1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15993) 24 ақпан, сейсенбі 2015
Соңғы он шақты күн көлемiнде Қазақстанның әр аймағында екпеден зардап шеккендер саны артты. Екпе туралы ең бiрiншi ақпар Қарағанды облысы, Темiртау қаласынан тарады. Оның артын ала Жаңаөзенде ондаған оқушының жан сақтау бөлiмi­нен бiр-ақ шыққаны хабарланды. Ал Жамбыл облысындағы жағдай мен дәрiгер­лер­дiң мәселеге байланысты берген түсiнiгi тiптi жаға ұстатады. Үндiстаннан әкелiнген қызылшаға қарсы екпенiң құрамы барлық талапқа сай деп безек қаққан тұтынушылар құқығын қорғау департаментiндегiлер дәрiден кiнәрат iздеуге құлықсыз секiлдi. Өткен жылы екпенiң дәл осы түрi жер бетiндегi 200 миллионнан астам адамға салыныпты.

Тасмағамбетов Қорғаныс министрлiгi­нiң тiзгiнiн ұстағанда “бұл дұрыс шешiм, Иманғали ел шебiн күзету iсiнде ешкiмге ырық бер­мейдi, тiптi Кремльдiң нұсқауына да көнбейдi” деп тон пiшкендер аз болмаған. Бiрақ соңғы жағдайлардың толқыны “ТАС”-ыңды да тас құрлы көрмей, дөң­гелетiп әкетiп барады. Мәселен, күнi кеше Сарышаған полигонының Ресейге жалға беру ақысы төмен­дедi. Не үшiн? Қандай себептен? Бұл туралы еш дерек жоқ.

«ЖАС АЛАШ» АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ АМАНАТТАРЫН ОРЫНДАУ ЖОЛЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДI
 Таяуда Абай.kz ақпараттық порталы “Жас Алаштың” бас редакторы Р.Сәрсенбайұлымен оқырман конференциясын өткiздi. Сұрақтар мен жауаптар газетке, қоғамға қатысты өрбiдi. Кейбiр мәселелердiң өз оқырмандарымызбен кездесулерде, жазған хаттарында да көтерiлгендiгiн ескерiп, ақпараттық порталдағы әңгiменi жария еткендi жөн көрдiк (әрiптестерiмiздiң келiсiмi бойынша).
ЖОЛАМАНОВТЫҢ ЖОМАРТ БАУЫРЛАРЫ КҮДIКТI СЕЙIЛТКЕНДЕЙ КӨРIНДI
ҰҚК Шекара қызметiнiң бұрынғы директоры Нұрлан Жоламанов тергеу кезiнде өзiне қысым жасал­ғанын мәлiмдегенiмен, олардың кiм екенiн ашып айтқан жоқ. Астарлап меңзедi де қойды. ҰҚК-ге қарайтын Шекара қызметiнiң басшысына қысым жасау қатардағы көп генералдың қолынан келмейтiнi белгiлi. Ендеше, ол “құдiреттi күштiң” иесi кiм болды екен, ә?
Жылдағы дағды бойынша, жер-жерде әкiмқаралардың дәстүрлi есеп беру жиналыстары өтiп жатыр. Бұл шаруаны аудан әкiмдерi тә­мәмдап болып, ендi әр облыстың әкiмi халықтың алдында есеп беруге шықты. Ақпанның 18-i күнi Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаев та дәл осындай мәселемен халықты жинап, кездесу өткiздi.
БIРАҚ ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫНА ЖӘБIРЛЕНУШI ЖАҚТЫҢ КӨҢIЛI ТОЛМАЙ ОТЫР
Күнi кеше, яғни 23 ақпанда түс ауа Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында бүкiл елдi шулатқан қанды оқиға бойынша қозғалған қылмыстық iстi тергеушi­лер жедел аяқтап, сотқа өткiзгелi жатыр деген ақпарат алдық. Мұны марқұм Бақытжан Артықовтың әкесi, жалғыз ұлдан айырылған Дүй­сенқұл да растады. Бiзбен телефон арқылы сөйлескен ол тергеу амалдарының шынайы жүргiзiлгенiне күмәнданатынын бiлдiрдi. “Қылмыстық iс бойынша Нау­мидин Нарметов қана айыпталып отыр. Қанды оқиғаны оның жалғыз өзi iстедi деген қисынға келмейдi” дедi ол.

Әкiмдi өсiретiн де, өшiретiн де – халық. Елдiң ыстық ықыласына көсiле сөйлеп, өсiре ақпар беретiн әкiм емес, бетегеден биiк, жусаннан аласа басшы ғана бөленедi. Халық мүддесiне жұмсалған қаржы мен қажыр-қайраттың еселеп қайтарымы болары анық. Бұл ретте, тағайындалғанына бiр жыл екi айдан асқан Әулиеатаның әкiмi Кәрiм Көкiрекбаев осы уақыт аралығында не тындырды?

Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаевтың Сыр елiне басшылыққа келгелi 2 жыл болды. Осы уақыт аралығында облыста бiршама жұмыстар атқарылды. Оған облыс тұрғындары куә, “Басталған жұмыстар аяқсыз қалмаса, 2-3 жылда Көшер­баев еңбегiнiң нәтижесiн анық сезiне бастаймыз” дейдi тұрғындар. Өткен аптада Қырымбек Елеу­ұлы халық алдында есеп бердi.
2012 ЖЫЛЫ ҚАРҒА ЖАЗЫЛҒАН СОНЕТ
Көктем кешiктi Көңiл жабырқау. Көктайғақ
Көше талдары көкке қол жайған көп бейбақ
Көп керек емес Алматыға да, маған да
Сәл ғана мейiрiм, аз ғана шуақ жетпейдi-ақ.
Шаршаңқы көңiл, шашыраған ой тарыдай,
Өтер ме екенбiз жылылыққа бiр жарымай.
Қадекең кеттi, Тұмағаң кеттi өткен жыл,
Түсiм болса екен осының бәрi, а, құдай.

Таиландтың астанасы Бангкокта ай сайын пiлдермен байланысты жиырмадай көлiк апаты болады. Себебi көшеге 1600-дей алып пiл шығады екен. Айтпақшы, пiлдер кәрiлiк пен аурудан емес, олар тiсiнiң жоқтығынан өледi. Тiсi түсiп қалса, ол тамақты шайнай алмайды, асқазанында дұрыс қорытылмайды. Мiне, осының кесiрiнен пiлдер көп өледi. Және ол аталастарына 32 шақырым жерден сәлем жолдай алады. Бұл дабылды тiптi 150 шақырым жердегi пiлдер де естидi. Сәлемдi олар аяқтарымен жер тебу арқылы бередi.

ӘДIЛҒАЗЫ АҚЫННЫҢ 10 ТОМДЫҒЫ
Алматыдағы ҚР Ұлттық кiтапханасының көрмелер залында дарынды ақын, белгiлi әдебиеттанушы, ҚР Мәдениет қайраткерi, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсiреповтiң мемлекеттiк әдеби-мемориалдық музей кешенiнiң директоры Әдiлғазы Қайырбековтiң 10 томдық шығармалар жинағының тұсаукесерi өттi.

Көгiлдiр экраннан көрсе­тiлетiн кез келген спорттық са­йысты тамашалап отырып, қазақша жүргiзетiн комментаторлардың сөйлеу мәдениетiнiң тө­мендiгiне, шынын айтқанда, ұялып солар үшiн қызарамыз. “Апыр-ау, халықаралық деген дәрежесi бар айтулы жарыстарды жүргiзуге жөнi түзу бiр комментатор табылмады ма” деп ойлайсың ерiксiз. Бұл жөнiнде қазақтiлдi ақпарат құралдарында үнемi жазылып та жүр.

БӘЙГЕ БҰЙЫРМАДЫ
Венгрияның Егер қаласында көру қабiлетi төмен спортшылар арасында дзюдодан әлем кубогы өттi. Өкiнiшке қарай, елiмiзден барған балуандарымыз жүлдеге қол жеткiзе алмады. Қазақстан дзюдо құрама командасының (көру қабiлетi төмендер) аға жаттықтырушысы Нұржан Сейiтханов пен оралдық тәжiрибелi бапкер Бердiғали Төлегеновтiң айтуынша, балуандардың бабы жоғары едi. Бұл Әлем кубогы – лицензиялық жарыс.
Талдықорғанда күрес түрлерiнен VI жазғы спартакиада аясында өткен ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Ел чемпионатының ақырғы күн­дерi кiлемге грек-рим күре­сiнiң балуандары шықты. 59 келi салмақ дәрежесiн­де Мейрамбек Айнағұлов өзiнiң салмағында саңлақ екенiн тағы бiр дәлелдеп бердi. Былтыр да жеңiл салмақта жеңiмпаз атанған Айнағұловты бұл жолы да ешкiм жеңе алған жоқ.