1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15970) 4 желтоқсан, бейсенбі 2014
Ресейлiк БАҚ-қа Қазақстанның ақпарат кеңiстiгiнiң есiгiн кiм ашып бердi?
Желтоқсанның 2-сi күнi “Азаттықта” АҚШ-тың белгiлi қаржы сарапшысы Виталий Каценельсонның сұхбаты жарияланды. Ол 1991 жылы Ресейдiң Мурманскi қаласынан көшiп, АҚШ-тың Денвер қаласына тұрақтапты. Сол В.Каценельсон былай дейдi: “Ресей телеарналарын көрмегенiме жиырма жыл болған. Украинада соғыс басталғаннан кейiн үгiт-насихат механизмi қалай жұмыс iстейтiнiн әрi нелiктен ресейлiктердiң көбi Путиннiң саясатын қисынсыз болса да қолдайтынын бiлгiм келiп

Қасиеттi Тәуелсiздiк күнi – Қазақстандағы жетiм қыздың тойындай болып өтетiн жалғыз мереке. Себебi қазақ билiгi “аяз атаның тойына” ай бұрын дайындалады. Кейде 1 желтоқсандағы тұңғыш президент күнiнiң өзi көпшiлiктiң көңiл күйiн Жаңа жылға “аттатып” жiберу үшiн таңдалғандай көрiнетiнi бар. Неге десеңiз, мемлекет басшысы бас шыршаның шамын тәуелсiздiк мерекесiнен екi апта бұрын жағады, Алматыға да аяз ата мен ақшақар өз уағынан бiр ай бұрын келедi. Биыл да солай болды. Астанадағы бас шырша жарқ еткенде, Ахметжан Есiмов Алатауды жаңғыртып салют атты. Құдды “ал халқым, Жаңа жылды тойлай бер!” деген ишара сияқты.

Апта басынан берi Ресей рублi қатты құлдырап, жылдың басынан бергi ең төменгi көрсеткiшке түстi. Дүйсенбi күнi Ресей ұлттық валютасының құны 2 рубльге бiр-ақ арзандап, күндiзгi сессия кезiнде бiр доллардың құны 52,5 рубльге жетсе, еуро бағамы 65 рубльден асты. Сейсенбi күнгi сессия да көңiл көншiткен жоқ. Кешкi сауда кезiнде доллар құны 54 рубльге дейiн көтерiлдi, ал еуро бағамы 67 рубльге жеттi.

Кеше Астана қалалық сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының туған-туыстарының Ержан Өтембаевты мерзiмiнен бұрын шартты түрде бостандыққа шығаруға қарсы апелляциялық шағымын қарады. Жәбiрленушi тарап жеке шағымда Австрия құқық қорғау органдары А.Сәрсенбайұлына қастандық жасады деген Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың iсiн тергеп-тексерiп

Кеше бiр топ азаматтық белсендi Adam bol журналына төнген қауiпке қатысты баспасөз мәслихатын өткiзiп, алаңдаушылық бiлдiрдi. Естерiңiзде болса, Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат басқармасы журналды “соғысты насихаттады” деп айыптап, басылымның қызметiне тыйым салуды және тiркеу куәлiгiнiң күшiн жоюды талап еткен. Алматы қаласының Медеу аудандық соты 20 қарашада басқарманың пәрменiмен журналдың қызметiн тоқтатып, таралуына тиым салу жөнiнде қаулы шығарды да, сот орындаушылары журналдың таралымға дайын тұрған кезектi санын тәркiледi.

Сиыр сүттi болуы үшiн не iстеу керек? Әлбетте, күтiмi жақсы, жем-шөбi жеткiлiктi сиыр­дың сүтi мол әрi құнарлы болмақ. Шетелде сиырдың сауын сүтiн арттыру үшiн классикалық музыка қосатынын бiреу бiлсе, бiреу бiлмес. Ал бiздiң отандық сиырлар жазық далада жайылса да жетiп жатыр. “Сағынқұмаров” шаруа қожалығындағы сиырлар осындай жерде жайылады, оларға еш­қандай классиканың да қажетi жоқ

“Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингi” АҚ-ның еншiлес ұйымы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы 108 отбасына жаңа пәтердiң кiлтiн салтанатты түрде табыс еттi. Ендi аз ғана уақыттан кейiн босағамыздан аттайтын қой жылын 108 шаңырақ ұзақ уақыт күтiп қол жеткiзген жаңа баспаналарында қарсы алады. “Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” мемлекеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Ипотекалық Компаниясы салған бұл 108 пәтердiң жалпы көлемi 6 мың шаршы метрден асады.
Биылғы ауылшаруашылық өнiмдерiнiң жиын-терiнi Қазақстан үшiн пайда әкелмедi. Бұған дейiнгi ай сайын өзгеретiн азық-түлiк пен тұтыну тауарларының ендiгi бағасы тiптi шарықтауы әбден мүмкiн. Қымбатшылықтың алғашқы салқыны Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе қалаларына тидi. Өскеменде қоғамдық көлiкте жүру бағасы 65 теңгеден 80 теңгеге қымбаттаса, ал қарағандылықтар жаңа жылдан жарық бағасын қазiргiден 6-7 пайызға қымбат төлейдi.
“ҚазАгроҚаржы” – ауыл шаруашылығы тауар өндi­ру­шiлерiне қолжетiмдi қаржы-қаражаттарымен, лизинг негiзiнде ауылшаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететiн компания. 1999 жылы үкiмет қаулысымен құрылған осы акцио­нерлiк қоғамның Қазақстанда 15 филиалы бар. “Фермер өсiп-көркейсе, көркейедi туған ел!” деген қанатты сөздi ұран ғып көтерген компания қазiргi таңда қандай iстер атқаруда? Үлкен ұжымның тыныс-тiр­шi­лi­гi қандай екен?

Биылғы жылдың 26 қарашасында Ақтау қаласында “Самұрық-Энерго” АҚ-ның ұйымдастыруымен БАҚ өкiлдерiнiң бастарын қосып баспасөз жиынын өткiздi. 2014 жылдың 24 қарашасынан бастап 10 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Қазақстанның қор нарығында “Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы” АҚ-ның (ары қарай – Компания немесе “МЭТБК” АҚ) акцияларын екiншi қайтара жария түрде орналастыру

Солтүстiк Қазақстан облысындағы кәсiпорындар ЭКСПО-2017 көрме кешенiнiң құрылысына қатысатын болды. ЭКСПО-2017 нысандарын салу мен жобалауға жауапты бас мердiгер – “АДС” компания­сы мен Петропавл қаласында орналасқан Жылдам тұрғызылатын болат құрылымдары зауыты арасында тиiстi келiсiмге қол қойылды. Ендi осы зауыт жасап шығарған металды құрылымдар көрме кеше­нi­нiң құрылысына пайдаланылады.

Келер жылы Қазақ мемлекетiнiң құрылғанына 550 жыл толғанын тойламақшымыз. Қазақ мемлекетi әз Жәнiбек пен Керей хандардан бастау алады. Әрине, бiр қарағанда билiктiң бұл бастамасын құптауға болады. Бiрақ осы қазақ хандарының мүсiнiн осыдан бiр­неше жыл бұрын Астананың қақ ортасынан қоюға орын таппай, қаланың сыртына бiр-ақ лақтырдық емес пе?! Билiк шулаған соң қайта алдырып, әйтеуiр адам бармайтын қаланың бiр жерiне қоя салды. Халықты алдап.

Аудан орталығы Шолаққорған кентiнде мекен ететiн, Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнен көзi тiрi қалған майдангердiң бiрi – Пернебай Оңалбаев ақсақал. Пернебай қарияның үлкен ұлы Қабылбек ағамыз үйленiп, отау құрғаннан кейiн қызмет бабымен Маңғыстау облысына жiберiледi. Кезектi демалысын алып Ақтаудан елге бет түзеп шығады. Ағамыз жұбайы Мәрияның аяғы ауыр екенiне алаңдаса да,

Малда кие деген болады. Сырт елдерден миллиондаған долларға сатып алып келген асыл тұқымды сиырлардың ұшақта тұншығып, кеселге ұшырап, өртелiп, апанға көмiлiп жат­қанын теледидардан көргенi­мiзде жанымыз түршiктi. Сол шенеунiктер “малдың киесi” деген ұғымнан мүлдем бейхабар сияқты. Неге десеңiз, тосын апат болмай-ақ, малдарды қырып алып жатса да, орындарынан

Жақын күндерi кезiнде әжептәуiр қызмет атқарған   екi азаматтың әңгiмесiне куә болдық. “Ана атаның балалары бәрi жабылып жиырма киiз үй тiгiп, бәйгелерге жай жеңiл көлiк қойып едi, мына атаның балалары мықты шықты, ат шабысқа шетелдiк “ДЖИП” қойып, халық та көп, ақшалары да қомақты болды, қырыққа жуық киiз үй тiктi...” деп, жастары пайғамбар жасынан асып қалған екi ақсақал кәдiмгiдей даурығысып отыр.

(Жасұлан Қыдырбаев зiлтемiр көтеруден  әлем чемпионы атанғанда)
Арналып жаhұт жырым, асыл әнiм,
Шаттықтан жүрекжарды тасынамын.
Дүниелiк додада топты жарды,
Тұңғыш қазақ, жампозым, Жасұланым!

Әйелдер патологиясы. Бiр палатада 5-6 әйелден жатырмыз. Әрқайсысының өзiндiк тағдыры, өзiне ғана тән өмiрлiк оқиғалары, қызықтары мен қиыншылықтары бар. Кейбiр әйелдiң өмiрiне қарап, өз өмiрiмiзге шүкiршiлiк айтсақ, кейбiрiне қызыға қараумен болдық. Солардың арасында көкейiмнен кетпей, түйсiгiмде қалып қойған екi әйелдiң өмiрiн өзiмше қағазға түрткендей болдым.

... Мұнар. Айналаны мұнар тұмшалапты. Таңалакеуiм шақ, көкжиек болар-болмас бозамықтанып келедi. Төсекте бүрiсiп жатқан қара кемпiр буын-буынын алып, тiсiн-тiсiне тигiзбей сақылдатып бара жат­қан ызғардан одан әрмен жиырыла түскен. Түс дейтiн түс емес, өң дейтiн өң емес, есiрiк бiр халде едi. Ақ түтек борасыннан маңдайы кере қарыс, қос жанары боталаған бауыры берi қарай жүргендей болды. Ашаршылықта бақи боп кеткен iнiсi. Еш өзгермептi. Сол қалпы. Бала күнгi сүйкiмдi, ыстық бейнесi елес берген.
Ұлттың бар уайымы басында едi,
Мұздатты-ау жан-жүрегiн ғасыр лебi?!
Қазақтың ығайы мен сығайы көп,
...Сығайдың бөлек-тi осы Әшiрбегi!
Кеше кешке облыс әкiмi­нiң қабылдауында болдым. Ол менi кешеден қалған жылытпа көже сияқты, суықтау қабылдады. Орындыққа отырған соң бiр­ден:
– Кетемiн... – дедiм.
– Үйiңiзге ме? Жұ­мыс аяқталды, қайта берi­ңiз...
– Жоқ, мен “отставкаға” кетемiн...
Облыс әкiмiнiң көз­дерi шариктер сияқты жерге домалап тү­сiп, ме­нiң табанымның астында қалғандай әсер еттi. Қасын керiп, сұқ саусағымен самайын сызғылап отырып, маған қарады да:

Кәсiпқой боксқа ауысқан екi жыл iшiнде 18 жекпе-жек өткiзiп, бәрiнде айқын басымдықпен жеңiске жеткен қандасымыз Қанат Ислам мұхит кешiп елге келдi. Аз күнге аялдаған соң қайта атқа қонатын қыран қазақтың әңгiмесiн тыңдап, шағын сұхбат алдық. Қанат Ислам соңғы 18-жекпе-жегiн Колумбия елiнде өткiзiп, жергiлiктi боксшы Фидель Монтеррос Муньосты бесiншi раундта нокаутқа түсiрдi.

ТАРТЫС ЕНДI ҚЫЗАДЫ
Бокстан ел чемпионаты бел­ортасынан асты. 14 облыс пен Алматы және Астана қаласының командалары қатысқан бiрiн­шiлiкте Жамбыл мен Оңтүстiк Қазақстан облысының – 9, Алматы облысының – 5, Ақмола облысы мен Астана қаласының – 4, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды облысы һәм Алматы қаласының – 2, Шығыс Қазақстан облысының 1 боксшысы iрiктеуден iркiлмей жартылай финалға жеттi. Жартылай
КӘСIПКЕР 111 ҚАЛЫҢДЫҚТЫ КҮЙЕУГЕ БЕРДI
Үндiде бағалы тастармен айналысатын бiр кәсiпкер бiр күнде 111 қалыңдықты күйеуге бер­дi. Бұл 111 қыздың той өткiзуге қаражаты жоқ, кедей отбасынан едi. “Махеш Савани (кәсiпкер) осы 111 қыздың бәрiне өкiл әке болды” деп хабарлайды РИА “Новости”. Той рәсiмi Үндiнiң батысындағы Гуджарат шта­тында өттi. Өкiл әке тойды өткiзiп қана қойған жоқ, сонымен қатар қа­лыңдықтардың әр қайсысына 7 мың доллардан қаржы бердi және алтын әшекейлер сыйлады. “Ме­нiң берген сыйлықтарым түк емес. Мен үшiн үлкен сый – қыздарға әке болуым.

Газетке жазылудың кезектi науқаны аяқталуға жақындаған сайын редакциямызға телефон соғып: “Поштадағылар лимит бiттi дейдi, бұларыңыз қалай? “Жас Алашқа” жазылғымыз келедi!”, – деушiлер көбейдi. Бiздiң айтарымыз мынау: “Жас Алаштың” лимитi ешқашан бiткен емес, бiтпейдi де! “Лимит бiтiп қалды” деп өтiрiк айтып, сасық саясаттың қолшоқпары болғандарды дер кезiнде бiрiп әшкерелейiк, құрметтi оқырман!