1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15990) 12 ақпан, бейсенбі 2015
Е.Бекмаханов – 100
15 ақпан күнi ғұлама тарихшымыз, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесi, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұқан Бекмахановтың (1915-66) туғанына дәл 100 жыл толады. “Тарих ұсақтамайды, тарихшылар ұсақтайды” дегендей, қазiргi күнi тарихшыларымыздың тым ұсақталып кеткенi ешкiмге де жасырын емес. Тарихшылық қазiр күн кө­рудiң, күн көргiштiктiң құралына айналып кеттi. Тарих ғылымы күштi­лердiң қолшоқпарына, билiктiң сойыл соғушысына айналып барады. Биiк мiнберден айтылған “...бiзде бұған дейiн мемле­кеттiк те болмаған, шекара да болмаған...” деген пiкiрге қарсы бiрде-бiр қазақ та­рих­шысы(бiз бұл жерде кәсiби, маман тарихшыларды айтып отырмыз) қарсы шыққан жоқ. Шыға алмады...
БIРАҚ МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫНДЫ ҚЫСҚАРТУҒА КӨШПЕК
Кеше президент Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақордада өткен үкiметтiң кеңейтiлген отырысын күтпеген жұрт кемде-кем. Баршаны толғандыр­ған басты сауал – теңгенiң алдағы тағдыры мен елдегi экономикалық ахуал екенi түсiнiктi. Үкiметтiң отырысын ашқан президент ә дегеннен-ақ “Қазақстанда дағдарыс жоғын” мәлiмдедi.
Кеше таңертеңгiсiн көпшiлiк Кеңсай зиратында болды. Алаш арысы А.Сәрсенбай­ұлының аруағына Құран бағыштады. Қа­зақтың батыр ұлы Алтынбектiң қаны төгiлген жерге гүл шоқтарын қойды. Есiл ердi еске алды. Алматыдағы “Астана” қо­нақ­ үйiнде Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қоғамдық қордың және “Әдiл сөз” сөз бостандығын қорғау ұйымының   ұйымдастыруымен “Сөз бостандығы – демократияның негiзi” тақырыбында дөңгелек үстел өттi. Жиынға қоғам қайраткерлерi, саясаткерлер, ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам өкiл­дерi қатысты.

Аграрлық саланы айналдырған “қырсықтың” түйiнi тарқайын дедi. “Мамытбековтiң маңқасын қайырамын” деп шiренгендер қазiр шыж-быж болып жатыр. Себебi айлалы Асылжан бұл жолы да алдындағы қатердi айналып өттi. Айналғаны былай тұрсын, “Жаңару” дейтiн Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыспен өзара ынтымақтастық туралы меморандум­ға қол қойды. Ендi жемқорлықпен аты шыққан министрлiк “Жаңару” қозғалысымен бiрге сыбайластыққа қарсы күрестi “жаңартады”.

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНЫҢ ПОДПОЛКОВНИГI ӨЗIН-ӨЗI НЕ ҮШIН ЖАРЫП ЖIБЕРДI?
Ақпанның 10-ы күнi Қорғаныс министрлiгiнiң Астанадағы ғимараты алдында подполковник Арман Сыздықов көлiгiнiң iшiнде өзiн-өзi жарып жiбердi. Ол Қорғаныс министрлiгiнiң ақпараттандыру және телекоммуникация бас басқармасында қызмет етiптi. Қырықтағы жiгiт ағасының басқа жерде емес, дәл өзi қызмет ете­тiн мекеменiң жанында жарылуы... Кейбiр ақпарат құ­ралдары “подполковник көлiгiн­де Ф-1 гранатасын жарған” деп хабарлады.

Сарыағаштағы қанды оқиға оңтүстiк өңiрдi дүр сiлкiндiрдi. Облыстағы қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң, орталықтар мен қоғамдық қорлардың же­текшiлерi, белсендi азаматтар президент Н.Ә.Назарбаевқа, Сенат төрағасы Қ.К.То­қаевқа, Парламент төрағасы Қ.Жақыповқа, Халықтар Ассамблеясы басшыларына, ұлттық мәдениет орталықтарының төрағаларына арналған хат жолдады. Онда былай делiнген:

 
Жақында, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылының тұрғындары “Жас Алаш” газетiне 2015 жылға жазылғанын, бiрақ жаңа жылдан берi газеттi алмағанын айтып, телефон шалды. Хабарды естiгеннен кейiн, Шайыр ауылындағы пошта бөлiмшесiнiң қызметкерiмен сөйлестiм. Шағын ғана ауылда 41 адам “Жас Алаш” газетiне жазылған екен, бiрақ қаңтар айынан берi газеттiң бiрде-бiр санын алмапты.

“Жас Алаштың” 2014 жылғы 26 желтоқсан күнгi санында ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың назарына деген айдармен “Заң аяққа басылса адалдық болмас” атты мақаламыз жарияланған. Онда Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы “Бiрлiк” ауылында жаңадан салынып жатқан кiрпiш зауытын тапа-тал түсте бiреулер бұзып әкетiп, осы кәсiпорынның иелерi ағайынды Рамазан және Ерлан Жәкеевтер 2011 жылдың мамыр айынан берi соттасып, әдiлдiкке қол жеткiзе алмай жүргенiн жазғамыз.

Елордалық Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттiк академиялық музыкалық драма театры Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай “Абылай ханның арманы” атты тарихи драманы сахналады. Бұл спектакльге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқа­лықова мен Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлерi, көрнектi мәдениет және өнер тарландары қатысты.

“Жас Алаштың” өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде қайырымдылық жасау туралы қысқаша хат жарияланып едi. Соған өзiмнiң пiкiрiмдi бiлдiрсем деймiн. Жайшылықта мән бере бермеймiз. Теледидарды ашып қарасаңыз, түрлi шоулардың жеңiмпазын анықтау үшiн дауыс берiңiздер дейтiн жарнамалар өте көп. Таяуда ғана салмағы артық адамдардың арасында шоу өттi. Қысқа нөмiрге смс

Өскемен қаласында әйгiлi жерлесiмiз, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтi еске түсiрерлiктей бiраз шаралар жүзеге асты. Бас-аяғы ат шаптырым болмағанымен, орталықтағы бiр көшеге батырдың аты берiлдi. Қасым Қайсенов атындағы кiтап дүкенi бар. Бұл өзi облыс орталығындағы қазақ тiлiнде жарық көрген кiтаптарды саудалайтын жалғыз дүкен. Қызыл көсем Кировтың атындағы көше мен Жеңiс даңғылының қиылысқан жерiндегi шағын алаңқайда даңқты батыр партизанымыздың кеуде мүсiнi тұр.

Осы мен ештеңе түсiнбей бара жатырмын. Теледидардың қай арнасын ашып қалсам да, бiздiң елдiң жетiстiгi жайлы айтып жатады. “Құдайға шү­кiр, Қазақстанымыз өркендеп, өсiп келе жа­­тыр” деп мен отырамын. Кенеттен “пәлен жер­дiң әкiмi пәлен тең­ге, теңге емес-ау ойбай, көк қағазбен ұсталды” деп самбырлап қоя бередi. 

әкемнiң iнiсi Iлесбек Нұрпейiсов 1923 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылында туған. 1941 жылы 18 жасында соғысқа кетiп, 1945 жылы 20 сәуiрде Венгрияның Шопрон деген қаласында қаза болған. Мен Iлесбек тәтемнiң ағасы Керiмбек Нұрпейiсовтiң қызымын. Алматыда тұрамын. Зейнеткер ұстазбын. Менiң әжем Әлфия – Iлесбек тәтемнiң анасы, Нұрпейiс атам, Зейнеп апам (тәтемнiң жеңгесi) балаларын өлдi дегенге өмiр бойы сенбей екi

“Одақтан опа таппайтынын кәсiпкерлер кеш түсiндi” деген (№10, 5 ақпан, 2015 жыл) мақалаға орай өз пiкiрiмдi бiлдiргiм келедi. 2009 жылы Қазақстанның Ресеймен кедендiк одақ құратыны жөнiнде ақпарат тарады. Кейiн Кедендiк одақ Еуразиялық экономикалық одаққа айналды. Сол тұста азаматтық қоғам өкiлдерi бұл одаққа қарсылық бiлдiрiп, көптеген наразылық iсшара өткiздi.

Қазақ тiлiнiң шұбарлануы өз алдына, қазiргi күнi миға қонымсыз сөздер пайда бола бастады. Мысалы, “Ақылды үй” дейдi (Умный дом). Басқа үй­лердiң ақымақ болғаны ма сонда? “Ду қол шоколад”. Бұл жаңылтпашты қалай түсiнемiз? “Супер келiн” деген хабар бар. Супердi қоспаса түсiнiксiз болатын сықылды. “Ток-шоу”, “Бенефис-шоу”... Осылай кете бередi. “Шоу­лар” тым көбейiп кеттi, оның баламасы, аудармасы жоқ па?

...Кiшкентай кезде барлық балалар секiлдi мен де тәттi тоқаштарға, кәмпиттерге әуес болдым. Көпбалалы отбасынан шыққандықтан ондай таңсық тағамдар ауызға тие бермейтiн. Айына бiр жесек, қуанатын едiк. “Үлкейгенде оқу бiтiрiп, жұмыс iстеп, алатын ақшама тойғанымша тәттi тоқаштардың неше алуанын сатып алып жеймiн”, – деген арман болушы едi менде.

Қарасай ауданына қарасты Елтай округiндегi Қаратөбе ауылында “әулие” ит бар. Иттi әулие деп әспеттемес едiк. Алайда қожайыны үшiн адам өмiрiнен гөрi итiнiң амандығы аса маңызды сияқты. Ауыл мектебiне бару үшiн оқушылар мен олардың ата-аналары үшiн адвокаттың итi деген қара уайым бар. Өйткенi кейде азуы арсиған алабай ит емiн-еркiн бос жүредi. Бос жүргенiмен қоймай, әрi-берi өткiншi адамдарға арсылдап, тұра шабады. Бұл туралы учаскелiк полицейге шағымдан­ғанбыз.

 ...Әке-шешем қой бағатын. Ауырса болды, екеуi де “жел тидi” деп жаңа сойылған қойдың терiсiне оранып ап жататын. Терлейтiн. Бұл процедураның бүге-шiгесiне дейiн бiлмесем де, есiмнен шықпайтыны – анамның қойдың ыстық терiсiне оранып жат­қанын талай көрдiм. Ертеңiне түк болмағандай тiршiлiгiн жасап жүре беретiн. Қартайғандарында да басы ауырып, белi сыздағаны болмаса, бiз секiлдi аурушаң емес едi.
Оқырман шығармашылығынан
Тiрлiгiмде өттi күн, талай түндер,
Өмiр – сайқал, жан бар ма сенi жүндер?
Жалған күлiп қолымнан жетелейсiң,
Жаным менiң тоналып, қалды сүлдер.
“Тек әлем чемпионы атану үшiн барып едiм”. Иә, ол Иран елi өткiзген әлем чемпионатына тек алтын медаль үшiн барған едi. Қалың қазақ қалақтай ұлынан тек қана алтын жүлде күттi. Жиырма жетi жастағы оғланның бабы да келiсiп, ынтызарлығы да зор едi. “Жаныма неге батпасын!”. Еркiн күрестен әлi бiрде-бiр әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңiмпазын өсiре алмағанымыз Мамыровтың ғана емес, мұқым елдiң арқасын жауыр етуi тиiс.

1972 жылы бiр жас үндiс Джон Леннонға (әйгiлi “Битлз” тобының мүшесi, әншi, сазгер) “Жер шарын аралағым келедi, бiрақ ол арманымды жүзеге асыру үшiн көп қаржы қажет. Ақшалай көмек көрсете аласыз ба?” деген мазмұнда хат жазыпты. Леннон оған: “Медитациямен айналыс, сонда сен бүкiл әлемдi қиялыңдағыдай көре аласың” деп жауап берiптi. Ал 1995 жылы әлгi үндiс бәрiбiр жер шарын аралап шығыпты.