1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15980) 8 қаңтар, бейсенбі 2015

Жол қауiпсiздiгiне қатысты енген өзгерiстердiң ең тәуiрi – 12 жасқа дейiнгi балаларды автоорындыққа таңуға мiндеттейтiн талап. Ендi қаршадай балаңыздың бәрiн қаз-қатар қонақтаған қарлығаштай, көлiктiң артына көгендеп қоясыз. Бiрақ жiппен матап, арқанмен байламайсыз. Астына бiр-бiрден қауiпсiз орындық сатып әпересiз. Бүгiн автоорындықта шiренген бала ертең ат жалын тартып мiнгенде үлкен орындыққа неге қызықпасын!? Яғни, баланы бастан деген – осы. Демек ұрпақ қамын күйттеген үкiмет сiздiң балаңызды мәнсапқа елiктiрiп отыр. Ал ендi осыны түсiнiп жатқан қазақ бар ма?

Өткен нөмiрде Астанада өтедi делiнген саммитке қатысты немiс сарапшыларының пiкiрiн келтiрген едiк. (Астанада келiссөзге жиналады. Н.Назар­баев билiктен кетсе, тәуелсiздiкке қатер төне ме?”, №1, 6 қаңтар, 2015 жыл). “Нормандиялық форматтағы” жиын өткiзу Астанаға не үшiн қажет?” деген сұраққа жауап iздеген немiс сарапшылары себептiң бiр ұшын Ресейдiң ықтимал басқыншылығынан сақтану деп түсiндiрген едi.

Осыған дейiн бiрде-бiр қазақстандық тастанды баланың өз ата-анасын сотқа бергенi туралы естiген құлақ, көрген көз жоқ. Алайда Серiк тағдырын талқандап, жетiм деген атқа қалдырған анасын заң алдында жауапқа тартқызуға бел буыпты. “Менi дүниеге әкелген шешем керексiз етiп, тастап кеттi. Сол үшiн туған анамды сотқа бердiм. Сот менiң шағымымды қанағаттандырып, шешеме моральдық өтемақы төлеуге үкiм шығарды.

Инвестициялар және даму министрлiгiне қарасты Аэроғарыш комитетi төрағасының орынбасары Еркiн Шаймағамбетовтiң айтуынша, Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан “Протон” зымыран тасымалдаушысын әлi он жыл ұшырады. Бiрқатар бұқаралық ақпарат құралдары “он-ақ жыл қалды, “Протоннан” құтыламыз” деп жазды. Кiмдi жұбатқаны белгiсiз. Шаймағамбетовтер үрiп iшiп, шайқап төгiп жүргенде “Протоннан” төгiлген гептилдi әлi он жыл “нанға жағып жейтiн” болдық!

Иә, мен ҚР президентi Н. Назарбаевтың Жолдауына сенбей­мiн. Сенбейтiнiм, елiмнiң дамуына қарсы болғандығым емес, мен жаратылысымнан өтiрiкке қарсымын. Ал Назарбаевтың Жолда­уында шикiлiк көп. Осы кiсi өзi де аңғармай қала ма, жоқ өз өтiрiгiне өзi сене ме, жыл сайын халыққа жолдау жолдап, қисынға келмей­тiн нәрселердi айтады. Екi мыңыншы жылдың басында, елдiң құлағынан күн көрiнiп отырған шақта “Қазақстан – 2030” деген стратегиялық жоспарын жариялады.

“Ассошиэйтед Пресс” ақпарат агенттiгi желтоқсанның 31-i күнi Рахат Әлиевке адам өлiмiне қатысты ресми түрде айып тағылғанын хабарлады. Агенттiкке бұл ақпаратты прокурор Томас Вечей жеткiзген. Прокурор бұдан өзге деректердi жария етуден бас тартыпты. Ресми түрде айып тағылған соң Әлиевтiң iсi сотқа түседi. Қазiр бұл процестi бәрi күтiп жүр. Аустриялық журналистер Әлиевтiң iсiне “бұрын-соңды болмаған процесс” деп баға

Қой жылы той жылы болсын деп бiр-бiрiн құттықтаған Тараз тұрғындары жаңа жылды қоғамдық көлiктердегi жол ақысының қымбаттағанымен қарсы алды. Жыл соңында бензин бағасының 19 теңгеге дейiн түскенiне қарамастан жыл басында қалаiшiлiк бағыттағы автобустардың бiр реттiк жүру бағасы бiрден 15 теңгеге көтерiлдi. Ендi тиын санап отырған халық бiр реттiк жол жүру үшiн 60 теңге төлейдi

“Коммерсант” газетiнiң жазуынша, “БТА банктiң” бұрынғы топ-менеджерi Вероника Ефимованы Ресейден Қазақстанға экстрадициялады. Қазақстанның құқық қорғау органдары Вероника Ефимованы Мұхтар Әбiлязовпен бiрге БТА банктiң ақшасын қымқыруға қатыс­ты деп айыптап, оған iздеу жариялаған. Оны Ресейдiң Федералдық қауiпсiздiк қызметi Челябинскi қаласында қолға түсiрген. Қамауға алу кезiнде оның қалтасынан Ресейдiң жалған паспорты табылған.

Қазақ даласы қай заманда да дарынды, ақылды адамдардан құр алақан емес. Адамзат тарихының әр ғасырында өз дәуiрiне лайықты кемеңгер адамдар өмiр сүрген. Олар тек өзi үшiн емес, халқы үшiн өмiр кешкендiктен тарихтан өшпес орын алған. Ал қазақ халқының тарихындағы ХХ ғасырда болмысы бөлек, ақыл-парасаты өте терең, салиқалы, туғаннан аты – Дiнмұхамед, өмiрiнiң аяғына дейiн тұла бойы тұнған нұр-қуат, жаны жаз, рухы – пәк, кiсiлiгiнде мiн жоқ Ұлы адам өмiр сүрдi. Ол адам – Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев.

Өзге елде, жат жерде туып өскен бiздер үшiн Дiнмұхамед Қонаев есiмi ерекше ыстық болатын. Өзбекстанның шалғай жатқан қазақ ауылындағы клуб үйiнiң iшкi қабырғасында үнемi iлiнiп тұратын КОКП Орталық комитетiнiң саяси бюро мүшелерiнiң суреттерiнiң қақ ортасында маңдайы жарық, көздерi нұрға толы, күлiмсiреп қарап тұрған қазақтың ұлы перзентiнiң жарқын бейнесi бала болсақ та бiздiң көңiлiмiзге ерекше мақтаныш сезiмiн туғызатын.

Қазақ әдебиетiнiң ақсақалы Әбдiл­да Тәжiбаев бастап, ұлтымыздың бiр туар перзентi Өзбекәлi Жәнiбеков қостап, осы Жүрсiннiң өзi жанын салып жүрiп сахна төрiне шығарған айтыс өнерiнiң сиқы кетiп, бiр партияның бұлбұлына айналғаны жанымызға батып отыр. Киелi өнердi өрге көтерем деп аса таяғымен қақпаған есiгi қалмаған абыз

Кеңес одағы кезiнде құрылыс бастардан бұрын сол салынатын нысанға смета жүргiзiлетiн. Ол сметада құрылысқа кететiн материал­дар, жұмыс күшi, жердiң қаттылығы (қазған кезде), жұмыс iстейтiн адамдардың демалысы, 8 сағаттық жұмыс және т.б. есептелiнетiн. Осыған байланысты қаржы бөлiнетiн. Бұл салынатын құрылысты бiр трест қолға алып, оны бiр ПМК-ға жүктейтiн. Құрылыс бiткен соң комиссия келiп мұқият тексерiп, сол берiлген нормамен iстелiндi ме, материалдары сметада көрсетiлгенге сай ма, осының бәрiн анықтап, қабылдаушы едi.

“Жас Алаш” газетiнiң  26 желтоқсан 2014 жыл­ғы №103-104 (15977-78) санында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының тұрғыны И.Сиқымбаеваның “Ұлы отан соғысы” тiркесiн өзгертетiн кез келдi” деген пiкiрi жарияланды. Бұл менi де қатты толғандыратын мәселе болған соң, өз пiкiрiмдi бiлдiрсем деп шештiм. Баршамызға аян, келмеске кеткен Кеңестер Одағы кезiнде II Дүниежүзiлiк

Тiрi адамның тiршiлiгi таусылған ба? Шымкенттен шыққан “Газель” автокөлiгiнен түсiп, ДСУ ықшамауданына баруым керек. Күн кешкiрiп қалған. Оның үстiне нөсер басылмай үздiксiз сiркiреп жауып тұр. Егер қолымдағы ауыр жүк болмаса қара басым жаяу кете беруге әзiрмiн. Шынын айтқанда, жауып тұрған күздiң жауынынан да онша қорқып тұрғаным жоқ. Сонымен жағалап, аялдама маңында тұрған таксистерге келдiм.

...Қазақ халқы жетi санын киелi және қасиеттi санаған. Халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiнде де “жетi” саны жиi кездеседi. Бұл да тегiн емес. Қазақ халқының қасиеттi жетiлерiн атап өтетiн болсақ, олар: “Жетi ғашық”, “Жетi жетекшi”, “Жетi шәрiп”, “Жетi ғалам”, “Жетi ата”, “Жетi қат көк”, “Жетi амал”, “Жетi күн”, Жетi жұт”, “Жетi жоқ”, “Жетi жетiм”, “Жетi қазына” және т.б. Атам қазақ қадiр тұтқан киелi “жетi қазына” ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра болып, бiздiң дәуiрге жеттi.

Келiн болып түскен күнi жадымда жақсы сақталған бiр ескертудi соңғы кездерi жиi еске аламын. Енем кез келген нәрсеге мән беретiн, салт-дәстүр, ғұрыпты мықты бiлетiн кiсi. Алғашқы күнi-ақ дастарқан жинамақ болып төргi жақтағы ыдыстарға беттегенiм сол едi: “Қазақтың келiнi төрдi аяқпен баспайды. Себебi, әр үйдегi төрде сол елдiң үлкен адамдарының өзi немесе тiптi аруақтары отырғандай сезi­нiп, құрметте.

Абайдың бас шәкiртi, сөз өнерiнiң өрен жүйрiктерiнiң бiрi – Әрiп Тәңiрбергенұлы 1856 жылы қазiргi Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында бұрынғы Аягөз уезiнде дүниеге келген. Әрiптiң шын аты – Мұхаммедғарып. Ауыл молдасынан ерте хат танып, хисса-дастандарды өз бетiнше судыратып оқып кеткендiгiне қарап айналасы оны Ғарып, келе-келе Әрiп атандырған.

Өткен жазда еңбек демалысымды алып, жылдағы әде­тiм­мен туған ауылыма бет бұрдым. Асфальт жолда көлiк зулап келедi. Қаладан ұзаған сайын менiң де көңiлiм ала­бұртып, әлдененi күткендей, екi көзiмдi жолдан айырмадым. Әшейiнде күйбең тiрлiк­пен ауылды жиi еске ала қоймаймыз. Бұл жолы ниеттенiп, iштей дайындалып шыққандықтан ба, балалық шағым, ақ жаулықты әжемнiң ертегi айтып отырған сәтi,

Бокстан 2005 жылы әлем чемпионаты Қытайда өттi. Ел намысын қорғаған боксшыларымыз 2 алтын, 3 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте Куба мен Ресейдi ғана ұзатып салып, үшiншi орыннан көрiндi. Мiне, осы додада көк туымызды күнге сүйгiзiп, әнұранымызды аспандата шырқат­қан қос қыранымыз Серiк Сәпиев пен Ердос Жаңабергенов әлем чемпионы атанды. Қытайдың рингi қолтығын сөккен Серiк содан кейiн де талай биiкке өрледi. Әлем чемпионатының алтынын екiншi рет иелендi, жазғы

ҚҰНЫҢ ҚАНША, МЕССИ?
Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегi ең қымбат футболшылардың тiзiмiн түзiптi. Осы күнде ала доптың соңында жүргендерiң iшiнде байлығы асып-тасып, көш басында тұрғаны – аргентиналық Лионель Месси. Аргентина ұлт­тық құрамасының капитаны, каталондық “Барселона” футбол клубының шабуылшысының құны 220 миллион еуро екен.