1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (15972) 11 желтоқсан, бейсенбі 2014

Сейсенбi күнi Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың ұйымдастыруымен “Әдiлеттiлiк және мемлекет жауапкершiлiгi” атты қоғамдық тыңдау өттi. Жиында қоғамды дүрлiктiрген қылмыстық iстер мен сот процестерi сөз болды. Өйткенi сот процесi – мемлекеттiң әдiлеттiлiктi қаншалықты қамтамасыз ететiнiн әйгiлейтiн бiрден-бiр көрсеткiш. Талқыға түскен негiзгi тақырып – мемлекет осы сот процестерi кезiнде әдiлеттiлiк принциптерiн қамтамасыз еттi ме? Адам тағдыры шешiлетiн сәтте әдiл бола алмаған мемлекет оны былайғы кезде қалай сақтайды?

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУДЫҢ ҚАРАРЫ
Қазақстан азаматтарының Конс­титуциялық құқының қаншалықты қорғалатынын, әр деңгейдегi соттардың әдiлеттiлiктi қалай орнықтыратынын бiз бәрiмiз де жақсы бiле­мiз. Бүгiнгi қоғамдық тыңдау барысында талқыланған мысалдар сот жүйесiнiң әбден былыққа батқанын ашық көрсеттi. Ата Заңымызда “Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылатыны және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,
Бiз бұған дейiн “Оқырман сұхбатты өзi жүргiзедi” деген айдармен аса көрнектi жазушымыз Герольд Бельгердiң (“Мәңгi ел” әңгi елге айналып кетпей ме?”, 11.02.2014 жыл), содан кейiн белгiлi математик-ғалым, академик Асқар Жұма­дiл­­да­евтың (“Бiзге жалған намыстың керегi жоқ”, 13.03.2014 жыл), бұдан соң атақты жазушымыз, қазiргi заман ғұламасы Мұхтар Мағауиннiң (“Антиқазақ сая­сатқа тоқтау салғызуымыз қажет”, 30.10.2014 жыл) сұхбаттарын жариялаған едiк.
Қазақтан шапан кием деп күл­кiге қалған Франция президентi ендi сый-сияпат атаулыға секеммен қарайтын болды. Ал қазақ билiгiнiң көңiлi баяғыдай. Өйткенi Ақорданiкi – ата жолы. Құтты қонақты арқадан қағып, шапанын жапты. Жараспаса, оған қазақ кiнәлi емес. Бiр қызығы, шапанды Олландтың шат бейнесi ғаламторға шыққанда Қазақстанда дүкеннен iшкиiм ұрланды. Абырой болғанда, мұны француз журналистерi ес­тiмей қалған секiлдi. Әйтпесе “өз­дерi жалаңбұт жүрiп, қонаққа құн­дыз жағалы шапан жапқан нелерiн алған?!” деген сөзге қалуымыз әбден мүмкiн едi.
Кеше Астана қаласының қылмыстық iстер жөнiндегi апелляциялық сот алқасының судьясы А.Есiмова “Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерiне қастандық жасауға болысты” деп айыпталған Е.Өтембаевты мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатуға қарсылық бiлдiрген жәбiрленушi тараптың шағымын қанағаттандырмай тастады. Процеске Өтембаевтың өзi тағы да қатыспады. Өткен жолғы процесте де сөйткен

“КТК” телеарнасының хабарла­уынша, Бас әскери прокуратураның тергеушiлерi Қорғаныс министрлiгiнiң қаржыға қатысты құжаттарын қопарып жатқан көрiнедi. Тергеушiлердi қызықтыратыны – министрлiктi Серiк Ахметов басқарған тұстағы құжаттар. Телеарна таратқан мәлiметке қарағанда, “тергеушiлер С.Ахметов Қорғаныс министр­лiгiн басқарып тұрғанда да қыруар қаржы ұрлаған деп күдiктенедi”.

2006 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысындағы 236 бала медицина мамандарының салғырт-салақтығы салдарынан атың өшкiр жұқпалы ауру – ВИЧ дертiне жаппай шалдығып, жұртты ұлардай шулатқан дау-дамайды алыс-жақын ше­телдiң ақпарат құралдарына дейiн жарыса жазды. Бейкүнә балалардың өмiрiн өксiткен оқыс оқиғаға кiнәлi­лердiң бiр­қатары сотталғанымен, бәрiбiр

Ресей Беларусьтiң 20 шақты ет және сүт комбинаттарының өнiмдерiне тыйым салып, өз аумағы арқылы Беларусьтен үшiншi елдерге тасымалданатын тауарлар транзитiн шектеген кезде Александр Лукашенко “бiз мұны аяқсыз қалдырмаймыз, қарымта жа­уап беремiз” деп сес көрсетiп едi. Батька ақыры сөзiнде тұрды. “Бiзге шектеу қойсаң, мә саған!” дедi де, желтоқсанның 8-iнен бас­тап бiржақты түрде кедендiк бақылау бекеттерiн қалпына келтiрдi.

Алматы облысы, Қапшағай қалалық соты Владимир Козловтың шағымын қараусыз қалдырды. Айта кетейiк, Ақтаудан Алматы облысындағы түр­меге ауыстырылған саясаткер басқа отрядта жүргенi үшiн айыпталуда. Сондай-ақ, оған осы әрекетi үшiн жаза қолданылуы мүмкiн. Өзiн жеңiлдетiлген режимге ауыстыруды сұрап, колония басшысының атына өтiнiш жаз­ған қамаудағы саясаткердiң шағымын қараған комиссия өкiлдерi оған жаза

АИТВ-жұқпасының iндеттiк ахуалы жылдан-жылға күрделене түсуде. Алаңдатарлық мәселе! Соңғы жылдары республика бойынша да Қызылорда облысы бойынша да АИТВ жұқпасы әйелдер арасында көптеп тiркелуде. Үстiмiздегi жылдың 10 айында Қазақстан Республикасы бойынша АИТВ-жұқтырғандардың 44%-ын әйелдер құраса, облыста әйелдер барлық АИТВ жұқтырғандардың 2010 жылы 75, 2011 жылы 50, 2013 жылы 55,5, 2014 жылдың 10 айында 61,5 пайызын құрап отыр.

Кейде Кереку өңiрiне танымал бiр адамдар ат iзiн салып кетсе, соңынан әртүрлi әңгiмелер шығып жатады. Жуырда Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткерi Олжас Сүлейменовтiң Павлодарға келiп С.Торайғыров атындағы университетте, облыстық кiтапханада және өзiнiң атамекенi Баянауылда жұртшылықпен кездесулер өткiзiп қайтқанынан бұл жақтағы ел құлағдар.

Мен Өзбекстанның Алiшер Науайы облысы, Тамдыбұлақ ауданында туып-өскен жанмын. 1999 жылдары Ауғанстанмен шекаралас, Термез қаласындағы № 9226 әскери бөлiмге жолдама алдым. 2001 жылы Қарақалпақстанның Түрiкменстанмен шекарасына ауыстым. 2005 жылы Астана қаласына қоныс аудардым. Өзбекстанның тау мен тасын, өзен-көлдерiн, тiптi, қызыл құмының бүге-шүгесiне дейiн өте жақсы

“Маңғыстау” газетiнiң биылғы жылдың 6 ақпанында Әбiлқайыр Ыспан ағамыздың “Iзбергенов Әлигебайды кiм бiледi?”деген мақаласы шыққан едi. Мақалада 2010 жылдың қыркүйек айында Брянск облысы, Комарическ ауданынан бiрнеше қазақ жауын­герiнiң сүйектерi табылғаны және олардың Соколовск поселкесiндегi бауырластар қабiрiне құрметпен жерлен­генi жазылған.

Жақында “Жас Алашта” (6 қараша, 2014 жыл) М.Уақов мырзаның “Шу ауданына Керей ханның есiмiн неге бермеске?” деген мақаласы шығыпты. Мен бұл пiкiрмен келiспеймiн. Өйткенi Шу қағанның да тарихтан ойып алар өз орны бар. Ерте дәуiрдегi ғұн патшасы – Атилла, Көктүрiктер заманындағы – Ашын, Бiлге қаған, Тоныкөк, Құрбат, Аспара, Анахарсис, Мөде тәңiрқұт, Елеу би, Майқы би есiмдерi

Мен көп әншiлердiң iшiнен Бибiгүл Төлегенованы өте жақсы көремiн. Ол кiсiнi қатты сыйлаймын. Апайдың 1957 жылы Шанхай қаласында ән айтып тұрған суретi менде әлi күнге дейiн сақтаулы. Бұл суреттi мен жарты ғасыр бойы сақтадым.

Төрт немерем бар. Төр­теуiне де “Сендердi Құдайдан сұрап алғанмын” деп отырамын. Өзiмдi әкем “Сенi Қызыр атадан сұрап алғанмын” деп күлетiн. Бала емес­пiн бе, “Әке, қалай сұрап алдың?” деймiн ғой. Сөйт­сем, әңгiме былай болған екен. Ата-анамның үйленген­дерiне 6 жыл толады. Бала сүймейдi. Өзiнiң қатарластары балалы болса бәрi келiсiп алғандай (мүмкiн әкеме солай көрiнген

Мiнгенде қандай. Күндiз-түнi үстiнен түспейдi. Тiптi, қызмет орнына да “шайтан арбамен” барады десек, қателесе қоймаймыз. Бiрақ, ол өкiнiшке қарай, бiзде емес, шалғайдағы Үндiс­танда. Сонда қалай, ол жазғандар астына велосипед емес, жеңiл көлiк мiнсе, тақымдарынан сусып түсiп қала ма? Жоқ әлде, машина алуға жағдайлары келмей ме? Болмаса алатын жалақылары мүлде төмен бе?

Ұлттық академиялық кiтапха­нада басшы едiм. Ертелетiп жұ­мысқа енiп, күнделiктi баспасөз­ге көз жүгiрттiм. Баспалардан бояу иiсi бұрқырап жаңа түскен кiтаптарға асыға зер салдым. Ендiгi ойым – бөлiм қызметкер­лерiн жинап, бiр жетiм жиналыс өткiзу. Сосын шұғыл аттану. Алда алыс құрлыққа iссапар тұр. Есiктен алабұртып хатшы келiн­шек ендi.
Джет Ли – Қытайдың киноактерi, кинорежиссерi, продюсерi, у-шу өнерiнiң шеберi. Кино әлемiне Джет өзiнiң “төбелесi” арқылы келедi. “Бұл спорт түрiне қалай бардыңыз?” деген журналистердiң сауалына ол: “Арнайы түрде барған емеспiн. Сыныптастарыма iлесiп бара салғам” дейдi. Джет – отбасындағы кенже бала. Ол екi жасқа толғанда әкесi қайтыс болады. Басқа балалар коньки теуiп, велосипед айдап, доп ойнап жүргенде
Қазақ қыздарынан ересектер арасында тұңғыш әлем чемпионы Назым Қызайбайды Астанаға жол жүрерде “ұстадық”. Жүрегiндей ғана жұдырығымен Қазақ елiне әлем чемпионатының алтын медалiн алып берген алтын қызды құрметтеп-қошемет­теушiлер көп. Кореядан елге келгелi берi де қонаққа шақырып мейман етушiлердiң де қарасы артқан. Қыздар арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионына қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңiндегi 6-тур ойындары өттi. А тобында итальяндық “Ювентус” пен испандық “Атлетико” тартысы Туринде өтiп, есеп ашылған жоқ. Испандықтар 13 ұпаймен көш басына шықса, туриндiктер 10 ұпаймен екiншi сатыға орнығып, 8/1 финалға өттi. Бұл топтағы гректiң “Олимпиакос” клубы шведтiң “Мальме” ойыншыларын қабылдап, 4:2 есебiмен ұтты да, Еуропа лигасына қатысуға мүмкiндiк алды.

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ДА МҮШЕ
Қазақстан бокс федерациясының спорттық директоры, Лондон олимпиадасының чемпионы Серiк Сәпиев AIBA-ның атлеттер мен жастар комиссиясының мүшесi атанды. AIBA президентi Чинг Куо Ву Серiк өзiне жүктелген шаруаны абыройлы атқарады деп сенетiнiн айт­ты.