру, бүкiл бiр аймақ, өңiр сол аттың тiлеуiн тiлеп баратын болған.

Алматы қаласы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткiзуден үмiттiлердiң бiрi. Қысқы Олимпиада ойындарын өткiзу кiмге бұйыратыны келесi жылдың жаз айында Малайзияда өтетiн ХОК-тiң (Халықаралық олимпиадалық комитет) сессиясында белгiлi болады. Бiздiң елдiң шендi-шекпендiлерiнiң ақ Олимпиаданы өткiзу құқығын иеленемiз деген есекдәмесi үлкен.
НЕГIЗГI АЙҚАС АЛДА
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының түңлiгi түрiлерде ұлттық құраманың бас бапкерi Алексей Ни: “Екi алтын медаль алу – негiзгi мiндет. Сенiмдi Зульфия Чиншанло мен Илья Ильинге артамыз”, – деген едi. Екi дүркiн Олимпиада чемпионы Илья Ильин Алматыдағы әлем бiрiншiлiгiнiң дүбiрiне сенбiнiң кешiнде қосылады.

Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) бесiншi маусымы келер жылдың қаңтар айын­да басталады. Алғашқы маусымнан-ақ қатысушылардың арасында белдi клуб саналған “Астана арландарының” да бесiншi маусымның кубогынан үмiтi зор. Бiздiң жiгiттер осынау жобаның ақтық сайы­сына екi мәрте шығып, бiр рет жеңiлдi, былтыр жеңiмпаз атанды.

ЕКЕУI ДЕ САМДАҒАЙ
58 келi салмақта сынға түскен қыздар арасында қытайлық Менжун Ден жұлқи көтеруде 105 келi, серпи көтеруде 130 келiнi еңсерiп, әлем чемпионы атанса, солтүстiккореялық Ри Йонг Хва 232 (99+133) келiмен күмiстi мiсе тұтты. Қола жүлденi 231 (106+125) келi көтерген тайландтық Шукньян Ширасурат олжалады.
ҚЫЗҒАНҒАНЫ СОНШАЛЫҚ... ДЕТЕКТОР САТЫП АЛЫПТЫ
Шепшед – Ұлыбританиядағы қала. Бұл қаланы ағылшындықтардың бәрi бiледi. Себебi бұл қалада ағылшын әйелдерiнiң iшiн­дегi ең қызғаншақ келiн­шек тұрады. Ол күнде күйеуi қыз-келiншектер­мен байланысып қойды ма деп, оның ұялы телефонын, банктегi есепшоттарын, компьютерiн тексерiп тұрады. Ол ол ма, күйеуiнiң өтiрiк айтқанын немесе айтпағанын күнде кешке детектор арқылы тексерiп, бiлiп отырады.
Ұлыбританияның Legatum Institute талдау орталығы жыл сайын жүргiзетiн әлем елдерiнiң әл-ауқат көрсеткiштерi жөнiндегi рейтингiсiнде (2014 Prosperity Index) Қазақстан былтырғы жылмен салыстырғанда 8 сатыға төмендеп, 55-орынға бiр-ақ сырғыды. Бұл рейтинг әлемнiң 142 мем­лекетiн мынандай көрсет­кiш­тер бойынша бағалайды: экономика, бiлiм беру, денсаулық сақтау, азаматтардың жеке бас бостандығы