1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15992) 19 ақпан, бейсенбі 2015
Бiз бiлмей жүрiппiз, Аслан арыстан екен. Әйтпесе осы уақытқа дейiн қай шенеунiк Назарбаевтың сөзiн назарға алмай қойып едi? Ешбiрi де! Керiсiнше, президент ым қақса бiттi, басшы бiткен ләббай тақсырлап шыға келедi. Ал бас мұғалiм назарға алғанды былай қойып, үлкен кiсiнiң сөзiн терiстеп тастады. Сонда бұл не? Жас­тықтың буы ма? Әлде бұрыннан келе жатқан “қырғи-қабақ қатынастың” ушыққан түрi ме? Мiне, бiз бүгiн осы сауалдарға жауап iздеймiз. Әңгiменiң төресi “тегiн тоқаш пен айраннан” шықты. Әнеукүнгi үкiметтiң отырысында президенттiң
ОЛАР СӨЗ БОСТАНДЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚҰРМАҚ
Елiмiздегi бiрқатар тәуелсiз басылымдардың редакторлары “ADAM bol” журналына араша түсiп, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмидiң атына мәлiмдеме жасады. Олар баспасөз мәслихатында 26 ақпанда өтетiн апелляциялық сотта журнал қызмет­керлерi мен сарапшылар келтiрген дәлелдер назарға алынып, сот әдiлеттi шешiм шығарсын деген талаптарын қойды.
ЭКСПО үшiн жан пида
Қазақстан үкiметi Қашағанның операторы – NCOC компаниясынан 134 мил­лиард теңге көлемiндегi эко­логиялық шығынды былтырғы жылдан берi даулаған. Бұл iс бiрнеше сот инстанциясына дейiн жеткен. Бiрақ бiрнеше сотты әткеншекше айналып шыққан соң, Қазақстан үкiметi Солтүстiк Каспий консорциумына мил­лиард­таған шығынды кешiргенi мәлiм болды. Эко­логияға келтiрген залалдың орнына консорциум “ЭКСПО-2017” көрмесiне инвестиция салатын болыпты.
НАЗАРБАЕВҚА БАЛАМА БОЛАТЫНДАЙ ҮМIТКЕР ЖОҚ ДЕЙДI. НЕГЕ?
Биылғы жылдың басында президенттiк сайлаудың мерзiмiнен бұрын өтетiнi және оған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мiндеттi түрде қатысатыны (өзi әлi келiсiм бермесе де!) анық едi. Соңғы уақытта мұның барлық белгiлерi айқын көрiндi: “жемқорлармен күрес” күшейдi, мемлекет басшысының атына айтылатын мадақ бұрынғыдан да көбейдi,
“Президент сайлауы биыл мерзiмiнен бұрын өтедi” деген әңгiме шыққаны сол-ақ екен, Мэлс Елеусiзов сайлауға түсе­тiнiн мәлiмдеп үлгердi.     Елеу­сiз­овтiң өзiнен мәселенiң анық-қанығын сұрап, “үмiткердiң” блиц-сұхбатын қаз-қалпында жариялауды жөн көрдiк.
– Сайлауға тағы түсесiз бе?
– Түсемiз! Мұның бәрi бастан өткен зат қой.

Әдетте әкiмдер есебiнiң қалай өтетiнi былайғы жұртқа бес саусақтай белгiлi ғой. Алдымен әкiм сол жыл iшiндегi жетiстiктi жiпке тiзiп шығады. Сонан соң алдын ала “дайындал­ған” үш немесе одан да көп адам жарыссөзге шығып, жетiстiктi ары қарай жерiне жеткiзiп, оның бәрi әкiмнiң еңбегi екенiн айтып жамырай жарамсақтанады.

 
Қызылорда облысындағы аудан әкiмдерi қазiр ұйқы-күлкiнi қойды. Тiптi ел-жұртқа көрiнуге дәтi бармай, орнын босатып жатқандар бар. Өз­дерiне қойылған баға “бес” болса, бас ауырмас едi. Ше­тiнен екi алып жатыр ғой, екi.  Несiн айтасыз, бұл есеп беру науқаны әкiмдердi есеңгiретiп-ақ тастады. Облыста өзi жетi аудан әкiмi болса, жетеуiнiң де жетiсiп жүргенi жоқ-ау. Айталық, Абзал Мұхимов басқарып отырған Арал ауданы тұрғындары бүй дейдi:
Жетiбай ақсақалдың өмiрден озғанын Ақтауға бара жатып естiдiм. Ақсақалдың iнiсi Өтемiс ағамыз хабар бердi. Төбемнен бiреу мұздай су құйып жiбер­гендей шымырлап кеттi. “Не дейсiң? Жаңа ғана сөйлесiп едiм ғой” дей берiппiн... Жетiбай Жылқышыұлы кiм едi? Ол – өмiрдiң талай тар жол, тайғақ кешуiнен өткен дана қария едi. Маңғыстау елiнiң 500 жылдық тарихын, шежiресiн, өнерiн зертеген жинақтаушы ғалым едi.
Бiлiм және ғылым министрi А.Сәрiнжiповтiң назарына!
Елiмiз тәуелсiздiк алған 23 жылдан аса уақыт iшiнде бiлiм саласында неше мәрте реформа жасалғанын, шамасы, министрдiң өзi айта алмаса керек. Министр ауысқан сайын – бiр реформа. Бiрақ сол реформалардан шығып жатқан нәтиженi көре алмай тағы дағдарамыз. Бұл жерде “көрмес түйенi де көрмес” дегеннiң керi емес, расымен-ақ бiлiм саласындағы былық-шылық қашанда ауыздан түспейтiн әңгiме болып алған жоқ па?!

Жасы жүзге жеткен адамда арман бар ма екен дейсiң, ұзақ жасағандарға сүйсiнiспен қарап. Шамсутдин Исмаилов ақсақал таяу күндерде сол белестен асты. Өз атына да, ата-баба атына да ешбiр кiр келтiрместен, абыройын сақтап өмiр сүрген, құрметке бөленген қарияның көрмеген қиындығы аз емес. Шаттыққа бөленген бақытты сәттерi де жетерлiк. Тұтас бiр тарих. Жеке адамның елмен, жермен, қо­ғаммен, заманмен бiте қабысқан тағдыры.

Ата-бабамыз “Бала – адамның бауыр етi, қолқа жүрегi” деген екен. Сол рас. Бала үшiн отқа да, суға да түсесiң. Бiрақ... Мен де көптеген аналар секiлдi тұңғыш баламның дүниеге келуiн сағына күттiм. Ұлымыз 2011 жылдың 2 мамырында туылды. Босану кезiнде болған қиындықтар салдарынан ұлымызға перзентханада “ауыр дәре­желi асфекция, бас миының ишемиясы, миға қан құйылу, қарынша iшiне қан құйылу, бас миының iсiнуi, тырысу синдромы, бастың терi iшiлiк гематомасы (Асфекция тяжелой степени, ишемия головного мозга, нетравматическое кровоизлияние ЦНС в мозг ВЖК? Отек головного мозга, судорожный синдром гематома в/ч головы) деген диагноз қойылды.

Латын Америкасының шетсiз-шексiз сериалдарынан құтыл­ғандай болып едiк, ендi үндi фильмдерiнен аяқ алып жүре алмайтын болдық. Жақында ғана 12 жасар қызым маңдайына қара дақ салып, бiр бөлмеде тұрған мүсiнге табынып тұрғанын өз көзiммен көрiп, қатты ызаландым. “Үндi фильмдерiн қарауды қойыңдар, ана Әлия қызымның тас мүсiнге табынғанын өз көзiммен көрдiм” деп әйелiме айтқан едiм, қып-қызыл бәлеге қалдым. Ұрыс

Менiң нағашы атам Досыбаев Ырсалы 1925 жылы Шаян (қазiргi Бәйдiбек) ауданында Тұрмыс колхозында дүниеге келген. Әжемнiң айтуынша, 1943 жылы наурыз айында 18 жасқа ендi толған атам майданға өзi сұранып кеткен. Содан Ташкенттегi әскери командирлер дайындайтын училищеде оқып, лейтенант шенiн алып, соғыста алғы шепте соғысқан. Нағашымның анасы, менiң әжем Бөбежан ұлының хабарсыз кеткенiн айтып отыратын.

Қазақстан Мұсылмандар дiни басқармасының назарына
Орта жастан асқаннан соң ба, кейiнгi кезде дiнге көбi­рек назар аударатын болып жүрмiн. Осы өмiрiмде қуаныш та, қызық та мол болды. Қуа­нышты жағдайлар бiрiнен соң бiрi ұмытылады ғой, ал ажал (оның iшiнде өзiңе жақын адамның) деген есте қалатын жағдай екен. Менiң анам 67 жасында дүниеден өттi. Жаназасы берiлдi, дұғасы оқылды, бақилық бесiгiне берiлдi. Бұл кез кеңес өкiметiнiң дүрiлдеп тұрған уақыты едi.
Жуырда туған жерiм – Жаңа­арқаға, ондағы жаны жайсаң ағайын-туыс, бауырлармның ортасында қонақ болып, бiр оқиғаға ерекше қуанып қайттым. Бiздiң әулетiмiзге алыстан туыс­қан болып келетiн екi жiгiт жаста­йынан жетiм қалған едi. Өз әл­дерiнше тырбанып еңбек еткенi­мен, үйленуге қысқа жiптiң күрмеуiн келтiре алмай жүрген жастардың жағдайын көрген
Айтатұғын тұра сап Биссимиллам – Көшi-қон,
Күн тәртiптен кейiнге ысырылған – Көшi-қон.
Кездескенде беретiн “Ассалауым” – Көшi-қон,
Кiтап жазсам, бастайтын бас тарауым – Көшi-қон.
Есендесiп сұрайтын амандығым – Көшi-қон,
Мұнда келiп үйренген мамандығым – Көшi-қон.
ПАБЛО НЕРУДАНЫ У БЕРIП ӨЛТIРГЕН БЕ?
Чилиде әйгiлi ақын Пабло Неруданың өлiмiнiң сырын қайта анықтау қолға алынды. “П.Нерудаға А.Пино­четтiң жасырын агенттерi у берiп өлтiрдi” деген күдiктi анықтау үшiн П.Неруданың сүйегiне тексеру жүр­гiзiлмек. Бұл жөнiнде Чилидiң Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлi Родриго Льедо мәлiмдедi.
“Қыран құс не алмайды салса баптап”. Иә, қазақтың қанына сiңген осынау қасиеттi өнер атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды қазынамыз. Елдiктiң белгiсi саналған қыран құстың болмысы көк байрағымызда бейнеленуi де бекер емес. Бұл – көк бөрiнiң ұрпағына теңелген ұлтымыздың еркiндiгi, Тәуелсiздiгiмiздiң тұғыры. Бұрынғылар қыран бүркiттi ерекше құрметтеп, қаққан қанатының әр қауырсынында қасиет бар деп сенген.

Алматы қаласы 2022 жылы өтетiн қысқы Олимпиада ойын­дарын қабылдауы мүмкiн бе? Өлермендене ұмтылып, ақ Олимпиаданы өткiзуге өгiз қара күшiн салушылар алақандарын ысқылап жүр. Себебi ХОК-тiң (Халықаралық олимпиадалық комитет) бағалау комиссиясы Алматыға келiп, төрт күн бойы оңтүстiк астанамыздың спорттық нысандарын аралап көрiп, жоғары бағасын берiп кеттi. 

ТЕҢ ТҮСIП ТОҚТАДЫ
Сейсенбiден сәрсенбiге ауған түнi футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 8/1 финалының алғашқы ойыны өттi. Парижде ПСЖ лондондық “Челсидi” шiдерлей алған жоқ. Есептi қонақтар ашып, 36-минутта Бранислав Иванович қанжығасын майласа, 54-минутта Эвдинсон Кавани таразы басын теңестiрiп, әрiптестерiн жеңiлiстен құтқарды. Қарымта ойын 11 наурызда Лондонда болмақ.
КӨРЕР ЖАРЫҒЫ БАР ЕКЕН...
Жаңазеландиялық әйелдiң көрер жарығы бар екен, бiр ажалдан аман қалды. Екi полицей дәл сол сәтте көмек бер­мегенде, 63 жастағы әйел­дiң суға кететiнi анық едi. Уэйтмат портына жақындап қалған әйел өзiнiң “BMW” көлiгiне ие бола алмай, суға күмп етiп түсiп кетедi. Суға батып бара жатқан көлiктiң есiгiн әлгi әйел аша алмайды. Оқиға болған жерге тез арада жеткен екi