1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15965) 18 қараша, сейсенбі 2014
Алматы ауыр атлетикадан биылғы әлем чемпионатын абыроймен өткiздi. Әлемнiң әр қиырынан жиылып, Алатау баурайына ат байлаған ауыр атлеттер сегiз күн бойы күш сынасты. Бұл әлем чемпионаты бiз үшiн де құт: Зүлфия Чиншанло, Жасұлан Қыдырбаев, Илья Ильин әлем чемпионы атанса, Жазира Жаппарқұл мен Владимир Седов күмiс жүлде iлдi. Дүниежүзiлiк чемпионат соңына таяғанда әлемге атын жайып, 94 келi салмақта әлем чемпионы атанған Жасұлан Қыдырбаевқа қарата қандай мақтау айтсақ та жарасады.
ОНЫ ОҚШАУЛАУ САЯСАТЫ КӨЗГЕ КӨРIНIП-АҚ ТҰРДЫ
Австралияда өткен Үлкен жиырмалықтың саммитi Ресей президентi Владимир Путиндi өте салқын қабылдады. Күтiп алудан бастап жиын кезiндегi жөн-жоралғылардың бәрiнде Путиннiң шеттетiлгенi көзге ұрып тұрды. Бұған шыдамаған Путин саммит аяқталмай жатып елiне тайып тұрды. Елiне ерте қайтуын Ресей басшысы “жұмыс­қа бармай тұрып ұйқыны қандырып алу” себебiмен түсiндiрдi.
Президенттiң дәстүрлi жолдауына қолдау жасау да – дәстүр. Әсiресе оған билiк өкiлдерi ерекше ықыласпен кiрiседi. Қазiр Ақорданың шендiлерi “Нұрлы жолдың” ғаламаттығын жеткiзуге сөз таба алмай пүшайман болып жүр. Ал Гүлшара Әбдiқалықова тапты. Тапқанда да анау-мынауды қойып, қазақ басшысын Франклин Рузвельт пен Дэн Сяопинге теңедi. Әсiлi, президенттердiң сұңғылалығы мен ғұламалығы дәуiр алмасқаннан кейiн мойындалады.
ҚОРҒАС СОТЫНА ҚАРАҒАНДА АТЫРАУДАҒЫ СОТ БIРШАМА ӘДIЛIРЕК ӨТКЕНДЕЙ
Бiз бұған дейiн Атырау облысының бұрынғы әкiмi Бергей Рысқалиев пен “негiзгi қылмысқа қатысы бар” деп табылған 11 адамның “қолға түспей қа­шып жүргенiн”, сондықтан да Атыраудағы соттың 21 айыпталушының үстiнен жүрiп жатқанын бiр емес, бiрнеше рет жаз­ған да едiк. Мiне, тым ұзақ­қа созылған осы сот ақыры аяқ­талды.

Бүгiнде экономикалық дамудың бiр тәсiлi – инвестиция тарту. Бұл жөнiнде президент Н.Назарбаев жоғары деңгейдегi басқосуларда министрлер мен облыс әкiмдерiне шегелей тапсырады да жатады. Тiптi биылғы жылы бiрнеше министрлiктер таратылып, олардың орнына бiр ғана Инвестиция және даму министрлiгi құрылғаны да содан. Осының барлығы Қазақстанның күнi инвестиция тартуға қарап тұрғанын бiлдiрсе керек.

Ақмола гарнизонының әскери соты ҰҚК Шекара қызметiнiң директоры Нұрлан Жоламановты тұтқындау мерзiмiн желтоқсанның 27-сiне дейiн созуға санкция бердi. Журналист Геннадий Бендицкийдiң жазуынша, генерал Жоламановты тұтқындау мәселесiн билiктiң ең ұшар басындағылар шешкен. Бұл шаруаны “билiктiң ұшар басындағылар” шешкенi айтпаса да түсiнiктi. Өйткенi Н.Жоламанов көп генералдардың бiрi емес – ҰҚК төрағасы Нұртай Әбiқаевтың

Орталық Қазақстандағы “Центрказнедра” ауданаралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi қоғамдық тыңдау өткiзетiнiн бiлген соң, хабарландыруда көрсетiлген мекенжайға бардым. Кең залда тарыдай шашылып тоғыз адам отыр екен. Оныншы болып шеткi орындыққа мен де жайғастым. – Уақыт өткiзбей, бастайық, – дедi департамент өкiлi, қол сағатына қарап. Бiрақ жөндi ештеңе естiлмедi.
Варшавадағы “Ашық диалог” құқық қорғау ұйымы Мұхтар Жәкiшевтiң өмiрiне қауiп төндi деп мәлiмдедi. Бұл туралы “Азаттық” хабарлады. Ұйымының жариялаған баяндамасында Мұхтар Жәкiшевке тағылған айыптардың саяси астары бар екенi әрi қылмыстық iстi қарау кезiнде әдiл сот төрелiгi талаптары өрескел бұзылғаны көрсетiлген.
НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕР НЕГЕ МЕМЛЕКЕТШIЛ ЕМЕС?
Қазақ тiлiнiң мемлекетiк тiл мәртебесiн алғанына биыл 25 жыл толды. Бiз оны той тойлап емес, осынау уақытта “Мемлекеттiк тiл неге өз мәртебесiнде жұмыс жасамайды?”, “Түгелге жуық қазақтар тұратын Қызыл­орда облысының өзiнде орыс тiлi неге басымдық танытады?”,
Ақысқа(месхет) түрiктерiнiң Қапқаздан Қазақстанға жер аударыл­ғанына да дәл 70 жыл болыпты. Осы мәселеге орай бiз бүгiн белгiлi тюрколог-ғалым, аудармашы Фадли Әлидiң төмендегi мақаласын ұсынып отырмыз. Қазақстандағы үлкендi-кiшiлi диас­поралардың бiрi “Ақысқа (месхет) түрiктерi” деп аталады. Олардың қысқаша тарихы мынандай:

“Отбасын құрғанымызға он жылдан асты. Таяуда әйелiмнiң бөтен еркекпен әлеуметтiк желiде хат жазысып жүргенiн бiлдiм. Келiншегiм ешқашан материалдық таршылық көрген емес. Бар айтқанын орындаймын. Ұлымыз да, қызымыз да бар. Соған қарамастан келiншегiмнiң бұл қылығын түсiнбедiм. Соның салдарынан арамызда дау туындап, қатты ренжiстiк. Маған опасыздық жасадың десем, өз әрекетiн жай ғана қалжың, әйелге тән

Отбасылы болуды, ондағы қарым-қатынастарды шағын сынақ деуге де болады. Оның ыстық-суығына көну, төзу, үлкен шыдамдылықты, ойлылықты, төзiмдiлiктi талап етедi. Осы сынақтан сүрiнбеу үшiн айтылар кеңеске мұқият болыңыз! Ең болмаса бұл кеңестi екi тараптың бiреуi ұстанса, нәтижесi көп күттiрмейдi. Адамды үй болуға тәр­бие­леу – ең қиын нәрсе. Өз­ге адаммен бiрлесе өмiр сүру, одақтасу бiзге өзiмiздi үнемi дамытуға, қоршаған ортаға сүйiспеншiлiкпен қарау­ға мүмкiндiк бередi. Ерлi-зайыптылар бiр-бiрiне қандай да бiр жасаған жақсылығын мiндет деп қарамай, ризашылық сезiмiн бiлдiрiп отыруды әсте ұмытпағаны жөн.

Майлы Орманов атындағы орта мектептiң iшi­нен ашылған “Алау” шағын орталығы 2010 жылдан берi жұмыс iстейдi. Орталықта 5-3 жас аралығындағы 20 бала тәрбиеленедi. Осы балақайлардың тегiне қарап қуанасың. Ешқайсының да тегiнде келмеске кеткен Кеңес өкiме­тiнiң таққан “енi” – “ов, ев, ова, ева” жоқ. Бәрi бiрiздi. Тегi атасының атында, әкесiнiң есiмiне де “ович, евич, овна, евна” деген тiркеу жоқ.
Сау адамның тiлi қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келедi. Ал тiлдегi патологиялық өзгерiстер мыналар: Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секрециялық қызметiнiң бұзылуының белгiсi. Тiлдiң қараюы – антибиотиктердi шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердiң жетiспеу­шiлiгi кезiнде байқалады.
Ер адамдардың аптасына екi литрге жуық сыра iшуi отбасын құру мүмкiндiгi­нен айыруы мүмкiн. Зерттеушiлердiң айтуынша, кем дегенде аптасына үш шыны сыра iшу, тiптi жарты литрге жуық сыраның өзi ұрықтың өмiр­шең­дiгiн төмендетiп қана қоймай, белсiз­дiкке ұрындырады.
Әкiмшiлiктiң дәлiзiнде даладай далиып келе жатқан әкiм Кұлқынбай Жұтқыншақ­ұлы   жанынан “Сәлеметсiз бе?” деп өте шыққан қыз­меткер келiншектiң құйрығынан ұстай алды. – Ағай, мұныңыз не? – Кешiрiңiз.., –деген әкiм кабинетiне беттедi. Келiншек “клипке түскен әншiдей” әлi состиып тұр. Содан кейiн басын шайқап, жамбасын сипалай ұстап, “ешкiм көрiп қойған жоқ па екен?” дегендей, жан-жағына жалтақтай қарап, кабинетiне зып берiп кiрiп кеттi.
Саттар Ерубаев қазақ әдебиетi көгiнде жарық жұлдызша жарқ етiп жанып, көздi ашып-жұмғанша ағып өте шықты. Ол дүниеге кел­гелi, мiне, бiр ғасыр болды. Жүз жыл. Ал өмiрден өткенiне жетпiс жетiншi жыл боп барады. Саттар жазған “Менiң құр­дастарым” өткен ғасырдың 40-жылдарынан берi хал­қымыздың әлденеше ұрпағының сүйiктi кiтабына, жансерi­гiне айналған.
Құрметтi Iлеке! Есендiкте боларсыз? Сiзге газет арқылы хат жолдауды жөн көрiп отырмын. Оған себеп – “Фолиант” баспасынан жарық көрген “Бiр кезде Ақан едiм аспандағы” атты жаңа деректермен толыққан Ақан серi өмiрiне қатысты елеулi еңбегiңiз. Сiз өз кiтабыңызда төмендегiдей дерек келтiресiз. Ақанның нағашысы Шөкетай Қорамсамен әңгiме үстiнде:
КРЕМЛЬ ЕСКЕРМЕГЕНДI СЕУЛ ЕСКЕРДI
Ресей жазушысы Анатолий Кимдi қазақ оқырмандары да жақсы бiледi. Ол бұрынырақ Оралхан Бөкейдiң, Дүкенбай Досжанның бiраз шығармаларын орыс тiлiне аударса, соңғы кезде Мұхтар Әуе­зовтiң “Абай жолын” орыс тiлiне аударды. Әбдiжәмил Нұрпейiсовтiң “Соңғы парызын” орысша сөйлеткен де – Анатолий Ким.
“Әлем чемпионы деген атаққа ие болғанымды ендi-ендi сезiнiп келемiн. Бұл чемпионатқа өзiмдi жеңу үшiн қатыстым. Аллаға шүкiр, бапкерлерiм мен өзiмнiң мақсатымды орындадым”. Жасұланды екi жыл бұрын Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қолдануға тыйым салынған препаратты пайдаланды деп екi жыл үлкен спорттан шеттеткен болатын.

Белгiлi француз шансоны, сазгер, жазушы, әртiс Шарль Азнавур қазiр 90 жаста. Оның ата-анасы – 1922 жылы Франция­ға көшiп келген армяндар. “Сiз француздардың мақтанышысыз, сiз – фран­цузсыз...” деп сұрақ қоймақшы болған бiр журналиске ол: “Иә, французбын және армянмын... Онымды мақтан тұтамын. 10-11 жасымда театрда жұмыс iстедiм.

Әлем чемпионатының жетiншi күнi жұрт алдына шыққан толағайлардың тау көтерiсi күллi әлемнiң назарын Алматыға аудартты. 105 келiге дейiнгi салмақтағы саңлақтардың алтын үшiн тартысы 30 миллион халқы бар Өзбекстанның намысы күш жарыстырған татар Руслан Нұридинов, 146 миллион халықтың атынан сынға түсiп, Ресейдiң абыройын қорғаған армян Давид Беджанян һәм Қызылорданың тумасы Илья Ильин арасында өрбитiнi күнi бұрын бел­гiлi болған. Бұлардың шабысына 17 жастағы армениялық бозбала Симон Мартиросян да бiршама iлестi.

69 келi салмақта күмiс жүлденi еншiлеген Жазира Жаппарқұлдың жетiстiгi көңiл қуантады. Бұған дейiн ересектер арасындағы әлем чемпионатында қазақ қыздары дәл мұндай биiкке көтерiле алған емес.   Жұлқи көтеру жаттығуын 118 келiмен аяқтап, серпи көтеруде 144 келiнi ауырсынбай қоссайыс қорытындысы бойынша 262 келiмен күмiс жүлде алған Жазираның алдын орап кеткен кәрiс қызы Ре Ын Хидiң көрсеткiшi – 265 (12+145) келi

Жазылу индексi – 65365. Сүйiктi газетiңiзге «Қазпошта», «Еуразия», «Эврика-пресс» және «Қазпоштаның» жергiлiктi бөлiмшеле­рiнен жазыла аласыз. “Жас Алашқа” жазылуға байланысты кедергiлер, сұрақтар туындаса, редакциядағы мына телефонға 87012206452, 8 (727) 273-09-84, rina025@mail.ru хабарласыңыз.