1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15982) 15 қаңтар, бейсенбі 2015

Бүгiнгiнiң қазағы мақал шығарғанына мәз. Әйтпесе “Әкiм бол, халқыңа жақын бол” дейтiн мақалды бұрынғының қазағы айтпаған. Тәуелсiздiк алып, аймақ басқарғандарды “әкiм” деп атаған соң, елдiң есекдәмесi осындай әде­мi сөздiң тууына түрткi болды. Бiрақ “халқым солай айтыпты” деп, ел-жұртпен майлы-iшектей араласып кеткен әкiмдi көргемiз жоқ. Бiздiң әкiмдер көпшiлiк­ке ат үстiнен қарайды. Ал өзге елдiң әкiмi қоғамдық көлiкпен жүредi. Тiптi халқының жайын бiлу үшiн қаңғыбастардың қасына да түнеп шығады. Сонда қай елдiң әкiмi халқына жақын?

ОСЫЛАЙ ДЕГЕН ҚАРШАДАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ЕКI АДАМДЫ АТЫП ТАСТАДЫ
Қаңтардың 13-iнде “Ислам мемлекетi” ұйымы көрген адамның төбе құйқасын шымырлатар көрiнiстi жариялады. Бейнежазбада қаршадай қазақ баласы екi адамды атып өлтiредi. “Өлiм жазасына кесiлген” екеудiң бiрi – тағы қазақ. Бұл туралы алғашқылардың бiрi болып “Азаттық” жазған. Алайда ертеңiнде-ақ ол мақала белгiлi-белгiсiз себептермен ашылмай қалды.

Алматы қаласының Алатау аудандық соты қаңтардың 12-сi күнi “әлеуметтiк желiдегi жазбасымен ұлтаралық араздықты қоздырды” деп айыпталған алматылық     Татьяна Шевцова-Валованың iсiн қарауды бастаған. Алайда айыпталушының адвокаты сот процесiне келмей қалғандықтан, процестi 23 қаңтарға шегердi. Судья алғашқы сот процесiне журналистердi кiргiз­бегенiмен, келесi жолы iстi ашық қарауға уәде еттi.

Қой жылы өзi заң-зәкүн жылы болатын сияқты ма, қалай? Қаңтар ортасына ендi ғана ауды, бiрақ айналдыр­ған екi апта елдi ұйпалап-ақ тастады. Кiммен тiлдессең де, су жаңа заңдарды сөз етiп, жандарын шүберекке түйiп отырады. Бұ дүниемен хабарсыз жүретiн қайыршылардың өздерi шаш қиып, тырнақ алдырып әбiгер боп жатыр. Қа­йыршы боп көрiнбеу үшiн. Ендi қайтсiн, айыппұл төлеу оңай ма?

Қаңтардың 13-i күнi Халық Қаһарманы, академик Мұхтар Әлиевтi бiр қауым жұрт Алматының iргесiндегi Кеңсай-2 зиратына арулап көмдi. “Күйiктен өлдi”, “күйiк iшiне түсiп кетiптi” деп жатушы едi жұрт кейде әлде­кiмдер туралы. Мұхтар Әлиұлы да күйiктен кетсе керек. Ұлдың күйiгiнен... Мұхтар Әлиев кiм едi? “Ол – қанқұйлы қылмыскер Рахат Әлиевтiң әкесi” дей салу оп-оңай. Бiрақ Мұхтар Әлиевтiң еңбегi қазақ қоға­мына әбден сiңген жоқ па?! Рахат қылмыс

Есiмi елiнiң есiнен ешқашан шықпайтын, оны замана желi өшiре алмайтын тұлғалар болады. Ондай бiртуар ұл-қыздарын туған халқы мәңгi ұмытпайды. Олардың өмiрге келген күндерiн мерекелеп, дүниеден озған күнiн әрдайым еске алып отырады. Оларға қатысты нәрселердiң бәрi уақыт өте келе құнды заттарға баланып, тiптi жәдiгерге айналып жатады. Алматының шығыс жағындағы Бекенбай (Кiшi Алматы) өзенiнiң бойымен өтетiн “Терренкур” бар. “Терренкур” – (француздың terrain – мекен, немiстiң kuhr – ем деген сөздерi­нен алынған) – арнайы белгiленген жолмен белгiлi бiр қашықтыққа аяңдап жүрiп емделу әдiсi деген мағынаны бiлдiредi.

Қоғамды дүрлiктiрген автоорындық мәселесi кеше парламентте де қызу талқыланды. Талқыланғанда да былайғы жұртты таңғалдырды деуге болады. 12 жасқа дейiнгi баланы көлiкте арнайы құрылғымен бекiтiп отырғызу туралы жаңа жол жүру ережесiн мәжiлiс спикерi Қабибулла Жақыпов сыбайлас жемқорлықтың бiр түрi деп сынға алды. Ал “Ақжол” партиясының өкiлдерi жаңа заңның мерзiмiн керi шегерудi сұрап, үкiметтiң атына сауал жолдады.

– Иә менiң солай деп айтып жүрге­нiм рас. Мен соңғы үш жылда “Т.Рыс­құлов”, “Ашаршылық”, “Т.Жүргенов” атты деректi фильмдер түсiру бары­сын­да қуғын-сүргiнге байланысты көп­теген мұрағат құжаттарымен таныстым. ФСБ-ның, КНБ-ның мұрағатынан Т.Рысқұлов, О.Жандосов, С.Қожанов, Ұ.Құлымбетов, Ш.Шонанова, Т.Жүргенов, т.б қайраткерлерiмiздiң iсiмен танысып, олардың 1937-38 жылдары тергеу барысында берген жауаптарын саралай келе, осындай қорытындыға келдiм. Менiң қолымда астыртын ұйым болғанын растайтын ешқандай құжат

Жақында “Жас Алаштан” қоғам қайраткерi, жазушы Софы Сматаевтың “Айтылмай қалған сөз” деген мақаласын оқыдым. Мақалада Қазақстанда әлi iстелiнбей жатқан мәселелер туралы бiраз орынды пiкiрлер айтылыпты. Расында бiр миллионға жуық көшiп келгендер шетелде жүрiп ашыққанынан немесе қорлық көргеннен көшiп келген жоқ. “Отаным”, “қазағым”, “...өмiр бойы бiр болайық” деген асыл мақсатпен көшiп келген. Солардың бiрi – мен.
Менiң әкем Әбдiмәжит ұзақ жылдар темiржол саласында еңбек етiп, “құрметтi темiржол­шы” атанып, зейнетке шыққан едi. Менiң бала кезiмде әкемнiң айтқан мына бiр әңгiмесi әлi есiмде. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс бас­талғанда әкемдi соғысқа жi­бер­меген екен. Себебi темiр­жолшыларды жаппай әскерге алып, елде паравоз (ол кезде паравоз) жүргiзетiн маман машинис­тер жетiспеген.
Сандалып жүргенiме 4 жыл 9 ай болды. Менiң конституциялық құқығым да өрескел бұзылды. Оның себебi мынандай:
2010 жылдың 27 қаңтар айын­да Оңтүстiк Қазақстан облысының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi “пара алды” деп, ҚР Қылмыстық кодексiнiң 311-бабын пайдаланып, қамаққа алмақшы болып қызмет орнымнан алып кеттi.
Бiз, Қазалы қаласындағы Әнес Нарымбетов (бұрынғы Бос­тандық) көшесiнiң тұрғындары талай жылдан берi жол азабын тартумен келемiз. Мұнда бар-жоғы жиырма шақты отбасы түтiн түтетiп отыр. Шынымызды айтсақ, көшенiң соңғы рет қашан жөнделгенi есiмiзде жоқ. Шамалап отырсақ, ширек ғасыр болып қалды-ау.

...Бiр шаруамен көршiмнiң үйiне барғанмын. Бiрер күн бұрын ғана көңiл-күйi болмай, тұнжырап жүрген көршi келiншек бұл жолы жайдары қарсы алды. Оны-мұны сөз етiп, келген шаруамды айтып, кетпекке бұрылғанымда ол: “Мамам келдi үйге. Екi аптадай бiздiң үйде болады ендi. Қалай мамам келдi, солай үйдiң iшi де жылып, береке кiргендей, жақсы болып қалды”,– деп қуанышымен бөлiстi.

Менiң қызым – маңдайыма бiткен бағым. Күйеубалам “апа” деп асты-үстiме түсiп, қызымның бар айтқанын орындайды. Әр мерекеде ұлым емес, қызым сыйлықтарын әкеп, қуантады. Ал ынжық ұлым әйелiнiң айтқанынан шықпай, айлығына шейiн келiннiң қолына бередi. Келiнiм сондай жаман, мереке сайын

Сәкен ауылға кеш бата жеттi. Ешкiмнiң көзiне түспеу­ге тырысып, тез-тез адымдап, үйiне жеткенше асықты. – Жетер, осы күлкi болғаным да, – деп күбiрлеп ке­ледi. Жадырамен құрылысқа бiрге кеткен жерлестерiне де, Жадыраның әлдебiр еркекпен әуейi болғанын тегiс бiлетiн ауылдастарына да ренжулi. Кенет тасадан: – Сәлем, Сәкен! Келуiң­мен! – деген көршiсi Бекболдың даусын танып, ұяттан өртенiп кете жаздады. Ес­тiмеген сыңай танытып жүре бердi. “Сен де бiлесiң, сыртымнан күлiп, мысқылдап жүрген шығарсың, ә?” деп ойлады.

...Құрбыларымның әкесiне қызығамын. Әкелерi телефон шалып, жағдайларын бiлiп тұрады. Қызығы мол студент кездерiнде де солай бола-тұғын. Бiр бөлмеде төрт қыз жаттық. Менен бас­қа үш қыздың әкесi қазiрге дейiн қатынаған ауылдастарынан немесе пойыздағы жолсерiктер­ден анау-мынаусын жiбередi. Ал менiкi...

Тегiстiк – тұрағым, тағынар тұмарым,
Шарайна шуағым, шыңдағы шынарым.
Көз тоймас көркiңе, дауасың дертiме,
Қырқа, бел, құрағым, қазына – құнарым.
НЕМЕСЕ ГЕРАҒА ЖАЗЫП ЖҮРГЕН ҚАЗАҚ ШЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ СӨЗ
Барша қазақ бұл есiмдi аса құрметпен ауызға алып, осылайша соңына үш бiрдей леп белгi­сiн қойып жүрсе, әбден жарасады. Себебi, жаны да, тәнi де, ру­хы да қазақ болып кеткен Адам ол! Бiрақ, өкiнiштiсi, атадан да, анадан да қазақ болып туылып, халқымыз үшiн бiр ауыз iлiп алар жылы сөз айта алмай, қалам ұстаған әрiптестерiмiз де аз емес. Дәл бүгiнгi әбден ластанған қоғамымызда өзiнiң парызын тәрк еткен ондайлар жетерлiк. Мiне, сол шiркiндердiң қораш ойына салып, безбендесе
Өткен сенбi күнi Темiрбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акедемиясының сахнасында Антуан де Сент-Экзюперидiң “Кiшкентай ханзадасын” Сафуан Рысбайұлының антреприза театры сахналады. Жанры – моноспектакль. Яғни, бүкiл спектакль­дiң жүгi жалғыз актердiң мойнында. Алдымен әлем оқырмандарын тамсантқан француз жазушысының шығармасы жөнiнде аздаған мәлiмет бере кетейiк. Антуан де Сент-Экзюперидiң “Кiшкентай ханзада” (“Le Petit Prince”) кiтабы
“АЛТАЙДА АЛТЫН КҮЗ ЕДI”
Жазушы, ҚР Мемле­кеттiк сыйлығының лауреаты Әлiбек Асқаровтың “Алтайда алтын күз едi” атты кiтабы жарық көрдi (“Олжас кiтапханасы” баспа үйi, 2014 жыл). Әйел һәм Еркек. Бұл –мәңгiлiк тақырып. Мәңгi жаңа тақырып. Таусылмайтын, шетсiз, шексiз тақырып. Түпсiз сезiм, табиғи пәлсапа, тылсым әлем...
Өткен жылға ешқандай өкпемiз жоқ. Түрлi турнирлердегi табысты жiпке тiзбей-ақ, Оңтүстiк Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарындағы орасан олжамызды айтсақ та аз мақтау естiмейтiнiмiз анық. Қой жылында да жарыс­тар жетерлiк. Биыл да боксшыларымыз бiрнеше мәрте қайнаудан өтедi. Оннан аса халықаралық турнирден, бiрлескен маңызды оқу-жаттығу жиындарынан сырт мау­сым айының соңында Тайландтың Бангкок қаласында
ТҮЛКИЕВТIҢ ТУРНИРI ӨТТI
Алматы қаласында ҚР Таеквондо (WTF) федерациясының алғашқы президентi, қара белбеу­дiң 5-дан иегерi, белгiлi қылқалам шеберi Бексейiт Түлкиевтiң 60 жылдығына орай кадеттер арасында қаланың чемпионаты өттi. 20 түрлi салмақ дәрежесi бо­йынша ұйымдастырылған бiрiншi­лiкке 160-тан аса спортшы қатыс­ты.