1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15989) 10 ақпан, сейсенбі 2015

Жалпы, тiл бiлгеннiң еш зияны жоқ. Мысалы, қазақтың “маңдайына бiткен” Мәсiмов тiлге жүйрiк кiсi. Қытайша құйқылжығанда хансулардың құйқа тамырын шымырлатады. Ағылшынша аға жөнелсе, арқан керiп, әрең тоқтатасың. Арабша сөйлегенде азаншы молдалардың өзiн ауызға ұрады. Орысшасы мен ұйғыршасы екiбастан. Қысқасы, Мәсiмов – тiл үйренуге құштар адам. Көңiлi құласа, кез келген тiлiңдi бiрер айда игерiп шығады.

Өткен аптада аяқ астынан Киев арқылы Мәскеуге ұшқан Германия канцлерi Ангела Меркель мен Франция президентi Франсуа Олландтың Ресей президентi Владимир Путинмен жабық есiк жағдайында өткен келiссөзi бес сағатқа созылды. Үш мемлекет басшылары келiссөздерiнiң анық-қанығы белгiсiз. Жексенбi күнi “нормандиялық форматта” телефон арқылы болған конференциядан соң 11 ақпан күнi Минскiде келiссөз өтетiнi хабарланды.

ЫНТЫМАҚТАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫҢ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢДЕ ЖАТЫР
 
“Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қазақтар мен тәжiктер арасында қақтығыс болып, үйлердi, дүкендердi, көлiктердi өртеген. Күштiк құрылымдар жаппай Сарыағашқа ағы­лып жатыр. Қақтығысқа отыз жастағы қазақ жiгiтiнiң тәжiк азаматының қолынан қаза табуы себеп болған”.  5 ақпанда, бүкiл Қазақстан хал­қы ассамблеясының 20 жылдығы салтанатты түрде бастау алды. Республиканың түкпiр-түкпiрiнде, бiр күнде. Алдын ала жасалған тың­ғылықты жоспар бойынша Шымкентте жастар шеруге шығып, аспан­ға шар ұшырды.
11 АҚПАН – ҰЛТТЫҚ ҚАСIРЕТ КҮНI
11 ақпанда мемлекет және қо­ғам қайрат­керi Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерi Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевке қастандық жасалғанына тоғыз жыл толады. Бұл қанқұйлы қылмысқа шынайы баға берiлген жоқ әлi. Өйткенi тапсырыс берушi бас қылмыскер жазасын алған жоқ. Мұның саяси террор екенi басы ашық жайт. А.Сәрсенбай­ұлына атылған үш оқ – Қазақ елiнiң болашағына, тәуел­сiз­дiгiне, елдi­гi­не атылған оқ! Ендi осы үш оқ­тың саяси салмағын таразыға тартып көрейiкшi.
...1982 жылдың қыркүйек айы ендi басталған. Жазғы демалысым аяқталып, М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттiк университетiнiң журналистика факультетiнiң төртiншi курсында оқуымды жалғастыру үшiн Мәс­кеу қаласына қайтып оралдым. Сол кездегi Кеңестер Одағының астанасы Мәскеу қаласында бiр жыл оқып, құмырсқаның иле­уiн­дей құжынаған алып ша­һар­ға бойым үйренiп қалған кезiм болатын.
Асыл азамат, аяулы тұлға, аса көрнектi жазушы, бiлiктi аудармашы, қылыштай кескiр һәм семсердей өткiр көсемсөзшi, қазақ әдебиетi мен қазақ мәдениетiнiң үлкен жанашыры Герольд Бельгер дүниеден озды. 81 жасқа қараған шағында.
Қайран, Гераға... Айналып соққан алтыншы инфаркт ақыры алып тынды... Қолымызды жүрегiмiздiң тұсына ұстап тұрып, шынымызды айтайықшы: қазақ жерiнiң қиырын басып, қазақ елiнiң жұпарын жұтып жүрiп қазаққа жаманшылық тiлейтiн­дер аз ба арамызда
Қаңтар айының 29-ынан ақпанның 2-сi аралығында Қытайдың Алтай аймағы, Шiңгiл ауданында Халық­аралық Қытай-Шiңгiл Салбурыны өттi. Мерекелiк iс-шараға Қазақстаннан, Монғолия және Қытайдан мыңнан аса журналист пен жүзге тарта құсбегi қатысты. Ерекше атап өтер жайт, “Халықаралық Қытай-Шiңгiл Салбурын салтанатын” тамашалауға жергiлiктi және шетелдерден арнайы келген көрермендер саны 30 мыңға жуықтады. 

Қазақстан жағдайында мемле­кеттiк тiл саясатын жүргiзгенде ғылыми негiзге сүйенген жүйелi­лiк­­тiң жоқтығы, немкеттiлiк, бiлiк­сiз­дiк, науқаншылдық сияқты көп­теген “шылықтардың” болуы бiздiң рухани өмiрiмiздi көптеген келең­сiздiктерге ұрындырды отыр. Қо­ғамда тiл саясатының дұрыс жүргiзiлмеуi алдағы уақыттарда да орны толмас олқылықтарға, әлеу­мет­тiк қайшылықтарға апарып соқтыруы әбден мүмкiн.

Алланың бұйрығымен, тағдырдың жазуымен дәл қазiр Чехияда (Карловы Вары) тұрып жатқан Мұхтар Мағауин “Шыңғыс хан және оның заманы” атты деректi тарихи хикая жазып жатыр. “Шың­ғыс хан және оның заманының” әзiрге екi кiтабы оқырман қолына тидi. Жазушының өзiнiң айтуынша, “Шыңғыс хан және оның заманы” төрт кiтаптан тұрмақ. “Шын мәнiсiнде Шыңғыс хан тарихы – ең алдымен түрiк халықтарының тарихы. Оның iшiнде ежелгi қазақ тарихының ең толымды кезеңдерiнiң бiрi. Осы орайда, бiздiң негiзгi, көркем проза саласындағы бар шаруамызды доғарып қойып, ұлғайған жасымызға қарамай,
“Мыңнан бiр мезеттiң” өткен санында уақыт кеңiстiгiнде саяхаттаған адамдардың оқиғаларын топтап берген едiк. Бiзбен жапсарлас қосалқы әлем бар ма, ол әлемге қалай кiруге болады деген тақырыпты осы жолы да жалғастырсақ. Былтырғы жылы 8 наурызға қараған түнi Куала-Лумпурдан Бейжiңге бағыт алған Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы әлi күнге дейiн табылмады. Малайзиялық ұшақты iздестiруге әлемнiң алпауыт елдерi жұмылғанымен, оның қалдықтарын анықтай алмады.

Адам қайтыс болғанда қолсағаты ғана емес, үйiндегi сағаттары тоқтайтын оқиғалар жетерлiк. Өлiм болған оқиға орнына жеткен криминалистер де осы құбылысты жиi байқайды екен. Бiрақ сағат пен адам өмiрiнiң арасында қандай байланыс бар? Ғылым алға дамып кеттi дегенiмен, мұндай тылсымды түсiндiруге келгенде ауызды қу шөппен сүртуге мәжбүрмiз. Тылсым құбылысты зерттеушi ғалымдар мұны тек физикалық тұрғыдан түсiндiретiн болжамдарын алға тартады.

ҮШ АТА‑АНАСЫ БАР БАЛАЛАР ДҮНИЕГЕ КЕЛМЕК
Бұған дейiн Ұлыбританияда қолдан ұрықтандыру кезiнде әке мен ананың генетикалық материалынан бөлек донор әйелдiң генi қолданылуы мүмкiн екенiн жазған едiк. Өткен аптада Ұлыбритания парламентi үш ата‑ананың генiнен ұрықтандыру технологиясын заңдастырды. Бұған дейiн табиғи жолмен бала сүйе алмайтын ерлi‑зайыптылар қолдан ұрықтандыруға жүгi­нетiн. Ол үшiн аналық жасушаға аталық жұмыртқаны қосатын едi.
Аралас жекпе-жектен 21 рет айқасқа түсiп, барлық қарсыластарын жеңген Қазақ – Қайрат Ахметов өткен жұмада АҚШ-қа аттанып кеттi. Жекпе-жек спорт түрлерi­нен өтетiн додалардың төресi саналатын UFC тұжырымының бөлiмшесi саналатын “Легенда” деп аталатын тұжырым бар. Қайрат осы тұжырым аясында бiр жекпе-жек өткiзе­дi. Наурыз айына жоспарлан­ған жекпе-жекте жеңiске жетсе онда бiрден UFC-ге айқара жол ашылады.
Жуырда Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы, Нұра ауылында Райымбек батыр атындағы спорт мектебi ашылды. Салтанатты ашылу рәсiмiне Сидней олимпиадасының чемпио­ны, даңқты боксшы Ермахан Ыбырайымов, осы ауылдың түлегi, кикбоксингтен әлем кубогының иегерi Елмұрат Қайыпжанов сынды спортшылар арнайы келiп, жас өскiн iзбасарларына сәт сапар тiлеп, батасын бердi.
ЖАҚЫПОВ ЖАРАДЫ
АИБА-ның АРВ (AIBA Pro Boxing) жобасында Рио-де-Жанейро жазғы олимпиада ойындарының жолдамасы бөлiске түсетiнi белгiлi. Күнi кеше 49 келiдегi үмiтiмiз Бiржан Жақыпов Гонконгте кезектi жеңiсiне қол жеткiздi Бразилиялық шагас Валерио Лоуренсмиоға қарсы айқасқа түсiп, айқын басымдықпен жеңiске жеттi.

Балаларды бiр мезгiл компьютерден арашалау үшiн не олардың денсаулығын күшейту үшiн асық ойыны өте қажет, себебi мынадай пайдасы бар: үнемi қозғалыста бол­ғандықтан дененiң бұлшық еттерi шынығады; көздiң алыстан көру қабiлетi артады; көзмергендiгiне, қолмергендiгiне үйренедi; қан айналымы мен тыныс алу мүшелерiнiң жұмысы жақсарады; бiр-бiрiмен сөйлесудiң арқасында өзара тез тiл табысуды үйренедi.

КҮЛМЕЙТIН ӘЙЕЛ
Егер бетiңiзге әжiм тү­сiргiңiз келмесе, онда күлудi, тiптi жымиюды да тоқтатыңыз. Мысалы, ұлыбританиялық Тесс Кристианның күл­мегенiне бақандай қырық жыл болыпты. Қазiр ол – 50-де. “Он жастан бастап әжiм­дi ойлаған қыз... шынымен де ақылды екен” деген ой келедi ерiксiз. Кристианның айтуынша, қатты күлкiсi кеп, күлкiсiн тыя алмай қалған сәтте, ол ернiн жымқырады екен. Жалғыз қызы дүниеге келгенде қатты қуаныпты.