1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15981) 13 қаңтар, сейсенбі 2015
10 қаңтар күнi қазақ халқының даң­қты жазушысы Iлияс Есенбер­лин­нiң туғанына 100 жыл толды. 1969 жылы “Жазушы” баспасынан Iлияс Есенберлиннiң “Қаһар” атты романы жарық көрдi. Бұл кез қандай кез едi? Қызыл империяның мейманасы әбден тасыған, Кремль жүргiзiп отырған орыстандыру саясатының 82 ұлтты түп-тамырымен жойып жiбе­рiп, ендi өзiнiң қанды ауызын 83-iншi, 84-iншi, 85-iншi ұлттарға (қалмақ, шуаш, ұдмұрт және т.б.) сала бастаған кезi едi. 1937 жылғы қанды қырғынды айтпай-ақ қойғанның өзiнде
Бұл адам туралы ақпарат тым сұйық. Дипломатиялық ортада да, ғаламторда да. Оның өзiндiк себебi бар. Қытайда партия жетекшiле­рiнiң өмiрi мен тұрмыс-тiршiлiгi мемлекеттiк құпия саналады. Содан да шығар Қытай Халық Республикасының бүгiнгi төрағасы Си Цзиньпиннiң өмiрi бiр қарағанда тым сұрықсыз көрiнуi мүмкiн. Шын мәнiнде солай ма? Өз қазанында бұрқ-сарқ қайнап жатқан қытайлық партия көсемдерiнiң өмiрi қызықсыз болуы мүмкiн бе? Құпияның да түр-түрi болады: жеке бастың құпиясы, коммерциялық құпия, банк құпиясы, әскери құпия, мемлекеттiк құпия, тағысын-тағылар
Адамжегiш Николай Жұмаға­лиев­тiң осыдан 24 жыл бұрын Ақтөбе қаласында   айуандық қылмыс жасағаны анықталды. Ол 1990 жылдың шiлдесiнде түн iшiнде Ақтөбе медициналық колледжiнiң студентi 23 жастағы Гүлмейрам Маратованы бауыздап өлтiрiп, етiн жеп, қанын iшiп кеткенi дәлелдендi. Кезiнде ашылмаған қылмыстар тiзiмiнде мұрағатқа жiберiлген осы iстi Ақтөбе полицейлерi 2014 жылдың басында қайтадан мұрағаттан зерттеуге алып, гендiк сараптама жүргiзген. 
Күнi кеше ғана ғаламторға түскен шағын ақпарат Қазақстан жұртын таң-тамаша еттi. Қырғызстанның экс-президентi Роза Отынбаеваның ұлы Бiшкек базарларының бiрiнен кiшкентай дүкен ашыпты. Адам жалдамай, азық-түлiктi де өзi сатады екен. Атай Садыбақасовтың жаңа бизнесi мен оның сауда жасап тұрған суретi алғаш Айдар Жорабеков деген интернет қолданушының әлеуметтiк желiдегi жеке парақ­шасына түскен. Бұл ақпардың жалған еместiгiн артынша ҚырТАГ агенттiгi растады. Ал Атай не дейдi дейсiз ғой, былай дейдi: “Мен бұл бизнесiмнен ешқандай өрескелдiк көрiп тұрғаным жоқ”.
ДIНИ СЕНIМДI ҚОРЛАУҒА, ТЕРРОРЛЫҚ СОЙҚАНҒА ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙТЫНЫН ҰҚТЫРДЫ
Қаңтардың 7-сiнде Парижде Charlie Hebdo сатиралық журналына жасалған шабуыл әлемдi дүрлiктiрген һәм бiрiктiрген оқиға болды. Қайғы жамылған Францияға шетел жұртшылығы қолдау бiлдiрiп, “Мен Шарли” атты ұран аясында түрлi акциялар өткiздi. Жексенбi күнi Парижде терроризмге қарсы “бiрiгу маршы” ұйымдастырылды. 1,5 миллионға жуық адам Республика алаңынан Ұлттар алаңына дейiнгi аумақты жаяу жүрiп өттi. “Миллиондар маршына” 40-тан астам елдiң жетекшiлерi мен өкiлдерi де қатысты.
Жаңа жылдан берi қазақстандықтар Энергетика ми­нистрi Владимир Школьниктiң аузына қарап отыр. Әрi қараймыз, берi қараймыз. Бiрақ, оны елеп-ескерiп жатқан министр жоқ. Тым-тырыс. Дүниеде күткен жаман ғой, “әне айтады, мiне айтады” деп тыпыршыған жұрт күдер үзуге жақындап қалды. Құдай сақтасын, басқа-басқа Школьник оған жiбере қоймас. “Нұр Отан” партиясының төрағасы Бауыржан Байбек емес қой ол, халыққа қай кезде не айту керек екенiн бiледi.
“Ақиқат туралы айту оңай, ақиқаттың өзiн айту қиын! Елiң үшiн, жұртың үшiн шын дарын иесi болсаң, ерте ме, кеш пе – айтуға тура келедi. Әйтпесе, қасиеттi көркем сөздi төңiрек­теп бекер жүрген жараспайды. Ұят!” деген едi Қадыр Мырза Әлi Иә. Ақиқаттың өзiн айту қи­ын! Айтпаса – ұят! Көркем сөздi төңiректеп жүрген соң ба, маған анда-санда қиналған жұрт хат жолдап, көмек сұрап жатады. Осындай хаттың бiрi Арал ауданы, Бекбауыл ауылынан келiптi. Оқып көрелiк.

Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң ұйытқы болуымен көктем, күз, қыс айларының әр сенбiсiнде облыс орталығының әл-Фараби алаңында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәрмеңке-көрмесiн өткiзу дәстүрге айналғанына шаһарлықтар дән разы. Мұнда көкөнiстердiң, жемiс-жидектердiң, ет, сүт, балық, жалпы азық-түлiктiң барлық түрiнiң құны базардағыдан 15-20 пайыз төмен. Тiптi, балды да арзан бағамен алуға болады. Қымбат болмау себебi, билiк тарапынан ұйымдастырылатын муниципиалды базарда сату қызметiне, орнына салық салынбайды.

Дәл бүгiн Қазақстанның Ресей тарапынан ақпараттық экспансияға ұшырағанын сауаты бар адамдардың барлығы бiледi. Әсiресе, солтүстiк өңiрлерде. Бұл жақта дүңгiршектерде сатылатын газет-журналдардың 99,9 пайызы орыс тiлiнде. Көбi Ресей басылымдары және онда не жазылатыны әркiмге аян. Электронды ақпарат құралдары да (ресейлiк телеарналар мен интернетресурстар) негiзiнен солтүстiктегi көршi­ле­рiмiздiң идеологиясын насихаттайды. Одан басқа Павлодар облысында орыс тiлiнде шығатын бiрнеше тәуелсiз газет бар. Бұлар да iшiнара сол бағытта жұмыс iстейтiнi байқалады.

“Ол әлi кiшкентай, ештеңе де түсiнбейдi”, – деп ойлайды көп ата-ана. Сөйтiп, балаларының алдында көршiлерi, мұ­ғалiмдерi, туыстары, таныстары туралы неше түрлi жаман әң­гiмелер айтып отыра бе­редi. Бiрақ бала әңгiменiң мәнiн түсiнбеуi мүмкiн, үлкен­дердiң айналасы туралы айтылған “қызықты” әңгiмелерi мен пi­кiрлерiн есiнде жақсы сақтап қалады. Содан соң, көпшiлiк жиналғанда немесе қонаққа барғанда, магнитофон жазбасы сияқты, сөзбе-сөз, тiптi, ата-анасының дауыс ырғағын да салып, қайталап айтады.
БАЛАСЫН САТУҒА МӘЖБҮРЛЕГЕН ЖЕТIСПЕУШIЛIК
Талдықорған қаласының полициясы оқуының ақшасын төлеу үшiн жаңа туған нәрестесiн сатпақ болған жергiлiктi ЖОО студентiнiң бiрiн қолға түсiрдi. Дәл осындай жағдай былтырғы жаз мезгiлiнде Қарасай ауданында да тiркелген. Жергiлiктi базарлардың бiрiнде орналасқан фельдшерлiк пункттiң медбикесi Қазақстанға көршiлес республиканың азаматшасына нәрестесiн сатуға көмектескен.
 Ер адамның нағыз ер­кектiк қасиеттерiнiң болуы әйел адамға байланысты. Негiзiнде, ер адам үшiн асыл жарының көрiктiлiгi, ақылдылығы, сымбаттылығы, табысы маңызды емес. Оның қасында ол өзiн қалай сезiнедi, сол маңызды. Расында да, өмiрiңiзде бiр жұпқа қарап “бұлар қалай жұп болды? Екеуi бiр-бiрiне мүлде жараспайды ғой!” деген сәт­терiңiз болғаны анық. Яғни, өзiнiң қасында жүрiп өзiн бақытты, нағыз ер сезiнетiн ер адам әйелiн мәңгi бақи сүйiп өтедi. Ол үшiн не iстеу қажет?

Алматы облысында бiр табын асыл тұқымды жылқыны ұрлады деген күдiкпен әйел азамат қолға түстi. Алматы облыстық IIД баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, барымташылық фактiсi Балқаш ауданында тiркелген. Жергiлiктi полиция бөлiмiне шаруа қожалығының иесi арыз жазып, жылқыларын белгiсiз бiреудiң ұрлап кеткенiн айтыпты. Шағымданушы өз арызында ұрлыққа осы қожалықта жұмыс iстеген оң

Енесiмен бiр шаңырақтың астында тату күн кешу кез келген келiнге оңай соқпасы анық. Сондықтан психологтар ененiң төрт түрiн бөле-жара қа­рап­ты. Ал олармен қарым-қатынас ор­натуда келiнге өзiн солардың ыңғайына бағындыруы керек сияқты.  Белсендi ене – күш-қуаты мой әйел. Мұндай әйелдер көбiнесе ажырасқан немесе күйеуi ерте қайтыс болған жалғызбасты болады. Жас келiннiң отбасы мәселе­лерiне бiлек сыбана араласып ке­тедi. Барлық нәрсеге қол ұшын бередi және барлық жағдайдан хабардар болғысы келедi.
Ең бiрiншi өзiңiздi бағалаңыз, үнемi табысыңызды көбейтiп отырыңыз. Бұдан артығына лайық екенiңiздi есте сақтаңыз. Егер қазiргi жұмысыңыздың жалақысы аз болса, ойланбастан жаңасын iздеңiз. Немесе қосымша табыс көзiн қарастырыңыз.  Екiншiден, өзiңiз түсiнбеген дүниеге қаржы салмаңыз. Ең алдымен, ұсынылған бизнестiң қалай жұмыс iстейтiнiн анықтаңыз. Көп ақша табу үшiн нар тәуекелге бел буу керектiгiн түсiнетiн шығарсыз. Мұнымен қатар, жұмсаған ақшаңыздың табыс әкелетiнiне сенiмдi болуыңыз керек.

Жұмысқа келген бетiмiз осы едi. Әрiптесiмiз бәрiмiздi елең еткiзерлiк жаңалығымен бөлiстi. “Кеше кешкiсiн үйге кiргенiм сол едi, кiшi ұлым еденде мықшыңдап жатқанын көрдiм. Түкке түсiнбей аң-таң тұрып қалдым. Сөйтсем ол: “Әке, бүгiннен бастап бiздiң үйде жаңа заң өз күшiне ендi. Бүгiннен бастап отбасымыздың әрбiр мүшесi ана тiлiмiзде таза, яғни ешқандай өзге тiлдi араластырмай сөйлеуi керек. Бiз, бiрiншiден, өз ұлтымыз­ға деген мақтанышты сөзбен жеткiзуiмiз керек. Ал ондай сөздер тек ана тiлiнде айтылуға тиiс.

Iлияс Есенберлин қаламының тынымсыз қимылдап, өндiртiп жазуға кiрiскен уақыт межесiн сол 1965 жылдан бастап белгiлесек, еш қателеспеймiз. Атап айтқанда, олар “Айқас” (1966), “Қатерлi өткел” (1967), “Ғашықтар” (1968), “Қаһар” (1969), “Алмас қылыш” (1971), “Алтын құс” (1972), “Жанталас” (1973), “Көлеңкеңмен қорғай жүр” (1974) романдары, “Маңғыстау майданы”, “Аманат” (1978) романдары, “Алтын орда” трилогиясы (1982,1983), “Махаббат мейрамы”, “Алыстағы аралдар” (1983), “Аққу құстың қуанышы” (1984) романдары едi. Өзi өмiрден озғаннан кейiн шығармаларының он томдық жинағы (1984-1990) жарық көрдi.
1979 жылы Рим папасы Йоанн-Павел II “Инквизация (католик шiркеуi құрған, шiркеуге қарсыларды ерекше қатал қудалаған ұйым) Галилео Галилейдi Коперник теориясынан күштеп бас тартқызып, қатты қателестi” деп ресми түрде мәлiмдедi. Яғни, католик шiркеуi бiрiншi рет өздерiнiң қателiгiн жұрт алдында мойындады. Галилео Галилейдiң өлгенiнен кейiн 337 жыл өткен соң... Галилей Галилео – итальяндық физик, математик, механик, астроном, философ, жаратылыстану ғылымдарының негiзiн салушы.
Футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасының бас бапкерi Юрий Красножан осы қызметтiң тiзгiнiн былтыр 7 ақпанда ұстаған. 11 айдың iшiнде тау қопарардай өндiрте жұмыс iстемесе де, Красножанның көрсеткiшiн жоққа шығаруға болмайды. 2016 жылы Франция ұйымдастыратын Еуропа чемпионатының финалдық сайысына iрiктеу ойындарынан бар-жоғы 1 ұпай жинаған бiздiң құрама биыл да маңызды айқастарға түсiп, құрлық чемпионатына iрiктеу аясында алты қыр асып, алты ойын өткiзедi.
АЗИЯНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан жасөспiрiмдер арасында Азия чемпионаты өттi. Құрлық додасында ауыр атлетикадан Азия федерациясының (AWF) конгерсi өтiп, атқару комитетiнiң мүшелерi сайланды. Ауыр атлетикадан Қазақстан федерациясының құрметтi прези­дентi Қайрат Тұрлыханов осы уақытқа дейiн Азия федерациясының вице-президентi деген мансапты атқарып келген-дi. Конгрес­те 23 сайлаушы Тұрлыхановты қызметiнде қалсын деп дауыс берсе, 16 өкiл қарсылық бiлдiрген. Сөйтiп, сайлау қорытындысы