1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №9 (15987) 3 ақпан, сейсенбі 2015

Өзгелермен салыстырғанда Тимур Құлыбаев көп сөйлемей­тiн адам. Бiрақ президенттiң күйеубаласы жөнiндегi сыпсың сөз үнемi араның ұясындай дуылдап жатады. Әңгiменiң қызуы басыла қалса, Құлыбаевтың өзi оған от тастайды. Бұл жолы да сөйттi. “Менiң ешқандай да саяси амбициям жоқ, мұны шын көңiлден айтып отырмын” дедi. Тiмiскi тiлшiлердiң сауалына бас­қаша жауап беруге де болар едi. Дегенмен Құлыбаев өзiнiң амбициясы жоқ екенiн ескертудi есiнен шығарған емес. Осылай десе, таңға таусылмайтын әңгiмеге тамызық боларын да iшi сезетiн тәрiздi. Қысқасы, осы жолғысы – амбициясыз миллиар­дердiң екiншi мәрте ақталуы.

Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкiмшiлiгiне келiп, кәсiпкерлердiң мәселесiн талқыға салды. Қазақстандағы кәсiпкерлiк саласының жағдайын түбегейлi жақсарудың жолын iздеген үкiмет биыл кәсiпкерлерге мемлекет есебiнен 200 миллиард теңге көмек бермек. “Биылға 100 миллиард, 2016 жылға тағы 100 миллиард теңге транш бар.

Кеше “Адам бол” журналын қорғау штабының өкiлдерi Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовпен кездесу үшiн әкiмдiкке барды. Олар қалалық әкiмдiктiң iшкi саясат басқармасының журналды жабу жөнiндегi арыз шағымын қайтарып алуды талап етпек едi. Алайда белсендiлердiң алдынан шығып, олардың жолын бөгеген iшкi саясат басқармасының бастығы Санжар Боқаев штабтың хатын өзi қабылдап алуға дайын екенiн айтты.

БҰҰ ӨКIЛIНIҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘЛIМДЕМЕСI
Осы жылғы қаңтардың 19-ы мен ақпанның 2-сi аралығында елiмiзге БҰҰ-ның бейбiт жиындар жөнiндегi арнайы өкiлi Майна Киаи арнайы iссапармен келгенi мәлiм. Ол Қазақстандағы көптеген келелi мәселелер жөнiнде танысып, азаматтық қоғам өкiлдерiмен кездесу өткiздi. Бейбiт жиындар мен ассоциациялар еркiндiгi жөнiнде өткен қоғамдық тыңдауға қатысқан Киаи Қазақстан билiгi Жаңаөзен оқиғасының ақиқаты ашылуына мүдделi еместiгiн айта келiп:

Қоғам қайраткерi, тәуелсiз журналист Гүлжан Ерғалиева басшылық ететiн Adam bol журналына қатысты өткен бей­сенбiде екi сот отырысы өттi. Оның алғашқысы сот орындаушылардың әрекетiн заңсыз деп санаған журнал басшылығының шағымы бойынша өткiзiлдi. Бұл сот отырысы Медеу аудандық сотында 26 қаңтарда қаралуы тиiс едi. Бiрақ судья үш күнге шегерiп бейсенбiде өткiздi.

ОҢТҮСТIКТЕ МЫРЗАХМЕТОВ ШЕШЕТIН МӘСЕЛЕ ҚАЛМАҒАН БА?
Асқар Мырзахметовтiң Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi қызметiне кiрiскенiне алдағы наурызда табаны күректей алты жыл толады. Алты жыл....Халқы тығыз, менталитетi ерекшелеу өңiрдiң тiзгiнiн алты жыл тапжылмастан ұстап отыру бұған дейiн Оңтүстiктi басқарған әкiмдердiң бiрде-бiрiнiң маңдайына жазылмапты. Бiр орында көбiрек отырып қойғандықтан шығар, былтырдан берi “әкiм Астанаға ат ауыстырады екен” деген әңгiме тынымсыз

Өткенде жергiлiктi “Версия” газетi: “Павлодар қаласының әкiмi Болат Бақауов журналистермен кездесу барысында басқа бiреулердiң бұрындары айтқан сөздерiн пайдаланған” деген мәлiмет таратқан болатын. Атап айтсақ, Астана қаласының бұрынғы әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтiң былтыр тұрғындар алдында есеп бергенде айтқан сөздерiнен бiр абзацты түгелдей сөзбе-сөз алған екен.

2011 жылдың 12 қарашасы – Тараз тұрғындары үшiн қаралы күн ретiнде жұртшылық жадынан мәңгi өшпек емес. Өйткенi осы күнi тараздықтар әдетте теледидар арқылы ғана көрiп-бiлiп келген терроризм, экстремизмнiң қандай болатынын өз көзiмен көрдi. Бұл күнi бiр лаңкестiң салған ойранынан жанкештiнi қоспағанда жетi адам қаза болып, үш адам ауыр жараланды.

Автоорындықтың нелiктен “Жол қозғалысы туралы” жаңа ережеге енгенiн әлi ешкiм толық түсiне алған жоқ. Бiреулер мұны “халықтан ақша сауудың амалы” дейдi. Ендi бiреулер “туу көрсеткiшiн төмендету үшiн iстелген шара” дейдi. Әйтеуiр долбар көп. Бiрақ нақты “мiне, мынадай” деп жiлiктеп берген адам тағы жоқ. Ал шынтуайтына келсек, бұл жай әншейiн ғана ойын болатын. Ойынның аты – “Отыз алты”. Автоорындыққа отыруы тиiс балалар салмағының шегi неге 30 немесе 40 емес? Нелiктен 36?
ҮЙ ШАРУАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ САТҚЫН АТАНДЫ
Ресейдiң Смоленскi облысындағы Вязьма қаласының тұрғыны Светлана Давыдованы ФҚҚ (Федералдық қауiпсiздiк қызметi) тұтқындады. “Мемлекетке опасыздық жасады” деген айыппен. Өткен жылдың сәуiр айында С.Давыдова Мәскеудегi Украина елшiлiгiне телефон соғып, үйiнiң қарсы бетiнде орналасқан әскери бөлiм­шенiң бiр-ақ күнде бос қалғанын, жауын­герлердiң Украинадағы соғысқа аттануы мүмкiн екенiн айтқан.
Егер құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыс­тық топтардың арасына жан­­сызын жiберудi тоқтатса, қылмыс­керлердiң саны екi есеге азаяр едi.
***
– Көз алдыңызда полиция қызметкерi суға батып кеттi. Не себептi құтқаруға әрекет қылмадыңыз?!

1926 жылы Шыршықта қаза болған өзбек тарихшысы Асат Сапиев (ұлты тәжiк) өзiнiң “Ходженд уәлаты: тәжiктер һәм қазақтар” атты кiтабында(1926, Ташкент) «1925 жылы Өзбекстандағы қазақтардың саны 2,5 миллионға жеттi» деп жазады. Ол кезде қазағы ең басым Бостандық өңiрi (1928 жылы өз алдына аудан болып, алдымен Сырдария округiне, кейiн

Бұған не дерсiң ендi, Қазақстанды аралап жүрiп қара пәрәнжi жамылған қыздарды көрiп, қаба сақал, шолақ балақ ұлдарды көрiп, олардың жасап жүрген ата салтымызға қайшы iс-әре­кеттерiн көрiп әбден құлазыдым. Маңғыстауға барғанымда Қызылтөбе деген ауылда марқұм болған жас келiншектiң жаназасын шығартпай, имамға құран оқытпай, мүрденi алып қашқан әлгi­лердiң сұмдықтарын кө­зiммен көрген

Өнердiң құдiретi мен сиқырын жан тәнiмен, нәзiк жүрегiмен түсiнетiн   Әшiрбек Сығайдың “ұлтты ұлт ретiнде танытатын – өнер” дейтiн ұранды сөзi әлi күнге дейiн жадымызда жаттаулы, көңiлiмiзде сақтаулы. Ол кiсi сұлулықты, эстетиканы, адалдықты, тазалықты сүйетiн. Сахнадан сұлулықты, эстетиканы, терең талғам мен танымды iздейтiндiгi де, көргiсi келетiндiгi де содан едi.
Оның басында бұрын да баспана болмаған. Күйеуiнiң көзi тiрiсiнде де балаларын шұбыртып, пәтер жалдап күн көрдi. Бұдан алты жыл бұрын жұ­байынан айырылып, жалғыз қал­ды. Оның үстiне құрт ауруына шалдыққанын бiлдi. Ондай келiн­шектi кiм жолатсын, жұмыс сұ­рап барған жерлерi сырт айналды. Қазiр сырқаты созылмалы түрiне ұласқан. “Мен екiншi топтағы мүгедекпiн, – дейдi ол.

Жезқазғанның жезi бiттi, жеп тындық,
Жемiттердiң бетiн майлап сепкiл ғып. 
Ким жегендi кiм жемедi, жей берсiн,
Солар тойсын деп тұрдық!

Бiз әлем таныған жазушылардың, ғұлама-данышпандардың, ғалымдардың еңбектерiне табынамыз, тамсанамыз. Кейде олардың да мына төрткүл дүниеде пенде екенiн ұмытамыз. Олар туа салысымен ғұлама не ғалым бола қойған жоқ. Олардың да өздерiне тән мiнездерi, таңғаларлық қылықтары болды.  Мысалы, композитор Людвиг Ван Бетховен өз­ өмiрiнiң соңына дейiн математиканы, әсiресе, кө­бейтудi бiлмей өттi.
Белбеу де бiзге бұйырды
Бүркенуге көшкен бокстың берекесiн арттыру мақсатында АИБА жаңа жоба ойлап тауып, оған АРВ (AIBA Pro Boxing) деп айдар таққан болатын. Он салмақ дәрежесi бойынша Рио-де-Жанейро олимпиадасының жолдамалары бөлiске салынатын додаға ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжанов бес бiрдей боксшысын қосқан-ды. 81 келiде Әдiлбек Ниязымбетов жарақатына байланысты аламаннан сырт
БIРI ЫЛДИЛАП, БIРI ӨРЛЕДI
Теннистен Австралия ашық бiрiншiлiгi мәресiне жеткен соң әйелдердiң әлемдiк рейтингi жаңаланды. Көш басындағы төр әдеттегi­дей америкалық Серена Уиль­ямс­тiң еншiсiнде. Австралия ашық чемпионатының финалында ресейлiк Мария Шарапованы ұтқан америкалық әл-әзiр тұғырынан түсе қоймасы анық. Екiншi саты ресейлiк Шараповаға тие­сiлi.