1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15991) 17 ақпан, сейсенбі 2015

“Қазақстандағы президент сайлауы бұл жолы да мерзiмiнен бұрын өтедi” деп болжағандар жаңылмапты. Негiзi мұндай әңгiме өткен жылдан берi ел аузынан түскен жоқ. Өйткенi бiр тықырдың таянып келе жатқаны беп-белгiлi едi. Әнеукүнi Нұрсұлтан Назарбаев халық игiлiгi үшiн жұмыс iстеу керектiгiн ескертiп, шендi-шекпендiлерге “Мұрындарыңды көтермей жүрiңдер...” дегенде-ақ “сайлаудың иiсi” мүңк ете түскен. Әрине, мұны жалпақ жұрт тегiс аңғарды деу қиын. Ал Ақорданың әр адымын бағып отырған жандардың iшi қылп ете қалды. Ендi мiне, ай өтпей жатып “президент сайлауын едел-жедел өткiзiп жiберейiк” деп Қазақстан халықтары ассамблеясы бастама көтердi.

Бес жүзден астам отбасы 9 жылдан берi Алматының iргесiндегi Әйтей ауылынан сатып алған жер телiмдерiн заңдастыра алмай жүр. Себебi, Қарасай ауданының құзыреттi органдары күнi бүгiнге дейiн азаматтардан құжат қабылдап, оларға жердiң меншiк иесi екендiгiн растайтын мемлекеттiк акт беруден бас тартуда. Ол аз болғандай, қарақұрым халықтың жерiн аяқ астынан ортадан қосыл­ған бiреу иемденiп кеткен.

Өткен аптада Минскiде 16 сағатқа созылғ­ан келiссөздерден кейiн жасасқан қақтығысты тоқтату жөнiндегi келiсiм күшiне ене салысымен бұзылды. Уағдаластық күшiне енбестен ресейшiл серапатистер Дебальцевоның Минск келiсiмдерiне қатысы жоқтығын алға тартып, онда қақтығыс жалғаса беретiнiн мәлiм еткен. Киев сепаратистiк күштердiң үкiмет әскерiне қарата оқ жаудырып жатқанын хабарлады.

Өткен аптада президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысын өткiздi. Жұрт күткендей онда “қызық” болмады. Қызық болмағаны, бұл жиында түрлi бастар мемлекет басшысының аяғының астына домалап жатпады. Десе де, орыстың қылжақбасы Михаил Задорнов айтатындай, “қазақша демократия” көзге ұрып тұрды.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ «УЛЫ АЛАҢҒА» АЙНАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕЙМIЗ!
Атом электр станциясы (АЭС) құрылысы мен Семей ядролық сынақ полигоны (СЯСП) аумағына ядролық қалдықтар сақтауға қатысты суық хабарға бейжай қарау мүмкiн емес. Бұған қуанғандар да болуы мүмкiн, бөркiмiздi шешкенiмiзбен оны аспанға лақтыруға жүрек дауаламайды. Павлодар облысының Май ауданы – Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарымен шекаралас елдiмекен. Алғаш рет атом бомбасы жарылғаннан берi Семей ядролық сынақ полигонының зардабын көрiп келедi.

Алтынбек Сәрсенбайұлының серiктерiмен қаскүнемдiкпен қаза табуының тоғыз жылдығына орай Атыраудағы қоғам белсендiлерi “Иманғали” мешiтiнде марқұмдардың аруағына құран оқытып, шелпектер үлестiрдi. Бұл шара бiзде жылда ұйымдастырылып, Заманбек Нұрқадiловтiң, Батырхан Дәрiмбеттiң, Жаңа­өзен мұнайшыларының аруақтарына бағыштап мешiтте құран оқыту Атырау азаматтарының дағдысына айналды.

Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу күнiнде осы тақырыпта өткен жиында айтылған пiкiрлердi назарларыңызға ұсынамыз.
– А.Сәрсенбайұлының шапағатын көргендер көп. Менiң жобама жол ашып, оны өмiрiнiң соңына дейiн қорғаған тұлғаларды өзiм қасиеттi адамдар десем, артық айтқаным емес. 2004 жылы Алтеке Ақпарат министрi болғанда сол күнге дейiн тiркелмеген, тiркелу түгiл, жарыққа шыға алмаған басылымдарды тiркеп, жарық көруiне жол ашты. Оның iшiнде “Республика” газетi мен мен басқарған “Свобода слова” басылымы бар.
Телефон шырылдады. Тұтқасын құлағыма тостым. Сәлем-сауқат, бас-көз жоқ, быдықтаған бiреу бастырмалатып барады. Саудың сөзi сияқты емес. Түк түсiн­бей тұрмын. Тек “Қойлыбай әулие”, “хорунжий” дегенiн ұғып қалдым.
– Қойлыбай әулиеге хорунжийдың қандай қатысы бар? – деймiн, таңданып.
– Қойлыбайға қатысы жоқ, маған қатысы бар...
– Қалай?

Таяуда қала маңындағы шағын ауылға көшiп барғанбыз. Көршiлерiмiз бiрiнен кейiн бiрi ерулiкке шақырып, жаңа ортамен таныстық басталып кеттi. Ауылдағы отбасылардың саны елу-алпыстан аспайды. Бiрақ байқағаным, күйеуi де, әйелi де қазақ отбасылар саусақпен санарлық қана екен. Маған таяу тұратын бес көршiмнiң бiрiнiң күйеуi қазақ, әйелi өзбек, немесе әйелi қазақ, ерi тәжiк, қарақалпақ т.с.с. Таза қазақ отбасылар үш-төртеу ғана екен сонда.

Оңтүстiк өңiрде туып өстiм. Арман қуып Алматыға келiп, болашақ жарымды осында кездестiрдiм. Жолдасым Алматы облысының тумасы. “Әр елдiң салты басқа...” дегенге келiн болып босаға аттаған алғашқы    күннен-ақ көзiм жеттi. Қазақстанның басқа өңiрлерiне қарағанда шымкенттiктер туралы айтылатын сөз өте көп қой.

Қазiргi қоғамда барлығы тез болатыны белгiлi. Уақыт тез өтедi деген сөзге iлесiп адамдар да арпалыса түседi. Дәл осы негiздiң арқасында адамдардың қарым-қатынасы да ұзаққа созылмайтын болды. Яғни, қыз бен жiгiт кездессе, көбiнiң тұжырымы бойынша “көпке бармайды”. Расында да, нәтижесiнде солай болып шығады. Нелiктен? Неге қыз бен жiгiт арасындағы қызығушылық тез өшедi?

Әбден қиналған көп келiндер, құрбыларына енесi туралы “Не iстесең де жақпайсың! Кереметтей келiнi болса, онымен де сыйыспайтын шығар!” – деп өкпеле­рiн айтып жатады. Келесi жағынан, шынында жағдай сондай жаман ба? Шынымен де ененiң жүрегiне жол тауып, оған жақын адамдардың бiрiне айналу қиын ба? Әрине, кейде шынында да, ене – сөзге келмейтiн, саған қарай құшағын ашып, қадам басуға тырыспайтын қиын жағдайлар болады.

Сүйел – мүйiздi қабықтармен жабылған эпидермалық түйiршiктер немесе терi қабатына шығатын қабыну. Олар адамның папилломатоздық вирусының кейбiр түрлерiнен таралады. Тары дәнiнен iрi бұршаққа дейiнгi көлемде және сары, сұр түстi болып келедi. Тiкелей қатынастан немесе әртүрлi заттар арқылы да жұғады.

Өзiмнен сәл ғана кiшiлеу ауыр сөмкемдi арқалап тағы да Жәкебайдың есiгiнiң алдында айқайлап тұрмын. Жауап жоқ. Ысқыра бастадым. Үйден Күмiс апам көрiндi. – Балам, үйге кiр! Жәкебайым ендi тұрып жатыр. Тамағын да iшкен жоқ. Апам менiң жауабымды күтпестен үйге қайта кiрiп кеттi. Күнде осылай. Тау өңiрiндегi таң қандай суық! Амалсыз апамның соңынан үйге беттеймiн. Бiздiң жақта “апа” деп әженi айтады. Күмiс апа –Жәкебайдың әжесi. Үйде екеуi ғана тұрады. Әкесi төрт жыл бұрын қайтыс болған. Анасы... Ол жайында бiзге ешкiм ештеңе айтпайды. Тiптi, бiздiң үйдегiлер де Жәкебай досымның анасы жайлы сұрағымды жауапсыз қалдырады.

Ақын Несiпбек Айтұлының “Жас Алаш” газетiнде жарияланған “Абайдың бас шәкiртi” атты танымдық мақаласы(8 қаңтар, 2015 жыл)   талай тартысты жайттарды ерiксiз еске түсiрдi. Ең басты мәселе – сөз өнерiнiң ерен жүйрiгi Әрiп Тәңiрбергенұлының айтыс түрiнде жазған “Бiржан–Сара” дастаны жайында. Аталмыш айтысты Әрiп ақынның жазғаны туралы алғашқы пiкiрдi айтушылардың бiрi – қазақ әдебиетiнiң асқан бiлгiрi Бейсенбай Кенжебаев.

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» ТӘУЕЛДIЛIКТЕН ҚАШАН АРЫЛАР ЕКЕН?
Таяуда ақын, сценарист, кинорежиссер Бақыт Қайырбеков(қазақтың үлкен ақыны Ғафу Қайырбековтiң ұлы) Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясының прези­ден­тi болып тағайындалды. Жасыратын түк те жоқ, “Қазақфильм” Шәкен Аймановтан кейiн басшыға жарыған емес. Рас, Камал Сма­йыловтың тұсында бiраз iлге­рiлеу болды (“Қыз Жiбектiң” түсiрiлген кезi де – осы кез!).

Қалижанның алдындағы қа­ңылтыр қорапқа түскен садақа бүгiн де маңдымады. Ала таңнан қол-аяғы сау жұрттан қалыспай жетер жерiне жетiп қалады да, алдына мәмпәси кәмпиттен босаған қаңылтыр қорабын қойып, арбасында отырған күйi жұмысына кiрiседi. Бұл жерден күн­делiктi өтетiндер мұны, бұл оларды әбден танып алған. Танымай қайтсiн. Осы тiрлiгiн талғажау еткенiне 15 жыл болса. Зымыраған уақыт-ай десең­шi. Сол жолы көк қағаздың буына семiрген көксоққандардың сөзiне мән бермей-ақ, жөнiне кетсе бүгiнгi тағдыры басқаша болар ма едi?.. Бiрақ

Қой жылында да елiмiзде олимпиадалық спорт түрiнен әлем чемпионаты (ересектер арасында) ұйымдастырылады. Астана қаласының төрiне төселетiн татами үстiнде төрткүл дүниенiң ең таңдаулы дзюдошылары күш сынасып, әлем бiрiншiлiгiнiң жүлдесi үшiн белдесуге түседi. Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкерi Ермек Имамбековтiң иығындағы мiндеттiң салмағы зiлбатпан. Себебi ересектер арасында өтетiн әлем чемпионаттарында қазақтың балуан баласы алтын медаль иелене алмай жүр. Өзге елде өткен чемпионаттарда жеңнен тартып, тобықтан қағушылардың болатыны айдан анық нәрсе.
СОҚҚАНЫН СҰЛАТТЫ
Бүкiләлемдiк бокс сериясының бесiншi маусымындағы бесiншi айқасын өт­кiзген “Астана арландары” Пуэрто-Рика боксшыларын айқын басымдықпен жеңдi. Қарағанды қаласындағы Серiк Сәпиев атындағы спорт кешенiнде өткен ай­қаста “арландар” пуэрторикалықтарды 5:0 нәтижесiмен ұтты. Яғни айқасқа түскен бес боксшымыз да қарсыласын баудай түсiрдi.

Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы кеше ведомстваның кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнде “Бiз Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте үшiншi орын алсақ, ұлы елге айналамыз” дедi. Ұлы елге айналу айтқанға жеңiл болғанымен, орындауға келгенде қиын ғой.