1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103-104 (15977-78) 26 желтоқсан, жұма 2014

Қазақ шендiлерiнiң орындалмаған мiндетi мен атқарылмаған жұмысының бәрiн өтiрiктiң есебiне қоса берсек, жоғары билiктен сөзiне берiк адам табудың өзi мұңға айналар едi. Сондықтан бiз өткен жылдың өтiрiкшiлерiн екшегенде, жалған сөздiң жұртқа тигiзген зияны мен өтiрiкшiнiң өз абыройына келген залалды басты орынға шығардық. Сонымен ә дегенде ауызға iлiккендер – төртеу. Ендi бiзге бетi шылп етпей соғып жiберетiн сойқандарды өтiрiгiнiң салмағына қарай даралап, тиiстi “жүлдесiн тапсыру” ғана қалған секiлдi.

Жолға жарымаған қазаққа ақыры Жаратқанның жарығы түстi. Мұны бүгiнгi қазақ “нұр” дейдi. Сондықтан президенттiң “нұрлы жолын” өтiп бара жатқан жылдың ең өзектi дүниесi ретiнде атауға тиiспiз. Бiрақ халықтың таным-түйсiгi кесiрткенiң терiсi секiлдi ала-құла болады екен. Оның бiр дәлелi, жолдау жарияланғалы берi неше күн өтсе де “Жол нұрлы болушы ма едi?” деген сұраққа бас қатырып жүргендер жетiп артылады. Осыны ескерiп, жолдаудың мәнiн ашып бермекке бекiндiк. Әрине, шама-шарқымыз жеткен жерге дейiн...

“Қазхром” мен “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” мемлекеттiң 1 миллиард 86 миллион долларын қайда жiбердi?
Әкiм Архимед Мұхамбетов облыстық мәслихат сессиясында аймақтағы ең iрi мұнай өндiрушi кәсiпорын “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-ы осы кезде мұнай өндiру көлемiн 1 миллион тоннаға азайтқанын хабарлады. Алдағы уақытта мұнай баррелi 20-30 долларға дейiн құлдырай түссе, жағдайдың қалай болатынын ешкiм болжай алмайды.
БҮГIНГI БИЛIКТIҢ ТӘУЕЛСIЗ БАҚ-ҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНАР ТӘСIЛI ОСЫНДАЙ
Күнi кеше Қазақстанда сорақылықтың сойқанды оқиғасы болды. Сөз бостандығы жолындағы табанды күрескер, республикадағы санаулы тәуелсiз басылымның бiрi – “Adam bol” журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева соққыға жығылды. Белгiсiз қаныпезер бiреулер үйiнiң кiре­берiсiнде аңдып тұрып, басынан ұрып қашып
Аяқталуына санаулы күндер қалған бұл жылдың халықты қатты таңырқатып, тiптi есебiнен шатыстырған жаңалықтары – айыппұлдар туралы жаңа заңдары болды. Жылдың алғашқы айларынан бастап Қылмыстық кодекске түрлi жаңа баптар енгiзiлдi. Артынша әкiмшiлiк жазаның қаптаған жаңа түрлерi жарияланды. Тарқатып айтар болсақ... Биылғы сәуiрдiң 9-ы күнi мәжiлiс мақұлдаған, қоғамда дау тудырған жаңа қылмыстық кодекс жобасында БАҚ пен азаматтық
АРЫСТАНМЕН АТТАС АДАМ ЖЫЛДЫҢ ҮЗДIК МИНИСТРI АТАНДЫ
Танып қойыңыз, Жылдың үздiк министрi – Арыстанбек Мұхамедиұлы. Мұндай қорытындыны жыл аяқталар тұста саясаттанушы, журналист, блогер және әлеуметтанушылардың бiрiккен Саясат жобасы жасаған көрiнедi. Жоба авторларының пiкiрiнше, “Жылдың үздiк үмiткерi” атағына бiрқатар министрлер үмiттi болғанымен, Арыстанбек Мұхамедиұлы. Ал жұрт есiнде Арыстанбек қандай ерекше­лiктерiмен есте қалды? Шыны керек, Мұхамедиұлы ҚР мәдениет және спорт министрлiгiнiң тiзгiнiн наурыз айында ғана қолына алған болатын. Бұл саясаткердiң сырын алу үшiн аз уақыт емес шығар, бiрақ көп те емес. Сосын министр болғанына ай толғанда президенттiң қабылдауына кiрдi. Арыстанбектiң сондағы түрi жұрттың әлi көз алдында. Бiресе қолын төсқалтасына салып, бiресе қойын дәптерiн қайта-қайта парақтап, әбден әбiгерге түскен.
Алматы облысы әкiмi аппаратының жетекшiсi Ғалымжан Әбiдрайымов пен ереже­сiз жекпе-жектен үш дүркiн әлем чемпионы Ардақ Назаровтың ұйытқы болуымен ашылған “ALEM FIGHTERS” (Әлем жауынгерлерi) спорт мекте­бi ұжымы да биылғы жылды зор табыспен тәмамдады. Күнi кеше Жапонияның бас қаласы Токиода жекпе-жектен REAL FIGHT CHAM­PION­SHIP:
Елiмiздiң экономикасындағы басты өзгерiстердiң барлығы ең алдымен халықтың әл-ауқатына әсер ететiндiктен, бұл саладағы басты оқиғаларға тоқталмай кетуге болмайды. Теңгенiң 19 пайызға құнсыздануы – биылғы жылы ауызға алатын ең басты жаңалықтың бiрегейi шығар. Өйткенi 2014 жылдың 11 ақпанында ұлттық валюта ғана емес, халықтың билiкке деген сенiмi де құнсызданды.

Жақсы өткiздiк пе, жаман өткiздiк пе, әйтеуiр тағы бiр жылды өткiздiк: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешiлiктi көре-көре келдiк. Өткен жылдың сүрлеуiне қайырылып көз салсаң, бiрталай нәрсенi бастан өткерiппiз. Саясатта, экономикада, әлеуметте елден озып кетпесек те, өз қазанымызда өзiмiз бұрқ-сарқ қайнап жаттық.

Өткен аптада “Қазкоммерцбанктiң” “Құс жолы” қайырымдылық қоры және “Даму” кәсiпкерлiктi дамыту қоры “Жұлдыздарға қара” жобасын қорытындылады. Биылғы жылы аталған жоба аясында мүмкiндiгi шектеулi 70 жанға кәсiпкерлiктi дамытуға арналған гранттар табыс етiлдi. “Құс жолы” қайырымдылық қорының “Жұлдыздарға қара” жобасы осымен 10 жыл бойы мүмкiндiгi шектеулi жандарды қолдап,өз iсiн дамытуға жол ашып жүр.
– Әкем кейде түн ортасында, шырт ұйқыда жатқанымызда айғайлап орнынан атып тұратын. Бәрiмiздiң зәремiз ұшып, оянып кетемiз. Орнымыздан тұрып кiреберiс бөлменiң жарығын жағып, ол кiсiнiң тыныштануына мүмкiн­дiгiнше көмектесуге тырысамыз. Түсi болғанымен жүрегi мен жүйкесiне салмақ түсетiнiн бiлемiз. Кейiннен бұған да үйренiп алдық. Сонда жаман түс көредi екен.

Бiр қабатта тұрған соң көршiммен жиi араласамыз. Және екеуiмiздiң қызымыз да бiр мектепте оқиды. Менiң қызым 5-сыныптың “А”-сында, оның қызы “Ә”-де. Былай қарасаң, елгезек, адамдармен тез тiл табысқыш келiншек. Өзiнiң жақын базарда киiм-кешек сататын бутигi бар. Күнiне бiр бақылап, тауарды түгендеп сатушысына өткiзiп келедi. Одан кейiнгi уақытта қолы бос. Ал менiң кiшкентайым

Таяуда Украинаның Бiлiм министрi Сергей Квит мектеп оқулықтарындағы “Ұлы Отан соғысы” түсiнiгiн алып тастауға ұсыныс бiлдiрдi. Министр бұл тiркестiң орнына “Екiншi дүниежү­зiлiк соғыс” сөзiн қолдану мәселесiн көтердi. “Ұлы Отан соғысы” деп Кеңес одағының ұлы­лығын бiлдiру мақсатында айтылды. Өкiнiшке қарай, тоталитарлы мем­лекеттiң “ұлылығының” салдарынан миллиондаған украиндар құрбан болды.
Әлеуметтiк желiлерден КСРО кезеңiндегi ұрпақтың қалай өмiр сүргенi туралы қызықты деректерге көзiм түстi. Оқып шығып, өзiмнiң де балалық шағым өткен сонау 1960-80 жылдарға қиялыммен саяхаттап қайттым. Өз елiм – Қазақстанымның тәуелсiздiк алғанына шын жүректен қуаныштымын. Алайда кеңес дәуiрiнде өмiр сүрген кез келген азамат сол шақтағы көп жағдайды күнi бүгiнге дейiн аңсайтыны сөзсiз. Өйткенi ол кезде қа­зiргiдей

...Немерелерiме таңғаламын. Үшеуi де бiрiнен-бiрi өтедi. Осыдан бiрнеше күн бұрын ортаншы немерем: “Есiктерiңiздiң алдындағы қаусаған машиналар кiмдiкi?” дейдi атасына. “Қаусағаны несi?” деп, аң-таң болып есiк алдына шықсам, көршiнiң дарбазасының алдында соғылған “Ауди” мен “Мицубиси” тұр. Шал екеумiз бiр-бi­рiмiзге қарадық. Сөздерi түйеден түскендей.

“Билiк” деген ұғымның аясына кiмдер кiредi? Оған ауыл әкiмдерiнен бастап, үкiмет мүшелерi, парламент, президентке дейiнгi барлық қандай да бiр пәр­менi бар адамдар енедi. Ал сол билiктегiлер үшiн халық абстракциялы ұғымға айналып болғанға ұқсайды. Мә­селен, қазiргi күнi ақ­шаға сатылып, өлiкке жаназа шығаратын, садақаларда дұға оқитын дiндарлардың көбi Аллаға сенбейдi, тек оның атын пайда табудың көзiне айналдырып алған

Қазақ өнерi мен мәдениетiнiң майталман бiлгiрi, қоғам қайраткерi, көрнектi театр сыншысы, Мемлекет­тiк сыйлықтың иегерi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, Қазақтың Өнер университетiнiң профессоры, кемел ойлы азамат ағамыз Әшiрбек Сығайдың қазасы қалың қазақтың қабырғасын қайыстырды. Ұлы Абай айтқандай: “Өлмейтiн атақ қалдырып,

Әнеугүнгi суықта соғым сойдық. Сатып алған адамдар риза болысты. Жаңа жылда жан-жақтан келген балаларымен соғым жей­тiндерiн бiр-бiрлерiне айтып, қауқылдасып жатты...  ...Мен жоғары оқу орнын (денешынықтыру мұ­ғалiмi) бiтiрген адаммын. 1998 жылдары үйелмелi-сү­йелмелi балаларымды асырау үшiн, яғни қу тiр­шiлiктiң қамымен мұ­ғалiмдiктi тастадым.

Темiрланның әкесi қазақ, анасының ұлты орыс болатын. Ең бастысы – балаларының бәрiн оқытты, үй еттi. Бүгiнде әкесi марқұм мұсылмандар бейiтiнен, анасы болса қаланың екiншi жақ шы­ғаберiсiндегi орыс зиратынан жай тапқан. Ұядағы тәрбиеден болар, марқұмдардың туған, дүниеден қайт­қан күндерi перзенттерiнiң назарынан тыс қалып көрген емес. Қолдары қалт еткенде бала-шағаларын ертiп алып барып тұрады.

Жауды көрсе сайланған,
Топты көрсе айналған.
Алмас қылыш асынып,
Жебесi болат найза алған.
Қырымнан қиқу таянса,
Менiң 1-сыныпта оқитын iнiм Аяз атаға сенбейдi. “Аяз атаға қандай өтiнiш айтасың?” десек, iшек-сiлесi қата күледi. Оған себеп... 2014 жылды, яғни сағат 12-нi күте-күте iнiм ұйықтап қалды. Түнгi 3-тен кейiн үйге “Аяз ата” келдi дорбасын арқалап. Ең болмағанда “Аяз атаны” көрсiн деген ниетпен iнiмдi жұлқылап ояттым.

2014 жыл түгесiлер тұста өткен жылды қорытып, жеткен-жетпегенiмiздi бағамдап қана қоймай, алдағы жылға болжам жасайтын дәстүрiмiз бар. 2015 жылда бiздi нендей жаңалықтар күтiп тұр? Елiмiздiң саяси-экономикалық өмiрiнде қандай өзгерiстер болмақ? “Қой жылынан не күтемiз?” деген сұрақты әр салада жүрген сарапшыларға қойып көрген едiк.

Мен Астана медицина университетiнiң 7-курс интернi Жанар Болатбекқызымын. Бакалаврды үздiк дипломмен аяқтадым. Ендi Құдай жазса, көз микрохирургi болғым келедi. Мен ақын емеспiн, дегенмен мектеп қабырғасынан бастап өлең жазамын. Аудандық, облыстық мүшәйраға қатысқанмын. Өлеңдерiм аудандық газеттерде жарияланып та тұрды.
Академик Абдылдажан Акматалиев – Қырғызстан ҰҒА-ның Әдебиет институтының директоры, iрi айтматовтанушы. А.Акмата­лиевты айтматовтанушы ретiнде тек Қырғызстан, ТМД кеңiстiгi ғана емес, әлем әдебиетшiлерi тегiс мойындайды. А.Акма­талиевтiң Шыңғыс Айтматов жөнiндегi зерттеулерi әлемнiң 34 тiлiне аударылған. Шыңғыс Айтматов өмiрден озғаннан кейiн А.Акматалиев Қырғызстанның әдеби-мәдени
КIМДI МҰҚАТҚЫСЫ КЕЛIП ЖҮР?
Редакциямызға көрнектi ақын, республикалық “Жазушы” баспасының директоры Есенғали Раушанов телефон соқты: “Екi жылға жуықтап қалды, маған Есенғали Антакия деген бiреу тыныштық берер емес... “Азаттықтың” сайттарында, “Абай kz”-да осы Есенғали Антакия деген адам өзiнiң шикi, пiспеген, бытыранды, жұғымсыз ойларын жиi жариялап тұрады.
ҚР бас Прокуроры А.Дауылбаев мырзаның назарына
 
“Жас Алаштың” бетiнде екi жыл жетi ай соттасып, әдiлдiкке қол жеткiзе алмай жүрген ағайынды Рамазан мен Ерлан Жәкеевтер жайлы жазған едiк. Оқиғаны қысқаша баяндасақ, Баянауыл ауданындағы “Бiрлiк” ауылының тумалары ағайынды Жәкеевтер туған ауылдарында керамикалық кiрпiш шығаратын зауыт салмақ болады.
Жылқы жылында әуе кө­лiгiмен сапарға аттанып, жантәсiлiм еткен жандардың да, өкiнiшке қарай, саны аз емес. Ақпан айында Алжирдiң Умм-әл-Баваки елдiмекенi­нiң маңында әскери тасымалдаушы ұшақ құлап, 119 адам мерт болды.  Наурыздың алғашқы ме­рекесi әйелдердiң халықаралық күнiн тойлаған түнi Малайзияның бас қаласы Куала-Лумпурден Бейжiңге бағыт алған Boeing 777-200 ұшағы радардан жоғалып кеттi.
ЕКIНШI АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ НЕМЕСЕ 9 ДОЛЛАР
Димекеңнiң жұлдызы жанып, КСРО-да атақ-даңқы дүрiлдеп тұрған жетпiсiншi жылдары Алматыға шетелдерден белгiлi қоғам қайраткерлерi, жазушылар жиi келетiн едi. Әсiресе, социа­листiк мемлекеттер басшыларын Димекең ерекше ықыласпен қабылдап, әңгiмелесiп, сұхбаттасатын. Өйткенi дамудың со­циалистiк жолына түскен елдер­дiң ұраны Бейбiтшiлiк, империализмге қарсы күрес болды
Ұлттық банк пен үкiмет келесi жылдың экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын белгiлеп, бiрлескен мәлiмдеме жасады. Экономикалық сая­саттың бiр бағыты – дедолларизация, яғни ұлттық валютаның экономикадағы рөлiн арттырып, долларға тәуелдiлiктен құтылу.  Мәлiмдемеде ең алдымен Қазақстан экономикасына нендей сыртқы факторлардың әсер еткенi келтiрiлген.
Ажал айтып келмейдi. Ажалдың сұрапыл сұсы да, үрей мен зәренi алып үркiтетiн қорқынышы да – оның осы ғайыптан келетiн белгiсiздiгiнде. Адам пендесiнiң жарық дүниеге келуi – кездейсоқтық дейдi ғой. Ал дүниеден өтуi – заңдылық. “Адамзат сапарының мейманымыз, бiр мезет жер бетiне кетер соғып” дептi Қасым Аманжолов. Демек, мейман болған соң, мұнда тұрақтап қалу жоқ, сол келген жағыңа қай­туың керек.

Кеше бiр өсек естiдiм. Кiмнен естiдiм? А-а-а! Радиодан естi­дiм. Голливудтың бiр әртiс қатыны, атын ұмыттым, буаз көрi­недi. Кешiрiңiз, екiқабат екен. Үш ай бопты. Үш ай бойы ешкiм бiлмеген, тiптi әлгi қатынның өзi де бiлмептi. Бiр күнi қараса... екiқабат дейдi! Еркек бала дейдi, атын Құдайберген қоя­мыз деген көрiнедi. Мiне, қазiр радио осындай өсектер айта бастады. Қып-қызыл өсек! Бiреу­лер өсек айтпаса, ендi бiреулер сол өсектi естiмесе, ұйықтай алмайтын болды қазiр.

Бұл Құрымбай тұғырдан еш түспеген,
Кезiнде ол “хатшы” болып iстеген.
Қазақты тек қақпайлаумен келедi,
Қазақ десе тiлiн тас қып тiстеген.

Шықшытына шиша кi­рiп кеткендей, түнде түсiнен шошып оянды. Түсiнде облыс әкiмi бетiн пышақпен кесiп алып: “Бетiңiзде қытық жоқ, жеп көрейiн­шi...” деп жатыр. Қысқасы, кесiп-кесiп жеп жатыр. Шөлейттi ауданға әкiм болып келгелi де, бiр жыл жыланның жұмырына жұқ болмағандай, өте шығыпты, бiрақ бiтiрген iсi жоқ. Содан ол орынбасарларын, архитектура-сәулет бөлiмiнiң басшыларын шақырып алды. “Бiздiң ау­данда неге өзен жоқ?” деп

Күркiрей кiсiнеп, босағамыздан басын сұққаны кеше ғана сияқты едi, арқыраған Жылқы жылын да шығарып салмақпыз. Қамбар ата түлiгi қазақ спортына ырыс-несiбесiн аяп қалған жоқ. Жылқы жылында өткен қандай жарыс болмасын, спортшыларымыз табыстан тау тұрғызды. Биылғы жылы баптағанымыз бәйге алмай, бармағымызды қан-жоса шайнаған сәттер мен көңiлiмiз көк тiреген шадыман шаттығымызды қатар өрiп, саралағанды жөн көрдiк.  
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ЖЫҒЫП...
Жылқы жылында Қазақ спортының жылнамасына бiрнеше тұңғыштардың есiмi қашалып жазылды дедiк. Солардың толайым табысын тағы бiр тамсана толғай кетейiк. Ең алдымен, жазғы Азия ойындарында дзюдо күресiнен алтын медаль алған алғашқы қазақ спортшысы жөнiнде. Елдос Сметов – жазғы Азия ойындарында дзюдо күресiнен алтын медаль алған тұңғыш қазақ.
“Жас Алаштың” оқырмандары – өте елгезек. Әсiресе, әдебиет, мәдениет, өнер мәселелерi жөнiнде газетiмiзге хат жазып, өз ойларын ашық әрi батыл бiлдiрiп отырған оқырмандарымыз. “Өнер мен әдебиетте өнiмдi еңбек етiп жүрген композитор Кеңес Дүйсекеев пен ақын Ғалым Жайлыбай неге Мемлекеттiк сыйлық ала алмады? Осы жөнiнде өз ойларыңызды бiлдiрсеңiздер дұрыс болар едi. Мемлекеттiк сыйлық жөнiндегi комиссияның мүшелерi 46 адам болса, бiздiң естуiмiзше, сыйлыққа