1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15999) 17 наурыз, сейсенбі 2015

Тараздағы Жұмекеңдi әулие ме деп қалдық. Осыдан бiр ай бұрын “Қазақстанда жасалған сыпыртқы” деген қыжыртпа жазыңдар, бiздiң өндiрiсiмiз дәл осы деңгейден асқан жоқ” деп қолқа салғанда, күлген болып құтылғанбыз. Кейiн көрген-түйгенi көп қазақ басшысы отандық азықтың сапасына кепiлдiк берiп, көңiлiмiздi демдедi. Бiрақ көп ұзамай Асылжан Мамытбеков кепiлдiктiң “сұрқын қашырып”, iшiп жүрген сүтiмiздiң сүт емес, ұнтақ екенiн мәлiмдедi. Бұл қалай деп үлгермедiк, дәмдi шұжықтан доңыздың ДНК-сы табылып, иiсi мұсылманның iшкенiн iрiң қылды. Мiне, осы кезде газет оқырманының баяғы ұсынысы ойымыз­ға оралған. Дегенмен бiрер дүкен аралап келген соң, барлық жағдайды бағамдап, “қарыштап дамып бара жатқан” ел екенiмiздi де ескерiп, сыпыртқыны күрекке алмастырғанды жөн көрдiк.

Ресейдiң Қырым түбегiн аннексиялағанына бiр жыл толды. Ресейде “Қырымның Отанға қосылуы” деп әспеттелетiн бұл оқиғаның бiр жылдығына орай Ресейдiң федералды “Россия 24” арнасы түбектiң Ресей құрамына қалай өткенiн жан-жақты ашатын Андрей Кондрашовтың “Қырым. Отанға қайтар жол” атты деректi фильмiн көрсеттi. Андрей Кондрашовтың фильмi негiзiнен В.Путинмен сұхбатқа және бiр жыл бұрынғы оқиға куәгерлерiнiң әңгiмесiне негiзделедi.
“Нұр Отанның” 16 съезiнде түрлi тақырыптарды сөз еткен Н.Назарбаев отандық тауар өндiру саласына да тоқталды. “Қазақстанда жасалған”, “Made in Kazakhstan” өнiмдерiнiң әлемдiк нарықтағы орнын бекiту үшiн iшкi өндiрiс секторларын дамыту керегiн сөз еткен президент жалпы “отандық тауарлардың” қазақстандықтарды толық қамтамасыз ете аларлық қауқары жөнiнде жақ ашпады.

Миллиондаған теңге айыппұл салынып, талай сот процестерiн бастан өткерген Гүлжан Ерғалиеваның жобасы 13 наурыз күнi “ADAM” деген атпен оқырманына жол тартты. 2013 жылы “ADAM – құртып жоюға арналмаған” сөзiмен алғаш­қы саны таралған ADAM bol журналын билiктiң алып машинасы ойдан құрастырыл­ған сценарий бойынша таптап жаныштағаны мәлiм. Тәуелсiз басылымдардың iшiнде ең көп жауап­қа тартылып, қудалауға түскен ақпарат құралдары – Г.Ерғалиеваның жобалары десек, қателеспеймiз.

Өткен жексенбi күнi (15 наурыз) Венаның орталық зиратына Рахат Әлиевтi жерледi. Жерлеуiне Кельннен (Германия) арнайы бар­ған Болат Атабаевтың айтуынша, мұсылман салт-дәстүрiмен жаназасы шығарылған. Көмген жерi де көрнектi – орталық зираттың қақ төрiнде, аустриялық ығай мен сығайдың ортасында... Әлиевтiң жерлеуiне “Республика” газетiнiң бас редакторы Ирина Петрушова да барыпты. Қанша дегенмен журналист емес пе, көрген-бiлгенiн Фейсбуктегi парақшасына егжей-тегжейлi жазған.
ӘЛЕУМЕТТIҢ КҮЙI ТАЗ ҚАЛПЫНДА
Павлодар облысындағы атқамiнерлердiң арасында тағы да айқай-шу басталып кеттi. Әйелдер мерекесiнiң алдында облыстағы iргелi аудандардың бiрi саналатын Ертiстiң әкiмi Нығман Пiшембаев орнынан алынды. Бұл аудан қазiр жүдеп тұрғаны болмаса, сонау кеңес уақытында облыстағы астықты аймақтардың бiрi есептелетiн. Ресейдiң Омбы облысымен шекаралас, жерi құнарлы, диханшылыққа таптырмайтын өңiр.

Ресей президентiнiң 5 наурыздан берi жоғалып кетуiне қатысты алыпқашпа әңгiме Путин көпшiлiк алдына шыққанша тарамады. Ресей президентiнiң баспасөз хатшысы Д.Песков гу-гу сөздi бiр апта бойы жоққа шығарумен жүрдi. Кеше Ресей басшысы Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаевпен Санкт-Петерборда кез­дестi. Десе де В.Путин он күн бойы қайда жүрдi деген шым-шытырықтың өзi бiраз әңгiмеге азық болды.

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Асқар Мырзахметовтiң назарына!
Түркiстан соншалықты үлкен де қала емес. Бiрақ, атағы әлемге жайылған, түркi халықтарының орталығы һәм мұсылман жұртшылығының екiншi Меккесiне айналған, елiмiздiң рухани астанасы саналатын киелi шаһар. Түркiстан – елiмiздегi туристердi көп қабылдайтын қалалардың бiрi. Бұл жағынан Астанамен, Алматымен, Көкшетаумен де тайталаса алады. Өйткенi бұл шаһар­ға жыл сайын миллиондаған турист келедi.
Ашынған адамның аузынан ғана шығатын шырқыраған шындық!
Ашудың арқасында артық кетсе, қайтемiз?
Қалай болғанда да, қоғамда кездесетiн келеңсiз көрiнiс.
Сенбесеңiз, Сiз де салмақтап көрiңiз...
Режиссер Шапағат Орынбаев пен продюсер Еркебұлан Молдашев түсiрген “Өмiр-ай” фильмi бiр айға жуық уақыттан берi елiмiздiң барлық кинотеатрларында көрсетiлiп келедi.  “Достар продакшн” студиясы ұсынған “Өмiр-ай” фильмiнiң қысқаша мазмұны мынадай. Фильмде арбаға таңылған мүгедек Еркебұлан деген жiгiттiң тағдыры-тәлейi бейнеленедi. Он екi мүшесi сау азаматтың зағиптың күйiн кешуi баяндалатын фильмде басты рөлдi сомдамаса да бiрнеше әншi төбе көрсе­тедi. 
Қазақстанның халық жазушысы, “Түркiтiлдес халықтар арасындағы ең үздiк әлем ақыны” сыйлығының иегерi Мұхтар Шаханов Пәкiстан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында “Ислам әлемiнiң Ыстанбұл сыйлығымен” марапатталды. Марапаттау салтанаты TASAM-ның (Түрiк Азия Стратегиялық Зерттеу Орталығының) ұйымдастыруымен өтiп жатқан “6-Ислам әлемi ойшыл ұйымдары платформасының” халықаралық құрылтайы аясында мемлекет басшылары, сенаторалар, шетелдiк елшiлер мен дипломатиялық миссия өкiлдерiнiң қатысуымен өттi. Халықаралық қауымдастықта өзiндiк жоғары беделi бар TASAM басқармасының арнайы
Қазақ халқының асыл мұрасы, рухани жәдiгерле­рiнiң iшiнде замана сүзгiсiнен өтiп, бүгiнгi ұрпаққа жеткен ән-күй қазынасын өз дәрежесiнде дәрiптеу, тани бiлу – ұлттың әрбiр азаматының парызы десе де болады. Осы мақсатта қазiргi таңда эфирде әртүрлi форматтағы музыкалық шоу-бағдарламаларының саны артып, қазақылыққа жақын жобалар аз. Тележобалардың iшiнде кө­рермен ықыласына ие болған “Қазақстан” арнасындағы “Тел­қоңыр” танымдық-музыкалық бағдарламасы қазақтың дәс­түрлi музыка өнерiн дәрiптейтiн бiрден-бiр жоба едi.
Ұстазға арналған әндердiң бiрегейi – “Ұстазым менiң, ұстазым”. Ән 60-жылдардың кезiнде жарыққа шықты. Бәрiмiз жарыса айтып жүрiп мектеп бiтiрдiк. Мектеп бiтiрушiлер осы әндi бiрлесiп ұстаз еңбегiнiң қандай қиын да, мәртебелi екенiн, мектеппен қоштасар кезеңде­рiнде көздерiне жас ала орындағанда, ерiксiз көз алдыңа өз ұстаздарың келедi. Жүрек тебiрентерлiк шығарма. Жетпiс жасқа келсек те, әлi айтып жүрмiз.

 Қыстағы соғымнан арнайы сыбаға деп қазыны сүрлеп сақтап қоямын. Тек қазы ғана емес, сүйектердi де арнайы алып қоямын. Наурыз мейрамы кезiнде дәмдiлеп көже пiсiремiн. Көже дәмдi болуына еттi былқытып пiсiрiп, сорпасын қоссаң да пайдасы мол. Әншiлер, өнердегi әрiптестерiм iшiп, “Жанардың көжесi дәмдi” деп мақтайды.

– Мына мақтауың буыныма құрт боп түстi-ау. Үш ұмтылып орнымнан тұра алмай қалдым. Тiлдiң бояуы дейсiң бе? Қазақтiкi ғой. Тұнығынан қанып iшкен шығармын. Уызына жарыған ұрпақпыз ғой. Әрi ұстаздарым да мықты едi. Атам-әжем және батырлар жыры. Кiшкентайымнан ойынға жоқ едiм. Үйге қонақ келсе, ата-әжемнiң қасында шошайып отырып алам. Ескiлiктi әңгiмелерiн, көрген-баққандарын, әркiмнiң алуан қылық, мiнезiн көңiлiме тоқимын да отырам. “Апыр-ай, осы бала сөз аңдиды. Мал танымайды. Шаруаға қыры жоқ”, – деп сыртымнан уайым қылатын.

ҚАЗIРГI ЗАМАННЫҢ БАС АҚЫНЫ
Алматыдағы Ұлттық кiтап­ханада көрнектi ақынымыз Темiрхан Медетбектiң 70 жылдық мерейтойы өттi. Мерейтой иесiнiң кешiн белгiлi ақын Қасымхан Бегман жүргiзiп отырды. Сәбит Оразбаев, Өмiрзақ Айтбайұлы, Дулат Исабеков, Сарбас Ақтаев, Әлiбек Асқар, Ұлықбек Есдәулет, Маралтай Ыбыраев, Рафаэль Ниязбеков, Әдiлғазы Қайырбеков, Әмiрхан Меңдеке, Аманхан Әлiм, Жәркен Бөдешов, Қуанышбай Құрманғалиев, Бауыржан Жақып, Ғарифолла Әнес, Адалбек Ахмади және өзге де пiкiр бiлдiрушiлер

Менделеевтiң аты аталса-ақ, бiрден оның химиялық элементтерi еске тү­седi. Айтпақшы, осы эле­менттердi Менделеев тү­сiнде көрген деген аңыз бар. Ғалым мұны өзiн әбден мезi еткен журналистер үшiн айтқан едi. Шындығына келсек, бұл ой оған ертеңгi асты, яғни кофе iшiп отыр­ғанда түседi. Қалай десе де, ғалым ретiнде ол сан-салалы, жан-жақты болды. Ауыл шаруашылығымен де айналысты, сауда iсiн де зерт­тедi, түтiнсiз оқ-дәрi жасап шығарды, мұзжар­ғыш ке­менiң жобасын да жасады, әуеде ұшу iсiне де көңiл бөлдi. Мұнайдың 

Еркiн күрестен әлем чемпионаттары мен жазғы Олимпиада ойындарында жеңiмпаз шығара алмау – елдiгiмiзге сын. Тәуелсiз Қазақ елiнiң спорты тарихында еркiн күрестен әлем чемпионаты мен жазғы Олимпиада ойындарының жүлдесiн олжалаған балуандарымыздың көпшiлiгi өзiмiз емес, сырттан келгендер. Қанымызда бар балуандық өнер неге жанымызды қайраттандырмайды? Жауапты бас бапкерден сұрап көрдiк.  
АЛЫПТАН АСА АЛМАДЫ
Қазақстанның бiрiншi ракеткасы Зарина Дияс Indian Wells Masters халықаралық турнирiнiң төртiншi айналымында әлемнiң бiрiншi ракеткасы америкалық Серена Уильямсқа қарсы айқасқа түсiп, екi сетте жол бердi. “Қара маржан” жерлесiмiздi 55-минутта ұтты. Ендi ол ресейлiк Светлана Кузнецова мен америкалық Слоан Стивенс тартысының жеңiмпазына қарсы тұрады. 
“Астана арландары” дүниежүзiлiк бокс сериясының биылғы маусымындағы кезектi жеңiсiне қол жеткiзiп, поляктың “Rafako Hussars Poland” клубының боксшыларын айқын басымдықпен жеңдi. 49 келi салмақ дәрежесiнде Жомарт Ержанның еңбекқорлығына разы болдым. Өзi ересектер дуына жаңа қосылған боксшы АИБА-ның бұл жобасына алғаш рет кiргенiне қарамас­тан сәттi өткiзiп, қарсыласы Давид Себастьян Ягодзинскийдi сiлелете сабады.