1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (15976) 23 желтоқсан, сейсенбі 2014

Азуын айға бiлеген Американың өзi мұхиттың арғы бетiнде жатса да, Қытайға аса сақтықпен қарайды. Жалғыз АҚШ емес, әлемнiң барша елдерi халқы құмырсқадай құжынаған күншығыстағы елге күдiкпен көз тiгедi. Ал Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс тым тереңдеп кеттi. Осыған қарап, “Жатқан жыланның құйрығын баспа!” дейтiн халық даналығы қазақ билiгiнiң қаперiнде жоқ-ау деген ой туады.

Өткен жексенбiде президент Нұрсұлтан Назарбаев “елдегi жетекшi БАҚ-тардың” журналис­терiмен кездестi. “Жетекшi БАҚ-тар” дегенi – “Хабар”, “КТК”, “Астана ТВ”, “7 арна”, “31 арна”, “Қазақстан”, “Бiрiншi арна “Еуразия” және “СТВ” екен. “Жетекшi” деп ат қойып, айдар тақпай-ақ қойса да болғандай екен, бұлардан өзге арналар еске түспей отыр. Кездесуде журналистер де,

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қайыр сұрап, азаматтардың мазасын алған адамдар жауапкершi­лiкке тартылады. “1 қаңтардан бастап күшiне енетiн жаңадан қабылданған Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексiнде қоғамдық тәртiп пен адамгершiлiк құндылықтарды бұзушылыққа қолданылатын жазалар күшейтiл­ген”, – дедi IIМ Әкiмшiлiк по­ли­ция комитетiнiң төрағасы Игорь Лепеха өз мәлiмдемесiнде.

Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа
Кеше Алматыдағы Медеу ауданаралық әкiмшiлiк сотында Adam bol журналына қатысты сот процесi өттi. Сот отырысында шағым берушi тараптың тәуелсiз сараптама қорытындысы қаралды. Алматы қалалық әкiмдiгiнiң өкiлдерi жасатқан тәуелсiз сараптама қорытындысында Adam bol журналының 2014 жылғы 29 тамызында жарық көрген “Наши на чужой войне” мақаласында халықты соғысқа шақыру сарыны бар делiнген. А.Садықовтың “в данном случае война справедливая” деген сөйлемiн

2015 жылы құрылатын Еуразиялық Экономикалық одақ бойынша Ресейдiң әрiптестерi – Қазақстан мен Беларусь Украина дағдарысында ара ағайындық жасауға дайын екендерiн мәлiмдедi. Бұған дейiн Беларусь пен Қазақстан президенттерi 26 тамызда Минскiде өткен Украина – Кедендiк одақ – Еуроодақ форматындағы келiссөзге мұрындық болған едi. Бiрақ ол келiссөз нәтижесiнде қабылдан­ған келiсiмдер iске аспаған күйi қалды.

ҚҰНСЫЗДАНҒАН РУБЛЬ ҚАЗАҚТАРҒА ПАЙДАСЫН ТИГIЗДI
Желтоқсанның алғашқы онкүндiгiнде   елiмiздiң Ресеймен шекаралас облыстарының тұрғындары құн­сызданған рубльдi қолға ұстап, тауар тасумен болды. Ресей дүкендерiндегi арзандаған тауарларды сау­далауда әсiресе, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарының жұртшылығы ерекше пысықтық танытты.

Қазақстанның ғарыш саласы үшiн биылғы жыл маңызды оқиғалар­ға бай болды. Жердi қашықтықтан барлаудың орта және жоғары ше­шiмдегi екi жер серiгi ұшырылды, “Қазсат-2” жер серiгi табысты жұмыс iстеп жатыр және оның қызметiн пайдаланып отырмыз, “Қазсат-3” ұшырылып, тестiлеу сынақтары өткiзiлуде. Сөйтiп, елiмiз толыққанды жер серiгi топтамасына ие болып отыр, яғни экономикамыз бен қауiпсiздiгiмiздiң мүддесi жолында ғарыштық технологияларды пайдалану саласында тәуелдiлiктен арыла бастадық.

Хилерлер – Филиппинының шалғай ормандарында өмiр сүретiн емшiлер. Олар адамға пышақ салмай, өз саусақтарымен ота жасап емдейдi. Дәстүрлi медицинадан үмiт үзген жүз мыңдаған адам жыл сайын сонау Филиппиныға ем iздеп аттанады. Хилерлердi бiреулер Жер бетiндегi Құдайдай көрiп, тiрi жанға бергiсiз қасиетiне бас исе, ендi бiрi оларды алаяқ деп айыптайды.

Бiздiң ғаламда қанша уақыт кеңiстiгi бар? Ғылым бұл сұраққа нақты жауап бере алмайды. Фантастикалық фильмдерде көрсетiлетiн уақыт кеңiстiгiнде адас­қандар – режиссерлердiң ойлап тапқан бос қиялы емес, ақиқатында бұл дүниеде бар құбылыс болуы мүмкiн. Әлемдiк ақпарат құралдарында жарияланған төмендегi адамдардың бастан кешiрген хикаялары мен фотосуреттер басқа уақыт кеңiстiгi бар деген тұжырымның дәлелi болуы ықтимал.

АНАКОНДАНЫ АЛДАЙ АЛМАДЫ
Discovery арнасы “Тiрiдей желiнген” (Eaten alive) де­рек­тi фильмiн сонша уақыт бойы жарнамалаған‑ды. Фи­льмнiң сюжетiне сәйкес алып анаконда американдық ға­лым, табиғат қорғаушы Пол Розо­лидi тiрiдей жұтуы тиiс едi. Жыртқышқа жем болмас бұрын Полға алып жорғалаушыдан қорғайтын арнайы кос­тюм кигiзiлдi. Комбинензон ғалымды анаконданың асқазанында бөлiнетiн сөл­ден қорғаса, оның

Көпшiлiк жиналып қалған жерлерде немесе отбасылық құндылықтар туралы жазылған мақалалар мен ел назарын өзiне аудару үшiн өткiр тақырыптарды арқау ететiн телебағдарламаларда келiнге қатысты әңгiме аз талқыланып жүрген жоқ. “Әннiң де естiсi бар, есерi бар” деп Абай бабамыз айтпақшы, пiкiр айтушылардың арасында да түрлi көзқарасты адамдар баршылық. Соларды тыңдай, оқи жүрiп, өзiм де талай пiкiр айтқанмын және....

Осы елiктеу деген жаман қасиет неден туындайды? Менiң тұжырымымша, рухы төмен, жалтақ әрi осал халық, өзiнен бiреудi зор санайтын болса, әлгi күштiнiң тiлi мен мәдениетiне қарап, бой түзеуге талпынады. Кешегi кеңес кезiнде, одан арғы отаршылық заманында қазақ жазғанның орысқа жалтақтағаны сондай, шынайы тарихы мен тiлi түгiлi, бүкiл ұлттық қасиет-болмысынан қашқақтайтын дәрежеге жеттi.

«ҚАЗАҚТЫҢ МАҢДАЙЫНА СЫЙМАЙ КЕТКЕН ӘНШI!»
23 желтоқсанда сағат 15.00-де Құрманғазы атындағы консерваторияның үлкен залында ақын, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершудың “Ерiк Құр­ман­ғалиев” атты кiтап-альбомының тұсаукесерi өтедi. Осы кiтапқа жазған алғысөзiнде бұлбұл әншiмiз Бибiгүл Төлегенова былай дейдi, үзiндi келтiре кетелiк: “Ерiк – қазақтың маңдайына сыймай кеткен әншi. Әлем мойындаған әйгiлi әншiнiң елеусiз қалғаны жанға батады

Американдық актер, режиссер, продюсер, “Алтын глобус” (екi рет), “Оскар” (екi рет) және т.б. сыйлықтардың лауреаты Роберт Де Ниро биыл 71 жаста. Ең бастысы, алты баланың әкесi. Атақты актердың үлкен қызы 40 жастан асса, ал кенже қызы Хелен үште. “Жас кезiмде жұмыс бабымен балаларымның қасында жиi бола алмадым... Ал қазiр Хеленнiң жанында көбiрек боламын. Өзi сондай сүйкiмдi, тәттi…”, – дейдi Де Ниро кiшкентай қызы туралы.

Бүкiләлемдiк бокс сериясы (WSB) бесiншi маусымының басталуына санаулы күн қалды. Қой жылының басында түңлiгi түрiлетiн додаға қатысатын “Астана арландары” әзiрлiктi пысықтап, жаттығуды күшейтiп жатыр. Бiздiң боксшылар бесiншi маусымды В тобында өткiзедi. Тобымыздағы клубтардың ешқайсы да осал емес. Топта жобаның екiншi маусымында жеңiске жеткен итальяндық “Italia Thunder” клубы бар.
Президент Н.Назарбаев БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында 2022 жыл­ғы қысқы Олимпиада ойындары турасында да пiкiрiн бiлдiрiп, Алматы мен Астана тiзе қосса, ақ Олимпиаданы абыроймен ұйымдастыруға болатынын айтты. Қысқы Олимпиада ойындарын өткiзу бiзге оңай тимейдi. Назарбаев айтқандай мұз айдынымыз дайын, әлемдiк дең­гейдегi кез келген сайыс­ты өткiзуге жарайтын шаңғы трамплинiмiз де бар,
ЖЕҢIМПАЗҒА ТЕМIР ТҰЛПАР МIНГIЗДI
Қарағандыда Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнир мәресiне жеттi. Елiмiздiң барлық облысынан келген боксшылармен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Моңғолия, Қытай һәм Ресей спортшылары да жүлде үшiн жекпе-жекке түстi.

Мароккода өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатында мадридтiк “Реал” клубы жеңiске жеттi. Финалда аргентиналық “Сан-Лоренсо” футболшыларын Карло Анчелоттидiң шәкiрттерi 2:0 есебiмен жеңдi. Серхио Рамос 37-минутта есеп ашып берсе, қорытынды голды 51-минутта Гарет Бэйл соқ­ты. “Реалдың” қанжығасына клубтар арасында әлем чемпионы деген марапат тұңғыш рет байланып отыр.