1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15984) 22 қаңтар, бейсенбі 2015
“Астанада сиыр жүр! Дә-ә-әу сиыр! Бөксесiнде “бюджет” деген таңбасы бар! Тезек жабысқан, жалпа-ақ жамбасы бар... Мүйiзi – теректей, емшектерi... “дутый” шелектей... Емшек демекшi, санап шықтым, арғы-бергi жағына шығып, қарап шықтым, желiнi жетеу, жетi желiнде жетпiс “соскасы” бар” өлә, құлағына iлiнген мықты соткасы бар...”. Бұл – “Ратхұм Мiрештiң”, тойыс, Мұхтар Шерiмнiң “Үкiмет сауын сиыр екен...” дейтiн “саяси мақаласының
Мұнайдың мұңы
Әлемдiк қор биржаларында мұнай баррелiнiң бағасы 49 доллардан аспағалы екi аптаның жүзi. Арасында тiптi 45 долларға дейiн құлдилаған кезi болды. Сарапшылар орташа мерзiмде қара алтынның құны 30-50 доллар аралығында болады деп топшылайды. Тiптi баррельдiң бағасы 20 долларға дейiн арзандайды дейтiн жағымсыз болжам да жоқ емес.

Тәуелсiздiгiн алған тұстан бастап қазiргi Түрiкменстанның бет-бейнесi, мемлекеттiк идеологиясы, iшкi және сыртқы сая­саты бiр ғана адамның феноменi ретiнде сипатталатын. Ол, әрине, осы мемлекеттi тапжылмай 15 жыл басқарған Түрiкмен­башы Сапармұрат Ниязов едi. Әйтсе де, мәңгiлiк ештеңе­нiң болмайтынын Түрiкменбашы­ның билiк басындағы шолақ ғұмыры тағы бiр дәлелдеп бердi.

Билiктiң пәрменiмен күштеп жабылған “ADAM bol” журналының әлеуметтiк желiдегi (facebook) парақ­шасында кеше көңiл аударарлық мақала жарияланды. Ондағы дерекке сенсек, әлдебiр күш Венада түрмеде отырған Рахат Әлиевтiң мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерiне жасалған қастандыққа қатысты түсiнiктеме беруiне кедергi келтiрген.

Сейсенбi күнi түс ауа Шу ауданының “Шатыркөл” кен орны аумағында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, 6 адам қайтыс болды. Балқаш – Шатыркөл бағыты бо­йынша ұшып шыққан ұшақ бортында жетi адам болған. Оның үшеуi – экипаж мүшесi, қалғандары «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлерi. Ал қайғылы оқи­ғадан аман қалған «Балқаш­түстiмет» өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас геологы А.А.Шаяхметова ауыр жарақатпен жансақтау бөлiмiнде жатыр.

Бұрнағы күнi мәжiлiс депутаттары көлiктерге балаларға арналған автокресло орнату мәселесiн бiр жылға шегерудi сұрап, “алты жасқа дейiнгi бүлдiршiндердi ғана көлiкте арнайы орындыққа отырғызу қажет” деп ұсыныс айтқан. Мәжiлiстегi әрiптестерiн қолдаған сенаторлар да заңның осы тұсы шикi екенiн шұқып көрсеткен-дi.
Кеше Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылының тұсында көлiкпен мұздан өтпекшi болған 5 адам суға кетiп, бақилық болды. Аудан тұрғындары мiнген “Уаз” автокөлiгiнiң салмағына дария мұзы шыдас бермей, ойылып кеткен. Құтқарушылар адам мәйiттерi мен көлiктi жағаға шығарды.Айта кетейiк, қаңтар айының басында Қармақшы ауданы бiлiм бөлiмi басшысының

Газетiмiздiң өткен санында тәуелсiз басылым Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева журналистер мен оқырмандар құқығын қор­ғау үшiн аштық жариялағанын жазғанбыз (“Тәуелсiз бақты басып-жаншу тоқтатылсын!” №5, 20 қаңтар). Сот шешiмiмен жабылған Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның әдiлетсiз сотқа нарызылығы ретiнде аштық жария­лау акциясын қолдаушылардың

Бiлiм саласында педагог-психолог қызметiн атқарып жүргендiктен жыры таусылмайтын ҰБТ туралы пiкiрiмдi бiлдiрудi жөн санадым. Оқушының бiлiмiн бағалап, мектептердiң ме­рейiн үстем ететiн ҰБТ оқушыларды ғана емес, ата-аналар мен қоса ұстаздарды да үмiт пен үрей құшағында ұстайды. “Бап шаба ма, бақ шаба ма?” демекшi, заман ағы­мына қарай, бақ шауып жатса, пән мұғалiмдерi мен мектеп басшылары

Адамды ажалдан арашалауға атсалысып, аузына су тамызатын жансақтау бө­лiмiндегi жанкештi санитарлардың немесе ел тыныштығы үшiн желдiң өтiнде жүретiн сержанттық құрамның қай-қайсысы болса да қосымша марапат пен үстеме еңбекақыға, жоғары айлық жалақыға лайық тұлғалар. Нарықтық қатынастар жағдайында адамның әрбiр еңбегiнiң адал бағаланғаны абзал.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыста хабарсыз кеткен әкемнiң жерленген жерiн iздеп таптым. Араға 71 жыл салып. Әкем Қағазбай Анқауов 1902 жылы Томар ауылы Қарқаралы ауданы Қарағанды облысында туған. 1943 жылы мамыр айында Қарқаралы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Сол жылы тамыз айының үшiнде “хабарсыз кеттi” деген “қара қағаз” келген.

“Жас Алаштан” оқырман И.Сиқымбаева, Н.Есмырзаевтардың “Ұлы Отан соғысы” деген ұғымға қарсы, бiрiнен бiрi өткен сорақы пiкiрлерiн оқып, ерiксiз таңдандым. Бұларға не оқу қонбаған, не оқу өтiп кеткен сияқты. Мысалы, Есмырзаевтың “...Сөй­тiп, Гитлер боль­шевиктердiң алдын алып, олардың ЖШҚА-сына (жұ­мысшы-шаруалар қызыл армиясына) күйрете соққы бердi.

Кеңес одағы кезiнде ұзақ жыл колхозда трактор жүргiзген Ұзақбай көкем бүгiнде зейнетке шыққан. Шынын айтқанда, демалысқа шықты деген аты ғана, болмаса үйiндегi бар шаруа сол кiсiнiң мойнында. Қолындағы азын-аулақ малдарының бар жауапкершiлiгiн бiр өзi көтерiп келедi. Құдайға шүкiр, Қатшагүл жеңгем екеуi осы уақытқа дейiн алты қыз, бiр ұлды алқынбай өсiрiп, ел қатарына қосты. Жалғыз ұлы Анартай бүгiнде Астанада оқиды. 

Павлодарда Руза Бей­сен­байтегi деген ұлт жанашыры бар екенiн “Жас Алаштың” оқырмандары жақсы бiледi. Руза кiм десеңiз, ол – мектеп пен жоғарғы оқу орнын орысша бiтiрген адам, мамандығы инженер-геолог. Былай қарап тұрсаң, орыстiлдi қазақ болуы керек едi. Бiрақ олай емес. Керiсiнше, қазақ тiлiнiң нағыз жанкүйерлерiнiң бiрi. Бәрiмiз әлi “овтан” айырылмай жүргенде, ол аты-жөнiн Руза Бей­сенбайтегi деп өзгертiп алған.

1986 жығы желтоқсан көтерiлiсi туралы “Аллажар” фильмiнiң қоюшы режиссерi, сценарисi Қалдыбай Әбенов ағамызды танымайтын қазақ жоқ. Ол алғашқылардың бiрi болып 1989 жылы “Желтоқсан” ұйымының негiзiн қалады. Мұхтар Шаханов ағамыздан басқа, желтоқсаншылардың  ақталуына бiрден-бiр себепшiсi болған – “АЛЛАЖАР” фильмi. Бұл – Қалдыбай ағамыздың төккен маңдай терi.

“2014 жылы АҚШ одақтастарымен бiрiгiп, Ресейге қарсы санкциялар енгiздi. Кейбiреулер Путиннiң стратегиясын “күш пен мықтылықты көрсеткен тамаша әрекет” деп бағалады. Бiрақ дәл қазiр АҚШ күштi, бiз одақтастармен бiрiктiк, ал Ресей оқшаулауда қалды”, – дедi АҚШ президентi Барак Обама халыққа арнаған жолдауында. Барак Обама Конгресте сөйлеген сөзiнде әуелi АҚШ жеткен жетiстiк­тер­дi тiзiп шықты. Оның

Жұмбақ өмiрдiң шешуiн өнерден тауып жүрген ойлы азамат, театр әлемiнде өзiндiк қолтаңбасы бар, ҚР Мәдениет саласының үздiгi Иманәлi Сапарұлы – Оңтүстiк Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында режиссер болып еңбек етедi. Қазақтың сүбелi классиктерiнен бастап шетел драматургиясын, заманауи драматургтердiң дүниелерiн сахналап жүрген, өнерде өзiндiк ойы және орны бар режиссермен сұхбаттасқанды жөн көрдiк.

1931 жылы Лос-Анджелесте Эстер Карлсон деген әйел ұсталады. Оған “кү­йеуiнiң өмiрiн сақтандырған қаржыны алу үшiн улап өлтiрдi” деген айып тағылады. Эстер Карлсонның газет бетiне басылған суретiн көрген бiрнеше адам: “Бұл – Эстер емес, бұл – қаныпезер Белла Гуннес” деп шулайды. Бiрақ сот бұл ақпаратқа жет­кiлiктi назар аудармайды.
Қажымұқанның рөлiн қазақ киносында алғаш сомдаған Бекболатов Әлеухан бауырымыз да өттi мына дүниеден...  
Көгершiн күннiң кептерi,                                     
Кептелiп көзге жас кеп тұр.                                                   
Сиямен жазған дәптерi,                                                       
Айқара бетiн аш деп тұр.
Ақынның бүкiл сыры – өлеңiнде ғой. Белгiлi ақынымыз Ибрагим Исаев қаза боларынан бiрер күн бұрын редакциямызға бiр топ өлеңiн әкелiп тастаған едi, ендi қарап отырсақ, ақын өзiнiң дәуренi өтiп, өмiрi бiтiп бара жатқанын бiлгендей ме, қалай өзi... Кезiнде Ибрагим жырларына қазақ сынының ақсақалы Мұхаметжан Қаратаев: “Оның өлеңдерiнен Қасыммен өзектес, Төлеген, Мұқағалилармен үндес сарындар сезiлiп тұрады. Сонымен бiрге Ибрагимнiң өзiнiң де қалыптасқан iшкi сазы бар. Ол – жүрегiмен, жанымен сырласатын саз. Ол не жайында жазса да, айтайын деген ойының арқауын суыртпақтап иiрiп, көңiлiнде өнегелi түйiн түйiп, сыр шертедi.

Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) бесiншi маусымындағы екiншi айқасын “Астана арландары” ертең (23 қаңтарда) Польшада өткiзедi. Денi өзi­мiздiң боксшылардан жасақталған ұжымның иығына артылған үлкен мiндет – бесiншi маусымда топ жару. “Жас келсе – iске” деп, бас менеджерлiк қызметтiң тiзгiнi екi дүркiн әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының же­ңiмпазы,

ЕСIНЕН ТАНДЫРДЫ 
“Әлем жауынгерлерi” (ALEM FIGHTERS) қой жылын табыспен бастады. 18 қаңтар күнi Қытайдың Нанжин қаласында “Kunlun Fight 18” турнирi өтiп, жекпе-жектiң К-1, ММА нұсқалары бойынша жүлделер сарапқа салынды. Ережесiз жекпе-жектен үш дүркiн әлем чемпионы Ардақ Назаров жетекшiлiк ететiн кәсiпқой спорт клубының мүшесi Нұржан Тұтқаев осы турнирде жеңiске жетiп, Қазақ елiнiң туын биiкте желбiретiп қайтты.

Тәуелсiздiк алған 23 жыл iшiнде таеквондо спортынан әлем чемпионы, не болмаса жазғы Олимпиада ойындарының алтын медалiн алып бе­ретiн бiрде-бiр спортшы шыңдап шығара алмадық. Бас­шы да, бапкер де құтаймаған таек­вондо спортын қазiр банкир Вячеслав Ким басқарады. Ұлттық құраманың бас бап­керлiгiне былтыр ақ­пан айында Мұстахим Қабдi­рашев тағайындалған.