1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15969) 2 желтоқсан, сейсенбі 2014

Мерекешiл Қазақстанда ресми мейрам көп. Оның көбiнiң қазақ басшысына қатысы бар. Мәселен 7 мамыр Отан қорғаушылар күнi. Ал президент – Қарулы күштердiң бас қолбасшысы. Қазақстан халықтарының бiрлiгi мерекесiн де Назарбаевтан бөлiп қарастыру мүмкiн емес. Бiрлiктiң бастамашысы – бiр кiсi. Металлург күнiн «Құрметтi металлург» медалiнiң иегерiнсiз атап өтудiң жөнi қайсы? Мұның сыртында қазақ басшысына тiкелей “тиесiлi” екi мейрам және бар. Ол – Астана тойының тасасында өтетiн 6 шiлдедегi туған күн мен ТМД көлемiнде жалғыз Назарбаевқа ғана бұйырған – тұңғыш президент күнi.

Қ.Тоқаев былай дедi: “Әлемдiк тәжi­рибе көрсеткендей, әлеу­мет­тiк-экономикалық реформалардың жетiстiгi, iшкi сая­си тұрақтылық пен қауiп­сiздiктiң бекуi саяси жүйенiң формасына емес, мемле­кеттi басқарудың сапасына байланысты. Прези­денттiк, парламенттiк, конституциялық немесе басыбүтiн монархиялық елдер де жедел дами алады. Сондай-ақ, халықтық демократиялық саяси жүйенiң күйреуi де аз кез­дес­пейдi.

БЕЛАРУСЬ ПЕН РЕСЕЙДIҢ ДАУЫНАҚАЗАҚСТАННЫҢ АРАЛАСҚЫСЫ ЖОҚ
Ресей өз аумағы арқылы Беларуське Қазақстанға тауар тасымалдауына шек қоюы Александр Лукашенконың ашуын тудырды. Беларусь арналарынан сөйлеген батька мәлiмдемесiнiң тоқетерi “бүйткен Кеден одағы бар болсын” дегенге саяды. Кедендiк одақ бойынша әрiп­тес­терi араздасып жатқан тұс­та Қазақстан өзiне қатысты дауға араласпайтынын ашық айтты.
Қазақстан Ресйге электр қуатын тасымалдауды тоқтатады. Бұл туралы “Самұрық Энерго” АҚ басқарма басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлiмдедi. Мұның себебiн ол девальвациямен түсiндiрдi. Осыған дейiнгi екi ел арасындағы электр энергиясын тасымалдау келiсiмшарты Ресейдiң ру­блiне сәйкес жасалып келген.

Ақтау қаласында бас қосқан журналистер өз жағдайларын талқылады. Олар мемлекеттiк ақпараттық саясаттағы өңiрлiк БАҚ-тың рөлi, бәсекеге қабiлеттiлiгi, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жай-күйi туралы әңгiме қозғады. Қазақстан Журналистер одағы және Қазақстанның Интернет ассоциациясы ұйымдастыр­ған алқалы жиынның ашылуында Маңғыстау облысының әкiмi Алик Айдарбаев сөз сөйледi.

Бiраз уақыт бұрын Астана қаласының iргесiндегi Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылының баспанасыз жүрген азаматтары бiрнеше рет шеру өткiзiп, наразылық бiлдiрген едi. Мақсаттары – баспаналарын қорғау, қиратуға жол бермеу. Қоянды тұрғындарының 2000 жылдан берi жиi-жиi билiкке талап қойып, баспана сұраған өтiнiшi 2004 жылы қанағаттандырылған едi.

Бiздiң Қазақстан билiгiнiң Батыстан үйренгiштiгiне таң-тамашамын. Батыстың озық ғылыми технологиясын үйренсе бiр сәрi. Азияда үйренерлiк дүние жоқ па? Осыдан 30 жыл бұрын нанға жарымай отырып, қазiр экономикасы әлемнiң алдына шыққан Қытайдан неге үйренбеске. Қытай басқа емес, “Қытайша социализм” деген қалыппен-ақ дамыды ғой.

Әрбiр дәуiрдiң ғана емес, әр кезеңнiң өзiндiк ерекшелiгi болады. Оны тарих кейiн таразылайды, бiрақ өзгерiстi сол кездiң өзiнде байқауға болады. Бүгiнгi күнi жеке адамнан бастап мемлекеттiк тұрғыдағы құбылыс – нақты жағдайды дәл бермеу, саясат пен идеологияға қарай өңдеу, өзгерту. Бұны қарапайым, сәл дөрекiлеу және нақты ұғыммен айтсақ, “өтiрiк” деген сөз болып шығады.

“Жас Алаштың” биыл 23 қыркүйек­тегi санында осындай тақырыппен жарияланған мақалаға орай Жезқазғандағы тiлшiлер қосынына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Медициналық және фармацевтикалық қызметтi бақылау комитетi Қарағанды облыстық департаментiнiң басшысы Қайыржан Мабиев мырзадан төмен­дегiдей жауап келдi:

ADAM bol- мен алысуға ендi әкiмдiк кiрiстi
Өткен аптаның соңында Алматы қаласындағы Медеу аудандық сотында ADAM bol журналына қатысты сот отырысы өттi. Естерiңiзде болса, Алматы қалалық әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы осы журнал мен оның бас редакторына қатысты сотқа шағым түсiрген-дi.

Өткен аптада М.Әуе­зов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театрында Ш.Уәлиханов атындағы 12 гимназия 90 жылдық мерейтойын атап өттi. Салтанатты жиынға әр жылдардағы мектеп түлектерi қатысты. Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Алматы қалалық бiлiм басқармасы гимназия ұстаздарына құрмет грамоталарын тапсырды. Сондай-ақ, осы кеште гимназияға “Дарынды балалар мектебi” деген мәртебе берiлдi.

Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?
67 жасында дүниеден озған өнер қайраткерi, қоғам қайрат­керi, жазушы, театр сыншысы, ұстаз, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Платиналы “Тарлан” сыйлығының иегерi, қазақ мәдениетiнiң қазiргi күнгi көшбастаушыларының бiрi Әшiр­­бек Сығайды қалың жұрт­шы­лық Алматыдағы М.Әуезов атындағы драма театрынан ақ­тық сапарға шығарып салды...

Қайран уақыттың қайырылуды бiлмес керуенi-ай! Бәрi де күнi кеше едi-ау. 1917 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген Қазақстанның халық артисi, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты үлкен әншi, Шабал Бейсекова едi. Бала кезiнен ән айтуға құштар Шабал 1939 жылы Мәскеу консерваториясына оқуға қабылданады. Атақты әншi Валерия Борсованың апасы, профессор Мария Владимирова өз сыныбындағы жас Шабалдан көп үмiт күтетiн.

Ақын, жазушы, қоғам қай­раткерi, композитор Сәкен Сейфуллиннiң 120 жылдығына орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бiрлестiгi” қо­ғамдық қоры бiрлесiп, 10 желтоқсан күнi Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының концерттiк залында “Сәкеннiң ән сандығы” атты музыкалық концерт өт­кiзедi.

Ендi жетпегенi осы едi. Айтпайын десең, аузыңды қышытатын осындай жетесiздер ғой. Өздерiне “РепХана” деп мән-мағына жоқ атау телiген бұл үшеуi не деп “сайрайды” деңiзшi. “Трио” мүшелерiнiң ғаламтордағы аттары мынадай: Mc Madi, Loony Lao, BIG KAJY. Осы үшеуi “Маған негiзi сенiң (ұят та болса айтайық) көтенiң ұнайды” деп әндетiп жүр. Жылайсың ба, күлесiң бе?

Көрнектi ғалым, бауыржантанушы Мекемтас Мырзахметовтiң айтуынша, Бауыржан Момышұлының еңбектерi жүз томға жетiп жығылады екен. Сол шығармалардың iшiнде Баукеңнiң мақал-мәтелдерi, қанатты, нақыл сөздерi, баталары аз емес. Өкiнiшке қарай, олардың мән-мағынасына ғылыми талдау жүргiзiлмей, тиiстi түрде көңiл бөлiнбей келедi.
ЕЛДIК МҮДДЕНI САТҚАН ОҢБАЙДЫ 
Украиналық әншi Ани Лорактiң Киевте өткен концертiнде “Майдан кеңесiнiң белсендiлерi” тобының жүздеген мүшесi «концерттi доғар!» деген ұранмен тас, жұмыртқа лақтырды. Ресей Украинаға бас­қыншылық саясатын жымысқылықпен жүзеге асырып, Қырым мен Донбасста қарулы қақтығыс жүргiзiп жатқанда Ани Лорак Ресейдiң бiрнеше қалаларын аралап концерт өткiзгенi үшiн Мәскеу оны марапаттады. Жерлестерi Лорак ұлттық мүдденi сатып кеттi деп Украинада

“Жас Алаштан” биыл қазақтың үш арысының бiрi Бейiмбет Майлин атындағы қор құрылғандығын, оның жетекшiсi болып Салтанат Мұстафина (Сейiтжанова) мен жолдасы Аман Мұстафин тағайындалғанын оқып қатты қуанған едiм. Одан соң iле-шала Жұмабек Табынның алғы­сө­зi­мен жазушының қызы Рәзия апаның әкесi туралы естелiгiн жүрегiм шымырлай, арасында бiр жылап алып, оқып шықтым.

Азаттық оттан ыстық кез туыпты
Отанға алыстағы ел көз тiгiптi.
Қарсы алды атамекен аңсап келген
Ардақты ер Мұстафа Өзтүрiктi.

Биыл атақты итальяндық скрипкашы және композитор Никколо Пага­нинидiң туғанына 232 жыл толды. Оның сиқырлы саусақтарының терең құпиялары әлi толық ашылмай келедi десе де болады. Қалай айтсақ та, ұлы скрипкашының туындылары мәңгiлiк екенi анық. Тағы бiр қызығы, арада неше ғасыр өтсе де, итальяндық тұлғаның артынан неше түрлi аңыздар айтылып жүр.

Оңтүстiк Қазақстан облысының қасиеттi топырағы – қазақ спортының тарихында тұңғыштарды дүниеге әкелген өңiр. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлемнiң және Еуропаның бiрнеше дүркiн чемпионы, КСРО чемпионатының тоғыз дүркiн чемпионы Әлжан Жармұхамедов бiр кездерi Оңтүстiк Қазақстан облысының аумағына кiрген Бостандық ауданының тумасы екендiгi баршаға белгiлi.

ТУЛАҚТАЙ ИЛЕМЕСЕ ИГI
Ресейде қазақ күресiнен әлем чемпионаты басталатын күн де жақын. 5-7 желтоқсан аралығында Оренбургте өтетiн әлем чемпионатына бiрнеше елден балуандар қатысады. Қазақ күресiн бүкiләлемдiк жазғы универсиадаға, жазғы Азия ойындарына одан кейiн жаз­ғы Олимпиада ойындарына енгiзу жолындағы жоралғылардың бiрi – осы қазақ күресiнен өткiзiп жүрген әлем чемпионаты.