1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15985) 27 қаңтар, сейсенбі 2015

Тәуелсiз басылым – Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева журналистер мен оқырмандар құқығын қорғап жариялаған аштығын әлi үзген жоқ. Өткен сенбiде журнал оқырмандары мен қоғам белсендiлерi Алматыдағы Тәуелсiздiк алаңында түрлi тосқауылдар мен кедергiлерден жабылған журналдың ұжымымен кездесу өткiзуi тиiс едi. Бас редактор Гүлжан Ерғалиевамен, журнал тiлшiсi Мирас Нұрмұхаметовпен және Гүлжан Ерға­лиеваны қолдаушы қоғам белсендiлерi құрған “Адам бол – қорған бол” штабының жетекшiсi Розлана Таукинамен жүздесуге адамдар көптеп жиналды.

СЕПАРАТИСТЕР МИНСК КЕЛIСIМIНЕН БАС ТАРТТЫ
Украинаның шығысындағы ахуал асқынғандықтан, АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды күшейтпек. Украина билiгi Мариуполь­дегi тұрғын үй кешендерiн атқылаған – сепаратистер деген мәлiмдеме таратты. Шиеленiс мұнымен тоқтаған жоқ, жексенбi күнi сепаратистер Донецк және Луганск облыстарындағы қалаларды атқылай бастады. Украинаның шығысында жанжал басталғалы берi 5 мыңнан астам адам қаза тапты.

Әлемдiк нарықтағы мұнай бағасының құлдырауы, теңгенiң құнсыздануы мен Ресейге салынған санкциясының салдары Қазақстан экономикасының оң жамбасына келмей тұрғаны әмбеге аян. Ал елдегi қаржылық дағдарыстың салқыны бар саланы шарпығаны сондай, шенеунiктердiң қауашағында қилы-қилы идеялар қылаң бере бастады. Қандай жолмен болса да қаржы үнемдеу және бюджетке кез келген жолмен ақша құюдың жолын табу билiктегiлердiң бас ауруына айналды.

Жұма күнi “Жас Алаштың” редакциясына Қытайдан Атажұртқа қоныс аударған он бес шақты қандасымыз мұң шаға келдi. Бәрiнiң уайымы – Мәжiлiсте талқыланып жатқан “Көшi-қон туралы” заң жобасы. Егер заң жобасы осы күйiнде қабылданып кетсе, қазақ ең көп шоғырланған Қытайдан келер көштiң тоқтағаны – тоқтаған. Сондықтан Мәжiлiс депутаттары Қытай мен Қазақстанның арасында қағазбастылықтың кесiрiнен сабылып жүрген қандастарымыздың уәжiне құлақ түруi тиiс.

Белгiлi журналист Геннадий Бендицкийдiң жазуынша (Ratel.kz), жыл басталмай жатып-ақ кеден саласында тағы шу шықты. Бұл жолы кеден қызметiнiң Алматы қалалық департаментi қызметкер­лерi iстi болған. “Алмалы ЦТО”, Алматы-ЦТО” және “Жетiсу ЦТО” кедендiк рәсiмдеу орталықтарының қызметкерлерi Мемле­кеттiк қызмет iстерi және жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жауапты адамдарына пара беру үшiн “жылу” жинапты.

Шу ауданына қарасты “Шатыркөл” кен орны маңында 6 адамның өмiрiн қиған қайғылы апат жайында жаңа деректер анықталды. Жантүршiгерлiк оқиғаның жай-жапсарын апаттан аман қалған жалғыз жолаушы – “Қазақмыс” компаниясының бас геологы Әсем Шаяхметова ауыр халден есiн жиып, тiлге келгенде ата-анасына баяндап бердi. Ә.Шаяхметованың айтуынша, Ан-2 апатқа ұшырағаннан кейiн қанша уақыттан кейiн есiн жиғанын бiлмейдi.
Президенттi әулие, кемеңгер тiптi ғасыр ғұламасы атап жүрген қазақтардың аузына құм құйылды. Өйткенi олар ендi Оралдағы Михаил Архангел соборының дiни қызметкерi Антонийдан асырып айтар сөздi әлемдi шыр айналса да таба алмайды. Жуырда ғана “Крещение Господне” (Құдайға шоқыну) мерекесi өткенiнен жұртшылық ақпарат құралдары арқылы хабардар болса керек.

Мен Бағдар бауырымды Қытайдағы қазақ фотосурет­шiлерi құрған “QQ” деп аталатын ортақ желiден тауып алдым. Бұл желiде фотосуретшiлер түсiрген суреттердi салып, сын айтып, тәжiрибе алмастырып отыратын. Бағдар да осы желiге он шақты фотосуретiн салды. Бәрi керемет суреттер едi. Түсiру әдiсi де басқаша, өзгелерден ерек. 1991 жылы Тарбағатайдың Дөрбiлжiн ауданында туған. Әке

1888 жылы бiр топ ғалым мен әуесқой фотоға түсi­рушi­лер National Geographic қо­ғамын құрды. Алғашқы журнал сол жылы қазанда жарық көрдi. Қоғам 125 жылда әлемдегi iрi коммерциялық мекемеге емес, танымдық жә­не ғылыми ұйымға айналды. Ал жуырда National Geogra­phic 2014 қоғамы халықаралық байқау жариялады.   Әлемнiң 150 елiнен жолданған 9 мың фотосуреттiң арасынан жеңiмпаздар анықталды. 
Астанада “Егемен Қазақстан” газетiнiң 95 жылдығына орай бильярдтан қоғам қайраткерлерi мен БАҚ өкiл­дерi арасында турнир өттi. Тастаяқ тартысында елуге жуық елге танымал азамат бақ сынады. Турнир шартына сәйкес қатысушылар жасы алпыстан асқандар “Ағалар” тобы, алпысқа дейiнгiлер “Жастар мен жасамыстар” тобы болып екiге бөлiндi. “Ағалар” тобында Төлен Әбдiк, Қойшығара Салғараұлы, Намазалы Омашев, Тұрсын Жұртбай, Сауытбек Абдрахманов, Жол­тай Әлмаш, Несiп Жүнiс­байұлы сынды

ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнде «Сұңқар» студенттер кәсiподағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң қолда­уымен баспа iсi және дизайн кафедрасының 4-курс студентi, «Фотоөнер» қоғамдық бiрлестiгiнiң мүшесi Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Қыр гүлiндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары» атты фотожинағының тұсаукесерi өттi.

Nikon D7100 фотоаппараты – бұл D7000 айнасының жаңартылған моделi саналатын айналы сандық фотоаппарат. Nikon D7100 фотоаппараты әуесқойлар мен фототү­сiрiлiм ынтагерлерiне (энтузиаст) ыңғайлы болуы үшiн арнайы құрастырылған, орта кластағы ең үздiк айналы модельде­рiнiң бiрi. Nikon D7100 фотоаппаратының орташа бағасы шамамен 1500 АҚШ доллары.
Жайлау Таласов 1973 жылы Атырау облысы, Сағыз ауылында туған. 1999 жылы Орал Таңсықбаев атындағы Алматы қолөнер колледжiнiң көркем-қыш факультетiн бiтiрген. Көркем сурет өнерiмен 1994 жылдан берi шұғылданады. 1997 жылы “Алматы: сквозь сотни линз”, 1998 жылы “Бейбiтшiлiк және рухани татулық” атты халық­аралық фотокөрмесiне қатысқан. 2000 жылы қол­өнер шеберi ретiнде Атырау облысы әкiмi сыйлығының иегерi атанды. Түрлi облыстық басылымдарда көркем фотолары жарияланып тұрады. Бұл күнде фотоөнер саласы бойынша жеке кәсiпкер.
Бiз қазiр, не арыда жоқ,не бе­рiде жоқ, әрi-сәрi күй кешу­демiз. Әбден айтыла-айтыла жауыр болған бағыт-бағдарларымыз қараң қалып, iшке түйген байламдарымыз үзiлiп кеткендей. Еңсемiздi де, есiмiздi де жан-жағымыздан қаумалап анталаған күдiк пен күмән басып алған. Бойымызды да, ойымызды да үрей билеп тұр. Бейне бiр қара түнек жамылған айдаладағы жолайрықта тұрғандаймыз. Оңға жүрсек апанға, солға жүрсек қақпанға түсердеймiз...

Үлкен немересiнiң мектепке барған тiлеуiнде ауылдас азаматтардың бiрлесiп мiнгiзген құлыны биыл дөнен шыққан. Өткенде малшы Манарбек: “Малын алып кетсiн” деп, сәлем айтып жiберiптi. Неше жылдан берi жүген-құрық тимей, ен далада еркiн өскен жануар жұтынып-ақ тұр екен. Өзi мiнiлмеген мал болса да, табиғаты жуас болып шықты. Малшының балалары қолдан жем берiп үйретiп қойған ба, қораға кiрген сайын тойдан сарқыт дәметкен баладай мұның қолына қарап осқырынып тұратынын қайтерсiң.

Қапшағай қаласында аралас жекпе-жектен “ММА Royal Plaza Alash Pride Vol.2” халықаралық турнирi өттi. Сегiз бұрышты темiр қоршаудың iшiнде 10 айқас болды. Бiздiң елдiң намысын қорғаған жiгiттердiң бiразы жеңiс туын жықпай биiктен желбiрете бiлдi. Бiрақ ең негiзгi тартыс, турнирдiң басты айқасы саналған жекпе-жекте жерлесiмiздi қырғыз спортшысы айқын басымдықпен ұтып, жеңiстi жұлып әкеттi.

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылының тұрғыны болған Омар Нүсiпбаевтың өмiрден озғанына 10 жыл толуына орай, ас берiп, шана мен шаңғыдан түрлi жас дәрежесiне қарай жарыс өттi. Омар тауы аталып кеткен таудағы жарыс 10-жасқа дейiнгi жеткiн­шектер жарысымен басталды. Ауылдағы сайыс­қа көршi ауылдардан ғана емес, облыстық, республикалық жарыстарда оза шауып жүрген спортшылар да келiптi.
АҢЫЗ АДАМНЫҢ ҚОЛҒАБЫ АУКЦИОНҒА ШЫҒАРЫЛАДЫ
Әлемге әйгiлi Мұхамед Әлидiң осыдан жарты ғасыр бұрын киiп, өзiнiң чемпиондық атағын қор­ғаған қолғабы сатылымға шығатын болды. 21 ақпанда Нью-Йорк қаласында өтетiн аукционда Мұхамед Әлидiң елу жыл бұрын киген бокс қолғабы 1 миллион АҚШ долларына сатылмақ.