1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (15983) 20 қаңтар, сейсенбі 2015
ЖУРНАЛИСТЕР МЕН ОҚЫРМАНДАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҮШIН АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ
Жақында сот шешiмiмен жабылған тәуелсiз “ADAM boI” журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева кеше аштық жариялады. Аштықты да әбден ашын­ған, қайда барса да әдiлет таппаған адамның жасайтыны да белгiлi ғой. Осы ретте “ADAM boI” журналының тiлшiсi Мирас Нұрмұханбетов былай дейдi: – Г.Ерғалиева басылымның жабылуына наразылық акциясын Алматыда, журнал редакциясында өткiзiп жатыр. Гүлжан Ерғалиева елiмiздегi бiрнеше лауазымды тұлғаға өз талабын бiлдiрген төмендегi мәлiмдемесiн жария еттi.
ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның мерзiмсiз аштық жариялау жөнiндегi
МӘЛIМДЕМЕСI

“Ислам мемлекетi” ұйымы өткен аптада жариялаған бейнежазбадағы адамдарды (“Өскенде моджахед боламын!”, “Жас Алаш”, №4) Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (ҰҚК) “Қазақстан азаматы емес” деп мәлiмдедi. “Роликте көрсетiлген адамдардың Қазақстан азаматы емес екенi анықталды” деп тым сұйық хабарлағанымен, Қылмыстық кодекстiң 274-бабына (көпе-көрiнеу жалған ақпарат тарату) молырақ тоқталыпты. Яғни, “Ислам мемлекетi” ұйымының қатарында қазақстандықтардың жүргенiн айтуға рұқсат жоқ.

“Қазақстанның мәжiлiсшiлерi “Жол жүру ережелерi” жөнiндегi заң жобасын бiрiншi оқылымда-ақ қабылдауға дауыс бердi”. Бұл ақпарат 2014 жылғы 19 маусымда жарық көрдi. Бiрiншi оқылымда өздерi қабылдап жiберген заң жобасына мәжiлiсшiлер 2015 жылдың қаңтар айында қарсылық танытты. Заң жобасына бәрi өре түрегелiп қарсылық танытпады, әрине. Десек те, осы жол жүру ереже­ле­рiнiң кейбiр пунктерiнен шикiлiк та­уып, мәжiлiсшiлер үкiметке хат та жолдады.

2015 жыл Франция үшiн дүрбелеңмен басталды. Қаңтардың 7-сiнде, яғни православтықтар үшiн Рождество мерекесi саналатын күнi Парижде сатиралық Charlie Hebdo журналы кеңсесiне қарулы үш адам шабуыл жасап, 12 адам (сегiзi - журналист) қаза тапқан едi. Одан кейiнгi екi күнде шабуылға күдiктiлер мен олардың серiктерiн ұстау операцияларында тағы бес адам мерт болды.

Журналистермен болған кездесуiнде Инвестиция және дамыту министрi Әсет Исекешев ресейлiк рубльдiң құлдырау жағдайы және қазақстандықтардың көршi елдердiң дүкендерiнен тауар тасуы туралы сөз қозғады. Мұнай бағасымен бiрге құлдыраған рубльдiң жағдайынан кейiн Ресейде көптеген тауар түрлерiнiң бағасы да күрт төмендегенi есте.

Қазақстанда қабылданып жат­қан қайсыбiр заңдар мен заңнамалар халық арасында дау-дамай туғызып, не болмаса кәдiмгiдей күлкiге айналып жатады. Мысалы, жуырда ғана қабылданған “Жол қозғалысы ережесi туралы” заңның өзi қаншама шу тудырды. Сол сияқты өткен жылдың жазында ҚР “Қылмыстық iстер туралы кодексi” қабылданып, биылғы жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне ендi.

“Жас Алаштың” осы жылғы 4-нөмiрiнде анасын сотқа берген Серiк Кенжебеков туралы сұхбатымыз жарияланған-ды. Осы мақалаға байланысты оқырмандарымыз өздерiнiң ой-пiкiрiн бiлдiрiп, редакциямыз­ға хабарласуда. Туыл­ғанына бес күн толар-толмас кезiнен бас тартып, тастап кеткен анасына өкпелi Серiк мәселенi заңмен шешудi қолға алғанын осыған дейiн жазғанбыз.

Беларусь Еуроодақ және АҚШ-пен қарым-қатынасын жақсартуға бағыт алды. Парламентте сөйлеген Беларусь президентi Александр Лукашенко экономика әлсiреген тұста Батыспен қарым-қатынасты ретке келтiру маңызды екенiн мәлiмдедi. “Санкциялар, контрсанкциялар, көршiлерiмiздiң ұлттық валюталарының девальвациялануы, нарықтың қысқаруы мен мұнай бағасының құлдырауы.
Жезқазған қалалық соты бұрын жергiлiктi iшкi iстер органында қызмет атқарған қос капитан — Жасұлан Уахитов пен Ғабит Қанаевтың және араағайындық жасаған делдалдың үстiнен қозғал­ған қылмыстық iстi қарауға кiрiстi. Оларға қару қымқырған және сатқан, сондай-ақ, қызмет бабын терiс пайдаланған деген айыптар тағылған. Егер бәрi дәйектi дәлелiн тапса, олар он жылға дейiн бас бостандығынан айырылатын көрiнедi.

Өткен аптада Волноваха түбiнде болған қайғылы оқиға 12 адамның өмiрiн жалмады. Қаңтардың 13-i күнi жолаушылар автобусына артиллерия снаряды тиген едi. Iле-шала зерттеу жүргiзген Украинаның қауiпсiздiк қызметi бейбiт адамдарға “Град” кешенiнен оқ жаудырылғанын жария еткен. Қауiпсiздiк қызметi бұған сепаратистердi кiнәлады. Сепаратистердiң уәжi белгiлi, бар айыпты үкiмет әскерiне аудара салды.

Бiз 1964-67 жылдары Рысқали Асауов екеумiз әскери борышымызды Архангельск облысының   Емца өзенiнiң жағасында қалың тайганың iшiнде орналасқан аса құпия ракеталық бөлiмде өтедiк. Бөлiмнен ешқайда шығармайды, ешкiмдi кiргiз­бейдi, тәртiп өте қатал. Алғашқы кездерде аса бiлiнбегенiмен, уақыт өте келе елге, туған жерге, ағайын-туысқа деген сағыныш артып, қазақша сөйлесiп қазақ әнiн естуге зар боласың.

Абай.кз ақпараттық порталы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы “Жазерке” халықтық ұлт-аспаптар ансамблiнiң жетек­шiсi Әлия Жанбаеваның “Ұй­ғыр ауданы: Қазақша ән айтуға құқық жоқ па?” деген хатын жариялады. Ансамбль жетекшiсi жанайқайға толы хатында 30 жылдан берi ау­данның мәдениетiне өл­шеусiз үлес қосып келе жатқан ұжым мүшелерiнiң жаңа жылдық шара кезiнде көрген зәбiрiн жазған. 

Салық басқармасындағылар биылдан бастап   жылына 250 мың теңгеден аса пайда табатын әншiлердiң “соңына шам алып түспек”. Ойдағы-қырдағы концерттерiнен, той-томалақтан түсетiн табысы қомақты әншiлер ендi жеке кәсiпкер ретiнде, болмаса заңды тұлға есебiнде тiркелiп, мемлекетке салық төлеуi тиiс.  Бiз хабарласқан әншiлердiң бәрi тапқанынан жырып мемлекет қазынасына салық төлеудi ақылға қонымсыз деп санайды.

Жылқы жылын ұзатып салып, босағамыздан қой жылын қарсылап алған мереке күнi теледидар бiткен даңғаза дүниелерiн “тарту еттi”. Бiрнеше күн өтiп кетсе де айтпасқа болмайтын мәселе бар. Ол – эстрада саласында жүрген әншiлердiң репертуарының жұтаңдығы. Басқаны айтпай-ақ құрылғанына бiрнеше жыл болған “Орда” тобының репертуарындағы олқылықты сөз етсек те жеткiлiктi.

ТҮРКИЯНЫ ТЕРБЕЙДI
Түркияның Ескiшаһар қаласында “Түркиядағы қазақ мәдениетiнiң апталығы” басталды деп хабарлайды Baq.kz. бiр аптада елiмiзден барған Тәттiмбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрi, К.Байжанов атындағы Қарағанды концерт бiрлестiгi, КСРО халық Әртiсi, мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Бибiгүл Төлегенова сынды өнерпаздар Анкара, Стамбұл, Болу қалаларында да өнерлерiн паш етедi.
Сабыр АДАЙ
Абылдың күйi – “Абыл-ды”,
Жасын боп түскен жалын-ды.
Жетi қат жер мен көк балқып,
Ай менен күн де жаңылды.
МӘШҺҮРДIҢ ТАҒЫ БIР МҮЛКI МҰРАЖАЙҒА ТАБЫС ЕТIЛДI
Кейiнгi жетi-сегiз жылдың iшiнде ғана жалпы жұртшылыққа танымал болып жат­қан ұлт мақтаныштарының бiрi – Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы. Кеңес уақтында “Көпеев – дiн уағыздаған молла” деген желеумен оның шығармалары талай жылдар көзден таса болып келгенiн бiлемiз. Бiр өзi бiр академияның жұмысын атқарып кеткен бұл адамның еңбектерi 2007 жылы ғана он үш том болып жарық көрген едi.

Футболдан елiмiздiң 21 жасқа дейiнгi жастар құрамасы Санкт-Петерборда өтiп жатқан “Достастық кубогы – 2015” халықаралық турнирiнiң екiншi тартысында жеңiске жеттi. Литвалық маман Саулюс Ширмалис баптайтын жастарымыз Литва жастар құрамасын 1:0 есебiмен ұтты. Жеңiс әкелген жалқы голды 57-минутта Абат Айымбетов соқты. С тобындағы соңғы ойынды олар ОАР құрамасына қарсы өткiзедi. Оңтүстiкафрикалық футболшылар әзiрге екi ойыннан 4 ұпай жинап, топ бастап тұр.

ЕКIНШI АЙНАЛЫМҒА ӨТТI
Теннистен үлкен дулыға санатындағы Австралия ашық чем­пио­натына (Australian Open) аттанған спортшыларымыз аламанға қосылды. Кеше елiмiздiң бiрiншi ракеткасы Зарина Дияс поляк қызы Урсула Радвансканың шама-шарқын байқап көрсе, Ярослава Шведова чехиялық Люси Шафаржоваға қарсы тұрды. Әлемдiк рейтингте 31-сатыда тұрған Заринаға поляк теннис­шiсi айтарлықтай қарсылық көр­сеттi.
Жазушы Сәуiрбек Бақбер­геновтiң “Он үшiншi ойыншы” деген повесiнiң басты кейiпкерi Аманғали Аймұрзаев бұл күнде Оңтүстiк Қазақстан облысы, Созақ ауданының әкiмi.  1967 жылға дейiн көшеде фут­бол ойнап келген Аманғали Аймұрзаев бастаған қарадомалақтарды денешынықтыру пә­нiнiң мұғалiмi Таужан Батыров даңқты футболшы атандырады дегенге алғашында ешкiм сенген жоқ. 
СЫРТҚЫ IСТЕР МИНИСТРI СЫРҒАСЫН IЗДЕУДЕ
Австралияның Сырт­қы iстер министрi Джули Бишоп Твиттер қолданушыларына Сидней­дегi Martin Place ауданына барғанда сырғасын жоғалтып алғанын, ендi оны табуға көмектесу­лерiн өтiнiптi. “Сәлем, Твиттер! Мен Martin Place ауданында сырғамды жоғалтып алдым. Тауып алған жағдайда мына телефон нөмiрiне хабарласыңыздар: 02 62777500. Рақмет!” деп жазыпты ол өз парақшасында.