1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (15971) 9 желтоқсан, сейсенбі 2014

Даму жылдамдығы жағынан, оның iшiнде жемқорлықпен күресу тұрғысынан Қазақстан уақыттан озып кеттi. Шамамен 2025 жылға қарай елiмiзде жең ұшынан жалғасу толығымен тоқтайды. Ешкiм ешкiмнен соқыр тиын алмайды. Өйткенi мемлекет басшысы сондай тапсырма берген. Тапсырма – тап-тұйнақтай. Биыл алға шығыппыз. Жемқорлар тәбетiн тыйыпты, үкiмет жұтқыштардың кеңiрдегiн “қиыпты”.

ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВ ОЛЛАНДҚА “ӘРКIМНIҢ ӨЗ ДЕМОКРАТИЯСЫ ӨЗIНЕ” ДЕДI МЕ?
Франция президентi Франсуа Олландтың Қазақстанға сапары қызық болды. Екi күнде талай бас пен жамбас мүжiлiп, кесе-кесе сорпа iшiлдi. Қазақы салт-дәстүрмен президент Нұрсұлтан Назарбаев әрiптесiнiң иығына шапан жапты. Бөрiк пен шапан французға жараспайды екен, өйткенi Олландтың оқалы аппақ шапан жамылған суретi Еуропада әбден талқыға түстi
Грозный қаласындағы лаңкестiк әрекетiне байланысты Шешенстан парламентiнiң төрағасы Дукуваха Абдурахманов “олар – батыстың тапсырмасын орындаушылар, Ресейдi саяси және экономикалық тұрғыдан әлсiретудi көздегендер” деп мәлiмдедi. Желтоқсанның 4-iндегi түнi үш көлiкке жайғасқан белгiсiз топ Грозныйдағы ДПС бекетiне шабуыл жасаған-ды.

Желтоқсанның 5-i күнi Алматы қаласы, Медеу аудандық сотында ADAM bol журналына қатысты сот процесiнiң алғашқы тыңдалымы өттi. Жауапты тараптың өкiлдерi сотқа төрағалық етушi Гүлнар Әбiшева­ның объективтi әрекет етпеуiне байланысты судьядан бас тарту шағымын түсiрдi. Алайда осыған дейiнгi талап-арыздар секiлдi бұл өтiнiш те қанағаттандырылмады.

Түрiкменстанға ресми сапармен барған Қазақстан президентi Гурбанғұлы Бердiмұхамедовпен кездесiп, келiссөз жүргiздi. Бiрқатар құжатқа қол қойды, Өзен – Берекет – Гөрган темiржолының ашылуына қатысты. Соңына түрiкменстандық әрiптесi Н.Назарбаевқа “Түрiкменнiң ел ағасы” құрметтi атағын салтанатты түрде тапсырды. Н.Назарбаев екi мемлекет арасындағы бiрнеше құжатқа қол қойып қайтқанымен, кездесуде Түрiкменстандағы қазақтар жайы сөз етiлмедi.
Соңғы кездерi Германия канцлерi Ангела Меркель Ресейге қарата қатқыл мәлiмдемелер айта бастады. Оның Welt am Sonntag апталығына берген сұхбаты бiр-екi күннен берi әлемнiң азулы ақпарат құралдары талқылап жатқан бас тақырыпқа айналды. Жексенбi күнi жарияланған сұхбатта А.Меркель Ресейдi Шығыс Еуропаны шайқалтқаны үшiн айыптайды.
“ЕХРО”-ның қонақтарын өзiмiз-ақ қымызбен қарық қылуға шамамыз жетедi
Қазақ үшiн ең құнды, қасиеттi мал – жылқы мен жанға дауа, дерт­ке шипа болатын қымыз жарықтықтың тарихта көрмегенi жоқ. Ар жағын айтпағанда, кешегi Хру­щев­тiң қырына iлiгiп, жылқы пайдасыз мал деп сандырақтауының салдарынан небiр асыл тұқымды жылқылар пышаққа iлiгiп кеттi.

Қазан айының 30-ы күнi Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентiнде тұрғын үй отқа оранып, 2 бүлдiршiн бақилық болды. Қайғылы оқиғаның куәгерлерi қатарында бiз де бармыз. Есiк-терезеден шарпыған жалын тiрi пенденiң бұзып-жарып iшке енуiне мүмкiндiк берме­дi. Тiлсiз жауға қарсы тұрар дәрмен жоқ, балалардың амандығын тiлеуден басқа амал жасай алмадық. Немесе батылдық, батырлық жетпедi...

“Ол апайың үйде отырған кiсi ғой, мынаны бастырып тастаған соң барарсың...”. – Таңертеңгi сағат онға деп белгiлеп қойған кездесу уақыты осылай редакторымның бiр ауыз сөзiнен соң кейiнге шегерiлдi. Ол кезде жауапкершiлiк дегендi мүлде басқадай түсiнетiн жаста едiм. “Неге сонда кейiнiрек келетiнiмдi айтып апаға ескертпедiм” деген ой бүгiнге дейiн мазалайды.

Таяуда Алматыдағы №12 гимназия ұжымынан тойға шақырған хат келдi. “Мектебiмiз­дiң 90 жылдық мерейтойының қадiрлi қонағы болыңыз” дептi әлгi хатта. Мерейтой салтанаты 28 қараша күнi сағат бесте, М.Әуезов атындағы драма     театрында өтедi екен. Мiне, қызық! Ештемеге түсiн­бей, аң-таң қалып мен отырмын. Менi таңғалдырғаны – мектептiң тойы емес, “90 жылдық” деген – тарихи дата.
“АЛТЫН ДОМБЫРА” БАЛҒЫНБЕККЕ БҰЙЫРДЫ
Астанада екi күнге созылған ақындар айтысы аяқталды. Сонымен, “Алтын домбыра” (бас жүлде) Балғынбек Имашевқа бұйырды. Бiрiншi орынды – Жандарбек Бұлғақов, екiншi орынды – Еркебұлан Қайназар, үшiншi орынды Бекарыс Шойбеков пен Айнұр Тұрсынбаева иелендi.

Фотография өнерi 1839 жылдың 7 қаңтарында пайда бол­ған. Оқиға сол күнi Париж Ғылым академиясының кезектi мәжiлi­сiнде орын алды. Ғылыми хатшы Доминик Франсуа Араго француз өнертапқышы Луи Жак Манде Дагер ашқан “Камера обскураның” (“Қара қобдиша”) артқы қабырғасына салынған йодтал­ған қалайы табақшаның бетiне “Қара қобдишаның” алдыңғы саңылауынан жарық түсiру арқылы заттың бет-бейнесiн алуға және оны сынап буына ұстау арқылы сақтауға болатыны жөнiндегi жаңалығын жария

Керекулiк жазушы Сүлеймен Баязитов 70 жасқа толып отыр. Сонау 1963 жылы алғашқы әңгiмесi “Тың өлкесi” газетiне жарияланған Сүлекең бүгiнде 15 шақты кiтаптың авторы, Ертiс-Баян өңiрiндегi аз ғана қаламгерлердiң ақсақал ағасы. Бүгiнде қалам­гер­дiң “Бастау”, “Жасыбай батыр”, “Елсiздегi елес”, “Жаралы жердiң жанары”,

Аз ғана уақыт бұрын, қолыма фотоаппаратты ала салысымен оны керектi нысанға бағыттап, тек шертпенi бассаң болды деп ойлайтынмын. Ал жарық тым көп немесе тым жеткiлiксiз, неге бұлдыр деп, бар кiнәнi жартылай кәсiби фотоаппараттан көрушi едiм. Кейiннен фотоаппаратты тек бағыттап шертпеге бассаң болғаны, ол барлығын өзi орындау керек деген ойым қате екенiн түсiндiм.

Фотоөнер дегенiмiз – ең алдымен, көркемсурет жасау шеберлiгi. Өйткенi дәл осы жанр арқылы фотограф айналаны хас суретшi салғандай айна-қатесiз көрсете алады. Сонымен қатар көркемсурет – үлкен iзденiс. Ол тек идея iздеумен ғана шектелмейдi. Сол идеяны жүзеге асыру жолдары мен мүмкiндiктерiн қарастырады. Бұл өте ерекше және сондай-ақ ең еркiн жанр болып табылады.

Мультикоптер арқылы түсiру – бұл тек биiктiктен түсiру емес, бұл – ұшатын, нысанға санаулы сантиметр қашықтықта жақындап және дәл солай, одан жүздеген метрге жоғары алыстай алатын камера. Радиомен басқарылатын тiкұшақ­тан және тiкұшақтық аэро­түсiрiлiмге қарағанда, муль­­­тикоптермен түсiрiлiм бiр­неше елеулi артықшылыққа ие. Аз шамадағы

“Құдай жөнiн берсе, iбiлiс тонын бередi” деген рас екен. Желтоқсан айы туғалы “Апыр-ай, биылғы соғымның ретi қалай болар екен?” деп уайымдап жүрген Сағидолланың көктен тiлегенi жерден табыла кеттi. Қуанышында шек жоқ. Қалай қуанбасын, жал-жаясы төңкерiлген ту биенi бар болғаны жарты-ақ бағасына алса. Оның өзiн әлдеқайда тентiретпей, үйiне әкелiп берiп тұр. Ендi, сасатын дәнеңе жоқ.

Алматы облысы, Көксу ауданы, Жамбыл ауылының тұрғыны Анарбек Нұрпейiсов “Жас Алашқа” хабарласып, қызметкерiмiз Ринат Рахымовқа былай деген: “Қараша айын­да “Жас Алашқа” жазылғанмын. Желтоқсанның басында Жамбыл ауылдық поштаның қызметкерi Салтанат деген қыз “Жас Алашқа” жазылудың лимитi бiткенiн айтты да, ақшамызды қайтарып бердi. Газет бетiнен “лимит бiтпейдi” дегендi оқып, телефон соғып тұрмын.

Қазақтың байырғы астанасы Орынборда (Ресей) қазақ күресiнен өткен әлем чемпионатында елiмiзден бар­ған балуандардың бәрi алтын медаль олжалап қайтты. 55 келi салмақта сынға түс­кен Айдос Сейпiлұлы финалда өзбек балуаны Хасан Юсуповпен белдесiп жеңiске жеттi. 60 келiде ел үмiтiн ақтаған Гани Келдiқұлов та алтын медаль үшiн күресте өзбек спортшысы Абрар Жаппаровты жықты.
Таразда бокстан ел чемпионаты аяқталды. Финалға Оңтүстiк Қазақстан облысынан – 6, Ақмола, Жамбыл облыстарынан – 4, Алматы облысы мен Астана қаласынан – 2, Маңғыстау мен Қарағанды облысынан 1 боксшы шыққан-ды. Бiз өткен нөмiрде батысымыздағы облыстардың боксы өрге баспай тұрғаны жөнiнде (“Бес жылда чемпион шығара алмаған
ТЕН ТӘНТI ЕТТI
Хорватияда өткен Golden Spin of Zagreb халықаралық сайысының алтын медалiн жерлесiмiз Денис Тен иелендi. Қысқа бағдарламада бiрiншi орынға шыққан ол негiзгi бағдарламада екiншi орынды мiсе тұтты. Қоссайыс қорытындысы бойынша Теннiң алдына түсетiн мәнерлеп сырғанаушы болған жоқ. Күмiс жүлденi чех спортшысы олжаласа, қола медаль ресейлiк мәнерлеп сырғанау­шыға бұйырды.