1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15979) 6 қаңтар, сейсенбі 2015
Қадыр Мырза Әлi – 80
5 қаңтар – халқымыздың аяулы азаматы, қазақтың ұлы ақыны Қадыр Мырза Әлiнiң туған күнi. Егер ортамызда жүргенде Қадыр Мырза Әлi кеше 80 жасқа толар едi. Қадыр Мырза Әлiнiң қа­зақ поэзиясына қосқан үле­сiн, үлгiсiн, өнегесiн тiзбелеп айта берсек, талай жерге барар едiк. Бiздiңше, Қадыр Мырза Әлiнiң қадап айтуға тұрар, айрықша қыры – оның ойшылдығы. Өлеңдi ойға құру – жалпы түркi поэзиясына, оның iшiнде қазақ поэзиясына да жат емес. Бұл – ежелден бар үлгi. Мiне, осы үлгiнi Қадыр Мырза Әлi өзiнше жаң­ғыртты, өзiнше дамытты, өзiнше түрлендiрдi.
Н.НАЗАРБАЕВ БИЛIКТЕН КЕТСЕ, ТӘУЕЛСIЗДIККЕ ҚАТЕР ТӨНЕ МЕ?
15-16 қаңтар күндерi Ақорда Украина дағдарысын шешуге бағытталған “нормандиялық форматтағы” кездесудi ұйымдастырады деген ақпарат әлемге таралып кеттi. Алдын ала уағдаластық бойынша Астанада өтуi тиiс кездесуге Франция, Украина және Ресейдiң президенттерi мен Германия канцлерi келедi деп күтiлуде.

Ресей, Беларусь және Қазақстан қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт 1 қаңтардан бастап күшiне ендi. Сөйтiп, тәуелсiз елiмiздiң ендiгi тағдыры қазақты жетпiс жыл бойы бодандықта ұстаған Ресеймен қайта қосақталды. Өкiнiштiсi, Ресей қазiр айға шапқан арыс­танның кейпiнде. Украйнаға тiзе батыру арқылы Путин билiгi бүкiл әлемдi өзiне қарсы қойды. Қазақстанның да жетiсiп тұрғаны шамалы. Қазақ жұрты толық тәуелсiздiктi әлi сезiнiп көрген жоқ. Ең құрыса, қазақтың тiлi де нағыз мемлекеттiк тiл мәртебесiне ие бола алмады.

Уа, ұлы баба, Абай  атам! Өзiң жөңге сала алмай кеткен сол қазағың, өз қазағың. “Басында ми жоқ, өзiңде ой жоқ”, ұйқылы-ояу, қалғып-мүлгiп жүрiп жатыр. “Әркiмге өсек айтып безектеген көжектерiң”, “өз басында жыны бар бiр бақсылық жақсылықтарың” күпiнiң битiндей   өрiп жүр. Бастарында сәуле де, сана да жоқ. Кейiнгi   ұрпақтарың өз ана тiлiнен жерiп орысша шүлдiрлесiп жүрсе, сенi оқы деп қалай айтасың?! Әлi 

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, елiмiздегi зейнетақының көлемi 9 пайызға көбейдi. 2015-17 жылдар­ға арналған әлеуметтiк қамтамасыз ету мақсаты бойынша бөлiне­тiн қаржы сомасы – 5 миллиард 885 миллион теңге. Бұл ақшаның 1 миллиард 713 миллион теңгесi 2015 жылғы әлеу­меттiк төлемақыларға үстеме пайыз ретiнде қо­сылмақ. Әлеуметтiк және мемле­кет­тiк жәрдемақы 7 пайызға кө­бейтiледi.

Француз астрологы, көрiпкел Нострадамустың алдағы уақыттарға жасап кеткен болжамдары күнi бүгiнге дейiн қызықты. Ғалымдар там-тұмдап болса да, көрiпкелдiң айтқандарын сараптап, талдап көрiптi.Сонымен, Нострадамус осы жылға қандай болжам жасаған? Астрологтың сөзiне сенсек, 2015 жылы адам жасын ұзартатын эликсир ойлап табылып, алдағы жылдары адамдар 200 жас­қа дейiн өмiр сүруi мүмкiн екен.
“Жас Алаш” газетiнiң 2014 жыл­ғы № 99-100 сандары қолыма тигеннен кейiн жабырқау тартып жүрген көңiлiмнiң бiр көтерiлiп қалғаны бар. Газеттегi материалдарды бастан аяқ оқып шыққаннан кейiн ұжым мүшелерiне сырттай болса да ризашылығымды бiлдiрдiм. Неге дейсiз бе? Ең әуелi көңiлiмнiң неге жабыр­қау тартқанына тоқталайын. Желтоқсан айы айтулы үш оқиғамен өзге айлардан дараланып тұратыны белгiлi.

1 қаңтардан бастап “Жол қозғалысы туралы” заңның қырнап-жонылған түрi күшiне ендi. Бұған дейiн көлiк жүргiзушiлерi жол жиегiнде, арнайы алаңдарда темiр тұлпарды қаңтаруға болады деген “Р” белгi орнатылған жерге ғана тоқтауы тиiс едi. Жол по­лицейлерi мұндай белгi орнатылмаған жерге аялдағаны үшiн азаматтарға айыппұлды аямай салып келген-дi. Жаңа заңдағы 

Дүниенiң ең басты жұмбағы – адам.
Адамдар дүниенiң бәрiн түсiндiргенмен, өздерiн өздерi әлi де болса түсiндiре алған жоқ.
Әкеңдi бiлмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың iшiнен ұлтыңды бiлмеген не деген сұмдық.!
Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейдi.

Өткен жылдың соңғы айларында мәжiлiсшi Серiкжан Қанаев моноқалаларды қолдау мақсатында түзiлген бағдарламаның iске аспағанын мәлiмдедi. 2012-20 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама бойынша моноқалалардағы әлеуметтiк, экономикалық ахуал жақсарып, түйткiлдi мәселелер шешiлуге тиiс едi. Өкiнiшке қарай, мил­лиардтаған қаржы бөлiнген бағдарлама сөз жүзiнде қалған.

 “Цирк – бұл жер бетiндегi ең керемет орын” деген екен К.Станиславский. Расында да манеждегi әуеде қалықтаған акробат, буын­сыз гимнаст, күлкiлi клоун мен ақылды, сүйкiмдi жануарлардың өнерiн тамашалағанда жастың да кәрiнiң де жүзiне күлкi үйiрiледi. Шымкенттегi “Оңтүстiк цирк” мекемесi де 3 жылдан талайдың жүзiне күлкi үйiрiп, мыңдаған көрерменнiң көзайымына айналды.

В.Жириновскийдi кiм бiл­мейдi? Ол ел аузында “аңызға айналғандай” емес пе?! «Оның өзi елге соншалықты несiмен әйгiлi болған»? дегенге келетiн болсақ, әлгi әңгүдiктiң небiр сұрқия қылықтары көз алдыңнан тiз­бектелiп өтiп, “аңызға бергiсiз әңгiмелерi” еске түседi. Несiн айтасың, сөзшеңдiгiн­де шек жоқ.

Бiз қандай халықпыз? Кешегi қазақ бүгiн қалай өзгердi? Ұлт тамырына балта шабатын қауiптi дерттi аңдай алдық па? Сыртағы қандастарына сыртын берген бүгiнгi билiктiң орашолақ мiнезi қарапайым қарашаға да жұққаннан сау ма? Мiне, осы сауалдардың бәрiнiң жауабы бiр үзiк хаттың ауқымына сыйып кетiптi. “Моңғолиялық қазақ қызының бiздiң қазақтарға жазған хаты” деген тақырыппен әлеуметтiк желiнi шарлап жүрген бойжеткеннiң базынасын бiз де газет оқырмандарына ұсынуды жөн көрдiк. Сөзiне қарағанда, өз есiмiн жария етудi жөн көрмеген автор қазiр Қазақстанда жүрген секiлдi. Ал оның айтқаны – қаны сорғалаған шындық. Хатқа кезек берейiк...

Студенттер арасында оқуын орта жолдан тастап кететiндер аз емес. Ал кейбiреулерi дипломын алса да, мүлде басқа салаға ауысып жатады. Мұның себебi неде? Әрине, “себебi мынау” деп, бiр ғана мәселеге назар тiктеу артық шығар, бiрақ психологтардың топшылауында да жан бар секiлдi. Олар мамандық таңдағанда темпераментiңiздi есепке алуға кеңес бередi. Демек сiздiң ертеңгi атқарар жұмыс, iстер кәсiбiңiз мiнез-құлқыңызға сай болғаны дұрыс екен.

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕТЕЛДIК СТУДЕНТТЕР КӨБЕЙМЕК
Елiмiздегi медицина саласында бiлiм алатын студент­тердiң 10 пайызын болашақта шетелдiк тәлiмгерлер құрауы мүмкiн. Бұл жөнiнде жуырда тенгринюс тiлшiсiне ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов мәлiмдедi. Ақановтың мәлiметiне қарағанда, қазiрдiң өзiнде ұлттық медицина университетiндегi 17 мемлекеттiң жастары бiлiм алуда. 11 мың студенттiң 600-700-i – шетелдiктер.
Кiтап оқуды қашанда пайдалы iске жатқызатыны бәрiмiзге мәлiм. Ал сiзге бiреу “кiтап оқудың қандай пайдасы бар?” десе, қанша дерек келтiре алар едiңiз? Әдетте, адамның ойына 5-тен артық пункт келмейдi. Сондықтан назарларыңыз­ға осы мәселенi тереңiнен ашатын жаднама ұсынамыз:
1. Ойды дамытады. Кiтап оқудың басты пайдасы – ой-өрiсiмiздi кеңейтедi. Себебi шығарманы оқу кезiнде бiз басты идеяны, сюжеттi түсiну үшiн терең ойға түсемiз.
2013 жылдың қазан айында ашылған “ALEM FIGHTERS” (Әлем жауынгерлерi) кәсiпқой спорт клубының спортшылары үшiн де былтырғы жылқы жылы толайым табысты болды. Спорт клубында шыңдалып жүрген ұландар ережесiз жекпе-жектiң бiрнеше түрiнен, жауынгерлiк самбодан, джиу-джитсудан, греплингтен өткен елiшiлiк, халықаралық жарыстардан олжалы оралды. “Әлем жауынгерлерiнiң” тағы бiр жағымды жаңалығы – ережесiз жекпе-жектен әлем чемпионы
ТОЛАҒАЙЛАРҒА ТЕМIР ТҰЛПАР МIНГIЗДI
Жанат Түсiпбеков басқаратын елiмiздiң ауыр атлетика федерациясы былтыр Алматыда өткен әлем чемпионатында көк туымызды көкке өрлетiп, әнұранымызды алты құрлықтан асыра шырқатқан чемпиондарға темiр тұлпар мiнгiздi. Төрт дүркiн әлем чемпионы Илья Ильинге, үш дүркiн әлем чемпионы Зульфия Чиншанлоға және қазақ ауыр атлеттерi арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаевқа ауыр атлетика федерациясы осылай құрмет көрсеттi.
АЖАЛ ҰМЫТҚАН АДАМ
Үндiнiң солтүстiгiнде әлемдегi ең қарт адам өмiр сүредi. Махашта Мураси қазiр 179 жаста. Қарттың айтуынша, ол 1835 жылы туған, ал зейнеткерлiкке 122 жасында шыққан. Қарт оған дейiн етiк тiгумен айналыс­қан. “Менiң немерелерiм о дүниеге баяғы-ы-ы-да ат­тан­ған. Ал менiң бұл өмiрде барымды, өмiр сүрiп жатқанымды ажал бiлмейтiн сияқты. Менi әбден ұмытқан секiлдi…” дейдi қарт. Бұл жайында баяндаған Утро.ру.