1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15988) 5 ақпан, бейсенбі 2015

“Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкiмi Даниял Ахметовке Өскемен қаласының қазiргi келбетi ұнамайтын көрiнедi. Оның ойынша, қаланың орталық бөлiгi Мәскеуге ұқсап тұруы керек екен. “Мәскеудегi Қызыл алаңға ұқсас алаң салуымыз керек, оның кiрпiшi қызыл, тiптi көк болса да жарайды”-деген пiкiр айтыпты әкiм. Ахметовтiң осындай пәрменiнен соң, өткен жылдың қараша айында Өскемен қаласының әкiмi мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмi бастығы Мәскеуге iссапарға барып, Ресей астанасының сәулетiн көздерiмен көрiп келгенге ұқсайды.

“ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ЖАҒДАЙЫ МҮШКIЛ”
Өзбек оппозициясының хабарлауынша, президент Ислам Каримов бiрнеше күннен берi ес-түссiз жатыр. “Өзбекстанның халықтық қозғалысы” (ӨХҚ) ұйымының белсендiлерi 28 қаңтар күнi Каримовтың жүрек талмасы ұстап, құлап түскенiн үкiметтегi әлдекiмдерден естiген. “Сол күнi (28 қаңтарда) кешкi сағат сегiз жарымда президент Ислам Каримов “Көксарай” резиденциясында кешкi асын iшiп оты­рып есiнен танып қал­ған.

Рубль құнсызданған сайын, Қазақстанның экономикасы да қиралаңдай түсуде. Ресейден арзан тауар тасу науқаны өзiмiз­дiң отандық тауарларды сауда сөресiнен ығыстырып тастады. Сонымен қатар iрi өндiрiс орындарында жұмысшылардың жалақысын, ал кейбiр мекемелерде қаржы тапшылығынан қызметкерлердi қысқарту қар­қынды жүре бастады.

Жемқорлық дейтiн iндетпен алыса-алыса шаршаған қазақ билiгi ендi оқушылардың ойын “тү­зеу­ге” көштi. Жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерiн қозғайтын пән 2017 жылы оқытыла бастауы мүмкiн. Мұндай алдын алу шарасынан балабақшадағы сәбилер де шет қалмайды. Әрiп танымайтын балаға жем­қорлықтың зияндылығын түсiндiру қиынның қиыны. Бiрақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi оның да орайын тауып қойыпты.

ҰЛТТЫҚ БАНК ТЕҢГЕ БАҒАМЫН ҚАШАНҒА ДЕЙIН ҰСТАЙ АЛАДЫ?
Ресей рублiнiң құлдырауы, мұнай бағасының төмендеуi – теңгенiң бағамына әсер етушi алғашқы факторлар. Соңғы уақытта ұлттық валютаның бағамына қатты қысым көрсетiлiп жатқанына қарамастан, теңгенiң долларға қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ, Ұлттық банк белгiлеген дәлiз деңгейiнде. Десек те сарапшылар бас банк қанша жерден тырысса да, ұзақ уақыт бойы теңгенiң қазiргi бағамын ұстап тұра алмайды деген пiкiрде.

Шығыс Украинаның Дебальцево қаласының маңында кескiлескен ұрыс жүрiп жатыр. Қаланың бейбiт тұрғындары от пен оқтың астында қалды. Кеше Еуропаның қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазiргi төрағасы – Сербия сыртқы iстер министрi Ивица Дачич ресейшiл сепаратистер мен Украинаның үкiметтiк әскерiн бiтiмге келiп, кем дегенде үш күн оқ атпауға шақырды.

Алматының Наурызбай ау­данына қарасты Шұғыла ауылы­ның жүздеген тұрғынына баспанасынан айырылу қаупi төндi. Бұрын Қарасай ауданындағы бұл елдiмекен қазiр Алматы қаласына қосылған-ды. “Қа­лаға қосылғалы басымызға қара бұлт үйiрiлдi”,– дейдi наразы топ. Осы мәселеге байланысты Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген ауыл тұрғындары құзырлы ор­ган өкiлдерiнен көмек сұрады.

2014 жылдың 23 қазанында президент Астана қаласының активiмен кездескен кезiнде 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанының 550 жылдығын атап өтетiн­дiгiмiздi жария еттi. Ол сонымен бiрге мемлекетiмiз­дiң бастауында болып хандықты құрғандар деп Керей мен Жәнiбектi атады. XV ғасырда олардың көш­пе­лi өзбектерден бөлек көшiп жүрген бiрнеше тайпалар мен рулардың басын қосып, айналасына жинап, соларға хан болып жаңа мемлекет құрғанын айтты.

Мұнай кенiштерiне бұр­ғылау жабдықтарын таситын “MSI” ЖШС-нiң маркетинг жөнiндегi маманы, 27 жастағы Диана Ерiкқызы Тоқова жұмысынан айырылып қалды. Босануына және сәби күтiмiне байланысты демалыста болған кезiнде жұмыс орны қысқарған. 15 қызметкерi бар шағын ұжымның директоры Дам Янн Геррит пен Ақтөбедегi өкiлi Ерлан Iлиясов Диананың қайтып келгенiн қаламаған сияқты.

Билiк партиясының Қызылорда облысындағы филиалы төрағасының орынбасары Өлмесхан Болатбеков қызметiнен босады. Оның орнына бұған дейiн бiлiм басқармасын басқарған Наурызбай Байқадамов тағайындалды. Қолда бар дерекке сүйенсек, Болатбековтiң қызметтен кету тарихы былайша өрбидi: Филиалдың кезектi саяси кеңесi бюросының отырысы өтiп, Болатбековтiң жүрiс-тұрысы талқыға салынған.

Ақпарат беттерiнде көмек сұрап шырылдаған жандарды үйде отырып мүсiркеуден әрiге аспайтын халге жеттiк. “Ертең сондай кiрiптар жағдайға өзi­мiз­дiң де тап болуымыз мүмкiн-ау, бүгiн мына мұқтаж жанға шамам келгенше көмек берсем, ертең Құдай сол сауапты iсiмдi еселеп қайтарады” деп болжам жасай бермеймiз.

Қазiргi кезде жылқының қазақ үшiн қандай бағалы, қасиеттi түлiк екенiн қаланы қойып ауыл жас­тары да бiле бермейдi. Қала жастары кинодан көрiп, кiтаптан оқыса, ауыл баласы тек күн көрiстiң көзi, төрт түлiктiң бiрi деп түсiнедi. Ежелден ат үстiнде жүрген ата-бабаларымыздың рухы әрқашан биiк болған. Алтайдан – Атырауға, Арқа мен Алатауға дейiнгi кең байтақ жердi аттың жалы, түйенiң қомында жүрiп қорғаған.

Соғыста iз-түзсiз кеткен ағам туралы жақсы хабарды биылғы жылдың 20 қаңтарында естiдiк. Менiң әкем Смайыл Дүйсенбаевтың туған iнiсi Ысқақ Дүйсенбаев – соғыстан қайтпай қалған азаматтардың бiрi. Ысқақ ағам әскерге 1941 жылдың тамыз айында шақырылып, Алматы қаласындағы генерал М.Панфилов жасақтаған 316-ат­қыштар дивизиясының құрамына жiберiледi. Ол кiсi сол 1941 жылдың аяғынан 1944 жылдың 3 ақпанына дейiн, яғни қайтыс болғанға дейiн осы құрамда, қан майданның iшiнде үздiксiз соғысқан.

Бiздiң Ақсеңгiр елдiмекенiне газ жүйесi келдi, ендi ауызсу мәселесi шешiлсе екен деп отырмыз. Бiздiң ауылға ауызсу сағат 12.00 – 15.00 аралығында ғана берiледi. Сол уақытта су ала алмай қалсаңыз, дуадақ құстың күйiн кешесiз. Арық суы жекешелiктiң қолында болғандықтан, әсiресе, жаз айларында қараша халыққа берiлмейдi. Халық бақшасын мөлшерлi мезгiлде ғана берiлетiн сумен суарады.

ХХ ғасырдың алай-дүлей соқ­қан тағдыр боранына ұрынбаған қазақ жоқ шығар. Мен де “екi көзiне мөлтiлдеп жас келiп”, шетелге “бошалап барып, боталап қайтқан” атаның ұрпағымын. Ешкiмдi қанап, бiреуге озбырлық көрсетпеген, жазира даласында қойын құрттап, айранын ұрттап, қарапайым тiршiлiк еткен аталарымның 1928 жылы малын тартып алып, астықтан салық салып, тоз-тозын шығарыпты.

“Қытайдан келген емшi. Барлық ауруды емдейдi. Емшi емес, дұрысы, дәрi­гер. Белiмнен жүрiп-тұруым қиындап кетiп едi ғой, дұрыс болдым. “Бiр сеанс аз, тағы екi сеанс аласыз” деген әлгi қытайлық. Бiр айдан кейiн тағы барамын”. Мұны Ботаға айтқан – құрбысы Ләйла. Анау-мынауға онша сене бермейтiн Ботаға құрбысы дәрiгердi әбден мақтаған соң ба, әлде таң азаннан басталатын аллергиясы шаршатты ма, баруға көндi.

Жамбыл облысында байланыс торабының жұмысы оң жолға қойылып келедi. Пошта саласының заманауи қызметiн тұрғындар кеңiнен тұтынуда. Бүгiнгi таңда қаланы айтпағанда ауыл-аймақтарда да пошта үйлерiнiң жаңаруы көңiл қуантады. Ал көне шаһардағы “Қазпошта” бөлiмшелерi бүгiнгi күннiң талабына сай, заманауи озық үлгiде қызметiн көпшiлiкке ұсына бастады.

9 ақпан – ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күнi
Бала кезiмiзден ата-әжелерi­мiздiң: “Я, Раббым, бергенiңе, жаратқаныңа, көрсеткенiңе мың шүкiр!” – деген жүрекжарды тiлектерiн естiп өстiк. Бүкiл Бақыт атаулының бастауы дәл осы сөздерде екендiгiн ол кездерi балалықпен аңғармаған болармыз. Мысалы, жасөспiрiм, студент шағымызда осы бiр сөз­дер­дiң мағынасына сәл де болса бойлай алуымызға себепкер болған жайттың бiрi мынандай өлең жолдары едi:

Тәңiрдiң бiр жарытпай-ақ қойғаны-ай”,– деген мәрт мiнездi, ақ жүректi ақын Мұқағали Мақатаев ақ түтек бораған ақпан айында дүниеге келген екен. М.Мақатаев – қазақ поэзия әлемiне шетсiз-шексiз кеңiстiк пен көз жетпес биiктiк әкелген ақын. Құдiреттi қарапайымдылықпен “күпi киген қазақтың қара өлеңiн, шекпен жауып өзiне қайтарған” ақын. Елiне кәусар сезiмге толы тояттамас көңiлiн, сабырға көнбес сағынышын, мұңға тұнған жырларын сыйлаған ақын.

ГЕРАҒА ХАЛЫҚҚА КЕРЕК БОЛСА, СIЗ ГЕРАҒАҢА КЕРЕКСIЗ!
Кеше аяулы жазушымыз Герольд Бельгердiң жұбайы Раиса Закировнамен хабарластым. Әрине, сұрақты неден бастарым да белгiлi ғой, бiрден Герағаңның жағдайы туралы сұрадым.
–14 күн болды, әлi есiн жиған жоқ, – дедi Раиса Закировна, – бiрақ күресiп жатыр...
– “Күресiп жатыр” дейсiз бе? Оны қалай сездiңiз?

Ол – дзюдо спортынан жазғы Олимпиада ойындарының медалiн олжалаған тұңғыш қазақ. Ол – қырғыз спортының тарихында жазғы олимпиада ойындарының жүлдесiн иеленген тұңғыш балуан. Сайысуды самбо күресiнен бастап, жапондардың төл өнерiн ерттеп мiнгенiне көп уақыт өтпесе де жазғы Олимпиада ойындарында жеңiстен тау тұрғызды. Иә, Айдын Смағұловтың

IРIКТЕУДЕН IРКIЛМЕСЕ
Кеше Қытайдың Гуанчжоу қаласында теннистен Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы топтың ойындары басталды. 7 қаңтарға дейiн жалғасатын са­йыста ел намысы Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Кәмилә Керiмбаева, Юлия Путинцеваға жүктеледi. Бiздiң топта Қытай, Тайланд, және Тайпей теннисшiлерi бар. Егер топтан қара үзiп шықса, екiншi топтағы