1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15998) 13 наурыз, жұма 2015
Астанаға сапардың кейiнге қалуы осындай ойға жетелейдi
Reuters және бiрқатар ре­сейлiк БАҚ Путиннiң науқастанып қалғаны жөнiндегi ақпарат жариялады. Наурыздың 13-iн­де Астанада жоспарланған Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекет басшылары кезде­суiнiң кейiнге қалдырылуы да Путиннiң денсаулығы жөнiндегi тақырыпқа азық болды. Reuters агенттiгi Қазақстан үкi­метiндегi құпия ақпарат көзiне сiлтеме жасап, Еуразиялық одақ басшыларының кездесуiнiң кейiнге шегерiлуi Путиннiң науқасымен байланысты екенiн хабарлады.
Кезектен тыс президент сайлауына үмiткер ұсынудан бұл екi партия бас тартты. Билiкшiл “Ақ жол” нұротандық Н.Назарбаевқа қолдау бiлдiретiнiн мәлiмдедi. Жұртшылық бұл партиядан алабөтен әрекет күткен жоқ едi. Сол үдеден шықты. Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының саяси кеңесi президент сайлауына қатысудың мәнi жоқ екенiн түсiнiптi. Президенттiкке үмiт­кер ретiнде бұрынғы сайлауда додаға түскен ЖСДП басшысы Ж.Тұяқбайды бұл жолы “қатысады, қатыспайды” деп бал ашқандар бола қойған жоқ.
“Нұр Отан” партиясының XVI съезiнде президент Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесiне және құқық қорғау саласына қатысты бiраз нәрсе айтты. Алдымен соттың мәртебесi жөнiнде. Судьялардың сауатсыздығы, бiлiксiздiгi, жемқорлығы, парақорлығы туралы айтыла-айтыла мәнi де, сәнi де кеттi. Айтылуын айтылғанымен, орындалмаса, сот жүйесiнiң көшi түзелмесе, мәнi кетпегенде қайтушi едi. “Судьялардың бiлiктiлiгiне қатысты талапты күшейтпей болмайды. Судьялар корпусындағы орыннан үмiткер кандидат полицияда немесе нотариуста емес, кем дегенде бес жыл сот жүйесiнде жұмыс iстеуi керек.
СЪЕЗДЕГI СӨЗДЕРДIҢ СЫҚПЫТЫ ӘРТҮРЛI ОЙЛАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДI
Ел басшысын үкiлеп, қайтадан додаға қосқысы келгендер “шалқалаған шалыңды” ақыры “көндiрiп” тынды. Бұған дейiн орайы келiп тұрса да, ойындағысын айтпай қойған Назарбаев «Нұр Отанның» XVI съезiнде сыр бердi. Бiрақ бұл жаңалық па? Жоқ, жаңалық емес. Ертең “көптiң қолқалауымен” әрең илiккен кiсi бәйгеден жал­ғыз қара болып дара келедi. Бұрын да сөйткен, ертең де сөйтедi. Ең қызығы, мұны жұрттың бәрi бiледi. Ендеше ел-жұрт сезiп-бiлiп отырған дүниенi қойылымға айналдырудың не қажетi бар едi?

Президент сайлауына түсуге ынталы үмiткерлердiң көпшiлiгi өте алмайтын қазақ тiлi сынағын жария түрде ұйымдастырылмайды деп сынаушылар оны “саяси құралға” теңейдi. Тiл комиссиясы мұндай сынға жауап бермейдi. Биыл сәуiрдiң 26-сында өтетiн Қазақстан президентiн ерте сайлау науқаны орталық сайлау комиссиясы жанындағы лингвистикалық комиссияның сынақтарынан басталды.

Президенттiкке үмiткерлердiң бас-аяғы “бүтiнделiп” қалған секiлдi. Ендi бiрен-саран кандидат қосылмаса, санаулы адам сайлауға түскелi тұр. Бiрақ олардың Назарбаевтан басқасы жалпақ жұрт үшiн танымал емес. Қазақ қоғамына етене таныс екiншi адам құжатын жаңа тапсырды. Ол – Амантай қажы деген кiсi. Сайлау сайын аттандап шығатын қажының “еңбегiн” ескерiп, телефон шалдық, алдағы сайлаудың сықпытынан оқырман сыр аңдасын деп.

Қазақстанда капиталды заңдастырудың кезектi науқаны жүрiп жатқаны белгiлi. Сәрсенбi күнi “Нұр Отан” партиясының съезiн­де президент Нұрсұлтан Назарбаев кәсiпкерлердi капиталды заңдастыру науқанына белсендi түрде қатысуға шақырды. “Шетелде ештеңенi жасыра алмайтыныңды, бәрiн анықтауға болатынын өздерiңiз де байқап отырсыздар. Жақында HSBC банкi ақшасын осында сақтайтын 100 мың адамның тiзiмiн жариялады.
ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың назарына!
“Қазiр бiрдеңе сатып алуға қорқатын болдық, өзiмдiкi дегенiң өзгенiкi боп шыға келуi әбден мүмкiн”. “Жас Алаш” газетiнiң тiлшiлер қосынына жерiн даулап келген Гүлшат Әкiмова сөзiн осылай бастады. Әдiлдiк iздеген жанның жанайқайын тыңдадық, құжаттарын қарадық. 2011 жылдың 25 қазанында Гүлшат Әкiмова Қызылорда қаласы, Оралхан Бөкеев №16 мекен-жайы бойынша берiлген жер телi­мiн В.Рахимов деген азаматтан 1 миллион теңгеге сатып алады.

Тағы да сайлау, тағы да сол адамды президент етiп сайлау. Менi мазалайтыны – үкiмет бүкiл бюджеттi миллиардтап кесiп үнемдеп жатқанда, Ресей ақшасының құнсыздануына байланысты Қазақстанның теңгесi орыстың жыртығын жамап жатқан қиын заманда қыруар ақша кететiн“сайлау” спектаклi кiмге керек? “Мәңгiлiк президент” мәртебесiн алған Н.Ә.Назарбаевтың беделiне, оның 99% дауыспен қайта сайланатынына әлде бiреулердiң күмәнi бар ма?

Ақсақалдар алқасының төрағасы Өмiрзақ Оспанов он сегiз замандасы қол қойған арызды Жезқаз­ғандағы тiлшiлер қосынына әкелiп тапсырды. Арыз “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Б.Байбектiң, ҚР Парламентiнiң Мәжiлiс төрағасы Қ.Жақыповтың, Қарағанды облысының әкiмi Н.Әбдiбеков­тiң атына жазылған екен. Соны ықшамдап оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдiк.

Бұл – “ұлы кобзарь” атанған Украинаның ұлы ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың өлеңi. Ол XVIII ғасырда патша үкiметiнiң қудалауына ұшырап қазақ жерiне жер аударылады. Осында айдауда жүрiп елiн, жұртын сағынғанда айтқаны екен. Бiз бұл өлеңдi бала кезiмiзде мектепте оқып жүргенде жаттап өстiк. Кейiннен орыс жазушысы атанған Н.В. Гогольдiң “Тарас Бульба” пове­сiнен украиндардың поляктардан елiн қорғап соғысқан
Қазақшалануы керек елдiмекендер Қазақ елiнде өте көп. Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын “Шарын ауданы деп өзгертсе болады” деп баспасөз беттерiнде талай рет жазылды. Бiрақ әлi өзгерер емес... Ақмола облысы Целиноград ауданын Сағадат Нұрмағанбеттiң атына берсек, жарасып-ақ кетер едi. Степнякқа – Әлихан Бөкейханның, Державинскiге – Мiржақып Дулатовтың, Степногорскiге Жүсiпбек Аймауыттың есiмдерi берiлсе, Алаш алыптарының аттары ас­қақтар едi-ау.
Жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетiне қарасты қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Шығыс мәдениетi фестивалi өттi. Фестивальдiң басты мақсаты – студенттердi Шығыс мә­дениетiмен таныстыру және оларды ұлтаралық һәм мәдениетаралық қарым-қатынас процесi­не белсендi араласуына сеп болу. Фестивальда Шығыс халықтарының әндерi мен билерiнiң, ұлттық киiмдерi мен ұлттық тағамдарының көрмесi ұйымдастырылды.

Ернiмдi кезертiп кезегiм екiншi күнi түс қайта жеттi. Ай бойы зарыға күткен зейнетақымды “шытырлатып” санап, он мыңдықты оң қалтама, майда-шүйдесiн сол қалтама сүңгiтiп, “шiрене” басып далаға шықтым. “Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда” демекшi, жолымнан қиыстау болса да базар­ға бұрылдым. Сауданы алдымен кемпiрiм қағазға түртiп берген тапсырыстарынан бастауды құп көрiп, көк-сөк сатып тұрған қазақ келiншекке:

Тұрсын Төреханұлы соғыс басталғанға дейiн Созақ даласындағы оқу-ағарту жұмысын жандандырумен қатар, халықтың әлеуметтiк жағдайына араласып, кедей-кепшiк, жетiм-жесiрге қолұшын берудi азаматтық парызым деп түсiне бiлген азамат едi. 1932 жылы Тұрсын арнайы жолдамамен Қостанай қаласындағы мұғалiмдердi қайта даярлайтын курсты оқып келiп, өзi түлеп ұшқан Ленин атындағы мектептiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнен дәрiс бередi.

Бiздiң кiшкентай ғана Арқат ауылынан алты батыр шыққан. Солардың бiрi – Баян Байғожина. Ол кiсi 1923 жылы Арқат ауылында (бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы) дүниеге келген. 1942 жылы өз еркiмен соғысқа аттанып, соғыстың аяқталуына 12 күн қалғанда Гинденбург қаласы үшiн шайқаста ерлiкпен қаза тапты. Мүрдесi сонда жерленген.

Көрмедiм көңiл алдар бүтiн жалған,
Жұтаған бақ сұрап жүр жұтылғаннан.
Көк аспан көзiң соқыр, тiлiң мылқау,
Үндемей құтыласың құтырғаннан.
Тау бiткен асқақтығын сатып жеген,
Бiледi құл мойынның бәсiн көген.
Босқа өткен қайран уақыт Қалғып-мүлгiп,
Ойнап жүр бiздiң қазақ ғасырменен.

Жұмыстан кейiн үйге қайту үшiн мекеменiң iргесiндегi аялдамаға келдiм. Бiр кезде аялдама тұсында тұрған жеңiл көлiктен бiреудiң атымды атап, қайта-қайта шақырған даусын естiгендей болдым. Терезеден қолын шығарып, жеделдете бұлғақтатып жатқанын да байқадым. Шаршағаным соншалық, мен жазған оның бастап­қыда кiмнiң даусы екенiн ажырата алмай, өзiне назарымды аударған ишарасына да ден қоюға шамам келмей мәңгiрiп тұра берiппiн.

БIРIНШI ПЕТР ПАТШАНЫ ӘЛДЕКIМДЕР ӘЛДЕБIРЕУМЕН АУЫСТЫРЫП ЖIБЕРУI МҮМКIН БЕ?..
Орыстың зиялылары мен ғалымдарының арасында төмендегiдей әңгiме көптен берi айтылып келедi. Олардың айтуынша, Ресейдiң Бiрiншi Петрi шын өзi емес, оны ауыстырып жiберген. Кiм ауыстырып жiберген? Кiмге ауыстырған?
Ендi осы мәселе жөнiнде Ресейдiң “Литературная газетасының” бетiнде философия ғылымдарының докторы, профессор Никита Чалдымов былай дейдi (“Литературная газета”, 11–17 ақпан, 2015 жыл):
Балаларымның да, немерелерiмнiң де атын үнемi өзiм қойып келемiн. Лилия – менiң немере қызымның аты. Оны кейде қазақшалап Лалагүл деп те атаймыз. Немере қызымның атын Лилия деп қойғанымда оның әке-шешесi: “Сiз неге орысша ат қойдыңыз?” деп менен сұраған жоқ... Шынында да ұзақ жыл орыс бодандығынан босанып, өз алдымызға дербес, тәуелсiз ел болып жатқан кезеңде үлкен адамның немересiне “орысша ат қоюы қалай?”
ҚАРЖЫДАН ҚАҒУ ҚИЯНАТ БОЛМАСЫН
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры Дархан Қалетаев “Астана” президенттiк кәсiби спорт клубына қарайтын барлық ұжымның қаржысы қысқаратынын мәлiмдедi. “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры алдағы дағдарыс­қа тас-түйiн дайын болуы үшiн қаржысын оңды-солды көздеп, спорттық клубтардың бюджетiн қайта есептеп, үнемдеуге көштi.
САҢЛАҚТАР САПҚА ҚОСЫЛМАҚ
Келесi жылы өтетiн Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасында сенiмнiң жүгiн ауыр атлеттер көтеретiнi белгiлi. Тек бiз ғана емес, ресейлiктер де ауыр атлеттерiне зор үмiтпен қарайды. Ресейдiң ауыр атлетика федерациясын басқаратын Сергей Сырцов жазғы Олимпиа­даға толық құрамда барамыз дедi. Бейжiң олимпиадасында күмiс жүлде алған Дмитрий Клоков пен қола медальдi мiсе тұтқан Қажымұрат Аккаев спортқа қайта оралды.