1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15997) 11 наурыз, сәрсенбі 2015
“НЕМЦОВҚА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚТЫҢ ҚҰПИЯСЫ БҮГIН-ЕРТЕҢ АШЫЛМАЙДЫ”
“Борис Немцовқа қастандық жасады” деген күдiкпен наурыздың 6-сы күнi Ингушетияда Заур Дадаев тұтқындалды. Тағы бiр күдiктi Беслан Шиванов 7 наурызда өзiн-өзi гранатамен жарып жiберiптi. Екi күннен соң Мәскеудiң Басман соты З.Дадаевты және тағы төрт адамды – Шагит пен Анзор Губашев, Рамзат Бахаев, Темiрлан Ескерхановты тұтқындауға қаулы шығарды. Дадаевтан өзгелерi “бұл қылмысқа қатысымыз жоқ” дейдi. Тергеу органының хабарлауынша, Дадаев қылмыс жасағанын мойындаған. Қылмысты қалай ұйымдастырғаны, саясаткердi қалай атқаны белгiсiз.
Бүгiнде соғыс шарпыған оңтүстiк шығыс аймағы бас қайғыға айналған Украина бiр жыл бұрынғы Қырым аннексиясын тек ауызға алумен шектеледi. Ендi ше, азаматтық соғыс өршiп тұрғанда Қырымды қайтару тұрмақ, Донбастан айырылып қалмау мұңға айналса. Қырым аннексиясының бiр жылдығы қарсаңында Ресейдiң федералды “Россия 1” арнасынан көрсетiлетiн деректi фильмде Владимир Путин бұл операцияның анық-қанығын ашады

Қазақ басшысының “Көктем шуағы” атты қыз-келiншектермен кездесуi жыл сайын қызықты өтедi. Қызықты болатыны, көңiлдi көтерiп, миыққа күлкi үйiретiн сәттер жылжып жыл өтсе де жадыңнан өш­пейдi, есiңнен кет­пейдi. Әнеу жылы бiр сұлу “Нұреке, сiзден тамаша энергетика төгiлiп тұрады” деп едi, қызықтың шоғына шырпы тастап. “Рас па, сезiлiп тұр ма?” деп Нұрекең де елп ете түскен. “Энергетикадан жұрдай” елге бұдан артық қандай қызық керек?

Рахат Әлиев Вена түрмесiнде белгiсiз жағдайда өлген соң оның бiр кездегi жауларының өзi Әлиевтiң әрекетiн ақтап алуға тырысып жүр. Кеше – Мұхтар Әблязов, бүгiн – Болат Атабаев... Мұны қалай түсiнуге болады? “Өлген адам туралы не тек жақсы нәрсе айту керек, не ештеңе айтпау керек” деген тәмсiл ме? Әлде мұның бәрi саясат үшiн бе? Жақында Мұхтар Әблязов Фейсбуктегi парақ­шасында Р.Әлиевтiң өлiмiне қатысты өз болжамын жазды.
Әлемдiк нарықтағы мұнай бағасының күн санап арзандауы басқа да тауар бағаларына әсер етуде. Алайда бұл жағдай Қазақстанда байқалар емес. Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң бағасы күрт төмендегенiмен, елiмiздегi азық-түлiк, киiм-кешек, тұр­мыстық қажеттi тауар бағасы арзандамады. Мәселен, бiрер жыл бұ­рын бензин, жағармай бағасының шарықтауына байланысты көтерiлген жол жүру билеттерiнiң құны бүгiнге дейiн өзгерiссiз тұр.
Ашығын айтса аузы қисайып қалатындай, “оңтайландыру” дегендi ойлап тапқан “Қазақмыстың” басшылығы тағы қысқартуға кiрiстi. Компанияның баспасөз қызметi таратқан ақпараттың астарына үңiлсек, бұл жолы екi мыңдай адам жылы орнын суытатын түрi бар. Сондағы сылтауы – нарықтағы мыс құнының күрт құлдырауынан қалыптасқан күрделi қаржылық жағдай. Соның салдарынан тиiмсiз деп табылған бiрқатар кәсiпорын
Темiрхан Медетбек –70
Алаш зиялылары “Ұлт бақытсыз болса – мен де бақытсызбын, ұлт бақытты болса – мен де бақыттымын!” деп санаған емес пе, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтар өздерiн ұлтпен етене, бiртұтас, бiр денедей сезiн­ген. Ұлт өрге шықса – бұлар да өрге шығатынын, ұлт көр­ге түссе – бұлар да көрге тү­­сетiнiн бүкiл болмыс-бiтi­мiмен түйсiнген. Сондықтан да олар ұлттың мүддесi­не асқан жауапкершiлiкпен, ерекше зейiнмен, айрықша ынтамен қараған.
(хұснихат)
“Жас Алаш” газетiне тебiренiп, темiрханшалап, талдап жазған “Мархабат мақамдары” деген дүниеңдi оқыдым. Бiраз уақыт өтiп те кетiптi ғой. Рақмет, бауырым. Ықыласыңа. Нысай-ниетiңе. Қайбiр жылы “Аға-дос­қа арзу хат” деген хатым жариялан­ған. Есiңде шығар. Дара драматург, жауһар жазушы, екеумiздiң аға-досымыз Дулат Исабековке арналған-тұғын. Сол хатымда шет-жағасын айтып ем. Бiз қырық екiншi жылғылар сияқты
“КӨКТЕМДI ҚОНДЫРЫП ҚАНАТЫНА...”
13 наурыз күнi сағат 16.00–де Қазақстан Жазушылар одағының “Әдебиетшi­лер үйiнде” (Абылай хан даңғылы, 105) Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекет­тiк сыйлықтың лауреаты, Бүкiл Түркi дүниесi ақындарының Физули атындағы сыйлығының иегерi, көрнектi ақын Тұманбай Мол­даға­лиевтiң рухына арнал­ған “Көктемдi қондырып қанатына...” атты ән-жыр кешi өте­дi.

Елiмiздiң атқарушы билiк өкiлдерi тәрiздi, облыс әкiмi Архимед Мұхамбетов те жыл сайын жұрт алдындағы есебiн ылғи Кедендiк одақтың кереметтерi мен Қазақстан-Ресей арасындағы тауар айналымының сандарын санамалаудан бастайтын болса, биылғы жылғы есебiнде орыспен одақ жайында бiрде-бiр сөз айтылмады.

ОЛАР ҮШIН ЗАҢНЫҢ ҚҰНЫ КӨК ТИЫН БА?
1997 жылы Торғай облысы екiншi мәрте жабылғанда облыс­тық әкiмдiкте шаруашылық бас­қармасын (ХОЗУ) басқарып жүрген едiм. 1998 жылы Астана қаласына қоныс аударуыма тура келдi. Оған себеп – қала әкiмiнiң орынбасары Роза Жақыпованың жарық күнде соңыма шам алып түсуi. Қайта-қай­та тексеру жiбергенiмен, еш­қандай заңбұзушылық таба алмады. Жүйкем әбден жұқарғасын Р.Жақыпованың алдына барып:
Қазақ о баста мақтаншақ адамдарды мазаққа айналдырған. Сыпайы түрде жек көрген. Ұлы Абай мақтаншақтықты адам баласының бес дұшпанының бiрiне балаған. Махмұд Қашқари: “Мақтаншақ өз дамбалын бүлдiредi” десе, “Мақтаған тiлге – мың бәле” деген ұлы бабамыз Баласағұн. “Өзiн-өзi мақтаған өлiмнiң аз-ақ алды” дейдi қазақ мақалы.
Бiр адам мақтанса, күлемiз де қоя­мыз. Жүз адам мақтанса – жылағымыз келедi. Мың адам, миллион тiптi бүкiл ел, мемлекет мақтанса ше? Бұл нағыз трагикомедия ғой
Шыңғырып шынымды айтайын, iшiмдiк атаулыны жек көремiн. Ал бүгiн кешке “за күйiк” iштiм. Ауылда жұмыс жоқ, қатын, бала-шағамды қалай асырап жүргенiмдi бiлмеймiн. Е, әйелiм менi асырап жүр­­ген екен ғой. Жарайды, мен не үшiн “за күйiк” iштiм? Жағымпаз ауыл әкiмi “Президент сайлауында бi­рiншi дауыс бергенге сыйлығымыз бар, “Отау ТВ” тарелкасы берiледi” деген. Таң атпай, ескi клуб­тың алдына келiп есi­нен тұрсам да, ағайыны Адыраспанға бере салды.

Қымбат киiмдер сататын атақты дүкенге кiрiп барғанымда, сатушылар таңырқай қарады. Мен оларға таңырқай қарадым. Үстiмдегi киiмдерiм де “ұялып”, төмен сыпырылып түсiп қалып, тыржалаңаш келгендеймiн. Әуелi көстiм-шалбар мен су жаңа көйлек, соңғы сәндегi шляпаны киiп шығып, айна алдында маңғазданып тұрдым.

Туу-у, бүгiн кешке сыныптастарымның бешiрi ғой! Қалай барам мен? Аяғымда туфлиiм де жоқ, көйлегiм де ескiрген, үрлесең, жыртылып кетедi. “Ойбай-и...” деп осы үйдiң отымен кiрiп, “көңiлiм күлдей...” деп күлiмен шығамын. Нан да жабамын, айран ашытамын, есiк алдын сыпырамын, кiшкентай iнiмнiң мұрны астындағы “ләмпечкесiн” сүртемiн, тамақ пiсiремiн, ыдыс-аяқтарды жуамын. Анам байғұс базарда таң азаннан қара кешке дейiн пiсте сатады.

Ана елдi жау дедiң,
Мына елдi жау дедiң,
Қанқұмарлар бiздi де
Қалдырмайды сау дедiң.
Үрейге толы сөзiңмен
“Бақсыға барсаң бақтыр дейдi,
Тәуiпке барсаң қақтыр дейдi”,–
Деген сөз тегiн бе,
Не болмайды өмiрде?!
Бақтыр дегенi – қойыңды сойып,
Венгрияда грек-рим күре­сiнен өткен халықаралық турнир мәресiне жеттi. 59 келi салмақта белдескен Алмат Кебiсбаев беларусь балуаны Сослан Дауровты ұтып, екiншi айналымда командаласы Мейiрбек Дө­ненбековтi (бапкерлер бұл турнирге әр салмақта бiрнеше бал­уан апарған-ды) ұтты. Сосын жапон Киничиро Фумитоны жығып, жартылай финалға жеткенде америкалық Манго Спенсерге есе жiбердi. Ал қола жүлдеге таласта румын балуаны Мичайрад Михутты тiзерлеттi. 71 келiде белдескен Нұржан Нәдiров те Венгриядан қола жүлдемен оралды. Әлем чемпионатының күмiс, қола жүлдегерi, Алмат Кебiс­баев былтыр Инчхонда өткен жаз­ғы Азия ойындарында жақ сүйегi сынып, жарақат алған-ды. Дәрiгерлер кемiнде алты ай белдесуге шығуға болмайды деге­нiне қарамастан,
БЫЛТЫР – АЛТЫН, БИЫЛ – ҚОЛА
Еркiн және әйелдер күресiнiң балуандары Беларустiң бас қаласында өткен “Александр Медведь” гран-принде 1 күмiс, 5 қола жүлденi ғана қанағат тұтты. Руслан Өмiрәлиев баптайтын еркiн күрес құрамасы сапынан гран-приге 37 балуан қатысқан-ды. Әлемнiң 26 елiнен балуандар қатысқан додада жiгiттерiмiздiң жоғары жетiстiгi жартылай финалға жету ғана болды.
ШАРАП IШЕТIНДIГI ҮШIН БАЛАСЫН БАСҚА ОТБАСЫНА БЕРДI
Любовь Власова – Хельсинкиге Ресейден келген эмигрант. Өзi балалар бақшасында тәрбиешi болып жұмыс iстейдi. Фин тiлiн жақсы меңгерген. Балабақшаның әкiмшiлiгi де, ата-аналар да тәрбиешiге осы уақытқа дейiн еш ренiш бiлдiрген емес. Алайда құқық қорғау органы Л.Власованы шарап iшетiндiгi үшiн оның баласы Романды финдық бiр отбасына тәрбиелеуге бердi. Власованың финдық азаматтығы жоқ.